Пәтуәлар

Күпір ойлар жайында.


Сұрақ:
Мен, басымызда зымырап өтетін ойларға жауапты емес екенімізді білемін. Бірақ Алладан басқаға жалбарыну немесе Алла Тағалаға немесе Оның Елшісіне ﷺ лағынет ойлар үшін біз жауаптымыз ба? Кей кезде менде сондай болады, бұл еріксіз пайда болатын көрінеді... Және тағы бір сұрақ: егер мұсылман адам ширк амалын жасап оны ұмытып кетсе, кейін солай өтсе, ол мұсылман ба? Біз ойша біреуге тіл тигізіп, лағнеттесек оған жауапты боламыз ба?

Жауап:
Сахабалар (оларға Алла разы болсын) Алла Елшісіне ﷺ дәл сондай сұрақ қойған еді. Имам Муслим (Алла оны рақым етсін) өзінің хадис жинағында Әбу Хурейрадан, бір топ сахаба Пайғамбарға ﷺ келіп былай деп айтқанын жеткізеді:

"Ақиқатында, біз өзімізден айтуға қорқатындай ойлар табамыз". Пайғамбар ﷺ айтты: "Шыныменде сондайды табасыңдар ма?" Сахабалар: "Иә", деді. Сонда Пайғамбар ﷺ айтты: "Бұл таза иман". 

Осы хадисті шархтай келе Имам Науауи (Алла оны рақым етсін) былай деп түсіндірген, Пайғамбар ﷺ сахабалардың сондай ойларды қорқынышты санап, оларды айтудан қорқатындығы бұл таза иманнан, өйткені, тек осындай ойлардан өзін солай сезінген адам ғана, күмәнсіз, таза иман иесі. Сіз де сондай зымырап өтетін ойлар жайлы қатты уайымдайтын көрінесіз, сондықтан Пайғамбардың ﷺ: "Бұл таза иман", деген сөздері сізге де қатысты.

Ал іс жүзіне келетін болсақ, сізге сондай ойлар келген кезде, Алла Тағаладан Оған ықыласпен дұға етіп кешірім сұраған жөн, кейін бұндай ойларды қуу үшін өзінізді бір іспен алғаныңыз жөн. Ғұламалар айтады, бұндай ойлардан толығымен арылуды, намаз, Құран оқу, Алланы зікір ету, және тақуа мұсылмандардын арасында болу арқылы жүрек Алламен байланады.

Ал Алла жақсырақ білуші.

Шейх Хамза Карамали

Дерекнама: darulfikr.ru
Аударған: darulahnaf.com