Пәтуәлар

Алыстан және жақыннан есту, өзіндік тек қана Аллаға тән қасиет пе?





Аса Қамқор, ерекше Мейрімді Алланың атымен.
بسم الله الرحمن الرحيم


Алыстан және жақыннан есту, өзіндік тек қана Аллаға тән қасиет пе?

Қазіргі өздерін “Таухид жолына шақырушылардың” айтатын негізгі сөздерінің бірі, бұл: «Алыстан және жақыннан есту, бұл тек қана өзіндік Алла Субхана уә Тағалаға тән» — деуде. Осы сөздерге негізделе отырып, алыстағы адамды шақырғандығы [не ескерткендігі] үшін, олар барлығына Тәкфир шығаруда. Яғни, шақырушы сол адамға, Алла Тағаланың өзіндік сипатын беруде деп түсінеді, алайда ол адам мүшірік болып есептеледі, олардың түсінігі бойынша,  Уәльйазу Биллях!
Көз салмай біздің шейхтар мен ізігі адамдарға шектен шығып, жалбаранып сұрай беретіндерді  мақұлдамайтынымызға қарамастан, бұл сұраққа тоқтала кеткенімізді және бұл жайында ғұламалардың сөздеріне тоқтала кеткенді жөн көрдік! Сондай-ақ, қабірдің басында шапағат ету жөнінде дұға етіп сұрау, ширік амалына жатпайды деп түсінетіндер бар, керсінше олар басқаша ойлайды. Ал кейбіреулер бар алыста тұрып сұрау, бұл ширік деп айтады.


Алыстан және жақыннан есту, өзіндік тек қана Аллаға тән қасиет болып табылады ма?
Адам баласы алыстан және жақыннан көріп, ести ала ма?
Бұндай құблыс Әулиелерде болуы мүмкін бе? Әлде бұл ширік амалына жатады ма?

Фахруддин ар-Рази (оған Алланың рақымы болсын) 544-606һ.ж./1150-1210м.ж., өзінің «Мафатихуль Ғъайб» атты кітабында, Әл-Ағраф сүресінің 107-аятының түсіндірмесінде, адамдардың табиғаттан тыс нәрселер жасай алатындығы мүмкін екендігін айта отырып, бұл жайында үш пікір бар екендігін айтып кеткен.1.Бұл Әһли Сүннаның пікірі, бұндай әрекет әбден мүмкін екендігіне және рұқсат етіп кеткен.2.Пәлсапашылардың [Философтар] пікірі, бұндай мүмкін емес екенін айтып кеткен. 3.Және Муғтазилялардың пікірі, жарым-жартылай рұқсат етіледі деген.
Әһли Сүннаның пікірін түсіндіре отырып, былай деп айтады:

وجوَّزوا في الأعْمى الذي يكون بالأندلس أن يُبصِرَ في ظُلْمة الليْلِ البُقْعة التي تكون بأقصى المشْرِق مع أنّ الإنسانَ الذي يكون سليمَ البَصَرِ لا يَرَى الشمْسَ الطالعةَ في ضِياءِ النهارِ, فهذا هو قولُ أصحابنا

«[Әһли Сүнна] бұндай жағдайды рұқсат етеді: Қараңғы түннің ортасында, Андалусиядағы [Испаниядағы] соқыр адам, шығыстың [Қытайдың] алыс бір бұрышын көруі мүмкін. Және көру қабілеті сау адам, тапа-тал түсте күнді көрмеуі мүмкін. Бұл біздің Әһли Сүннаның жолын қуушылардың пікірі».
[Дерекнама: Фахруддин Ар-Рази «Мафатихуль Ғъайб» 14/202; Даруль Фикр 1401/1981]

Алыстан естудің бір қасиеті, бұл Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ерекшеліктерінен, мына хадисте жеткендей:

إنِّي لأسْمَعُ أَطِيطَ السَّمَاءِ, وما تُلاَمُ أن تَئِطَّ, وما فيها مَوْضِعُ شِبْرٍ إلاَّ وَعَلَيْهِ مَلَكٌ ساجدٌ أو قائمٌ

«Сөз жоқ, мен аспанның сықырлауларын естимін. Және сол үшін оны кінәламайды. Әрі онда періштелердің сәжде мен қиямда тұрғандарынан басқа [яғни, намаз оқып ғибадат етіп жатыр]бір қарыс орында жоқ».
[Бұл хадисті имам ат-Табарани, Әбуш Шейх, Ибн Әби Хатим, Әбу Нуайм және басқада көптеген мухаддистер жеткізді. Көптеген риуаятшыларбұл хадис арқылы Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ерекшелігін айтып жеткізген болатын. Тіпті бұл хадисті «Таухид мәзхабының» шейхы әл-Әлбани бұғанда сахих деген баға берді, өзінің «Әс Сильсилятус Сахиха,№852».]

Біздің тақырыбымыз бойынша белгілі жағдайлардың бірі бұл сахаба Омармен (Алла оған разы болсын)болған еді, өйткені оның даусын мыңдаған шақырымнан Нахраван қаласындағы мұсылмандар мен парсылардың арасында соғыс жүріп жатқанда естіген болатын. Көптеген ғұламалар өздерінің кітаптарында бұл жағдайды, Караматтың болуына дәлел ретінде келтіреді:

وجّه عمرُ جيْشًا ورَأَّسَ عليهم رجلاً يُدعى ساريةَ, فبينَما عمرُ يخطُب جعَل يُنادي: « يا ساريةُ الجبَلَ! » ثلاثًا, ثم قدِم رسولُ الجيْشِ, فسأَله عمرُ, فقال: يا أميرَ المؤمنين! هُزِمْنا, فبيْنا نحن كذلك إذ سمِعْنا صوتًا يُنادي: « يا ساريةُ الجبَلَ! » ثلاثًا, فأسْندْنا ظَهْرَنا إلى الجبَلِ, فهزَمهم اللهُ, قال: قيلَ لعمرَ: إنّك كنْتَ تَصِيحُ بذلك

«Сахаба Омар ибн әл-Хаттаб (Алла оған разы болсын) әскер жібереді және оның қолбасшысын Сарийя деген адамды тағайындайды. Хазіреті Омар (Алла оған разы болсын) құтба оқып тұрған кезінде, [ол] даусын көтеріңкі етіп былай дейді: «Ей Сарийя тауға!». Осылай ол үш рет қайталайды.
Кейін әскерден елші келеді, Омар (Алла оған разы болсын) одан жағдайларын сұрайды. Оның жауабы: «Ей мүміндердің әміршісі! Біздер бастапқыда жеңіліп жатыр едік, сол мезетте біздергебылай деп айтқан дауыс естілді: «Ей Сарийя тауға!», – деген, және осылай үш рет қайталанды. Содан біздер тауға көтерілдік, кейін Алла Тағала оларды опат қылды [яғни, парсылардың әскерін!]».
Рауи айтады: Адамдар Омарға (Алла оған разы болсын) айтты: «Сіз бұлай айттыңызғой!».».
1.    Иснадтың риуаяты және оның рөлі
а) Бұл тарихты өздерінің кітаптарында көптеген ғұламалар жеткізеді. Бұның иснадына қысқаша тоқтала кетсек, оның иснады «жақсы». Бұған хафиз Ибн Хаджар (оған Алланың рақымы болсын) өзінің «Әл Исаба фи Тамийзис Сахаба, 4/177» деген кітабында келтіріп, «жақсы» (وهو إسناده حسن) деген баға береді және Ибн Касир (оған Алланың рақымы болсын) өзінің «Әл Бидая уән Нихая фит Тарих, 10/175» атты кітабында келтіреді, «жақсы»(وهذا إسناد جيد حسن)деген сөздерімен.
б) Иснадтың рөлі. Ғұламалар бұл тарихты дәлел ретінде жеткізген болатын және бұның иснадыбұндай сұрақтарда маңызды емес, өйткені оларбұны дәлел ретінде қабылдай беретін. Сондай-ақ олар [ғұламалар] алыстан және жақыннан есту, өзіндік тек қана Аллаға тән қасиет емес екндігін білген. Сондықтан иснадтың әлсіз, не әлсіз емес екендігі жайында толтырып жазып керек емес деп шештік, өйткені қазіргі кезде өздерін ғалым “мухаддис” секілді көретінғаламтордың қайраткерлері көп, алайда олардың ілімі шөлді даладағы бәдәуилердің ілімінен аспайды.
2.    Хазіреті Омармен (Алла оған разы болсын) байланысты біздің тақырыпта екі мезет бар:
а)Алла Тағала оған алыс қашықтықтан мұсылмандардың әскерін орналасқан жерін көрсетті. Бұл мынаған көрсетіп тұр, адам баласы алыстан бір нәрсені көруі мүмкін, әрине Алла Тағаланың рұқсатымен және көмегімен, бұл кереметтер [карамат] болып табылады.
б) Сарийа бин Зунайм және басқада мұсылмандар, Омардың (Алла оған разы болсын) дауысын естиді жәнетікелей сол дауыстарды оның қанша рет қайталаған болса, сонша рет оларда естиді.  Бұл мынаған көрсетіп тұр — адам баласыАлла Тағаланың рұқсатымен және көмегімен алыстан шыққан дауысты естулері мүмкін, бұл кереметтер [карамат] болып табылады.

Ал енді Ибн Таймияның пікірін білейік осы тақырыпқа қатысты, ол “алыстан шыққан дауысты есту мүмкін бе?”– деген мәселеге рұқсат етеме екен? Әлде ол Ибн Таймия, “алыстан және жақыннан есту, өзіндік тек қана Аллаға тән қасиет” – деп есептей ме?

Ахмад Ибн Таймия (оған Алланың рақымы болсын) 661-728һ.ж./1263-1328м.ж., өзінің «Әл Истиғаса фир Радди әляль Бакри» атты кітабында, былай деп айтады:

فلوْ قالَ قائلٌ: سؤالُ الغائبِ حيًا وميتًا كسؤالِ الشاهدِ, فإنَّ الأنبياءَ والأولياءَ يسمَعون خِطابَ الغائبِ البَعيدِ, ويسمَع أحدُهم خِطابَ الناسِ البَعيدينَ له.
قلنا: هذا مُحالٌ في العادةِ المعروفةِ, وإذا وقَع ذلك في بعضِ الصُّوَرِ كان مِن بابِ خَرْقِ العادةِ, والعادة قد تُخرَق بأن يسمَع الأدنى خِطابَ الأعلى, كما سمِع ساريةُ خِطابَ عُمَرَ: « يا ساريةُ الجبَلَ! يا ساريةُ الجبَلَ! »,
ويجوز خَرْقُ العادةِ بالعكْسِ, لكن إثبات هذا في حقِّ معيَّنٍ لا يكون إلا بحجّةٍ تدُلُّ على وُقوعِ ذلك في حقِّه

«Егер қарсыласымыз айтса: «Жоқ адамға [олөліме, әлде тіріме] өтініш білдіру [тілек тілеу], бұл бар адамнан өтініш білдіру секілді, алайда Пайғамбарлар мен Әулиелер өздеріне алыстан білдірген үндеуді естиді. Олардың біреуі, өздеріне алыстан үндеу білдіргенді естулері мүмкін».
Біздердің [яғни, Ибн Таймияның] оған жауабымыз: «Әдеттегi жағдайларда бұлай болуы мүмкiн емес! Бірақ бұл әр-түрлі жағдайларда болып жатқандықтан, әдеттегі жағдайды бұзу түрінен болып табылады. Кейде бұл әдеттегі жағдайдың тәртібі бұзылады, яғни төмендегі адам жоғарыдағы адамның өтініш даусын ести алады, дәл солай Сарийа бин Заунайм, хазіреті Омардың даусын естігіеніндей: «Ей Сарийя тауға!, Ей Сарийя тауға!».»
Рұқсат етілген әдеттегі жағдайдың тәртібі бұзылуы [яғни төмендегі адам жоғарыдағы адамның өтініш даусын естуі]. Өзімен болған жағдайының рас болуы, тек қана бір неше адаммен болған жағдайда ғана дәлелдеуімен мүмкін».
[Дерекнама: Ахмад Ибн Таймия «Әл Истиғаса фир Радди әляль Бакри» 1/150-151, Рияд: Даурль Ватан 1417/1997.]

Өздеріңіз көргендей тақырыбымызға қатысты Ибн Таймия бұндай жағдайлар болады және кездесетіндігіне әбден мүмкін екенін және бұндай жағдайлар рұқсат етілгендігінайтып отыр!

Шафиғи мәзхабының көрнекті ғалымы, Изуддин бин Әбдис Сәләм (оған Алланың рақымы болсын) 577-660һ.ж./1181-1262м.ж., ол «Султануль Уляма/Ғұламалардың Сұлтаны» деген лақаб атымен танымал болған, тақырыбымызға қатысты былай деп айтады:

الضرْبُ الثاني: علومٌ إلهاميةٌ، يُكشَف بها عمَّا في القلُوب، فيرى أحدُهم بعينيْهِ مِن الغائبات ما لمْ تجرِ العادةُ برُؤيَتِه, ويسمَع بأُذْنيْه ما لمْ تجْرِ العادةُ بسَماعِ مثلِه, وكذلك شَمُّه ومَسُّه ولَمْسُه.
وكذلك يُدرِك بقلْبِه عُلومًا متعلِّقةً بالأكوانِ، وقد أُرِيَ إبراهيمُ مَلكوتَ السمواتِ والأرضِ، ومنهم مَن يرى الملائكةَ والشّياطينَ والبِلادَ النائيةَ، بل ينظُر إلى ما تحْتَ الثَّرَى، ومنهم مَن يرى السمواتِ وأفلاكَها وكَواكِبَها وشمْسَها وقمرَها على ما هي عليه، ومنهم مَن يرى اللوْحَ المحفوظَ ويقرَأُ ما فيه. وكذلك يسمَع صَرِيرَ الأقلامِ وأصْواتَ الملائكةِ والجانِّ، ويفهَم أحدُهم مَنْطِقَ الطَّيْرِ، فسبحانَ مَن أعَزَّهم وأدْناهم، وأَذَلَّ آخرِينَ وأقْصاهم، ومن يُهِنْ اللهُ فما له مِن مُكرِمٍ، إنَّ اللهَ يفعَل ما يَشاءَ

«Ғылымның екінші түрі [яғни Пайғамбарлар мен Әулиелердің меңгеретін ғылымы]: Бұл сендіру [ильхам] ғылымымен байланысты. Бұл ғылым түрімен жүректер ашылады және бұны игергендер қарапайым көзбен көрмегенді, өздерінің көздерімен жасырын [ғайыб] нәрселерді көреді және құлақпен қарапайым нәрсені естімегенді, естиді. Алайда оларда иістің сезімі, қозғалу мен сезіну, табиғаттан тыс болады.
Сондай-ақ ол ғалам турасында ғылымды меңгереді. Пайғамбар Ибрахимге (Алланың сәлемі болсын оған), аспан мен жердің патшалығы көрсетілген болатын.
Бұл Әулиелердің ішінде – періштелерді, шайтандарды және алыс жерлерді, тіпті жердің астында не бар екенін олар көре алады. Және тағы олардың [Әулиелердің] ішінде – аспандарды, оның орбитасын [жолын], жұлдыздарды, күн мен айды сол кейіпіндегі қайндай болғанын көре алады. Және тағыда олардың [Әулиелердің] іштерінде – «Әл Лаухуль Махвуз/Сақталған Кітапты» және оның ішіндегісін оқи алады. Сонымен бірге – қауырсынның сықырын, періштелер мен жындардың дауыстарын ести алады. Олардың іштерінде құстардың тілін түсінетіндер бар.
Оларды Өзіне [Алла Тағала] жақын қылып дәріптеген, аса пәк. Ал басқаларын төмен түсіріп масқаралап, Өзінен алыстатты. Алла Тағала кімнің дәрежесін төмен түсірсе, оны Өзінен басқа ешкім көтере алмайды. Ақиқатында, Алла Тағала қалай қаласа, солай жасайды…».
[Дерекнама: Изуддин бин Әбдис Сәләм «Қъауайдуль Ахкам фи Исляхиль Анам, 195-196 б.», Даурль Калям: 1421/2000]

Изуддин бин Әбдис Сәләм (оған Алланың рақымы болсын) туралы ғалымдардың сөздерін келтіре кетсек, ол адамның қандай дәрежелерге жеткені туралы, өйткені қазіргі біздің заманда адамдар “кім ғалым ол соншама?” деген, надан сөздер айтуда!
Ол Изуддин бин Әбдис Сәләм (оған Алланың рақымы болсын), иджтихад дәрежесіне жеткен адам, өзінің ғасырында көрнекті имамдарынан болған, тіпті онықазіргі өздерін “Таухид мәзхабындамыз” деушілердің шейхы Ибн Таймияда мойындайды!

Ғұлама Ибн Рифаның (оған Алланың рақымы болсын) сөздері:

ولايختلِفاثنانِأنّابنَعبدِالسلامِوتلميذَهابنَدقيقِالعيدِبلَغارُتبةَالاجتهاد

«Екі адам пікір таласпай тұрып, Ибн Әбдис Сәләм және оның шәкірті Ибн Дақиқ әл-Ид, олар иджтихад шығаратын адамдардың деңгейінде».
[Дерекнама: «Тухфатуль Мухтадж» 10/109; Мактабатут Тиджарийя әл-Кубра]

Дерекнама: Al-fatava.com