Пәтуәлар

Есеп-қисап күнінде басқаларға араша түсу мүмкіндігі кімге беріледі?



Сұрақ: 

 Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) арғы дүниеде мұсылмандарға шапағат (мұсылмандарға араша түсу) ететіні белгілі. Арғы дүниеде шапағат ету мүмкіндігі Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) басқаларға беріледі ме? Мысалы: сахабалар, шахидтер, хафиздер мен ғалымдар? Осы тақырыпқа қатысты хадистер мен ғалымдардың айтқан сөздері бар ма? (Махачкала, Дағыстан)

 Жауап: 

 Аса Қамқор және Ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын.

 Әссәләму 'Алейкум уа РаxматуЛлаһи уа баракатуһу!

 Иə! Пайғамбарлардан (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) басқа адамдарға да, тозаққа түсейін деп жатқандарға, шапағат ету мүмкіндігі беріледі. Хадисте көрсетілгендей олар мынадай сипаттарға ие адамдар:

 Хадис 1. Азап шегуші адамға [шахидке] өзінің отбасы мүшелерінен 70-не шапағат ету мүмкіндігі беріледі. (Әбу Дауд. Хадис 2522)

 Хадис 2. Осман бин Аффаннан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) айтты: Қайта тірілу күнінде шапағат ету құқығы берілетін 3 түрлі (негізгі) сипаттағы адамдар болады: пайғамбарлар, ғалымдар [Әһлу Сүннадан болған] жəне шахидтер. (Ибн Маджа 4304)

 Хадис 3. Джабир (оған Алла разы болсын) риуаят етеді. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) айтты: Кім Құранды жатқа біліп, соған сай амал жасаса, халалды халал, харамды харам деп білсе, ол адамға отбасы мүшелерінен тозаққа түсу бұйырылған 10 адамға шапағат ету құқығы беріледі. (Байхақи 2693)

 Хадис 4. Осман (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) айтты: Қайта тірілу күнінде шапағат ету мүмкіндігі берілетін адамдардың ішінде алғашқылары: пайғамбарлар, сосын шахидтер, кейін азаншылар болады. (Әл-Баззар хадис. 372)

 Хадис 5. Әбу Муса Әл Әшғариден (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сəлемі болсын) айтты. Қажылық жасаған адамға өз отбасы мүшелерінен 400 адамға шапағат ету мүмкіндігі беріледі, ал өзінің күнəлəрі ол жаңадан туылғандай кешіріледі. («Муснад» Әл-Баззар)

 Ең дұрысын Алла біледі. 

Муфти Сухайл Тармахомед Ханафи 
Жәмиатул-Улама, Дарул-Ифта 

Дереккөз: askimam.ru 
Аударған: darulahnaf.com