Пәтуәлар

Кәләм ғылымы жайында.

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен.
 بسم الله الرحمن الرحيم 

Сөздерді түсіндіру. 

 Біздерге баршамызға мәлім болған, бұл әуелгі ғұламалардан «Кәләм ғылымын» жазғырып, теріске шығарған болатын! Бұл ғылымды теріске шығара тұра, онымен «Кәләм ғылымымен» көптеген ғұламалар айналысқан, және бұл мақаламыздың тақырыбында «Кәләм ғылымы» жайында ғұламалардың сөздерін келтірмекпіз.

 Мақаламызды бастас бұрын бірнеше сұрақтарды жаза кетсек артық болмас: «Кәләм ғылымын» зерттеуге тыйым қойғаннан кейін, абсолюттық тыйым қойған ба бұл ғылымға? 

Әлде немесе басқада көптеген сұрақтар секілді оғанда толықтай түсіндірме/тафсыль жасау керек пе?

Сахабалар айтпаған және қозғамаған, тіпті онымен айналыспаған сұрақтарды, сөз қылып қозғауға болама?

Иншә’Алла бұл сұрақтарға білім иелерінің жауаптарын келтіруге тырысамыз, және тауфиқ тек қана Алла Тағаладан.

Мәлики мәзһабының ғалымы, усулюд дин ғылымының үлкен маманы, Шихабуддин әл-Карафи (оған Алланың рақымы болсын) д.ө.ж. 684/1285 һ.ж., әуелгілерден болған ғалымдардың «Кәләм ғылымын», неге терістегендігі жайында былай деп айтады:

 قال لي بعضُ الشّافعية — وهو مُتَعيِّن فيهم يومئذٍ — هذا يدُلّ على أنّ مذهبَ الشّافعيّ تحريمُ الاشتغالِ بأصولِ الدّينِ . قلتُ له : ليْس كذلك ، فإنّ المُتكلِّمينَ اليومَ في عُرْفِنا إنّما هم الأشعريّ وأصحابُه ، ولمْ يدرِكوا الشّافعيّ ولا تلك الطّبقة الأولى ، وإنّمَا كان في زمانِ الشّافعيّ عَمْرو بن عُبَيْد وغيرُه مِن المعتزلة المبتدعة أهلِ الضلالةِ ، ولوْ وجدْناهم نحنُ ضربْناهم بالسّيفِ فضلاً عن الجريد ، فكلامه ذَمٌّ لأولئِك لا لأصْحابِنا . وأمّا أصحابُنا القائِمون بحُجّة الله ، والنّاصرون لدينِ اللهِ ، فينبَغي أنْ يُعظَّموا ولا يُهْتَضَموا , لأنّهم القائِمون بفَرْضِ كفايةٍ عن الأمّة , فقد أجمعَت الأمة على أنّ إقامةَ الحُجّة لله تعالى فرضُ كِفايةٍ قال لي ذلك الشافعي : يكفي في ذلك الكتابُ والسّنة , قلتُ له : فمن لا يعتقِدُهما كيف تُقام الحُجّة عليه بهما ؟ فسكَت

 «Маған Шафиғи мәзһабының бір үлкен ғалымы былай деп айтты, ол сол кездерде Шафиғилардың арасында беделдісі болатын: «Имам әш-Шафиғидің мәзһабы “усулюд дин/яғни кәләм ғылымымен” айналысуға рұқсат етпейді!»Менің оған жауабым: «Бұл олай емес! Ақиқатында біздің заманымыздың ортақ көз қарас бойынша «Кәләм ғылымы» танылған болып табылады, Муттакалимдер – бұл имам әл-Әшғари (оған Алланың рақымы болсын) және оның ізбасарлары, және олар имам Шафиғимен (оған Алланың рақымы болсын) бірінші буын өкілдерін кездестірмеді [яғни, сәләф’солихтер – сахаба, табиғин, таба-табиғин]».Ақиқатында имам әш-Шафиғидің (оған Алланың рақымы болсын) заманында Амр ибн Убайд және басқа да бидағат өкілдері, Муғтазилялар, адасқан адамдар болды. Егер де оларды өзінің заманында тапқанында, онда оларға қарсы қылыш болар еді, пальма ағашының бұтақтарын айтпағанда [былай деп хабар жетті, имам Шафиғидің заманында оларды бидғат иелерін “пальма ағашының бұтағымен ұру керек деп есептеген!”]. Сондықтан имамның теріске шығару сөздері біздің асхабтарға емес [яғни Әшғарилерге], керсінше Муғтазиляларға айтылған болатын.Ал біздің асхабтарға [Әшғарилерге] келетін болсақ, олар Алланың дәлелін қорғап және дініне көмектесіп жүр, керсінше оларды терістемей дәріптеу керек. Өйткені олар үммет үшін фард-кифаяны [ұжымдық міндет] орындап жүр.Үммет бір ауыздан келісті: Алланың дәлелдерін қорғау — фард-кифая».Кейін маған сол Шафиғилік айтты: «Біздерге Құран мен Сүннет жеткілікті!»Менің оған жауабым : «Сен дәлелді қалай келтіресің, егер олар Құран мен Сүннетке сенбесе?».Ол [Шафиғилік] үндемей қалды! 

[Дерекнама: Шихабуддин әл-Карафи, «Әз Захира» 13/243-244, Бейрут: Даруль Ғарбиль Ислями: 1994.] 


Шафиғи мәзһабының ғалымы Әбуль Қасим Ибн Асакир (оған Алланың рақымы болсын) 499-571 һ.ж./1105-1175 м.ж., тақырыбымызға қатысты былай деп айтады:

 والكلامُ المذموم كلامُ أصحابِ الأهوِيَةِ وما يزخْرِفُه أربابُ البِدَع المردِيّة فأمّا الكلامُ الموافِقُ للكتابِ والسُّنّة المُوَضِّح لحقائقِ الأصولِ عندَ ظهورِ الفِتنَةِ , فهوَ محمودٌ عندَ العُلماء ومَن يعلَمُه . وقدْ كان الشّافِعيّ يُحسِنُه ويفهَمه

 «Жазғырылған Ильмуль Кәләм – бұл Кәләмның түрі, өздерінің құштарлықтарына [нәпсілеріне] ергендер және сол бидғатшылардың құртқан жолын ұстанушылар.Ал Құран мен Сүннетке сай Кәләмға келетін болсақ, бұл діннің ақиқат негіздерін түсіндіретін, және бүліктер шыққан кезде, онда бұл [Кәләм] түрі ғұламаларда және оны үйреніп жүргендерді дәріптейді [мақтайды]. Расымен де, имам әш-Шафиғи (оған Алланың рақымы болсын) бұған жақсы қарады және түсінді». 

[Дерекнама: Әбуль Қасим Ибн Асакир, «Табйину Казибиль Муфтари» 235-254 б., Каир: Әл Мактабатуль Азхарийя лит Турас] 

 Көрнекті хадис ғалымы, Хафиз Әбу Бәкір Әл Байхақи (оған Алланың рақымы болсын) 384-458 һ.ж./994-1066 м.ж., имам әш-Шафиғидің (оған Алланың рақымы болсын) жазғырылған Кәләм туралы сөздерін атап өткеннен кейін, былай деп айтты:

 قُلتُ : إنما أرادَ الشافعيُّ رحِمه الله بهذا , كلامَ حفصٍ وأمثالِه مِن أهل البِدَع , وهكذا مرادُه بِكُلِّ ما حُكِيَ عنه في ذمِّ الكلامِ وذمِّ أهلِه , غيرَ أنّ بعضَ الرُّواة أطلقَه وبعضُهم قيَّده , وفي تقيِيد مَن قيَّده دليلٌ على مرادِه أنا أبو عبد الله الحافظ قال أنا عبد الله بن محمد بن حِبّان قال ثنا محمد بن عبدِ الرحمن بن زياد قال سمِعت أبا الوليد بن الجارود يقول : دخل حفصٌ الفَرْد على الشّافعي فكلّمه , ثُمّ خرَج إليْنا الشافعيّ فقال لنا : » لأنْ يلقى اللهَ العبدُ بذنوبٍ مثلِ جِبالِ تُهامة خيرٌ له مِن أن يلقاه باعتقادِ حرْفٍ مما عليه هذا الرّجل وأصحابُه » وكان يقول بخلْقِ القرآن فهذه الرّواياتُ تدلُّ على مرادِه بما أُطلِق عنه فيما تقدّم وفيما لمْ يُذكَر ههُنا , وكيْف يكون كلامُ أهلِ السُّنّة والجماعةِ مذموماً عنده وقد تكلّم فيه وناظر مَن ناظره وكشَف عن تمويهِ مَن ألقى إلى سمع بعضِ أصحابِه مِن أهلِ الأهْواء شيئا مِمّا هم فيه ؟

 «Мен [әл-Байхақи] айтамын: Расында да, имам Шафиғи (оған Алланың рақымы болсын) өзінің сөздерін айта тұра [жазғырылған Кәлям түрін], бұл жерде Хафсаның Кәлямы айтылған болатын және соған ұқсас бидғатшылардың жолын ұстанушылар айтылған болатын. Тағы одан жеткен хабарлар, яғни жазғырылған Кәләм жайында, оның ізбасарларынан [Муттакалимдерден] дәл солай жетті. Кейбір жеткізушілер сол хабарды абсолютты [мутлақъ] жеткізді, ал кейбіреулері болса шектеумен [мукъайяд] жеткізді. Сол шектеулермен шектеп жеткізгендерге, соларға нұсқап тұр [яғни жазғырылған кәлям түрін, өйткені сол кездерде фиқһта төрт мәзхабтың біреуінде болып, ал ақидада Муғтазилялардың ақидасында болғандар болатын!].Әбу Абдиллях әл Хафиз айтты, оған Абдуллах бин Мухаммад бин Хиббан, оған Мухаммад бин Абдир Рахман бин Зияд айтты, ол айтты: «Мен Әбу Уалид бин Әл Джарудтың айтқаннын былай деп естідім: Хафс Әл Фард имам Шафиғиге келіп онымен сөйлескен болатын, кейін имам Шафиғи біздерге қарай шығып, былай деп айтты: “Мына кісінің және оның ізбасарларының сенімінде болып, олардың айтқан бір әріпімен Алланың алдына барғаннан гөрі, Тухама тауындай күнәмен Алланың алдына барып кездескен артық”. Ол [Хафс Әл Фард], Құран жаратылған деген пікірді ұстанатын еді».Және бұл риуаяттар [муқъайяд] мынаған көрсетіп тұр, яғни жоғарыда имамның айтылған сөздеріне нұсқап тұр [жазғырылған Кәлям түріне].Өздерінің нәпсілеріне ерушілер, сахабаларға да қастық ойлаған болатын, ол [имам Шафиғи] егер сол кезде олардың қастық әрекеттерін ашып терістеген болса, онда Қалайша Кәлям Әһлу Сүнна жазғырылған болады?!!». 

[Дерекнама: Әбу Бәкір Әл Байхақи, «Манақъибу Шафи» 1/454-455, Каир: Мактабатуд Дарит Турас] 

 Мәлики мәзһабының ғалымы Ибн Хумайр Әс Сабти (оған Алланың рақымы болсын) 550-614һ.ж./1153-1217м.ж., өзінің «Муқъаддиматуль Мурашид иля Ильмиль Ақъаид» атты кітабында, Кәлямның негізіне қарамастан оны жоққа шығаратындар жайында және имам Шафиғидің сөзін дәлел қылып алғандар жайында, былай деп айтады:
 وإنْ صحّ عنْه فإنما كان خُصوصاً للمُبتدِعة فإنّهم يُسمَّوْنَ بمتكلِّمين
 «Және тіпті егер шүбәсіз жеткен хабар, бұл имам Шафиғиден болса да, онда бұл нақты дінге жаңалық енгізгендерге айтылған болатын [яғни, Бидғатшыларға қарсы айтылған], өйткені сол замандарда оларды муттакалидер деп атайтын [яғни бұл жерде Муғтазилялардың муттакалимдеріне және басқа да соған ұқсас Бидғатшыларға айтылған болатын]». 

[Дерекнама: Ибн Хумайр Әс Сабти «Муқъаддиматуль Мурашид иля Ильмиль Ақъаид» 26, Каир: Мактабатус Сақъафатид Динийя 1429-2008] 

 Мәлики мәзһабының усуль ғалымы, Шихабуддин әл-Карафи (оған Алланың рақымы болсын) д.ө.ж. 684/1285 һ.ж., Ақида турасында дәлелдеуді, Сәләфтар қолданбаған тәсілді, имам Әбу Ханифа (оған Алланың рақымы болсын) жаңа тәсілдер қолданғандығы туралы, былай деп айтады:

 ورأيْتُ لأبي حنيفَةَ رضِي الله عنْه جواباً لِكلامٍ كتَب به إليه مالكٌ : » إنّك تتحدَّث في أصولِ الدّينِ وإنّ السّلفَ لمْ يكونوا يتحدّثونَ فيه » فأجاب : » بأنّ السّلفَ رضِي الله عنهُم لمْ تَكُنْ البِدَعُ ظهَرتْ في زمانِهم فكان تحْريكُ الجَوابِ عنْها داعِيَةً لإظهارِها فهُوَ سعْيٌ في مُنْكَرٍ عظيمٍ , فلِذلك تُرِك » قال : » وفي زمانِنا ظهَرتْ البِدَع , فلَوْ سكتْنا كُنّا مُقِرِّينَ لِلْبِدَع , فافترق الحالُ « وهذا جوابٌ سديدٌ يدُلّ على أنّ البِدَع ظهَرت ببلادِه بالعِراقِ ومالكٌ لمْ يظهَر ذلك ببلَدِه فلِذلِك أنكر , فهذا وجهُ الجَمْعِ بيْن كلامِ الإماميْنِ

 «Мен имам Әбу Ханифаның имам Мәліктің жазған хатына жауабын көрдім (оларды Алла рақымына бөлесін).Имам Мәліктің Әбу Ханифаға жазған хаты: «Сіз діннің негіздері жайында [жаңа тәсілдермен] әңгіме қозғап жатырсыз, ал сәләфтар болса, бұндай әңгіме жайында қозғамаған еді [сол жаңа тәсілдермен]».Оның [Әбу Ханифаның] жауабы: «Сәләфтардың (оларға Алла разы болсын баршасына) заманында, жаңадан жаңалықтар дінге ернгізбеген еді [яғни бидғаттар]. Сәләфтар жағынан жаңадан шыққан бидғаттар болған емес [яғни кәлям жайында әңгіме қозғалған емес, және оған нұсқау да қылған жоқ!], өйткені қазіргі кездегідей ондай бидғаттар болған жоқ, егер ниет білдіргенде онда сол бидғаттардың шығуына себеп болады, және күшеюіне үлкен қосымша талпыныс болып кетер еді, ал бұл өз алдына үлкен терістеу болады. Сондықтан олар [сәләфтар] оны қозғамай қалдырды. Біздің заманымызда [Әбу Ханифаның заманы] бұл бидғаттар шыға бастады, егер біздер оған үндемей қарап отырсақ, онда біздер оны растайтын секілді боламыз, сондықтан біздердің олармен [сәләфтармен] жағдайымыз әр-түрлі».Бұл ақылды жауап. Бұл мынаған әкеліп көрсетіп тұр, бидғаттар имам Әбу Ханифаның қаласында, яғни Ирак аймағында шыға бастады, ал имам Мәліктің аймағында, яғни Мәдина қаласында ондай бидғаттар шыққан емес, сол себептен ол оны қабылдамады [яғни Кәләм ғылымын]. Және бұл екі имамның сөздері дұрыс салыстырмалы түрі». 

[Дерекнама: Шихабуддин әл-Карафи «Әз Захира» 13/243-244, Бейрут: Даруль Ғарбиль Ислями 1994] 

Дерекнама: al-fatava.com
Аударған: darulahnaf.com