Пәтуәлар

Хиджаб жəне əйел кісінің киім үлгілері.






Сұрақ: Əйел кісінің 1) хиджаб 2) чадра 3) паранджа киуі сүннетпе?

(Уфа, Башқортсан, Ресей)


Жауабы: Сіздің айтқан хиджаб түрлерін түсіндірмес бұрын, хиджабтың жалпы шарттарын (əйелдің өз денесін жабуы) айта кеткен дұрысырақ болады.

Əхлу Сунна ғалымдарының барлығы əйел кісі махрам емес ер адамның көзінше бетін, қолдарын білезігіне дейін, аяғын тобығына дейінгі букіл денесін жабуы парыз екеніне түгелдей келіскен. Ал, одан басқа қолы, аяғы, мойны, шаштары бөгделерден жасырылып, жабық болуы керек.

Құран кəрімде «джилбаб» деген киімге байланысты былай делінген:

«Әй Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт: Үстеріне джилбабтарын орансын. Бұл олардың танылуларына , сондай- ақ кейітілмеулеріне жақынырақ. Алла (Тағала) аса жарылқаушы, тым мейірімді»» [Ахзаб 33/59 аят]


Сондай-ақ Құранда «химар» жайлы да айтылады:


Мүмін әйелдерге де айт: «Бөгде ерлерден көздерін сақтасын . Әрі ұятты жерлерін зинадан қорғасын. Сондай ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен көрінгендерінен басқа. (Беті қол-аяқтары). Және химарларын (бүркеніштерін) омырауларына түсірсін.» [Нұр 24/31 аят]

Джилбаб - бастан аяққа дейінгі көзді ғана қалдырып бетті де жабатын тұтас тігілген киім. Паранджа джилбабқа қатты ұқсайды, сондықтан оны кию сүннет.

Химар- денені бастан кеудеге дейін жауып бетті ашық қалдыратын киім. Химарды кию де құпталады (сүннет).

Құран аяттарымен сүннетке қарайтын болсақ қыз- келіншектерге ең бастысы беті, қолдары жəне аяқтарын тобығына дейін жауып, кең жəне дене пішімін білдірмейтіндей киім кисе жетерлік екенін түсінеміз.

Сондықтан əйел не кигеніне қарамастан (шалбармен үстіге киетін кеудеше, юбка немесе көйлек болсын) киімі келесі шарттарға сай болуы керек:

а) бүкіл денесі (беті, қолдары білезікке дейін, аяқтары тобыққа дейін) жабық болу керек.

ə) киімі денесіне жабыспай, дене мүшелерін білдіртпеуі тиіс.

Ал енді бетті жабуға келсек, бұл жерде ғалымдардың əр түрлі көз-қарастары бар. Саидина Ибн Аббас (رضي الله عنه) егер əйелдің фитнаға түсу қауіпі болмаса далаға шығарда бетін жабу шарт емес десе, Саидина Ибн Мас’уд (رضي الله عنه) əйел үйінен шығарда міндетті түрде бетін жабуы керек деген пікірде болған.

Негізінде қыз-келіншектер денесін білдіртпейтіндей қылып əр дайым джилбабпен жүрулері керек. Бірақ ол өзін басқаша жағдайлармен де жаба алады. Мысалы, өз қалаған киімін шариғаттың таталаптарына сай киіп, махрам емес ер кісілердің алдында орамалының бос жағымен бетін жауып алса да жеткілікті.

Ал қазіргі кездегі ниқабты айтсақ (көзін ғана ашық қалдырып, бас жағына айналдыра тігілген материал бөлігі) ол джилбабтың басқаша түрі. Тек оны (ниқабты) жеңілдете тіккен. Джилбаб бастан аяққа дейінгі қосылып тігілген киім. Сонысымен кішкене ыңғайсыздық туғызады. Ал никаб болса əр киімі бөлек, тек артынан бетті ғана жаба салады. Джилбабты кигенде қиналатын қарындастарымызға арналған дүние.

Қорытынды шығара келе, келесі нәрселерді айтуға болады:

1) Ниқабты кию Құранмен сүннетте келмеген. Бірақ, оның мақсаты дəл джилбабтікіндей болғандықтан оны (ниқабты) киген абзал.

2) Паранджа кию Құранда аты аталған джилбабқа ұқсайтын болғандықтан оны кию – Сүннет.

3) Ал, чадраға келсек, жоғарыда айтылып кеткен паранжаға сай келеді. Сондықтан бұл жерде де сол ереже алынады. Чадра тігілу үлгісімен химарды еске түсіреді. Сондықтан бұны киюде – сүннет, өйткені олай сахаба əйелдер жүрген (رضي الله عنهن).
Ал, Алла жақсырақ білуші.

Мүфти Сухайл Тармахомед