Пәтуәлар

Нәпсіні емдеу жолдары.


Нәпсіні емдеу негіздері бес нәрседен тұрады:

Шейхул Ислям Әбу Зәкәрия Яһия ибн Шараф ән-Нәуәуиден кеңес, оған Алланың рақымы болсын.
 1. Ішіп-жеуді азайтып, асқазанды жеңілдету,
 2. Алдын-ала болмаған нәрседен, Алладан пана сұрау,
 3. Бір нәрсенің құрбаны болуға сескенсең, одан алыс жүр,
 4. Алладан әрдайым кешірім сұрау [истиғфар] және Пайғамбарға оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, күнде де, түнде де мұқият салауат айту [салауат],
 5. Алланы көп еске алатын және Оған алып баратын жамағатпен бірге болу.

 Аллаға жақындататын жолдар жайында.

 Адам баласы Аллаға жақын болуы үшін:
 1. Барлық рұқсат етілмеген және жағымсыз жасаған нәрселері үшін шынайы өкіну,
 2. Қажетті мөлшерде діни білім іздену ,
 3. Прдайым бойында дәретпен жүруге тырысу,
 4. Парыз намаздарының уақыттары кірісімен жамағатпен бірге намаз оқу, сонымен қатар парызға дейін және кейін нәпіл намаздарды орындау,
 5. Әрдайым әд-дұха намазын сегіз рәкағаттан оқу және алты рәкағат намазын ақшам мен құптанның арасында оқу, түнгі Тәһажжуд намазын және үтір намазын оқу,
 6. Дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстау, сондай-ақ толған айдың күндері, яғни 14-і, 15-і, және 16-сы ораза ұстау және басқа да мақтаулы күндері ораза ұстау, яғни арафа күні, шәууәл айының алты күні, Зүлхижжа айының әуелгі он күні және т.б.,
 7. Жүрегімен бар зейінін аударып Құран оқу және оның мағыналарына ой салу,
 8. Алладан көп кешірім сұрау [истиғфар]
 9. Әрдайым Аллаға көп дұға етіп, Пайғамбарға оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, салауат айту,
 10. Және солардың арасында таңертең және кешке Алланы зкікір ету.

 [Имам ән-Нәуәуи, «Мақасид фи әт-Таухид уәл Ибадат уә усул әт-Тасаууф|Иман, Ислам және Ихсанды түсіндіру»]

Дереккөз: taalib.ru 
Аударған: darulahnaf.com