Пәтуәлар

Халид әл-Бағдадидың өсиеті


Шафиғи мәзхабының үлкен ғалымы, муршид, мәуләна Шейх Халид әл-Бағдадидың (оған Алланың рақымы болсын) өсиеті: 

 «…Мәртебелі Пайғамбарымыздың (оған Алланың иігілі мен сәлемі болсын) сүннетіне қатты жармасуға кеңес беремін, надандықтың дәстүрлерінен және діндегі жаңашылдықтан аулақ болуды насихат етемін. Тасаууф жайлы өсек сөздерге сенбеңдер. Бейтаныс адамдармен достаспаңдар, тіпті ол «Паша» болса да. Және де ешқашан олардан ешнәрсе сұрамаңдар. Оның соңы сендерге жала болып жабылуына әкелуі мүмкін. Екі жамандық болар болса, әлсізін таңдаңдар. Өзгенің қателігінен сабақ алушы адам – бақытты адам. Маңызды нәрсені дұрыс деп санаңдар. Сұлтандармен және мемлекет қызметкелерімен ешқашан қарым- қатынас жасамаңдар. Себебі сендерде, оларды өзгертуге әрі түзетуге қауқар жоқ. Оларды өсектемеңдер, керісінше сендерге жәрдем берсін деп дұға етіңдер.

 Әһлу-Тассауф жолына саудагерлерді, дүниені жақсы көретіндерді, қоғамда беделді орынға ие болу үшін білім алатын өтірікші ғалымды, шәкірттерді және де жалқаулыққа салынып өзінің жүгін өзгеге артушыны, сондай-ақ, рухани байлықты дүние мақсаты үшін пайдаланатындарды жолатпаңдар. Егер сендер оларды өздеріңе алатын болсаңдар, өзін көрсетуіне жол бермеңдер. Сендерің ішінде маған ең сүйіктілерің, дүниені жақтаушылармен байланысы жоқтарың, өзгеге машақат болмайтындарың екенін біліңдер. Ал одан да ұнамдыларың олар – фиқһ пен хадис жаттауымен шұғылданатындарың. Кімнің ізбасары көп болса, шайтаны да көп болады, ал кімнің байлығы көп болса, оның есебіне жетумен басы қатады. Дүние жинау үшін және де беделге ие болу үшін атақ-даңқ кімнің басын айналдыратын болса, ол адам тиым салынғандарға жеңіл қарайтын болады. Оның дінін дүние алмастырады».

 «Үнемі жүрекпен зікір ет. Зікірді сапарда жүрсең де тоқтатпа! Әрбір ісіңде Құдіреті күшті Алладан жәрдем сұра! Мәртебелі Пайғамбарымыздың (оған Аланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының қолдаймын деген келісімін ал. Ғалымдарды және Құран хафиздерін құрметте. Құранды көп оқуға тырыс және фиқһ ғылымын меңгер! Тіпті жүрегіңнің тыныштығы да бұл істен ажыратпасын!»

[Дерекнама: Хасан Камил Йилмаз «Алтын Тізбек», 85 б.] 

Дереккөз: taalib.ru
Аударған: darulahnaf.com