Пәтуәлар

Құраншылар – діни топтар ма немесе батыстың саяси қаруы ма?

Бұл ағымның саяси мақсатын қарастырамыз.
Алғаш рет, осыған ұқсас көзқарасы бар ағымдар ХХ ғасырда пайда болды. Алғашқы негізін қалаушылары Рашид Халифа және Ахмед Мансур сынды США тарапынан саяси баспана алған адамдар болды , онда олар өздерінің идеологиясын тарату бойынша өздірінің қызметін жалғастыруда. Насихат қызметін құраншылдар Солтүстік Вирджинияда Ахмед Мансур және оның ұлдарымен құрылған Халықаралық Құраншылдар Орталығы және
www.ahl-alquran.com — араб және ағылшын тілдеріндегі интернет-сайты арқылы жүргізуде.


Бүгінгі күнде, СНГ-да, бұл діни ағымның көпшілік өкілдері Қазақстан Республикасының территориясында тұрады. Бұл ағымның Қазақстандағы әміршісі, жетекшісі және лидері Асылбек Мусин, ол өзінің әкесі және беделді саясаткер болып табылатын Аслан Мусин тарапынан сенімді қолдау және басымдыққа ие. Сонымен қатар Асылбек Мусиннің ағымы БАҚ-да аты шулы Гульжан Ерғалиева тарапынан қолдауға ие. Идеологиялық орталығы «Iзгi Амал» және Мұсылман жастарының конгресі қоғамдық бірлестіктері, ал басты ресурстары – «Наш Мир» газеті және қуатты интернет ресурстардың біршама қатары, оның ішінде
Anti_idol.kz және Ruh.kz сайттары. Философ Асылбек Мусиннің артынан ерушілері ҚМДБ және Мұхаммед пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетіне еруші төрт мазхабқа (мектеп) агрессивті түрде қарсы бағытталған, оларды кәпірлікке айыптауда және такфирге шығаруда.

Төменде келтірілген фактілерден кейін, бұл ағымның Исламды талқандауға және саяси мүдделердің пайдасына бағытталғандығына сізде күмән болмайды. Таңқаларлық емес, қазіргі уақытта исламдық факторды саяси шайқастың қаруы және мемлекеттік басқару жүйесің іштей жару құралы ретінде қолдану тоқтар емес. Егер басқа осы сынды ағымдардың шығу тарихын қарайтын болсақ, түбірінде батыстың «қуыршақ ойнатушы әртісінің» қол әрекетін байқауға болады. Оларды Батыстан қаржыландыруына байланысты, бірден ойға «Кім төлейді – сол өленге де тапсырыс береді»-деген пікір келеді.
Неліктен Қазақстан?


Шындығында, осы «Құраншылдар» сектасының дәл осы Қазақстанда пайда болу себебі не? Және олардың мақсаты қандай?


Көп адамдарды таңқалдырарлық факт, Құраншылдар ағымының дәл осы Қазақстанда құрылуы. «Наша версия» газетінің эксперттерінің пікірлері бойынша «бүкіл ортаазиялық пирогтың ең тәтті бөлігі, әлбетте Қазақстан болып табылады. Әр түрлі бағыттағы діни ағым күштерінің белсенді қызметі мұнда басым және де ОБСЕ төрағалығы тарапынан қабылданған қатысты түрде либеральды зандылық, және де сонымен қатар міндеттер. Қазір Қазақстандағы діни ланшафт аясы аса құбылмалы палитрада болғандықтан, онда баптистер де, кришнаиттер де, ваххабиттер де өздерін еркін сезінеді».


Сонымен қатар, Асылбека Мусиннен басқа, Кенес Ракишевті және президент досы Максут Нарикабаевтың баласы — Талгатты осы ағыммен байланыстырады. Жергілікті эксперттер құраншылдар қозғалысын тиянақты құрылымы мен иерархиялы жүйеден тұратын, тағайындалған және кез-келген қысқа мерзімде көптеген саяси партияға айнала кетіп, эффективті түрде билікке таласа алатын саяси күш деп есептеуде. Бірнеше фаактілер ұйымның Батыстың ішкі күштерімен байланысы бар екенің куәландіруде. Осы жаңа заманда Қазақстандық элита ішінде Америка Құрама Штаттарында жоғарғы білім алғандар аз емес, ұдайы түрде ол жаққа сапарлар жасайды және Қазақстанда жаңа типті мемлекеттік жүйе құруға негіздейтіндей себеп бары құпия емес. Қайта айтып кетейін, «құраншылдар» қозғалысының негізін қалаушы египеттік ғалым Ахмед Мансур, ол өз уақытысында Каирдағы ескі Аль-Азхар мұсылман рухани университетінен сүннетті ұстанудан шеттенгені үшін оқытушылық қызметінен босатылған. «Изги Амал» позициясы осыған орайлас. «Бүгін біз жалғыз тәңірлік ақиқат ретінде тек қана Құранды қарастыруды ұсынамыз, және де солай болу керек. Сол мезетте бірақ сүннет пен хадисты тек діни әдебиет ретінде оқып үйренгеніміз дұрысырақ болады. …Себебі, олардың өздерінің қарсы-мәтінді талдауларымен мұсылмандардан ақиқат сенімінің сәулесін тайдырмас үшін», — деп айтуда Мусин. 2002 жылы Ахмед Мансур Гарвард юриспруденция мектебінде «Демократия үшін ұлтық жинақ» бағдарламасы бойынша дәріс оқып, Құрама Штаттарда саяси панаға ие болады. Оның тыңдаушылары кім болғаның жорамалдау қиынға соқпайтын сияқты.


Құраншылдар лидері Қазақстанда көп ттұрмады, алғаш рет Қазақстан тарихында саяси алпауыт Аслан Мусиннің отставкасы масштабты коррупциондық шу-айқай аясында оның барлық сырын аша отырып орын алды. БАҚ-ның арқасында қоғам Атырау және Ақтөбе облыстарында тәуелсіз түрде президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусиннің басшылығымен орын алған жаппай тәртіпсіздіктер жайлы хабардар болды. Кіші Мусиннің өзі тексеріс нәтижесін күтпей-ақ бірден елден кетіп қалды.

Сүннет және Құран – бір бүтіннің екі бөлігіндей.
«Сүннет» және «хадис» дегеніміз не және біздің дінімізде қандай орынға ие?

Сүннет және хадис деп Алла Елшісінің (алейхи саляту уа салям.) сөздері мен іс-әрекеттерін, сонымен қатар басқа адамдардың құптаған сөздері мен әрекеттерін айтамыз. Осы Сүннет пен хадистың қысқаша анықтамасы.


Егер Сүннет пен хадистың діндегі орның айтатын болсақ, Алла Тағала, Құранның бірнеше аяттарында анық түрде Пайғамбар (алейхи саляту уа салям.) Сүннетінің маңыздылығын айтады. Мысалы, «Ниса» сүресінің 113-ші аятында айтылған: «Өйткені Алла, саған Құранды және хикметті түсірді әрі саған білмегендеріңді үйретті. Сондай-ақ Алла (Т.) ның саған деген ілтипаты өте ірі». Сонымен қатар «Бақара» сүресінің 151-ші аятында айтылған: «Іштеріңе, өздеріңнен аяттарымды оқитын, сендерді тазартатын және сендерге Құранды әрі үкімдерін үйрететін сондай-ақ білмегендеріңді үйрететін Елші жібергеніміз сияқты…».


Алла Тағала өзінің Пайғамбарына Кітаппен қоса даналықты да бергендігі жайлы Құранда жеті жерде айтылады.


Пайғамбарға берілген Кітап – бұл Қасиетті Құран, ал даналық – бұл Пайғамбардың Сүннеті. Барлық беделді ислам ғалымдарының бірауыздан айтқан пікірлері осылай,себебі жоғарыда келтірілген аяттарда Алла Елшісіне (алейхи саляту уа салям.) Кітаппен қоса және тағы даналықтың берілгендігі айрықша білдірілген. Бұл дегеніміз Құран — ол бір нарсе, ал даналық – ол басқа нарсе. Яғни, Алла Елшісіне (алейхи саляту уа салям.) берілген даналық – бұл Сүннет. «Даналық» сөзін басқаша түсіну және талдау мүмкін емес. Пайғамбардың (саллаллаху алейхи уа саллям.) әр сөзі және іс-әрекеті, Құранда айтылғандай даналық өзі болып табылады.


Алла Елшісі (саллаллаху алейхи уа саллям.) бір хадисінде айтқан: «Мен даналықтың кенімін», деуі арқылы, аятта айтып кетілген даналық, өзінің Сүннеті екенің айқындап кеткен. Яғни, Алла Тағала тарапынан Пайғамбарға (саллаллаху алейхи ва саллям.) берілген даналық хадистерден өзін білдірген.


Шамамен он аятта Алла Тағала сенушілерді өзіне және өзінің Пайғамбарына бойұсынуға және бағынуға шақырады. Мысалы, «Маида» сүресінің 92-ші аятында хабарлайды: «Аллаға бойұсыныңдар және де Елшісіне бойұсынып сақтаныңдар». «Али Имран» сүресінің 32-ші аятында: «(О, Пайғамбарым менің!) Оларға айт: «Аллаға әрі Пайғамбарға бойұсыныңдар де. Егер олар бет бұрса, сонда Алла қарсы болушыларды сүймейді». Көріп отырғандай, Аллах Құранда өзіне және Елшісі – Пайғамбарымыз Мұхаммедке (саллаллаху алейхи вуа саллям.) бойұсынуға бұйырады. Басқа аятта айтылады: «Аллаға және Елшісіне бойұсыныңдар. Сіздерге Алла Тағаладан сый-сияпат болады» [2]. Алла Тағала өзіне және Елшісіне бойұсыну және бағыну арқылы және нәтижесінде, Ол сенушілерге кешірім, сауап және сый-сияпат беретінің білдіреді.
Аллахқа бойұсыну – бұл, бәрінен бұрын, құрандағы парыздар мен тиымдарға бойұсыну арқылы іске асады. Пайғамбарға (саллаллаху алейхи уа саллям.) бойұсыну – бұл оның Сүннетіне еру, Сүннетте көрсетілген талаптар мен тиымдарды орындау. Егер Пайғамбарға бойұсыну, тек қана бойұсыну және Құранға еру болса, онда Ұлы Жаратушымыз сенушілерден Өзіне және Өзінің Пайғамбарына бойұсынуды жеке-жеке талап етпес еді.


Сүннетті жүйелі түрде тәрк ету хижра бойынша екінші ғасырдың басында кездеседі. Орын артында діннен шыққан Хариджиттер және Мутазилиттер тұрды.
Үшінші әділ халифа Османа ибн Аффанның өлімінен кейін билікке келген төртінші әділ халиф Али (р.а.) және Му’авией (р.а.) арасында келіспеушілік пайда болды. Тіптен олардың жақтастары арасында екі шайқас болды – Сыффиндағы шайқас және Джамельдегі шайқас. Осы шайқастардан кейін халиф Али (р.а.) және Му’авия (р.а.) аралық сотқа келісті («тахким») және бітім жасасты. «Тахкима» және бітімді мойындамай шыққан топ «хариджиттер» деп аталды.


«Хауаридж» арабшадан аударғанда – бөлінгендер дегенді білдіреді. Себебі «хариджиттер» сахабаларды кәпір деп есептеді, олар жеткізген хадистерді қабылдаудан бас тартты. Олар тіптен, өздері сияқты ойламаған мұсылмандарды өлтіруге болады деп есептеді. Хариджиттер Сүннетті мойындамады, себебі хадистер өздерінің жалған көзқарастарын таратуға және Құран аяттарын өз нәпсілеріне сай дұрыс емес талдауына басты кедергі болып табылатын. Кейбір хариджиттер барлық хадистерді мойындамайды, ал басқалары тек өздерінің пікірлеріне қарсы хадистерді мойындамайтын.
Исламның таралуына және ислам әлемінің кеңейуіне орай, мұсылмандар арасында әртүрлі философиялық ағымдар пайда бола бастады. Осы уақытта «Мутазиля» ағымы туындады, оның өкілдері аса өнертапқыш болды, яғни толық түрде оңтайлы дәлелдерге сүйене отырып, Ислам ережелерін және принциптерін түсіндіруге тырысты. Нәтижесінде олар да, хариджиттер сияқты өздерінің қате көзқарастары мен талдауларына сәйкес келмеген хадистерді жоққа шығара бастады.


Ислам ғалымдарының күш салуына байланысты, Пайғамбарымыз (саллаллаху алейхи уа саллям.) Сүннетін мойындамайтын бұл адасқан ағымдардың, яғни Хариджиттер және Мутазилиттердің әсерлері ауыздықталды және туындаған бүлік басылды. Және тек XIX ғасырдың ортасында, батыс шығыстанушыларының әрекеттері нәтижесінде Сүннетті мойындамау бүлігі қайта өзін таныта бастады.


«Аль-муслимун» газетінің ұйымдастырған Сүннетке еру маңыздылығы атты тақырыптағы, дөңгелек үстелде айтылған профессор Абдуль-Джалилдің сөзін келтіру орында болар: «Бүгінгі күндері, мұсылмандар он үшінші ғасырда күрескен қиындықтарға ұқсас, өте ауыр қиындықтарға тап болды. Сол уақыттарда олар, бір жағынан крестшілермен күрессе, екінші жағынан моңғол шапқыншылығымен күресті. Бірақ мұсылмандардың табандылықтарына байланысты, моңғолдар шапқыншылығы тоқтатылды, ал крест жорықтары сәтсіз аяқталды. Алайда, крест жорықтары осымен аяқталмады. Кейбір Фома Аквинский секілді адамдар, қарапайым қарудың орнына ең ықпалды соғыс құралы ретінде мұсылмандарға қарсы – идеологияны қолдануды ұсынды. Міне, сол уақыттан бастап мұсылмандарға қарсы басқа форматтағы және басқа құрылымды «крест жорығы» өмірде мүлде басқа тәсілмен басталды. Олар Ислам құндылықтарына көлеңке түсіру үшін, тербетіп және мұсылмандардың сенімін әлсіздендіріп және олардың жүректеріне күмән түсіру үшін барлығын жасауда. Олардың мақсаты Сүннетке қатысты күмән тудыру ғана емес, сонымен қатар Қасиетті Құран жайлы күмән тудыру».
Имам А’замның оларға хадис оқымауын мәлімдеген бір Куфаның тұрғынына былай жауап берген: «Егер Сүннет болмағанда, онда біздің ешқайсымыз Құранды дұрыс түсіне алмас едік»


Ахмадия — Құраншылдар.

Ұқсастығы бойынша, Құраншылдарды, Ахмадиттермен қоса, тек қаан саяси қызығушылықты көздейтін ағымдарға жатқызуға болады. Индияда, мұсылмандар тарихи фактілерді бұрмалау арқылы алданды және шығыстанушылардың бұрмаланған зерттеулерімен көзбояушылыққа ұшырады. Сүннетті мойындамайтын адамдар XIX ғасырдың аяғында пайда бола бастады. Ол уақытта Индия Британ империясының отарында болатын. Индияны мекен ететін Ислам ұстанбайтын тайпалар мен халықтар, ағылшындарға тез бағынды, ал мұсылмандар бағынбай қана қоймай бірінен соң бірі ұласқан отыршылдарға қарсы қарулы көтерілістер ұйымдастырды. Оның ішіндегі ең ірісі 1857 жылы орын алды.


Мұсылмандарды күшпен бағындыра алмаған ағылшындар, әр түрлі типтегі бүліктер және бұзғыншы жоспарларды еңзігу арқылы мұсылмандарды ішінара құлдыратуды мақсат тұтты. Мысалы, өз мақсаттарына жету үшін олар мансапқорлыққа, ақшаға және жетістікке әуесқой адамдарды қолданды, алдымен оларды үйретті, сосын халық арасында оларды «танымалдандырды». Оларды адамдар тыңдай бастаған кезде, отаршылдар өз жоспарларын іске асыра бастады. Осының нәтижесінде Индияда, өзін «пайғамбармын» деп жариялаған және «Ахмадия» ағымының жетекшісі атанған Мирзу Гулам Ахмадты, тек Аллаға тиесілі кейбір сипаттарды Пайғамбарға меншіктеген Ахмад Рид Ханды, өзін «ғасыр ғалымы» деп санаған және хадистерді жоққа шығарған Саид Ахмад Ханды және т.б. көруге болады.


Олардың соңынан хадистерді жоққа шығарушы Абдуллах Шакралуай ( «Умматун муслиматун» ұйымының жетекшісі), Ахмад ад-Дин ал-Амритсири, Гулам Ахмад Паруиз сынды халық арасында өз пікірін таратуға тырысқан адамдар пайда болды.
Олардың ішіндегі ең беделдісі Гулам Ахмад Паруиз болды, ол «Ахлуз-зикр валь-Куран» атты ұйым құрды. Алайда оның әсерлері, ислам ғалымдарының жауаптарының арқасында тез әлсіреді, содан ұйым тарап кетті [13].


ХІХ ғасырда Египетте Дозидің әрекетінің нәтижесінде, Сүннетті жоққа шығарушы бірнеше басқа да шығыстанушылар пайда болды, олар Мирза Бакир, Мухаммад Тавфик Сыдки, Махмуд Абу Раййа.


Қазіргі уақытта Түркияда Яшар Нури Озтүрік сынды, Сүннетті мойындамайтын адамдар пайда болды.Ол «Құран бойынша Ислам» атты кітап жазды. Алайда, түрік ғалымдары Озтүріктің пікірінің қателігі жайлы, автордың өз сөзіне өзі қарсы келген жерлерін айқындай отырып бірнеше кітаптар жазды. Озтүріктің соңынан адамдар аз ілесті, олар өздерін құлшылықпен және Ислам тіректерімен жүрумен аса әурелендіргісі келмейтіндер болды.

Ақылға ие адамдар үшін осы да жеткілікті болар, әйтпесе сектантардың ойдан шығарулары мен адасушылықтарын жоққа шығару жайлы мақалаларды шексіз жаза беруге болады, мен үшін барлықтарыңыздың көздеріңізді ашу жеткілікті. Өз нафсісінің бұйыруына еру жолын таңдағандарды, Аллах тура жолға сала көрсін! Әмин!