Пәтуәлар

Бас киімсіз намаз оқуға болама?


Сұрақ:
Әссәлямму Әлейкум уә Рахматуллахи уә Бәракятух!!!
Ханафий мәзхабында бас киімсіз намаз оқу мәкрух үкіміне жатқызады, расыменде солай айтылған ба? Және оның дәлелін келтіре кетсеңіз, әрине мен бұған күмәнданып тұрған жоқпын, тек кейбір көпшілік бауырларымыз бұған дәлел сұрайды!

Жауап: 
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен.
Әссәлямму Әлейкум уә Рахматуллахи уә Бәрәкятух!
Бас киімді киіп жүру яғни “калансува, топи” бұл сүннет. Біздің әріптесіміздің мүфти Хусайн Қадодиямен, бас киім киіп жүру сүннет екендігі жайында, кітап жазылған болатын. Бұл кітап «The Crown of a Believer» ағылшын тілінде жарық көрді, және бұған қол жеткізуге болады. Төмендегі тізімде бас киімді киіп жүру сүннет екендігі жайында дәлелдер келтірілген:
 1. Айша анамыз (оған Алла разы болсын) Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сапарда жол жүріп келе жатқанда, құлақшасы бар топи киетін еді. Ал үйде болған кезде, Сирийялық топи киетін. [«Әхляқ-ун-Нәби», 104-бет.]
 2. Ибн Омар (оған Алла разы болсын) былай деп айтты, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ақ түсті топи киетін еді. [Табарани: «Маджма-уз-зауаид», 5-ші том, 21-бет.] 
3. Хабиб ибн Салих (оған Алла разы болсын) былай деп айтты, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дәретханаға кірерде аяқ киіммен және басын бүркеп кіретін еді. [Байхақи, 1-ші том, 96-бет.]
 4. Уайль ибн Худжр (оған Алла разы болсын) айтады, мен Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) және сахабалармен (оларға Алла разы болсын) бірге намаз оқыдым, оларда “барнас” деген киімдері болатын (топидің өзге түрі немесе сыртқы киімнің жағасымен бірге тігілген қайырылмалы бас киім түрі.). [Ибн Хузайма, 23-бет.]
 5. Әбу Кабша (оған Алла разы болсын) былай деп хабар жеткізеді, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мен сахабалардың (оларға Алла разы болсын), бас киімдері домалақ және кең болатын. [Миркат, 8-ші том 246-бет.] Және тағы имам әт-Табари, Ибн Омардан (оған Алла разы болсын) былай деп хабар жеткізеді, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ақ түсті бас киім киетін еді. [Миркат, 8-ші том, 246-бет.]
 6. Хасан әл-Басри (оған Алланың рақымы болсын) айтатын еді, адамдар (яғни сахабалар, оларға Алла разы болсын) сәжде қылғанда, олардың бастарында сәлде болатын және бас киімдері. [Сахих Бұхари, 1-ші том, 56-бет; Рашидия.]
 7. Мулла Әли әл-Қари (оған Алланың рақымы болсын) айтатын еді, Исламда бас киім киіп жүру, ерекше өзгешеліктерінің бірі болып табылады. [Мирқат, 8-ші том, 246-бет.]

 Біздерге жеткен баяндамаларда анық көрсетіп тұр, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) және сахабалар (Алла олардың баршасына разы болсын) Ислами бас киімдерді намазда кигендерін, әрі ол сүннет екендігіне дәлел екенін көрсетіп тұр.

 Бұл жерде бас киімсіз намаз оқу, Сүннетке қарама-қайшы екендігі түсінікті болар, сондықтан Фақиһтер ортақ көз қарасқа келді, яғни бас киімсіз намаз оқу мәкрух-танзих екендігіне. Сондай-ақ бұл амал артық көрілетін амалға қайшы келеді [яғни намазға!]. Адам баласына намазда, бас киімсіз оқығандығы үшін күнә жазылмайды, алайда сүннетпен жүруге және намаз оқуға тырысу керек . Мұсылман адамға әрдайым өзінің ғибадатындағы жақсылықтарға талпыну керек және намаздың әдептерін сақтай білу керек.

 Алла Тағала дұрыс білуші.
 Уәс’сәләм.

 Мүфтий Сухайл Тармахомед Ханафи
 Жәмиатул Уләма Дарул-Ифта.

 Намазға бас киіммен тұрудың артықшылығы
 Ханафи мәзхабының фиқһ кітабында және Шафиғи мәзхабының еңбектерінде (мысалы «Рәддул- Мухтар…», «Нимет- и Ислам», «Фатуа- и Кубра») намазды бас киімсіз оқу- ұнамсыз амалға жатады, яғни мәкруһ. Соған қарамастан намаз жарамды болып табылады (сахих), алайда ол адам тек міндетінен құтылған болады, бірақ намазы үшін сауап жазылмайды. 
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) намазын бас киімсіз оқымаған.
Хадисте былай делінеді: «Алла Елшісі тақиясын сәлденің астынан киген, кей кездері сәлдесіз киген» [Ибни Әсәкир].
 Сәлдемен оқылған намаздың сауабы мол, хадисте былай делінеді: «Сәлдемен оқылған намаз 70 мәрте сәлдесіз оқыған намаздан артық» [Әбу Нуайм].
 Және: «Бәдір және Хунайн шайқасында біздерге бастарында сәлделері бар періштелер жәрдемге келген. Сәлде – мұсылман мен кәпірді ажыратушы» [Дейлеми].
 «Тақияға сәлде орау – біздер мен мүшріктердің арасындағы айырмашылық. Әрбір оралған шеңберге нұр себіледі» [Имам Мауерди].
 Муслимде келген хадисте былай делінеді: «Алла Елшісі басына ораған сәлдесінің ұшын екі жауырынының ортасына тастайтын (екі елі ұзындықта)» Түпнұсқа: «Мәуәхиб-и Ләдунийа» 

Дереккөз: askimam.ru
Аударған: darulahnaf.com