Пәтуәлар

Күнәні жуушы он жеті амал


Әлемдердің Раббысына, шыншылдардың патшасына, зәбір көрушіге жәрдем берушіге, жәбір көрсетушіні сындырушыға сансыз мадақ. Алла Елшісіне, отбасына, сахабаларына салауаттар болсын. 

Оқырманның назарына шафиғилық ғалым, ілім талап етушілер арасында «Маракил Убудиә» атты имам Ғазалидың «Бидаятул Хидая» еңбегіне жазған тәпсірімен танымал Мұхаммед ән-Нәуәуи әл-Жәуидің «Нихаяту Зәйн» еңбегінен аударылған үзіндіні ұсынамыз. 

Өткен және болашақтағы күнәларды жуушы он жеті амал: 

 1 - Мабрур қажылық (Қабыл болған қажылық)
 2 - Мұқият алынған дәрет
 3 - Қадір түнінде түнгі намаз оқу
 4 - Рамазан айында түнгі намазға тұру
 5 - Рамазанда ораза тұту
 6 - Арафа күнінде ораза тұту
 7 - «Әмин» сөзін имаммен бірге айту (Ескерту: ханафилерде іштей айтылады!)
 8 - «Хашыр» сүресінің «هُوَ اللَّهُ الَّذِي لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ» соңғы аятын бастап оқу
 9 - Соқыр адамға 40 қадам аттауына көмек беру
 10 - Азанды естігенде мына сөздерді айту
اشهد ان لا اله الا الله وحده لا شريك له واشهد ان محمدا عبده ورسول ه رضيت بالله ربا وبالإسلام دينا وبمحمد صلى الله عليه وسلم نبيا ورسولا 
«Әшһәду әллә иЛәһа иллә Ллаһ уахдаһу лә шәрикәләһ, уә әннә Мухаммадән абдуһу уә расулуһу, радыйту биЛләһи роббан, уә бил Исләми динән, уә би Мухаммадин, салләЛлаһу алейһи уә сәлләм, нәбийән уә расулә»
 11 - Мұсылманның қажетіне жарау
 12 - «Дұха» намазын оқу
 13 - Киім кигенде мына дұғаны оқу
  الحمد الله الذي كساني هذا ورزقنيه من غير حول مني ولا قوة 
 «Әлхамдулиллаһи Лләзи касании хәзә уә разақаниһи мин ғайри хаули мини уәлә қууәти»
 14 - Тамақ ішіп болған соң дұға ету
الحمد لله الذي أطعمني هذا الطعام ورزقنيه من غير حول مني ولا قوة 
 «Әлхамдулилләһи Лләзи атъамәни хәзә таъамә уә разақаниһи мин ғайри хаули мини уәлә қууәти»
 15 - Бәйт мақдистен «лә иләһә илләллаһ» деп қажылық пен умраны өтеу
 16 - Жұма намазынан соң «Фатиха», «Ықылас», «Муәууизатәйн» сүрелерін жеті рет оқу
 17 - Пасық болмаған мұсылманың қолын алып, Пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мадақтау.

 [Деркнама: Мұхаммед ән-Нәуәуи әл-Жәуи, «Нихаят аз-Зейн фи иршад әл-Мубтади’ин Шарх ‘алә Куррат әл-‘айн би мухиммат ад-Дин», 142 б.]

Дереккөз: taalib.ru
Аударған: darulahnaf.com