Пәтуәлар

Имам Әбу Ханифа жайлы Имам Бұхари сынының анализі. Үшінші бөлім.


Сайид Муштак `Әли Шахтың «Имам Әбу Ханифаға қатысты жалаға жауап» кітабынан үзінді (49-54 беттер). 

 7. Егер имам Бұхаридің Имам Әбу Ханифаға жасаған джархы/жауабы усульдағы қарама-қайшылық пен дәлсіздігіне қарамастан жарамды болса, онда имам Бұхари маджрух және жарамсыз жеткізуші неге болмайды? Хадис имамдары имам Бұхариге джарх/жауап жасаған емес пе еді? Әрине, ондайлар болды. Кейбір мысалдарды төменде келтірейік:

 Имам Селхи, имам Бұхари оған қатерлі джарх/жауап жасаған. «Табақат Шаф`ийя» 12-томның 12-бетінде келтіріледі: «Имам Селхи айтты: «Кім имам Бұхаридің сабағына қатысатын болса, бізге келмесін, себебі Бағдат тұрғындары имам Бұхаридің Құранға қатысты кәләм ілімімен айналыса бастағандығы жөнінде жазды, ал біз оған онымен айналыспасын деп ескерттік. Бірақ ол бізді тыңдамады. Сол себепті оған бармаған абзал».

Біліңіздер, имам Селхи адамдарға имам Бұхаридің сабағына бармасын деп айтқан емес, сонымен қатар оны Құрандағы сөздерді айтқан адамның сөздері жаратылған деп айтқаны үшін бидғат иесі деп атады. Және сол үшін ешкім онымен отырмасын және сөйлеспесін деген.

«Тарих-Халкан» кітабында 2-томы 123-бетінде айтылады: «Имам Бұхари мен Мұхаммед бин Яһия (Селхи) арасында Құран сөздеріне қатысты келіспеушілік болған кезде, ол адамдарды имам Бұхариге барудан тосып қоятын. Бұл соншалықты қатты әсер еткендіктен, имам Бұхари Нишапурден көшіп кетуге мәжбүр болды және имам Муслимнен басқа барлық адамдардан одан бетін бұрған болатын».

Имам Муслим, имам Бұхаридің жақын шәкірті болғанына қарамастан өзінің сахихында одан ешқандай хадис жеткізбеді. Хадисте «`ан-`ана/осындай адам осындайдан жеткізді» деген нәрселер айтылғанда, ол имам Бұхариге «асауна/ яғни, онымен осы сұрақта келіспейді» деген сөз сілтеген болатын. Сонымен қатар, имам Муслим, имам Бұхариді қатты сынаған болатын, Сахих Муслимнің 1-томы 21-бетін қарау.

Әбу Зура мен Әбу Хатим де имам Бұхариден қабылдамаған болатын. «Табақат Шаф`ийяның» 1-томы 190-бетінде: «Әбу Зура мен Әбу Хатим имам Бұхариді Құрандағы сөздерге қатысты келіспеушілік үшін қалдырды» деп келтіріледі. «Мизанул-`Итидаль» кітабында: «... Әбу Зура мен Әбу Хатим `Әли ибн әл-Мәдинидің шәкірті болған имам Бұхариден Құран сөздеріне байланысты болған келіспеушілігіне байланысты ештеңе жеткізбеген».

Және Әбдур Рахман ибн Әбу Хатим: «Әбу Зура имам Бұхариді сол үшін қалдырған болатын» деп айтқан.

Ибн Мунда «Шурутул-`Аимма» кітабында имам Бұхариді «мудаллис/өзі хадисті алған шейхін немесе оның шейхін жасыратын жеткізуші», деп классификация берген.

Ол: «Бұхари өзінің кітаптарында былай жеткізеді: «Мен «фуляну/аты аталмаған адам», деп айттым және бұл рұқсат етілген. «Фулян былай жеткізді» және бұл тадлис». Тадлис әлсіз жадымен салыстырғанда өте үлкен кемшілік екені анық, себебі бұл өз қалауымен, ақылмен жасалатын іс және бұл алдау. Сол себепті Шамси ғалымдар арасында тадлис жасау харам деген.

[«Муқаддама-Усуль» Шейх Мұхаддис әл-Дахляәуи, 2-бет.] 

Имам Бұхари, имам Селхиден 30-ға жуық хадис жеткізген, бірақ оның есімін араларындағы келіспеушілік болғаны үшін атамаған болатын біліңіздер. «Тарих-Халқанның» 2-томы 134-бетінде: «Имам Бұхари имам Селхиден 30 жерде хадис жеткізген, бірақ ешқай жерде оның есімін айтпаған. Ол Мұхаммед бин Яһия Селхи маған жеткізді деп атудың орнына, «Мұхаммед маған жеткізді» деп айтқан. Кейбір жерлерде ол оны Мұхаммед бин Абдуллах (Абдуллах оның атасының аты болған) деп атаған» келтіріледі.

Дарақутни және Хаким мухаддистер, имам Бұхаридің, Ишак бин Мұхаммед бин Исмаилден хадистерді жеткізуі анық кемшілік болатынын айтқан. Дарақутни және Хаким, имам Бұхаридің Ишак бин Мұхаммед бин Исмаилді сенуге болатын жеткізуші деп есептеген, алайда ол әлсіз болған. Және ол әлсіз жеткізуші мен сенуге болатын жеткізушілерді айыра алмады.

Имам Исмаил имам Бұхаридің Әбу Салих Джуханиден жеткен «мунқат/иснады үзілген» хадисті сахиих дегенде, ал «мутассил/үзілмеген иснад» хадисті, д`аиф дегенде таң қалған болатын. [«Фатх әл-Бари» 483 бет.] 

Имам әз-Захаби де имам Бұхаридің кейбір жұмыстарына қатысты түсінбестікпен қарады. Ол Усайд бин З`айд-Джамал туралы биографияда былай жазды: «Бұхари оны әлсіз деп есептегеніне қарамастан одан хадис жеткізуі таң қалдырады».

Сол себепті кім (Әбу Ханифаны) айыптайтын болса, онда олар әділеттілік жасасын. Егер Әбу Ханифа, имам Бұхаридің джархы/жауабы бойынша әлсіз болса, онда неге имам Бұхари, Ибн Мунда мен Телхидің джархы/жауабы бойынша «маджрух/жауаппен шешім шығарған» бола алмайды? Онда өзі «маджрух/ жауаппен шешім шығарған» бола тұра сондай адамның джархы/жауабы не болмақ? Және жалған-сәләфиттердің Әбу Ханифаға бағытталған айыптары тек олардың оған қатысты, ашуы мен көралмауын көрсетеді, себебі олардың дәлелдері әлсіз. 

Қорытынды: Егер Әбу Ханифаны әлсіз деп есептесек, онда барлық үммет мухаддистері әлсіз болады және олардың хадисті жеткізуде қабылданбайды. Себебі барлық имамдар сыннан өткен болатын, бірақ бұндай бірен-саран пікірлерге көңіл аудармау қажет, көптеген ғалымдардың пікіріне қарап, сол ғалымның Исламның және Үмметтің дамуына қосқан үлесіне көңіл аудару қажет. Имам Бұхариге қатысты барлығы келтірілген джарх/жауап, тек біздің қарсыластарымызға жауап ретінде келтірілген екенін ескерген жөн. Және біз Имам Әбу Ханифа мен Бұхари шыншыл, сенуге болатын, әділ, жақсы есте сақтау қабілетімен және нағыз `Абидтер/Аллаға құлшылық қылатындар екеніне сенімдіміз. Олардың ешқайсысы «маджрух/ жауаппен шешім шығарған» емес, және олардан жететін хадис сөзсіз қабылданады. Және біз имам Бұхариге қатысты джархты/жауапты қабылдамауымыз, имам Әбу Ханифаға қатысты джархты/жауапты қабылдамауымен бірдей. 

Дереккөз: peopleofsunnah.com
Аударған: darulahnaf.com