Пәтуәлар

Ибн Таймия және Тасаууф


Қазіргі таңда өздерін «сәләфиміз» деп жүрген бауырлар, сопылықты толығымен жоққа шығарады. Алайда олардың шейхы Ахмад Ибн Таймия (рахимахуллах) өзі және оның шәкірті сопы болған және сопылық жайлы жақсы көзқараста еді! Сол бауырларымыздың көздерін ашу үшін Ибн Таймияның Тасаууф жайында сөздреін келтірдік!

Ибн Таймия Қадария тариқатының сопысы.  

Жамалуддин Тәлянидің “Тағриб әл-Мутахаббин фи лабс Хыркат әл-Мутамайязан” атты кітабында, Ибн Таймияның “Мас’әля әт-Табразийя” кітабынан оның сөздері келтірілген:

 لبست الخرقة المباركة للشيخ عبد القادر وبيني وبينه اثنان 

“Маған бата берілді хырқа (әл-хырқа әл-мубарака) шейх Әбдүл Қадірден, мен және онымен бірге екі шейх болды.”

“Баб ул-Илка би Лабс ул-Хырқа” кітабы бойынша, авторы Юсуф Ибн Әбдүл-Хади (909 д.ө.ж.), сілсилә Әбдул Қадір Жиләниден келесі сілсилә реттелген (яғни, тариқат байланысшылардың тізбегі):
1. Әбдүл Қадір Джиләни [561 д.ө.ж.]
2. Әбу Омар Ибн Қудама [607 д.ө.ж.]
3. Мувафақуддин Ибн Қудама [620 д.ө.ж.]
4. Ибн Таймия [728 д.ө.ж.]
5. Ибн Қайим әл-Жәузия [751 д.ө.ж.]

Ибн Раджаб әл-Ханбали айтты:

 وقد أخذ أبو عمر وأخوه ابن قدامة الخرقة من عبد القادر نفسه 

 “Әбу Омар және оның ағасы [Мувафақуддин] ибн Қудама – екуі Әбдүл Қадір Жиләниден хырқасын/шапанын алды [яғни, мұсылман адам вирд қабылдағаннан кейін, сол тариқаттың шапанын киеді]”.

Cөйтіп әлгі екі шейх, Әбдүл Қадір Жиләни мен Ибн Таймияның арасындағы сілсиләдағы – бұлар Ибн Қудама мен Ибн Әби Омар. Дәл сондай Ибн Таймияның (оған Алланың рақымы болсын) сөзін, Ибн Әбдул-Хади келтіреді:

 لبست خرقة التصوف من طرق جماعة من الشيوخ, منهم الشيخ عبد القادر الجيلاني الذي تعتبر طريقته أعظم الطرق و أشهرها 

“Маған әр-түрлі сопылық тариқаттың хырқалары, әр-түрлі шейхтардан міндеттеліп берілген, және олардың арасында – және солардың ішінде шейх Әбдүл Қадір Жиләни бар, белгілі тариқатардың ішінде оның тариқаты ең ұлы болып табылады”.

Тағы Ибн Таймия (оған Алланың рақымы болсын) былай деп айтты:

 واجل الطرق طريقة سيدي عبد القادر الجيلاني 

 “Ең зор тариқат – бұл менің мырзамдікі (сайиди) Әбдүл Қадір Джиләнидікі.”

Және бұл жайлы зерттеуші доктор Макдисиде мынандай еңбегі бар – “Ибн Таймия Қадарийя тариқатының сопысы”.
[Дерекнама: шейх Ибн Әбдул-Хади қолжазбасынан “Баб ул-Илка би Лабс ул-Хырқа” ] [Жамалуддин Тәляни кітабы “ Тағриб әл-Мутахаббин фи лабс Хыркат әл-Мутамайязан”] 

Шейхтың тариқат вирді жайлы оның шәкірті ибн Қайим өзінің “Мадаридж әс-саликин” кітабында 423-бетте (тасаууф жайында жазылған еңбегі) :
«Мен Шейхул-Ислам Ибн Таймийядан (оған Алланың рақымы болсын), мына сөздерін естігем: кім күніне қырық рет мына сөздерді айтса “Иә Хайю, Иә Қайюм, Лә Иләха Иллә Әнта”, таң намазының сүннетімен парызының арасында айтып жүрсе, Алла Тағала ол адамның жүрегін тірілтіп, жұмсартады», — деп айтқан еді.

Шейх Ахмад Ибн Таймияның (оған Алланың рақымы болсын) тасаууф жайлы куәлік етуі. 

 Ибн Таймияның сопылық жайлы көптеген сөздерін оның кітаптарынан кездестіруге болады, әсіресе оның «Мәджмуа Фатауа» кітабында жиі кездеседі, солардың біразы:

 قال ابن تيمية: شهادة ابن تيمية للتصوف «وأول من حمل اسم «/صوفي»/ هو أبو هاشم الكوفي، الذي ولد في الكوفة، وأمضى معظم حياته في الشام، وتوفى عام»160ﻫ»، وأول من حدد نظريات التصوف وشرحها هو «/ذو النون المصري»/ تلميذ الإمام «/مالك»/، وأول من بوبها ونشرها هو»/الجنيد»/ البغدادي / اه ملحوظة :ابوهاشم الكوفي كان معاصراً للامام المجتهد سفيان الثوري الذي توفي عام 155هـ قال عنه سفيان الثوري : «/ لولا أبو هاشم ماعُرِفت دقائق الرياء «/. 

 «Ибн Таймия айтты, сопы деп ең алғаш Әбу Хашим әл-Куфиді атай бастады, ол кісі Куфада туылды және өмірінің көп бөлігін Сирияда өткізген. Хиджри жыл санауы бойынша 160 жылы қайтыс болды. Сопылық теориясын анықтап және оған пікір жазған Имам Мәликтің шәкірті Зун-нун әл-Мисри еді (оларға Алланың рақымы болсын). Ал сопылықты алғаш рет тарауларға бөліп, оны таратқан Джунайд әл-Бағдади болған (оған Алланың рақымы болсын). (Ескерту: Әбу Хашим әл-Куфи имам-мужтахид Суфьян ас-Сауридің замандасы болған, хиджри жыл санауы бойынша 155 жылы қайтыс болған.) Суфян әс-Саури ол жайлы: “Егер Әбу Хашим болмағанда, риягершіліктің [яғни көзбояушылықтың] қыр-сырын білмес едім” – деген».

Ары қарай ибн Таймия:

 قال ابن تيمية في » مجموع الفتاوى » «11/6″: «أول ما ظهرت الصوفية من البصرة وأول من بنى دويرة الصوفية بعض أصحاب عبد الواحد بن زيد وعبد الواحد من أصحاب الحسن وكان في البصرة من المبالغة في الزهد والعبادة والخوف ونحو ذلك ما لم يكن في سائر أهل الأمصار ولهذا كان يقال فقه كوفي وعبادة بصرية/ 

 «...сопылық алғаш Басрада пайда болғанын айтады. Ең алғашқылар Суфияти жамағаты және Әбдулуахит ибн Зайд ерушілері еді. Әбдулуахит Хасанның ерушісі еді, Хасан Басрадан шыққандардың ішіндегі аса тақуасы, ғабиді, діндарі еді, және басқа да қасиеттері бойынша басқа қалаларда оған тең келері жоқ еді, сол себептен «Фиқһу Куфи, уа Ибадату Басрияти», деп айтылатын, яғни мықты фақиһтер [дін құқықтарының білгірілері] Куфа қаласында еді, ал ынтамен құлшылық ететіндер – Басрада».
[Ахмад ибн Таймия «Маджму Фатауа», 11/6] 

Ибн Таймия айтады:

 قال ابن تيمية في مجموع الفتاوى «11/282″ «وعبد الواحد بن زيد وأن كان مستضعفاً في الرواية إلا أن العلماء لا يشكون في ولايته وصلاحه ولا يلتفتون إلى قول الجُوزْجاني فأنه متعنت كما هو مشهور عنه / . 

«Абдулуахит ибн Зайд риуаят [хадис] жеткізуде әлсіз еді, бірақ ғұламалар оның басқаруына және шыншылдығына шағымданбаған еді. Және сөз сұрап Жузжаниға жүгінбейтін еді, ол барлығына белгілі болғандай қатаң адам еді».
[«Маджму Фатауа», 11/282]

Тағы былай деген:

 وذكر ابن تيمية في كتابه الفرقان بين أولياء الرحمن وأولياء الشيطان «أن عبدالواحد ابن زيد من أولياء الرحمن/ !! . 

 «Әл-Фурқану бәйнә әулияи Рахман уә әулияи шайтан» кітабында:
«Әбдул Уахит ибн Зайд, ол Рахманның әулиелерінен еді» деп айта кеткен.

Осы кітабтың тағы бір жерінде былай деген:

 وقال ابن تيمية في مجموع الفتاوى «11/17″ : «طائفة ذمت الصوفية والتصوف وقالوا أنهم مبتدعون خارجون عن السنة ونقل عن طائفة من الأئمة في ذلك من الكلام ما هو معرفون وتبعهم على ذلك طوائف من أهل الفقه والكلام وطائفة غلت فيهم وادعوا أنهم أفضل الخلق وأكملهم بعد الأنبياء وكلا طرفي هذه الأمور ذميم , والصواب أنهم مجتهدون في طاعة الله كما اجتهد غيرهم من أهل طاعة الله ففيهم السابق المقرب بحسب اجتهاده وفيهم المقتصد الذي هو من أهل اليمين وفي كل من الصنفين من قد يجتهد فيخطىء وفيهم من يذنب فيتوب أو لا يتوب ومن المنتسبين إليهم من هو ظالم لنفسه عاص لربه وقد انتسب إليهم من أهل البدع والزندقة ولكن عند المحققين من أهل التصوف ليسوا منهم «.اهـ 

 «Адамдар сопылырға және сопылыққа баға беруде екі топқа бөлінді: біреулер оларды бидғатшылар және сүннеттен алыстап кеткендер деп атады. Ал екіншілер олардың дәрежелерін тым көтеріп, пайғамбарлардан кейін ең жақсылар солар деп айтты. Екі топтың пікірлері де сын айтуға жарайды. Ақиқатында, бұлар олардың алдыңғылары жасағандай, Алланы тануда және оған бағынуда жігерлік, ынта танытқан ғұламалар. Жәнеде олардың ішінде «озған» және Алла Тағалаға жақын болғандары да бар. Араларында солай тура жолдағы «қалыптылар» да бар. Олардың барлығы жігер танытқан және қателесуі мүмкін. Және олардың ішінде күнә жасап тәубе қылғандар мен тәубе қылмағандар да болған. Және «өздеріне зұлымдық жасап» Раббыларының заңына қарсы шыққандар да болған. Сондайларға түрлі бидғат ағымдар мен адасқан тариқаттар жатады, ал ақиқи сопылар бұндайлардың көзқарастары мен пікірлерін жоққа шығаратын, оларды сопы деп атап және тариқатқа қосуын мойындамайтын».
[Ибн Таймия «Маджму Фатауа», 11/17]

Ибн Таймия айтады:

 قال الأمام أحمد ابن تيمية رحمة الله تعالى: ( فأما المستقيمون من السالكين كجمهور مشايخ السلف مثل الفضيل بن عياض , وإبراهيم بن أدهم , وأبي سليمان الدارني , ومعروف الكرخي , والسري السقطي , والجنيد بن محمد , وغيرهم من المتقدمين , مثل الشيخ عبد القادر الجيلاني, والشيخ حماد , والشيخ أبي البيان , وغيرهم من المتأخرين فهم لا يسوغون للسالك ولو طار في الهواء أو مشى على الماء أن يخرج عن الأمر والنهي الشرعيين , بل عليه أن يعمل المأمور ويدع المحظور إلى أن يموت . وهذا هو الحق الذي دل عليه الكتاب والسنة وإجماع السلف , وهذا كثير من كلامهم ) . الجزء العاشر من مجموع فتاويه 

 «Ал тура жолда болған Фузейл ибн Ийяз, Ибраһим ибн Адхам, Әбу Сүлеймен әд-Дарани, Маъруф әл-Курхи, Сарри әс-Сақати, Жунайд ибн Мухаммад сияқты және одан бұрынғылары, және Әбдул-Қадір Жейләни, шейх Хамал, шейх Әбдул Баян және басқада бұрынғылардан болғандар, олар, мурид ұша алса да, судың үстінмен жүре алса да, оған шариғаттың шеңберіндегі бұйрығы мен харам сызығынан тыс шығуға тыйым салатын. Ол өлім келгенше тек қана адалды жасап, харамнан тыйылу керек, жәнеде бұл Құран мен Сүннет және сәләфтардың иджмасы меңзеп тұрған ақиқат. Бұндай нәрселер олардың сөздерінен жиі кездеседі».
[Ибн Таймия «Маджму Фатауа»,10/ 516-517]

 Ибн Таймия сопылыққа былай анықтама берді:

 تعريف الصوفي عند ابن تيمية في » مجموع الفـتاوى «11/16″ : » «هو ـ أي الصوفي ـ في الحقيقة نوع من الصديقين فهو الصديق الذي اختص بالزهد والعبادة على الوجه الذي اجتهدوا فيه فكان الصديق من أهل هذه الطريق كما يقال : صديقو العلماء قال ابن تيمية في مجموع الفتاوى «جزء 12 – صفحة 36″ «وأما جمهور الأمة وأهل الحديث والفقه والتصوف فعلى ما جاءت به الرسل وما جاء عنهم من الكتب والاثارة من العلم وهم المتبعون للرسالة اتباعا محضا لم يشوبوه بما يخالفه «. 

 «Шындығында сопылық – бұл шыншылдардың қасиеті. Олар шыншылдар, бұл дүниеге ғашық болудан алыстауымен ерекшеленеді және құлшылықта ынталы болатын. Шыншылдар осы жолда еді (яғни сопыларды меңзеп тұр). «Сондықтан шыншыл ғалымдар мен басшылар деген кезде, олар – ерекше шыншылдар болатын, бірақ олардың дәрежесі нағыз шыншылдардан төмен болып есептеледі. Шыншылдық – бұл сахабалардың, табиғиндардың тән қасиеті. Басра қаласының сопылары мен Аллаға шынайы ғибадат етушілері жайында сөз қозғалғанда, бұл Куфадағы шыншыл фақиһтерді айтқан секілдісің. Сондай-ақ Аллаға шынайы түрде құлшылық қылу жолында Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жолына жарасымды болып, ынтасына және уақытына қарай, онда ол адам шыншыл болып табылады. Олар (яғни сопылар) өзінің уақытына қарай шыншылдар, ал бірінші ғасырдың шыншылдары олардан артықғырақ. Шыншылдар үшін, дәреже мен түрлері бар. Сондықтан олардың әрқайсысы үшін түрі, қалпы және өзінің үнемі орындайтын құлшылығы бар. Егер тіпті олардың басқасы өзге санаттарда болса [яғни қалпы, құлшылығы], одан қарағанда толығырақ және абыройлы».
 Ибн Таймия айтады:
«Мухадистер, фақиһтер, сопылардың көбісі, Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алып келген нәрсеге ерді. Олар Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) таза ерушілері, Шариғатқа қарама-қарсы ештеңе қоспады»
[Ибн Таймия «Маджму Фатауа», 11/ 16] 

Ибн Таймия тағы былай деп айтты:

 قال ابن تيمية في مجموع الفتاوى "جزء 14 - صفحة 355 ": "فمن سلك مسلك الجنيد من أهل التصوف و المعرفة كان قد اهتدى و نجا و سعد" 5- ابن تيمية يصف أعلام التصوف ورجاله " بمشايخ الإسلام وأئمة الهدى" 

 «Ал кім таным иелері және әһли тасаууфтың бірінен болған Жунайдтың жолына түссе, ол тура жолға бастаушы, құтқарылған әрі бақытты болады»
 [«Маджму әл-Фатауа», 14/355]

Барлығына белгілі Исламдағы Тауәссул (Уәсилә) мәселесі бар, қазіргі заманда бұған “жалған сәләфилерден” басқа ешкім қарсы келмейді, алайда олардың өздері ибн Таймияның мына сөздерінен бей хабар екен.

Тауәссул туралы Ибн Таймия (оған Алла рақым етсін) сәләф-солихтерден келтіруі:

 وقد ذكر بعض هذه الحكايات من جمع الأدعية وروي في ذلك أثر عن بعض السلف مثل ما رواه [ ص: 264 ] ابن أبي الدنيا في كتاب ( مجابي الدعاء قال : حدثنا أبو هاشم سمعت كثير بن محمد بن كثير بن رفاعة يقول : جاء رجل إلى عبد الملك بن سعيد بن أبجر فجس بطنه فقال : بك داء لا يبرأ . قال : ما هو ؟ قال : الدبيلة . قال فتحول الرجل فقال : الله الله الله ربي لا أشرك به شيئا اللهم إني أتوجه إليك بنبيك محمد نبي الرحمة صلى الله عليه وسلم تسليما يا محمد إني أتوجه بك إلى ربك وربي يرحمني مما بي . قال فجس بطنه فقال : قد برئت ما بك علة . قلت : فهذا الدعاء ونحوه قد روي أنه دعا به السلف ونقل عن أحمد بن حنبل في منسك المروذي التوسل بالنبي صلى الله عليه وسلم في الدعاء ونهى عنه آخرون 

 Ибн Таймия мынандай тарих келтіреді, Ибн Әбу әд-Дунийя өзінің «Муджаби әд-Дуа» кітабында былай деп атап өтті: Бір адам Абд ул-Мәлік ибн Саиду ибн Абджарға келді. Ол оның қарнын сипап былай деп айтты, сенің қарныңда жазылмайтын ауру бар деді. Абд ул-Мәлік одан сұрады: «Ол не ауру?» Ол оған: «Асқазанның жарасы».Әбдул-Мәлік оған теріс айнал деді және былай айтты: «Алла, Алла, Алла! Менің Құдайым, Сенің ешқандай серігің жоқ. Ей Аллахым! Мен Өзіңнен сұраймын сенің Пайғамбарың Мұхаммедпен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), Рақым Пайғамбарың. Ей Мұхаммед ! Мен өзіңмен сенің Құдайыңа және менің Құдайымнан, Аллахтың мейрімділігі мен аяушылығы болсын маған! – деді». Кейін Абд ул-Мәлік жаңағы адамға менің қарнымды тексерші деді! Ол: «Сіз аурудан жазылдыңыз!». Ибн Таимия кейін бұл оқйға баяндамасын былай деп пікірлейді: «Мен айтамын, бұл және басқада түрлері [яғни Тауәссул], біздің үмметіміздің алғашқыларынан алынды сәләф-солихтерден». 
[Дерекнама: «Қаида Джалиля фи Тәуәсул уа әл-Уасиля», 91-бет; және «Маджму Фатауа», 264-бет.] 

Дерекнама: Al-fatava.com/Darulfikr.ru
Дайындаған: Darulahnaf.com