Пәтуәлар

Такфир мәселесіндегі тепе-теңдік

Аса Қамқор, ерекше Мейрімді Алланың атымен

 بسم الله الرحمن الرحيم 





«Бір мұсылманды қателесіп кәпір дегенше, мың кәпірді мұсылман деп қателескен артық». 

Қазіргі кездің ықпалынан бұл “такфиршілер” мәзһабының негізсіз мұсылмандарға такфир шығарулары. Бұның себебі «такфир қылышы» олардың өздерінің жеке бастарына опырылып түсуінен қорқулары. Айтарлықтай, кейбір бір топ бауырлар күмән тудыратын істер жасайды, бірақ күпірлігі жоқ! Ал басқа бір топ бауырлар, қорықаннан өздері күпірлікке түсіп қаламыз деп, күмәнді істі істеген бауырларға такфир шығарады. Олар мына сөзді «Кім кәпірге такфир шығармаса, онда ол өзі кәпір болады» — деген ұстанымды дұрыс түсінбегендіктің кесірінен қатты қателеседі, және сонымен қатар кейбір ерекше ұстанымды да ұмытуда.
Алайда осыған байланысты мынадай сұрақтар туындайды:

Күмәнді іске такфир шығарғандығы үшін адам құтқарылама (яғни Қиямет күні), немесе бұл істе сақ болу керек пе?

 Қандай жол тым жақсырақ болып табылады, күмәнді іске такфир шығаруда ма, әлде ондай такфирден бас тартқан дұрыс па?

Білім иелері бұл жайында не айтады?

Білім иелері бұл жайында айтты:
«Бір мұсылманды қателесіп кәпір дегенше, мың кәпірді мұсылман деп қателескен артық».

Имам Ибн Абидин Ханафи (Алла оны рақым етсін) 1238-1307 һ.ж., былай деп айтқан:

قالوا لو وجد سبعون رواية متفقة على تكفير المؤمن و رواية و لو ضعيفة بعدمه يأخذ المفتي و القاضي بها دون غيرها 
 رد المحتار 1/191 

"Ғұламалар айтты: Егер де бірауыздан жетпіс риуаят бір мұсылманның тəкфирінде болып жəне де бір ғана риуаят (əлсіз болса да) такфирдің жоқ екендігі жайлы табылса, муфтий мен қазы сол (əлсіз) риауятты алады, басқасын емес.
[Дерекнама: Ибн Абидин, «Радд әл-Мухтар, 1/191».] 

Мәлики мәзхабының ғалымы Қъади Ийад (Алла оны рақым етсін) 476-544 һ.ж./1083-1149 м.ж., өзінің «Әш Шифа би Таърифи Хукукил Мустафа» атты кітабында, такфир тарауында былай деп жазады:

 وقال غيرُهما مِن المحقّقين : الذي يجبُ الاحترازُ عن التكفيرِ في أهلِ التأويلِ , فإن استباحةَ الموحِّدين خطأٌ , والخطأ في ترْكِ ألف كافرٍ أهونُ مِن الخطأ في سفْكِ مِحْجَمَةٍ مِن دمِ مسلمٍ واحدٍ

«[Мухаққиқ] зерттеуші ғалымдар және Әбул Маъли мен Әбул Хасан әл-Әшғариден басқалары, былай деп айтқан:

Әхлу тәуилге [діни мәтіндерді талқылайтындар] такфир шығарудан аулақ болу керек! Өйткені муаххидттің [қаны және дүние-мүлкін] рұқсат ету бұл қателік [хата]. Бір мұсылманның қанын төгіп [оған такфир шығарып] қателескенше, мың кәпірді [такфир жасамай] қалдырып қателескен артық».
[Дерекнама: Қъади Ийад «Әш Шифа би Таърифи Хукукил Мустафа: 1058», Дарул китабил араби: 1404/1984.] 

Ханафи мәзхабының көрнекті ғалымы Мулла Әли әл-Қари Ханафи (Алла оны рақым етсін) 1014 һ.ж./1606 м.ж., Қъади Ийадтың (Алла оны рақым етсін) «Әш Шифа» кітабында айтылған сөздеріне қосымша былай деп пікір жазады / шарх:

 وقد قال علماؤنا : إذا وُجد تسعةٌ وتسعونَ وجهًا تُشير إلى تكفيرِ مسلمٍ , ووجهٌ واحدٌ إلى إبقائهِ على إسلامِه فينبغي للمُفتِي والقاضِي أن يعمَلا بذلك الوجهِ ، وهو مستفادٌ مِن قولِه عليه السلام : « ادْرَؤُوا الْحُدُودَ عَنِ الْمُسْلِمِينَ مَا اسْتَطَعْتُمْ ، فإن وَجَدْتُمْ لِلْمُسْلِمِ مَخْرَجًا ، فَخَلُّوا سَبِيلَهُ ، فَإِنَّ الإِمَامَ لأنْ يُخْطِىءَ فِي الْعَفْوِ ، خَيْرٌ له مِنْ أَنْ يُخْطِئَ فِي الْعُقُوبَةِ » رواه الترمذي وغيرُه والحاكمُ وصحَّحه

«Біздің Ханафи мәзхабының ғұламалары айтады: Егер мұсылманды тоқсан тоғыз себеб такфир шығаруына бағыттап тұрса, және тек қана бір себеп оның Исламда болуын көрсетіп тұрса, онда Мүфти [пәтуа беруші адам] мен Қадий [сот орындаушысы] оның бір себебіне байланысты әрекет етулері керек.

Бұл жағдай Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сөздерінен шығады: «Мұсылмандарға жаза түрін беруге, өздеріңнің күштеріңе қарай беріңдер. Егер оларға [мұсылмандарға] шығу жолын тапсаңдар, онда оларды қалдырыңдар. Өйткені имамға [Қадий — сот орындаушысына] жаза беріп қателескеннен гөрі, кешіріп қателескен артығырақ болып табылады. Бұл хадисті имам әт-Тирмизи, имам Хаким және тағы басқалары жеткізді және дәрежесі сахих деді».
[Дерекнама: Мулла Әли әл-Қари «Шархуш Шифә, 2/499», Бейрут: Дарул Кутубил Ильмия: 1421/2001]

Имам Әбу Хамид әл-Ғазали (Алла оны рақым етсін) 450-505 һ.ж./1111-1058 м.ж., «Әт Тафрика Бәйнәл Исләм уәз Зандақа» атты кітабында былай деп айтқан: 

إن التكفير هو صنيع الجهال، ولا يسارع إلى التكفير إلا الجهلة، فينبغي الاحتراز من التكفير ما وجد الإنسان إلى ذلك سبيلا، فإن استباحة الدماء والأموال من المصلين إلى القبلة، المصرحين بقول: «لا إله إلا الله محمد رسول الله»، خطأ. والخطأ في ترك ألف كافر أهون من الخطأ في سفك محجمة من دم مسلم. والوصية: أن تكف لسانك عن أهل القبلة ما أمكنك، ما داموا قائلين «لا إله إلا الله محمد رسول الله»، غير مناقضين لها. والمناقضة: تجويزهم الكذب على رسول الله صلى الله عليه وسلم، بعذر أو غير عذر، فإن التكفير فيه خطر، والسكوت لا خطر فيه

«Ақиқатында такфир шығару бұл білімсіздердің ісі [яғни надандарды меңзеп тұр!]. Такфир шығаруға асығатындар бұлар надандар/джахиль. Адам баласына такфир шығаруға барлық мүмкіндігінше жоламаған дұрыс.

Құбыла бағытына қарап намаз оқйтындар және «Алладан басқа құлшылыққа лайықты Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деп айтатындардың, дүние-мүлкі мен қаны рұқсат етілген деп айту, бұл қателік [хата]. Және бір мұсылманның қанын төгіп [оған такфир шығарып] қателескенше, мың кәпірді [такфир жасамай] қалдырып қателескен артық.

Саған айтар өсиетім [ақылым]: Олар «Алладан басқа құлшылыққа лайықты Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» деген шахадатты айта жүріп әрі оған қайшылық танытпайынша және Әһлу Қиблаға сөгіс айтуға, өзіңнің тіліңе абай бол барлық мүмкіндігіңше!

Ал қарамақайшылық бұл: Үзірмен не үзірсіз, егерде олар жалғанды рұқсат етсе Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) атынан. Расында да, такфир шығаруда қауіп-қатер бар, ал одан өзін-өзі тежеу [сукут] қауіп-қатер жоқ.
[Дерекнама: Әбу Хамид әл-Ғазали «Әт Тафрика Бәйнәл Исләм уәз Зандақа».] 

Имам әл-Ғазалидің сөздерін, Бадруддин әз-Зарқаши өзінің «Әл Мансұр фил Қауаид» атты кітабында, ал Әш-Шәукани «Нейлюл Әутар» кітабында және Ибн Хаджар «Фатхуль Бәриде» келтірген, Алла Тағала оларды рақымына бөлесін. Мулла Әли әл-Қари (Алла оны рақым етсін) 1014 һ./1606 м., «Әл Фиқһ Әкбар» кітабына былай деп пікір жазады [шарх]:

 وقال الأرْدَبِيلي في كتابه « الأنوار » : ولو قال إني أرى اللهَ تعالى عينًا في الدنيا أو يكلِّمني شِفاها كفَرَ . انتهى . لكن الإقدام على التكفيرِ بمجردِ دعوى الرؤيةِ مِن الصَعْبِ الخطيرِ , فإنَّ الخطأ في إبقاءِ ألفِ كافرٍ أهونُ مِن الخطأ في إفناءِ مسلمٍ في الفرْضِ والتقديرِ

«Имам Ардабили өзінің «Әл Ануар» кітабында былай деп айтқан: «Егерде кім-де кім былай деп айтса, мен Алла Тағаланы осы әлемде көріп тұрмын, немесе Ол [Алла Тағала] менімен сөйлесіп тұр десе, онда ол кәпір болады [Дінен шығады]».

Мен [Әли әл-Қари] былай деп айтамын: Абстрактті көріну жайындағы пікірге такфир шығару, бұл өте қиын және қауіпті іс. Өйткені мұсылманды болжамы мен қиял сөзі үшін қырғынға шығарып, такфир жасап қателескеннен гөрі, мың кәпірге такфир шығарып қателескен артық».
[Дерекнама: Әли әл-Қари «Минахур Рауадил Азхар Шарху Фиқхил Әкбар, 356» Дарул Башаирил Исламийя: 1419/1998.] 

 Көрнекті ғалым Әбу Омар Ибну Әбдил Барр (Алла оны рақым етсін) 368-463 һ.ж./978-1071 м.ж., такфир мәселесіндегі тепе-теңдікте «бірауызды шешім мен келіспеушілік» мәселесі жайында былай деп айтқан:

 ومِن جِهةِ النظَرِ الصحيحِ الذي لا مدْفعَ له , أنَّ كلَّ مَن ثبَت له عقدُ الإسلامِ في وقتٍ بإجماعٍ مِن المسلمينَ , ثم أذْنبَ ذنْبًا , أو تأوَّلَ تأويلا , فاختَلفوا بعدَ في خروجِه مِن الإسلامِ , لم يكن لاختلافِهم بعدَ إجماعهم معنىً يُوجِبُ حُجةً , ولا يخرُج مِن الإسلامِ المتَّفقِ عليه إلا باتفاقٍ آخرَ أو سنةٍ ثابتةٍ لا مُعارضَ لها . وقد اتفقَ أهلُ السنةِ والجماعةِ — وهم أهلُ الفقهِ والأثر — على أنَّ أحدًا لا يُخرِجه ذنبُه — وإن عظُمَ — مِن الإسلامِ , وخالفَهم أهلُ البِدَعِ . فالواجبُ في النظرِ أن لا يُكفَّرَ إلا مَن اتفَقَ الجميعُ على تكفيرِه أو قام على تكفيره دليلٌ لا مدْفعَ له من كتابٍ أو سنةٍ

«Егерде анық көз қараспен қарайтын болсақ, өзінің уақытында шынайы мұсылман болып, әрі көпшілік мұсылманның бірауыздық келсімімен мақұлданған болса, кейін күнә жасап немесе тәуиль – діни мәтіндерді талқылап қойса, артынша адамдар арасында оның Исламнан шығуы жайында талқыға түссе, онда олардың келіспеушіліктері дәлел болып табылмайды, бастапқыда бірауызды шешім қабылдағаннан кейін.

Және ол Исламнан шықпайды адамдар бірауызды шешім қабылдап мақұлдағансоң [ижмағ], ал бұдан бөлек бірауыздан мақұлдаса [оның діннен шығуы жайында] немес анық сүннет болса, бұған ешқандай дәлел жоқ. Әһлу Сүнна уаль Жамаға әр-түрлі пікірге келді – ал бұлар Фақиһ және Мухаддис ғалымдар болатын, оның күнәсі ешкімді Исламнан шығармайды, тіпті күнәсі үлкен болса да. Ал Әһлу Бидғат бұған қарама қайшы. Ақыл-ойға салатын болсақ [қыйяс], оның такфирінде ортақ көз қарас болып және Құран мен Сүннеттен қайтарылмайтын дәлел келсе, онда оған такфир шығарылады».
[Дерекнама: Ибну Әбдил Барр «Әт-Тамхид, 17/21-22», Визаратул Ауқаф 1387/1967.] 

 Мәлики мәзһабының ғалымы Ахмад Зарруқ (Алла оны рақым етсін) 842-899 һ.ж./1442-1015 м.ж., Шәфиғи мәзһабының Фақиһінен Әбу Бәкір Ибн Фаруқ әл-Асбахани (Алла оны рақым етсін) д.ө.ж. 406 һ.ж./1015м.ж., былай деп келтіреді:

 قال ابن فُورَك رحمه الله : الغلَط في إدخال ألفِ كافر بشبهةِ إسلامه , ولا الغلط في إخراج مؤمنٍ واحدٍ بشبهةٍ ظهَرت منه

«Ибн Фаруқ (Алла оны рақым етсін) айтады: Бір мүминді мұсылман емес деп оған такфир шығарғаннан гөрі [яғни күмәнданып тұрып айтса], мың кәпірді мұсылман деп қателескен артық, олардың Исламға күмәніне қарамастан».
[Дерекнама: Ахмад Зарруқ «Қауаидут Тасаууф, 120 (85-ші қағида)», Дарул Бейрут: 1424/2004] 

Ханафи мәзһабының ғалымы Ибн Наджим есімімен танымал болған, Зайнаддин бин Ибрахим (Алла оны рақым етсін) д.ө.ж. 970 һ.ж./1563 м.ж., былай деп айтқан:

 إذا كان في المسألة وجوه توجب التكفير ووجه واحد يمنع التكفير فعلى المفتي أن يميل إلى الوجه الذي يمنع التكفير تحسينا للظن بالمسلم زاد في البزازية إلا إذا صرح بإرادة موجب الكفر فلا ينفعه التأويل

«Егер қандайда бір дәлел болса адамның кәпір екендігіне, алайда бұл келтірілген пікірге бір дәлел келтірілсе оның мұсылман екендігіне, онда Мүфтиге [пәтуа беретін адам] келтірілген бірақ дәлелді артық көру керек және оны мұсылман екендігін мойындау керек, дәл солай «Бәззаззия» кітабында келтірілген. Бұның бір ерекшелігі егер ол өзінің күпірлігін ашық түрде ниет білдірсе, олай болса оны ақтау дәлелі оған қолданбайды».
[Дерекнама: Ибн Наджим «Әл-Бахр әр-Райқ шарх канз әд-дақайқ».] 

Имам Әбу Хамид әл-Ғазали (Алла оны рақым етсін) 450-505 һ.ж./1111-1058 м.ж., «Муғтазәлиттерді» ескерте отырып, «Әл-Мушаббиһ» [Алланы жаратылыстарға ұқсатушылар], және басқа да адасқан ағымдар дінге жаңалық енгізген [Әһлу бидғат иелері], және Тәуильде шектен шығып қателескендер жайында былай дейді:

 والذي ينبغي أن يميل المحصل إليه الاحتراز من التكفير ما وجد إليه سبيلا. فإن استباحة الدماء والأموال من المصلين إلى القبلة المصرحين بقول لا إله إلا الله محمد رسول الله خطأ، والخطأ في ترك ألف كافر في الحياة أهون من الخطأ في سفك محجمة من دم مسلم. وقد قال صلى الله عليه وسلم: أمرت أن أقاتل الناس حتى يقولوا لا إله إلا الله محمد رسول الله، فإذا قالوها فقد عصموا مني دماءهم وأموالهم إلا بحقها

«Оның [мұсылманның] қаны мен дүние-мүлкі, және құблаға бет бұрып намаз оқыса, әрі сөздері анық айтылса «Алладан басқа құлшылыққа лайықты Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» — деп, осының барлығын байқаушы, мүмкіндігі келгенше такфир шығарудан бас тарту керек, барлық ынтасын салып, әрі оған такфир шығару қате пікір болып табылады.

Ал бір мұсылманның қаннын төгіп қателескенше, мың кәпрді мұсылмандап қателескен артық. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтты: «Маған адамдармен шайқасуға әмір етілді, олар былай деп айтпайынша: «Алладан басқа құлшылыққа лайықты Тәңір жоқ, Мұхаммед оның елшісі» — деп, ал егер оны айтса, онда олар менен өздерінің қаны мен дүние-мүліктерін аман алып қалады, өздеріне тиістісін ғана». ….

ولم يثبت لنا أن الخطأ في التأويل موجب للتكفير، فلا بد من دليل عليه، وثبت أن العصمة مستفادة من قول لا إله إلا الله قطعا، فلا يدفع ذلك إلا بقاطع. وهذا القدر كاف في التنبيه على أن إسراف من بالغ في التكفير ليس عن برهان فإن البرهان إما أصل أو قياس على أصل، والأصل هو التكذيب الصريح ومن ليس بمكذب فليس في معنى الكذب أصلا فيبقى تحت عموم العصمة بكلمة الشهادة

«Тәуиль [діни мәтіндерді талқылаушы] жасаушы қателессе, біздерде оған анық дәлел жоқ оның діннен шығатындығы [күпірлігі] жайында, өйткені оған нақты дәлел керек. Расымен де оның [яғни мұсылманың] дербес құқықтығы және қорғалуы, мына сөздерден шығады:«Алладан басқа құлшылыққа лайықты Тәңір жоқ, …», сондықтан бұл сөздер қайтарылып жоққа шығарылмайды, тек қана шүбәсіз дәлелдерден басқасынан [далил қъат’и].

Айтарлықтай бұл жеткілікті ескерту, негізсіз дәлелі жоқ бола тұра мұсылманды діннен шығарып тастау – бұл асырып айту және шектен шығу болып табылады, өйткені оның себебі тікелей дәлелдің ықпалы немесе ұқсастық қыйяс болады. Бұл әрекет [яғни такфир шығару] – куәлік келтірумен [шахадат – Лә Иләһа Ил’Аллаһ] жоққа шығарады, ал кімде-кім терістемесе [такфир шығармаса], ол терістеушілердің қатарында болып саналмайды, кәлимә шахадат айтқаннан кейін, сондықтан ол, сол себептен кейін дербес құқықталғандардың шеңберінде болады [әл-‘исма]».
[Дерекнама: Әбу Хамид әл-Ғазали «Әл-Иқтисад фил И’тиқад, 1/81»] 

Ханафи мәзһабының ғалымы Ибн Абидин әд-Димашки (Алла оны рақым етсін) 1238-1307 һ.ж., былай деп айтқан:


روى الطحاوي عن أصحابنا لا يخرج الرجل من الإيمان إلا جحود ما أدخله فيه ثم ما تيقن أنه ردة يحكم بها وما يشك أنه ردة لا يحكم بها إذ الإسلام الثابت لا يزول بالشك مع أن الإسلام يعلو وينبغي للعالم إذا رفع إليه هذا أن لا يبادر بتكفير أهل الإسلام …

«Имам Тахауи біздің жақтастарымыздан былай деп жеткізеді: «Адамды өзіне бұйырған бұйрықтарын мойындамауынан өзге ештеңе діннен шығармайды, кейін егер ол діннен шыққаны анық болса, онда соған сәйкес үкім шығарылып іске асады. Ал егер діннен шыққанына күмән болса, онда үкім шығарылмайды. Исламның негіздері – күмән келумен өзгермейді, сондай-ақ Ислам діні баршасынанда үстем және ғұлама адамға бұндай сұрақтарда, яғни діннен шығу мәселесінде Исламды ұстанатындарға үкім беруде асықпауы керек».

أقول : قدمت هذا ليصير ميزانا فيما نقلته في هذا الفصل من المسائل ، فإنه قد ذكر في بعضها إنه كفر مع أنه لا يكفر على قياس هذه المقدمة فليتأمل

«Мен айтамын [яғни имам Ибн Абидин]: Бұл жерде, бұл барлық сұрақтардың таразысы болғанын нұсқаймын [бұрыңғы шартта нұсқалғандай], менен бұл тақырыпта жеткiзілгендер де, негізі бұндай сұрақтардың бірнешеуі діннен шығарады дегенге келтірсе де, бұл келтірілген шартқа сай ондай болып табылмайды».

 وفي الفتاوى الصغرى : الكفر شيء عظيم فلا أجعل المؤمن كافرا متى وجدت رواية أنه لا يكفر ا هـ

Сондайақ «Әл-Фатауа Әл-Суғъра» кітабында: «Діннен шықты деп айыптау – егер діннен шыққанны жайлы айыптаудан қашу мағынасы болатын болса, онда мүфти діннен шықты деп айыптау мәселесінде қашу керек [яғни такфирден бас тарту керек!]».

 وفي الخلاصة وغيرها : إذا كان في المسألة وجوه توجب التكفير ووجه واحد يمنعه فعلى المفتي أن يميل إلى الوجه الذي يمنع التكفير تحسينا للظن بالمسلم

Сонымен қатар «Әл-Хуляса» кітабында және басқада жерлерде былай деп келеді: «Егер сұрақтарда әр-түрлі көзқарастар немесе әр-түрлі нұсқалар болса, [адамның] діннен шығуы жайында, сондай-ақ такфир шығармау бір нұсқасы болса, онда мүфти [пәтуа беруші адам] сол такфир шығармау нұсқасына жүгіну керек, өйткені бұл нұсқау, адамға такфир шығарудан аман алып қалады және мұсылмандар жайында жақсы ниетте болады».

 زاد في البزازية إلا إذا صرح بإرادة موجب الكفر فلا ينفعه التأويل ح وفي التتارخانية

Тағы сондай-ақ «Әл-Бәззазия» кітабында: «Бұдан бөлек егер адам тура және анық өзінің ықыласын күпірлікке білдірсе, тап осы жағдайда оның сөзіндегі тәуиль [қандайда бір жақсы түсіндіру] қабыл етілмейді».»
[Дерекнама: Ибн Абидин, «Радд әл-Мухтар, 16/255-256».] 

Дерекнама: Al-fatava.com
Дайындаған: Darulahnaf.com