Пәтуәлар

Алла Тағала аспанда деп айтуға болады ма?


  • ·    
  • Сұрақ: Әссәляму Әлейкум! Кейбіреулер Алла Тағала `Аршының үстінде деп айтады, және өз дәлелдерін келтіреді, қүн әйел жайындағы хадисті және сол сияқты дәлелдерді. Ал кейбіреулері айтады, Алла Тағала ешқайда бола алмайды, өйткені бұл өзінің жаратылыстарына ұқсату болып табылады. (Рессей)
  •    
    Жауап: Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен!
    Әссәляму Әлейкум уә Рахматуллахи уә Бәракятух!



    Сіз келтіріп отырған хадис, құл әйел жайында баяндама, оның қожайыны оны қатаң ұстап,  қатты ұрғанның нәтижесінде оны Алла елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, алдына әкелген. Оның мұсылман екендігін білу үшін, Алла елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оған былай деп екі сұрақ қояды: “Алла қайда?”, оның жауабы: “аспанда!”, оған қойылған екінші сұрақ: “Мен кіммін?”, оның жауабы: “Сен – Алланың Елшісісін”.
    Бұны естіген Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оның мұсылман екенін және оны босатып жіберуін бұйырады.
    [Дереккөз: Сахих Муслим хадис №537, Муавия бин әл-Хакамадан риуаят етілді]


    Ғұламалар былай деп түсіндіреді, Алла елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, одан: “Алла қайда?” – деп, сұраған кезде, қысқаша айтқанда бұл жердегі мағына: “Сіз Аллаға сенесіз бе? - дегені. Кейін оның (қүң) жауабы: “аспанда!” – деп айтқаны, бұл оның жауап білдірудің тәсілі, оның ойынша Алла Тағала ең Үстем дегені. 
    [Дереккөз: Әбу Нуайм Әл-Асбахани, «Мушкил ул-Хадис уә Байянух».]


    Осылайша бұл Алла Тағала аспанмен шектелуі дегенге дәлел болып табылмайды. Тіпті егер хадиске сүйеніп күң әйел Алла аспанда деуі, Алла Тағала `Аршыда/тағында дегенді қабылдаса, Құран Кәрим бізге  Алла Тағаланың `Аршысы аспан мен жерді қамтиды деп анық айтып тұр (әл-Бақара сүресі). Бұның нәтижесінде, “Ол (Алла) аспанда” – деп, тікелей мағынада айту қабылданбайды, себебі бұл Құран аятына қайшы. 

    Алла Тағала дұрысын білуші.
    Уассалам.

    Мүфти Сухайл Тармахомед
    Жамиатул-Уляма, Дарул-Ифта

    Дереккөз: askimam.r
    u