Пәтуәлар

Күпірліктен сақтандыратын Сүннеттен алынған дұға.


Сұрақ: 

Әссәламуғәләйкум. Күпірліктен сақтану үшін қандай дұға оқыған жөн? 

Жауап: 

Уағалейкум сәләм уа рахматуллаһи уабаракатуһу 

Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын. 

Сахабалар (رَضِيَ اللهُ عَنْهُم), Пайғамбарымыздың ﷺ намаздан кейін мына дұғаны оқығанын жеткізген:

 اللَّهُمَّ إِنِّي أَعُوذُ بِكَ مِنَ الْكُفْرِ وَالْفَقْرِ، وَعَذَابِ الْقَبْرِ 

Дыбысталуы: «Аллаһуммә инни ә’узу бикә минәл куфри уәл фақр, уәл ‘азабил қабр» 

Аудармасы: «Иә, Алла! Шын мәнінде күпірліктен, пақырлықтан және қабір азабынан сенен пана тілеймін!» 
[Насаи, 1347 — хадис] 

Бұл дұғаны әрбір парыз намаздарынан кейін оқыған жөн. Ин шәә Алла, осы дұғаның себебімен адам күпірліктен құтылады. 

Сондай-ақ ғалымдар азаннан кейін дұға оқитын адамның иманды болып өлетіндігін айтқан. Бұл Пайғамбарымыздың ﷺ азаннан кейін дұға оқыған адамға шапағат ететіндігін уәде еткендігімен түсіндіріледі. 
[«Сахих әл- Бұхари» 614 хадис, Абдулла ибн Масғуд жеткізген] 

Пайғамбарымыздың ﷺ иманды болып өлген адамға ғана шапағат ететіндігі белгілі. Сондықтан, осы дұғаны азаннан кейін оқи отырып адам өзіне жанама түрде, ин шә Алла иманды болып өлуін қамтамасыз етеді! 
Азаннан кейін оқылатын дұға:

 اللَّهُمَّ رَبَّ هَذِهِ الدَّعْوَةِ التَّامَّةِ، وَالصَّلاَةِ القَائِمَةِ آتِ مُحَمَّدًا الوَسِيلَةَ وَالفَضِيلَةَ، وَابْعَثْهُ مَقَامًا مَحْمُودًا الَّذِي وَعَدْتَهُ 

«Аллаһуммә Раббә һәзиһид дағуәтит тәәммәһ, уәс соләатил қаа-имәһ, әәти Мухаммадә әл — уәсииләтә уәл фадыләһ, уәб’асһу мақамам махмуда әлләзи уә’әдтәһ» Аудармасы: «Иә, Алла, бұл мінсіз дағуат пен бекітілген ғибадаттың Қожайыны! Мұхаммедке ﷺ уәсилә (шапағат) бер және оны рақым ет. Сондай-ақ оны Өзің уәде еткен, ерекше мақтаулы дәрежеге көтер!» 

Алла жақсырақ білуші. 

Муфти Сухайл Тармахомед Ханафи 
Жамиат-улУлама, Дарул-Ифта 

Дерекнама: askimam.ru
Аударған: darulahnaf.com