Пәтуәлар

«Алла қайда?» деген хадиске түсіндірме


Пайғамбарымыз ﷺ одан [күңнен]: «Алла қайда?» - деп сұрады. Ол:
«Фи ас-сама (тікелей алса: «Аспанда»)» - деп жауап берді; одан кейін ол ﷺ одан:
«Мен кіммін?» - деп сұрайды. Ол:
«Сен Алланың Елшісісің» деп жауап береді, Содан кейін ол ﷺ оны босатуын бұйырады, «себебі ол мұсылман» дейді.

 Бұл Алла Тағаланың есім-сипаттары жайлы айтылған хадистің бірі.

Бұндай хадистерді түсінуде екі түрлі мәзхаб бар, мен екеуі жайлы бірнеше рет «Китаб əл-Иман»-ның басында айтып кеттім.

Бірінші мәзхаб бұл сөздердің мағынасына кірмей иман келтіріп, Алла Тағала ештеңеге ұқсамайды, Оның сипаттарымен жаратылыс сипатталмайды деп сенеді (бұл мазхаб «тафуид» деп аталады). Екінші мәзхаб - бұл хадисті Алла Тағаланың ұлықтығына сай мағына береді (тəуил).

 Екінші мәзхабты ұстанушылар бұл хадисте Пайғамбарымыз ﷺ бұл əйелдің жердегі пұттарға табынатындардан ба, əлде Алланың жалғыздығын (мууаххидун) мойындап, жаратушы, бақылаушы, [бірдеңеге] əсер етуші тек қана Алла екеніне сенетіндерден екенін білу үшін сұрады дейді.

 Өйткені, [Алланың жалғыздығын (мууаххидун) мойындайтындар бəрінен Пəк Аллаға] құлшылық еткенде, олар [өзінің ақылы мен алақанын] аспанға жаяды, намаз оқығанда қыбылаға қарағанындай.

 Олар [өзінің ақылы мен алақанын] аспанға қарауының себебі, аспан - [дұға үшін] белгіленген бағыт, сондай-ақ Қағба - намаз үшін бағыт[қыбла].

 Сондықтан əйел: «Фи ас-сама», — деп жауап бергенде, ол пұтқа табынушы емес, Алланың жалғыздығын (мууаххид) мойындайтындардан екенін белгілі болды.

 Ибн Жаузи əл-Ханбали, رحمه الله , «Даф` шубах ташбиh»- кітабында былай жазады: 
«Ғалымдарға Алла Тағала орынды, əрі Ол кеңістікті қамтымайтындығы белгілі, ал [күңнің] аспанды көрсетуі - Оның Ұлылығын көрсетеді».

 Ал Шейх əл-Ислам имам əн-Нəуəуи, رحمه الله , «күң жайлы хадис» атымен танымал хадиске келесідей түсіндірме берген:

 «Бұл хадис сипаттар жайлы хадиске жатады. Біз алдын айтқанымыздай бұндай хадистерді түсінуде екі түрлі мазхаб бар:

Біріншісі - олардың мағынасына кірмей иман келтіреді, бірақ Алла Тағала жаратылыстарға ұқсау мен сипатталудан пəк екеніне сенеді.

Екіншісі - Алланың ұлықтығына сай түрде жанама түсіндіру.

Бұл сөздердің мақсаты - күңнің тек қана Өзіне ғана құлшылық етуге лайық болған, жақсылық пен ризықтарды беруші, біз Қыбылаға қарап, намаз оқығанымыздай, қолын аспанға көтеріп, Аллаға ғана құлшылық етеді ма, білу.

Бұл (дұға жасағанда аспанға қолды көтеру) Қыбылаға қарап намаз оқығанда, Алла сонда[Қыблада] болмағанындай, ешқандай да Алланың аспанда екенін білдірмейді. Өйткені аспан - дұғаның, ал қағба - намаздың қыбыласы.

Бұл сұрақпен күңнің мұсылман ба, əлде айналасында(яғни жерде) болған пұттарға табынады ма, срны білгісі келген. Ол: « Аспанда» дегенде, — оның пұттарға емес, Аллаға құлшылық ететіні белгілі болды.

Қазы Ияд, رحمه الله , былай дейді: «Фақиһтар, мухаддистер мен мутакаллимдердің арасында [Алла] сөзінің мағынасы: « Аспандағыға иман келтіресің бе?» - сөзі тікелей мағына бермейтініне қарама-қайшылық жоқ. Олардың барлығы жанама мағына береді деп айтады»

[Дереккөз: Имам əн-Нəуəуи «Шарх Сахих Муслим», Дар Ихия ат-Турат əл-Араби, 5 баспа, 24-25 беттер.] 

Басқа риуаятпен жеткен хадисте “Алла қайда?” деп сұрамайды! Керсінше онда “Сенің Раббың кім?” деп келеді! Пайғамбарымыздан ﷺ қайтыс болыған анасы үшін адам садақа ретінде құлды азат ете алама? - деп сұрайды. Пайғамбар ﷺ оларға: «Оны маған алып келіңдер!». Кейін алып келгенсоң, былай деп сұрайды: «Сенің Раббың кім?», Ол: «Алла!» деді, сонда Пайғамбар ﷺ тағы сұрайды: «Мен кіммін?», Ол: «Сен Алланың Елшісісің!», Пайғамбар ﷺ : «Оны босатыңдар, ол иман келтіргендерден!».
 [Қр. Имам ән-Насаи, “Сунан”, 3653 хадис.]  

Имам ибн әл-Жаузи әл-Ханбали (508-597 һ) рахимахулла өзінің «Даф шубах ат-ташбих» кітабында былай деп айтқан :

 كل من هو في جهة يكون مقدرا محدودا وهو يتعالى عن ذلك، وإنما الجهات للجواهر والأجسام لأنها أجرام تحتاج إلى جهة، وإذا ثبت بطلان الجهة ثبت بطلان المكان فإن قيل: نفي الجهات يحيل وجوده، قلنا: إن كان الموجود يقبل الاتصال والانفصال فقد صدقتَ، فأما إذا لم يقبلهما فليس خلوه من طرق النقيض بمحال 

 «Кез келген бір тарапта орналасқан әр бір нәрседе көлемі бар және ол шектеулі, ал Алла Тағала бұндайдан пәк! Ақиқатында бағыт, тарап тек ғана денесі барға тән, өйткені денесі бар бір тарапта болуға мұқтаж, енді Аллаға қатысты бағыт, тарап мүмкін еместігі бекітілгеннен кейін, мекен, орынның да мүмкін еместігі бекітілді. Егер біреу айтса: тарапты (бір жақты) жоққа шығару тіршілікке (яғни бар болуға) қайшы келеді десе, оларға: егер ол қосылу және бөлінумен расталса сенікі дұрыс. Ал егер бұған расталмаса Оған (Аллаға) қатысты тараптың жоқ болуы тіршілікті (яғни бар болуды) жоққа шығармайды».
 [Ибн әл-Жаузи, «Даф шубах ат-ташбих»136-138 бет] 

Имам 'Абдурразак әс-Сан’ани (126-211 h.) рахимахулла өзінің тәпсірінде келтіреді:

 نا جعفر بن سليمان عن عوف عن الحسن قال: سأل أصحاب النبي صلى الله عليه وسلم النبي فقالوا : أين ربنا؟ فأنزل الله: (وإذا سألك عبادي عني فإني قريب أجيب دعوة الداعي إذا دعان) الآية. 

 «Бізге Джа’фар ибн Сулейман ол ‘Ауфатан, ол әл-Хасанның мына сөздерін жеткізген: «Сахабалар Пайғамбарымыздан ﷺ : “Біздің Раббымыз қайда?”-деп сұраған кезде, Алла тағала: « (Мұхаммед ﷺ ) егер құлдарым, Мен туралы сенен сұраса: 'Өте жақынмын, қашан Менен тілесе, тілеушінің тілегін қабыл етемін'» Бақара сүресінің 186 аятын түсірген еді.
 [«Тәфсир әл-Қуран ли 'Абдурразақ әс-Сан’ани», 1/73] 

Шейх Мұхаммед әл-Бантани ат-Танари (рахимахулла) «Шарх Сафинату Наджа» кітабында айтты: «Аллаға иман келтіріп төрт сұрақты тәрк еткен адамның иманы кәміл болады: "қайда", "қалай", "қашан", және "қанша"».

Дайындаған: darulahnaf.com