Пәтуәлар

Исламист термині жайында


Бұл жерде жақсы бір сөз келтірілген, "Исламиюн", яғни "муслимун" емес, "исламиюн" деп айтылған. Қазіргі шығыстанушылардың тілдерінде "исламист" деген сондай бір түсінік бар. Көптеген қазіргі мұсылмандар оларды солай атайды деп ренжиді. 

Әдетте олай әртүрлі экстремистерді атайды: "міне исламист, исламисттер" т.с.с. Және кейбір мұсылмандар бұндай түсінік жоқ дейді. "Исламист" түсінігі жоқ т.с.с. 

Шынында қазіргі уақыттағы мұсылман ғұламалар да бұл сөзді қолданады. "Исламиюн", яғни, жәй ғана "муслим" емес, "исламиюн"! 

"Исламист" деген бұл: "Исламдағы барлық нәрсені шындап қабылдайтын және ештеңені тәрк етпейтін және ақиданың барлық қағидаларына сенетін адам, Шариғат іске асырылуға міндетті екеніне сенеді, шариғи мемлекет басқа мүмкін болған барлық түрлерден ең кемел мемлекет екеніне сенеді". Және сондай адамдарды исламисттер деп атайды. Сондықтан жәй ғана айтып, бұны түсіну керек. Қазіргі мұсылман қоғамдарында, Сирия немесе Мысыр сияқты жерлерде көпшілік адамдар өздерін мұсылман атайды, соның өзінде олардың кейбіреулері діннен нақты белгілі болған нәрселерді тәрк етуі мүмкін. Қиямет күнін, Алла Тағаланы көруді, Шариғатты, Шариғатты діннен бөлуі мүмкін. Және айтатындары, Шариғат тек қана ғибадат, рухани өмір мәселесімен айланысады. Ал құқық, мемлекет басқару мәселесімен зайырлы, еуроппалық құқық жүйесі айналысуы тиіс - өйткені ол бұдан көрі көбірек дамыған, талданған, гуманнисті дейді, бұны сот, жаза және т.б. мәселелері деп атайды. Ал Шариғат тек қана ғибадатпен және жеке руxани өміріңмен айналысу керек. 

Бұл адамдар да, өздерін мұсылман деп атайды, сондықтан "исламиюн" бұл яғни, сол секуляристтермен араны айыратын түсінік. Шариғат пен заманауилықты бөліп, Пайғамбарымыз ﷺ кезінде іске асырылған Шариғат үлгісі, қазіргі уақытқа сай келмейді деген негізгі ойлары болған, секуляристер мен Шариғат бар және ол Қияметке дейін дегендермен араны бөлетін түсінік, және бұл негізгі ой. 

Сондықтан, Шейх Саид Фуданың бұл сөзді қолдануы, қазіргі Ислам шариғат ілімінде "исламиюн" деген түсініктің бар екенін көрсетеді. 

Бірақ, әлбетте, бұл "исламиюн" сөзі бұрыңғы кітаптарда жоқ. Өйткені ол кезде шариғи мемлекет болған. Және сондай сөз айтатын ақылсымақтарды, тез арада жазалаушы еді. 

Әбу Әли әл-Әшғари (хафизахуЛлах)

Дереккөз: darulfikr.ru 
Дайындаған: darulahnaf.com