Пәтуәлар

Діннен шығу. (Ханафи мәзхабы бойынша пәтуа)



Діннен шығу.  
(Ханафи мәзхабы бойынша пәтуа) 

Ислам ғұламасы Мəулана Ашраф Əли Тануи әл-Ханафи "Жəннат өрнектері" кітабын жазды ("Бехишти зевар - урду тілінде), əйелдерге қатысты өте маңызды сұрақтар талқыланған. Нақтырақ, күпірлікке арналған бұл тарау əйелдерге арнайы жазылған, бірақ ерлердің оқуына да пайдалы.

 Егер əйел діннен шықса, оған ойланып, ислам туралы күмəндарынан айырылуына үш күн беріледі. Егер осы үш күн ішінде ол исламға қайта оралса, бұл керемет. Егер қайтпаса, өмір бойы түрмеге жабылады. Егер ол тəубе етсе, оны жібереді.

 Сол сияқты, əйелдің күйеуі кəпір болса, олардың некесі іс жүзінде некеге саналмайды. Күйеуі тəубе етіп жəне некелерін жаңартпайынша, əйеліне онымен араласуына тиым салынады. Егер олар отбасылық жəне төсек қарым-қатынасын сақтаса, əйелге күнə жазылады. Егер еркек əйелді төсек қатынасына мəжбүрлесе, əйел ол туралы ұялмай айтуы керек. Діннің сұрақтарын үйренуде ұят жоқ. Адам күпір сөзін айтқанда, иман оны тастайды. Бұл ережелер өзгеріссіз іске асады, сөз əзілмен айтылса да жəне адамның жүрегінде күпірлік болмаса да. Егер адамнан былай сұраса: " Алланың мынандай жəне мынандай істер жасауы үшін күш-құдіреті бар ма?",- десе жəне ол былай жауап берсе: "Жоқ", - иман оны тастап кетті.

·  Біреу: "Кел, намаз оқимыз" деді. Екіншісі жауап қайтарды: "Тұрып- отыратын қимылға уақыт кетіріп не қыламын?" Немесе саған ораза ұста десе, ал сен былай жауап бересің: "Өзімді аштан қатыруымнан не пайда?" - немесе: "Кімнің үйінде тамақ болмаса ғана ораза ұстауы міндет". Мұның барлығы күпірлік болып қаралады.

·  Бір адам басқа адамның күнə жасап жатқанын көріп, сұрады: " Сен Алладан қорықпаушы ма едің?" Басқасы айтты: " Жоқ мен Одан қорықпаймын". Осындай жауап себепті адам кəпір болады.

·  Бір адам екінші адамның күнə жасап жатқанын көріп, одан сұрады: " Сен мұсылман емессің бе? - мұндай күнə жасап жатқаның не? Ол айтты: " Жоқ, мен мұсылман емеспін". Ол кəпір болады, шын немесе əзілдеп айтқанына қарамастан.

·  Адам намаз оқи бастады. Сол мезетте оған бір қиыншылық келді. Жəне ол айтты: " Мұның барлығы намаз оқығандықтан". Ол кəпір болады.

 ·  Адамның ұлы немесе жақсы көретін адамы қайтыс болды. Жəне ол айтты: " Уа Аллам, сен неге мені бұлай қинайсың? Неге мені азаптайсың?" Осылай айту арқылы адам кəпір болады.

·  Адам айтады: "Егер мені Алланың өзі мына жұмысты істе деп өтінсе де, мен оны істемеймін", - немесе " Жəбірейіл періштенің өзі түссе де, мен оны тыңдамаймын". Ол кəпір болады.

 ·  Адам айтады: " Мен Алланың өзі білмейтін, сондай бір жұмыс істеймін". Ол кəпір болады.

Егер адам Алланы немесе Оның кез-келген пайғамбарларының үстінен күлсе, Шариғатты мазақтаса немесе ол нақты бір күпірлік істерін ұнатса, оның иманы оны тастап кетеді. Адамның иманы тастап кететін амалдар жайлы " Жəннат өрнектері" кітабының бірінші бөлімінде айтылды. Нақтырақ білгіңіз келсе, кітапқа назар салыңыз.

Дерекнама: darulfikr.ru
Аударған: darulahnaf.com