Пәтуәлар

Жергілікті маркетингте жұмыс істеуге бола ма?




Желілік маркетингте жұмыс істеуге болмайтындығының екі негізгі себебі: сауда келісімшартын (шарт фасид) ұсынбауы жəне агент табысының (ғарар) белгісіздігі. Енді нақтырақ.

Желілік маркетингтің жүйесі əдетте мынадай: еркін сатылымда қолжетімсіз болған қандай да бір тауарды сатып алу үшін осы компанияға кіруіңіз және агенті болуыңыз керек. Сол тауарды компания атынан сатып, сатқан адамыңнан, сосын оның тұтынушыларынан үстеме ақша алып отырасыз.
Мұндай сатылым шарты қарапайым сауда бітімі болмағаны үшін жарамсыз.
Егер бұл компания тауарын сататын болса жəне тұтынушыға сатып алғаны үшін компанияға кіруін талап етпесе, бірақ тауардың құны тым жоғары болып, ол тауарды компанияға кіру ниетімен сатып алуы рұқсат етілмейді, себебі бағадағы айырмашылық- компанияға кіру үшін төленген ақы. Бұл жерде екі акт бар: тауардың құны жəне компанияға кіру үшін төленген ақы (пара болып саналады және тыйым салынған амал).


Үшінші жағдай: тауардың құны жоғарыламаған жəне оны сатып алу компанияға кіруді талап етпейді, бірақ адам тауарды осы желінің мүшесі және агенті болу үшін сатып алады. Жалпы Шариғатта қандай да бір компанияға мүше болып, сатылған тауардан өз үлесіңізді алу рұқсат етілген, бірақ мəселе мынада: желілік маркетингте тауарды анықталған минимум бойынша (мысалы 10 немесе одан да көп) адамға сатуың талап етіледі. Ал егер сол мөлшерде сата алмасаңыз компаниядан жұмысыңыз үшін ештеңе ала алмайсыз, ал бұл еңбек ақысындағы рұқсат етілмеген ғарарға жатады.
Сондықтан үш жағдайда да бұндай компаниялармен келісімге отыру жəне жұмыс істеу харам болып табылады.

Бұл формальды фиқһтың көзқарасымен болған талдау. Ал желілік маркетингтің экономикалық жағына келсек, бұл билет орнына тауар жүретін, əдетте ешкімді қызықтырмайтын, нашар сапа мен нарықта баламасы аз қаржылық пирамидалардың формасы. Сол үшін де бұндай тауардың жарнамасы жалған болады жəне міндеті тауарлардың сапасын ескерместен тұтынушы санын көбейту. Сондықтан пирамидалардың бұндай түрлері Шариғатта харам етілген.

Шариғаттың сауда төңірегінде қоятын бір шарты - тауар мен сатылымның қоғамда пайдалы болуы. Бұл жағдайда біз желілік маркетингтен тек зиян көреміз.

Алла жақсырақ білуші.

Авторы: Əбу Əли əл-Әш'ари