Пәтуәлар

Біздің заманымызда сопылық жолын дұрыс түсінбеушілік мәселесі.

Бүкіл әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға сансыз мақтаулар, Мұхаммед пайғамбарға, отбасына және сахабаларына сансыз сәлем мен салауаттар болсын.

Шынайы сопылық хижраның үшінші немесе төртінші ғасырымен аяқталмайды, яғни Жүнәйд әл- Бағдидың, Харис әл- Мухасибтың, Зун- нун әл- Мысридың заманымен бітпейді. Сопылық біздің күнімізде де жалғасын табуда, оны ұстанушылар есімдері Ислам тарихында алтын әріптермен жазылған мыңдаған фақиһтар, мухаддистер, муфассирлер мен мужтахидтер болды. Әр ғасырда Әһлі Сүннет ұстанушылары секілді шынайы сопылармен қатар жалған сопылар да болған. Алла Тағалаға жаратылысқа тән сипаттар беретін сенімдегі сопылар; шариғатта парыз етілгендер белгілі дәрежеге жеткендерге ғана парыз деп санайтын сопылар; «илхам» мен «құпия ілімді» өздері қалай түсінсе солай амал етіп, дінге көптеген жаңалықтар енгізіп жіберген; сондай- ақ, өзінің сопылық дәстүрін бимен араласқан зікір, есерлене желігу, зікір салу кезінде Аллаға жақындатады деген оймен Алланың есімдерін айтатындар; тіпті өздерін сопылармыз деп санайтын шииттер де болған. Көптеген адамдар «тариқат» сөзінің мағынасын дұрыс түсінбей, тіпті білмей де жатады. Баз біреулер тариқат құрған бұрынғы сопылардың өз идеологиясы болған деп те жатады. Шынайы сопылықтың шарттарының бірі – Әһлі Сүннет уәл Жамағат ақидасында болу,- деп жазады Абдул Қасым әл- Қушейри мен Абдул Уаххаб әш- Шағрани. Сопылық пен тариқатта ешқандай да идеология болуы мүмкін емес. Өткен және қазырғы сопылардың барлығы да Әһлі Сүннет сенімінде болуы қажет әрі төрт мәзһабтың бірін ұстануы шарт. Бұл шартты орындамағандар – жалған сопылар болып табылады.

Сопылық – ол ілім, ал тариқат – осы білімді салихалы өткендерден біздің күнімізге дейін жеткізгендер тізбегі (жеткізушілердің тізбегі). Кейін келе осы тізбектер ең беделді шейхтардың есімдерімен атала бастады. Мысалы, «Шазалилік» тариқаты мен осы тариқатқа қатысы бар ғалымдардың тізбегі сахабалар мен Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дейін жететін тізбегі бар Әбул Хасан әш- Шәзилиге барады.
 Сопылықтағы тізбек – бұл ілім жеткізілетін өзге де шариғат ілімдеріндегі тізбек секілді. Тариқаттағы тізбек дегеніміз – шейх өзінің шәкіртін өз ұстазы қалай оқытқан болса, солай ілім береді. Осылайша тізбек шейх Абул Хасан әш-Шәзилиге дейін барады. Ол өзінің ижтихадына сәйкес нәпсіні тазарту үшін, көптеген дұғалар мен зікірлер, Сүннеттен алынған жүрек тазалығына апаратын және де пенденің құлшылығын Ихсан дәрежесіне дейін көтеретін рухани тәжірибелерді қамтыған, яғни сопылықтың үйрететін амалдары осылар. Мысалы, мен тізбегі шейх Абул Хасан әш-Шәзилиге баратын бір шейхтан сабақ алуға баратын болсам, шейх маған белгілі бір дұғаларды, зікірлерді, Құран сүрелерін таңдап және кеште бірнеше мәрте оқуымды бұйырады. Сонымен қоса бес минут уақыт болса да Алла жайлы терең ойға батуымды айтады. Кейбіреулер «Лә иләһә илләллаһ» зікірін белгілі мөлшерде айтуды тапсырып жатады. Басқалары Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көп мөлшерде салауат айтуды болса, біреуі Алладан қалай кешірім тілеуді үйретіп жатады. Ал басқасы болса Құраннан белгілі бір сүрені оқуды таңдайды. Мұның барлығы да ұстаздан Абул Хасан әш- Шәзилиге жететін тізбек арқылы алынады. Ал тізбек одан ары қарай сәләф-солихтар заманында өмір сүрген шейхтарға барып тіреледі. Нәтижесінде мен сәләф-солихтардың тізбегімен байлынысым бар болып шығады, яғни бұл деген сөз — Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзімен де байланысым бар деген сөз. Тіпті сенің қолыңды алған ұстазыңның қолын алудың өзі Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жасаған амал, байланыс осыда. Дей тұрғанмен, әлбетте тізбек сенімді және ақаусыз болса ғана. Әрбір тариқаттың мәні – шейхтан шейхқа тізбек арқылы жеткен нәпсімен күресу мен Ихсанға жету жолындағы Құран мен Сүннеттен және де сәләф-солихтардың тәжірибелерінен алынған тәсілдер мен күресу жолдарын үйрету.
Біздің күніміздегі белгілі тариқаттар, атап айтқанда Нақшыбандилік, Шәзилилік, Қадарилік, Рифағилік – бұлар сопылық ілімді бүгінгі таңдағы шейхқа дейін жеткізіп отырған тізбектегі жеткізушілердің есімдері. Әр тариқаттың өзіне тән, Сүннеттен алынған нәпсімен күресудің ерекше тәсілдері бар. Тариқат шейхарында сопылықтың әдебі мен шарттарын және де осы жолда жетістіке жету жолын түсіндіретін еңбектер бар. Жалған сопылықтың жоғарыда айтылмай кеткен тағы да бір сипаты — егер кімде кім сопылық шейхының дәрежесіне жете алмаған болса да, ешқандай рұқсатсыз әрі ешқандай жол көрсетушісіз өзін шейх деп жариялап жіберуі. Бұл – тек атақ пен соңынан ерушілердің көп болуын ғана қалап біреудің атын жамылған адам. Егер фиқһ ілімінде мысалға, имам Шафиғиден имам Науауиге дейін белгілі бір сөздер мен ижтихадтар жеткен болса, ал сопылықта тізбек бойынша Жунәйд әл-Бағдадиден Абул-Хасан әш-Шәзилиге немесе Абдул-Кадыр әл-Жиләниге зікірлер, нәпсімен күрес кезінде көп көмек беретін рухани тәжірибелер жеткен. «Сопылық» түсінігі жеке ағысы бар түсінік. Біз «Мухаддистер», «Муфассирлер», «Фақиһтар», «Мутакаллимдер» деген кезде белгілі бір ағымның, я болмаса топтың өкілдерін білдіретін термин екендігін аңғарамыз. Мухаддис деген кезде хадис ілімін терең меңгерген ғалымды; Муфассир дегенде Құран аяттарын талқылап, мағынасын түсіндіруші ғалым; Фақиһ дегенде Құран мен хадистен шариғат шешімдерін табушы ғалымды; Мутаккалим дегенде ақида саласын дінбұзушылардан қорғайтын ғалымдарды білеміз. Сол секілді сопылар деген кезде сопылық тәжірибесімен терең айналысқан ғалымдар айтылады. Әр ғылымның өз ғалымдары мен өз тізбегі және жеткізушілері болады.
Сопы адам фақиһ және мухаддис бола ала ма? Бола алады! Оған мысалдар жетерлік. Имам Науауи шафиғилық фақиһ, мухаддис әрі сопы болған. Әл- Байхақи фақиһ, мухаддис және сопы болған. Ислам тарихындағы барлық фақиһтар, мухаддистер, мутакаллимдер сопыларға барған әрі солардың шәкірттері болған. Олармен дос болып олардан өздеріне көптеген пайдалы нәрселер алған.
Имам Абул Қасым әл- Қурайши (376-465 х/986-1072 м) айтқандай:

ولم يكن عصر من الأعصار في مدة الإسلام إلا وفيه شيخ من شيوخ هذه الطائفة، ممن له علوم التوحيد، وإمامة القوم إلا وأئمة ذلك الوقت من العلماء استسلموا لذلك الشيخ، وتواضعوا وتبركوا به

«Ислам тарихында сопылар арасында беделді шейхтарға бағынбастан, оларға құрметпен қарамастан және олардан берекет алмастан Алланы таныған шейх болған емес». 
[Әл-Қушайри, «Рисәләт әл-Қушайрийә», 1/180]
Бүкіл әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға сансыз мадақ, пайғамбарымыз Мұхаммедке, оның отбасына, сахабаларына сансыз салауаттар болсын.
Дерекнама: Taalib.ru