Пәтуәлар

Пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жақсылық пен жамандықтың алмасып отыруын меңзеуі.




1) Әл-Бұхари былай деген: бізге Яһия ибн Мұса айтты: бізге Әл-Уәлид айтты: бізге Ибн Жәбир айтты: маған Биър ибн Абду-Рахман әл-Хадрами айтты: маған: Әбу Идрис әл-Хауләни Хузайфа ибн Йәманның былай дегенін естігенін айтты:


«Біздің арамыздағы адамдар Пайғамбарымыздан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жақсылық жайлы сұрады, мен оның шабуылынан сақтанып зұлымдық жайлы сұрадым. Мен былай деп сұрадым: Уа, Алланың елшісі! Біз надандық пен зұлымдықта болдық, осыдан соң Алла Тағала бізге игілік берді. Осы игіліктен соң тағы да зұлымдық келеді ме? Ол: «Иә»,- деп жауап берді. Мен тағы да былай деп сұрадым: «Ал сол зұлымдықтан соң игілік қайтып келеді ме?» Ол: «Иә, бірақ, оған жаман ниет араласады». Мен: «Ол қандай жаман ниет?», Ол: «Кейбір адамдар менің жолыммен жүрмейді. Олардың кейбір амалдары сендер білетін діннің амалына сәйкес келсе, кей амалдары сәйкес келмейді». Мен: «Ал сол игіліктен соң зұлымдық келеді ме?» Ол: «Иә. Шақыратындар тозақтың әртүрлі есігінде тұрған азғырушылар. Олардың шақыруына жауап берген адамның әрбірін олар сол жерге тастайды». Мен былай дедім: «Я, Алланың елшісі! Оларды бізге сипаттап берші!» Ол: «Олар біз секілді, біздің тілімізде сөйлейді». Мен: «Егер мен соларға тап болар болсам, маған не істеуді бұйырасың?» Ол: «Мұсылмандардың жамағатынан және олардың имамынан ажырама». Мен: «Ал олардың жамағаты да, имамы да болмас ше?» Ол: «Олай болса, сол топтардың барлығынан аулақ жүр, тіпті ажал келіп жеткенше ағаштың тамырына тісіңмен жабысып тұруға тура келсе де».
[Дерекнама: Сахих Әл- Бұхари № 3411, 6673; Сахих Муслим № 1847.]

Шарх (түсіндірме):

Мулла Әли әл-Қаридың хадиске қысқаша түсіндірмесі (шархы):
«Біздің арамыздағы адамдар» – яғни, адамдардың көпшілігі. «Алла елшісінен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, игілік жайлы сұрады» – жақсы амалдарды жасамақ үшін немесе қуану үшін қуанышты нәрсе жайында. «Мен болсам зұлымдық жайлы сұрадым» – яғни, күнә мен бүлік жайлы.  «Оның шабуылынан қорқып» – маған зұлымдық немесе оның зардабы жетер ме деп қорқып. «Біз надандықта болдық» – таухидты білмедік, пайғамбарды танымадық және шариғат үкімдерін білмедік. «Және зұлымдықта» – яғни, надандық пен күпірліктің арқасында. 

«Алла бізге игілік берді» – күпірлік отын сөндіріп, бізге сені және Исламды берді. «Оған жаман ниет араласады» – игілік таза болмайды, оған қара дақ араласады (яғни жамандық). «Сендер» – сен және білім иелері. «Мойындап және теріске шығарасыңдар» – олардың кей амалдары сендер діннен білетін амалға ұқсас келеді, ал кей амалдары ұқсас келмейді. Немесе: сендер оларды теріске шығаруларың қажет, рұқсат етілмеген амалдарды көресіңдер.
 
Бірінші зұлымдық бұл – Халифа Османның өлтірілуі және сол оқиғадан кейінгі бүлік. Одан кейінгі игілік – Омар ибн Абдул ‘Азиздың басшылығы немесе Хасан мен Муғауияның бітім жасасуы және мұсылмандардың келісуі. Жаман ниет – Муғауияның өкілдері, харижилер. Мойындап және теріске шығарылатындар Омар ибн Абдул ‘Азизден кейінгі басшылар. Олардың кейбірі әділ, кейбірі – жоқ. Немесе кейде олар әділ болса, кейде тайқып кетеді.

«Шақыратын азғырушылар» – адасушылыққа шақыратындар және  бидғатшылар (дінге жаңалық енгізушілер) мен ақиқаттан небір күмәндары себебінен ауытқып кеткендер. Бұлар басшылыққа ұмтылатын Харижилер, Рафидилер және өзге де құқығы жоқ басшылар. «Тозақтың әртүрлі есігінде тұратындар» – әртүрлі адасушылыққа шақырғандары, олардың тұзақтары тозақтың жеке-жеке есігі. «Олардың шақырғандарына кім жауап берсе, оны сол жерге лақтырады» – яғни, ол адамның адасушылығы оны тозаққа алып барады. «Олар біз секілді» – біздің рудан немесе мұсылман секілді  көрінеді. «Біздің тілімізде сөйлейді» – араб тілінде немесе біз секілді  сөйлегенмен, жүректерінде ол нәрсе жоқ болады. «Мұсылман жамағатына мықтап жармасыңдар» – солардың жолымен жүріп, олармен жақсы  қатынас жасауға тырысыңдар. «Олардың имамдарына» – оның құқығын сақтап, оған жәрдем бер. «Ал оларда жамағат болмаса ше?» – олар бөлек-  бөлек болса ше (яғни топ-топ болып бөлінгендер). «Олардың имамдарына» – олар бірігуші еді. «Олай болса олардың барлығынан аулақ бол» – Әһли  Сүнна уәл жама‘ғатқа қайшы келетін адасушы топтардан. «Ағаштың тамырына тісіңмен жармасуға тура келсе де» – олардан аулақ болу үшін.  «Ағаштың тамырынан» – яғни, қалай болғанда да олардан аулақ бол,  расында осы кезде ғана жақсылық табасың. «Сол қалпыңда ажал жеткенше» – олардан құтылмайынша (яғни жалғыз бол). [Дерекнама: Мулла Әли әл-Қари «Мирқат», 15/ 339.]

2) Бұл хадисті Әл-Бұхари мен Муслим Мұхаммед ибн әл-Мусаннаның Әл- Уалид ибн Муслимнің сөзінен жеткізгенін келтіреді, ал Әл-Уалид ибн Муслим болса Абдур-Рахман ибн Язид ибн Жәбирдің айтқанын жеткізеді. Бұл хадисті көптеген рауилар Хузайфаның сөзінен жеткізеді. Бұл хабарды Ахмад, Әбу Дауд, Ән-Насаи Наср ибн ‘Асимнің Халид ибн Халид әл- Йәшкури әл-Куфиден толығырақ жеткізгенін келтіреді, ол жерде өзге хадистегі астарланып келген жерлерін түсінуге болады. Сондай- ақ, бұл хадисті Ән- Насаи, Ибн Мәжа Адбур-Рахман ибн Қуртадан жеткізеді. 
Бұхаридің Сахихында Исмайыл ибн әби Халидтің сөзінен, ал ол болса Қайса ибн әби Хазимнен Хузайфа былай дейді деп келеді: «Менің жолдастарым болса игілікті үйренді, ал мен болсам зұлымдықты».
Сахихта әл-А’маштан, ол Әбу Исхақтан, ал Әбу Исхақ Абул-Ахуастан, ол болса Абдулла ибн Масғудтан былай деп жетеді: «Алла елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Ислам діні жалғыз әрі қуылушы болып басталды және ол қайтадан жалғыз әрі қуылушы болады. Бақыттылар жалғыздар». «Ол жалғыздар кім?»,- деп сұрады. Ол былай деп жауап берді: «Адамдардан оқшауланып Аллаға бет бұрушы».

Шарх (түсіндірме):

Хадистің қысқаша түсіндірмесі: ғариб, біз мұны жалғыз және қуылушы деп аудардық, сөзбе сөз аударса – жалғыз, бөтен, көпшілік қолдана алмайтын деген мағына береді. Яғни, Исламды таңдаулы біраз адам ғана ұстанатын болады. Оларды аңдып, олардан безінеді. Туба – бақыт, қуаныш,  жалғыздарға бақыт тілеу және де Жәннат, Жәннаттық ағаш делінеді. Имам Тирмизиден жеткен нұсқада «жалғыздар кімдер» деп сұраған кезде, Алла елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жауап берді: «Менен кейін, менің сүннетіммен адамдардың бұзғанын түзеушілер»Нузза’ – адамдардан оқшауланып, Аллаға жақындаушы деп аударылған. Оның көпше түрі – өзінің халқынан, отбасынан, мүлкінен оқшауланушы және Назии’ – Аллаға жақындаушы, Исламға бет бұрушы.
[Дерекнама: «Файдул Қадир», 2/ 407; Нәуәуидің Муслимге жасаған шархы, 2/117, Муслимге Жибадж, 1/ 164.

3) Бұл хадисті Ибн Маджа Әнас пен Әбу Хурайрадан да жеткізген.
Ахмад былай дейді: бізге Харун ибн Ма‘руф: бізге Абдуллах ибн Уахб: маған Әбу Дахр, оған Әбу Хазм ұлы Са‘д ибн әби Уаққастың сөзін жеткізді: мен әкемнің былай дегенін естідім: мен Алла елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін естідім: «Расында дін жалғыз басталды, ол қайтадан жалғыз қалпына келеді. Ол уақытта өзгелер бұзылып кеткен кезде, бақыттылар жалғыздар болады. Абуль-Қасимның жаны қолында болғанмен ант етемін, жылан өзінің ініне жасырынғандай, иман да екі мешіттің арасына жасырынады».

Шарх (түсіндірме):

Екі мешіт – Мекке мен Мәдина. Бұл Ақырет күніне жақын болады. Дәжжал осы екі мешітке кірмейді деген бар.
[Дерекнама: Ибн әл-Жаузи «Кашфул-мушкил», 1/679.] 
4) Ахмад былай дейді: бізге Хасан ибн Мұхаммед ибн Мұса былай деді: бізге Ибн Ләхи‘а былай айтты: бізге Жәмил әл-Асләми, Сахлә ибн Са‘д Әс- Са‘идидің сөзінен былай деді: Алла елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп дұға еткен: 

اللَّهُمَّ لَا يُدْرِكْنِي زَمَانٌ - أَوْ قَالَ: لَا تُدْرِكُوا زَمَانًا - لَا يُتَّبَعُ فِيهِ الْعَلِيمُ وَلَا يُسْتَحَيَا فِيهِ مِنَ الْحَلِيمِ، قُلُوبُهُمْ قُلُوبُ الْأَعَاجِمِ، وَأَلْسِنَتُهُمْ أَلْسِنَةُ الْعَرَبِ

«Я, Раббым! Маған сол уақытты көрсете көрме немесе ол былай деді, Білім иесіне ермейтін және құрметтілерден ұялмайтын заманды көруден Алла сақтасын. Олардың жүректері – бөтен, ал олардың тілдері – арабтардың тілі». Имам Ахмад мұны жалғыз жеткізген. 
Шарх (Түсіндірме):

Дұғаның мағынасы: Уа, аббым, маған және менің сахабаларыма сол уақытқа дейін өмір сүруді нәсіп ете көрме. «Білім иесіне ермейді» – яғни, білім иесі айтқан шариғат үкіміне ермейді. «Құрметтілерден ұялмайды» – құрметті  адам құрметті жасқа жеткен, байсалды, ақылды адам. «Олардың жүректері  бөтен» – яғни, көркем мінезден алыс, екіжүзділікке толы. «Тілдері -арабтардікі» – тіл мен жағына сүйенген, көп сөйлейді әрі мылжың келеді. [Дерекнама: «Файдул- Қадир», 2/ 188.]