Пәтуәлар

Алла елшісі пайғамбарымыз Мұхаммедтің оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жерленген жерінің артықшылығы жайында.




Сұрақ: Мен пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қабірі Қағба мен Арштан гөрі қайырлы деп естіген едім, бұл мәселеде Әһли Сүннет ғалымдарының пікірі қандай?

Жауап: Барлық ғұламалардың бірауыздан (Иджмағ) келісімі бойынша, пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жерленген жері, басқа жерлерден гөрі және Қағба мен Алла Тағаланың жаратқан Аршысынан қайырлы болып табылады.

Ханафи мазхабының көрнекті ғалымы мухаддис әрі фақиһ Мулла Әли әл-Қари (Алла оны рақым етсін) өзінің «Әл-Маслак әл-Мутакассит фи әл-Мансақ әл-Мутауассит» атты кітабында былай деп жазған:

«Барлық ғұламалардың ортақ келісімі бойынша, ең қайрлы қалалар бұл Мекке әл-Мухаррама және Мәдина әл-Мунаууара. Өйткені Алла Тағала бұл қалаларды дәріптеп ұлықтады және оларға жоғарғы мәртебелі орын берді.
Алайда бұл екі қаланың қайсысы қайырлы екендігі жайында ғұламалар әр-түрлі пікір де. Кейбіреулерінің айтуынша Мекке, Мәдина қаласынан қайырлы, бұл үш имамның пікірі (яғни, имам Әбу Ханифа, Шафиғи, және Мәлики (Алла оларды рақым етсін)). Дәл сондай пікірде кейбір сахабалар да (оларға Алла разы болсын) болған. Басқалары, Мәдина қаласы Меккеден қайырлы деген. Бұл пікірді мәлики мазхабының кейбір ғұламалары айтқан және кейбір шафиғилер солардың пікірімен келіскен. Сондай-ақ дәл сондай пікірде кейбір сахабалар да (оларға Алла разы болсын) болған деп жеткізеді. Алайда, Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тірі кезінде “Мәдина қаласы Меккеден қайырлы” деген Мәдина қаласына хижрет еткендер (Мухаджирлер) айтқан болуы мүмкін деген пікір бар және сол екі қалада (Мекке мен Мәдина) қайырлы деген де бір пікір бар, бірақ та бұл белгісіз пікір болып табылады және оның негізі жоқ. Бұл пікірді ұстанатындар осы мәселе жайлы үндемеуді дұрыс көрді (яғни, екі қаланы да қайырлы деп санамады да, айтпады да). Бұның себебі — ғұламалар арасында осы мәселе жайында қайшылық болғандықтан және келтірген дәлелдері бойынша. Сондықтан сондай қарама — қайшылықтар тек қана қалаларға қатысты (яғни Мекке мен Мәдина) және пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) берекелі жерленген жері мен Қағбаға қатысты емес. Қағбаға келетін болсақ, ол Мәдина қаласынан қайырлы, бірақ та барлық ғұламалардың бірауыздан келісуі (Иджма) бойынша пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жерленген жерінен емес! Және де, пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жерленген жері, Әл-Харам мешітінен қайырлы екеніне ғұламалар бұған бірауыздан келіскен. Ол жердің қайырлылығы үшін көпшілік (джумхур) ғұламалардан жеткен хабарлар бойынша бір ауыздан (Иджма) қабылданған пікір бар, дәл сол жер, яғни пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жерленген жері, барлық жерлерден де қайырлы, тіпті Қағба мен Аршыданда. Бұл пікірді кейбір ғұламалар нақты тікелей қабылдап айтты. Осылайша Қади Йиәд (Алла оны рақым етсін) және басқада ғұламалар бұл үмметтің осы пікірде келіскенін көрсетеді (яғни, Иджма бар екендігіне), сол жер, яғни пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жерленген жері, Қағбадан да қайрлы екеніне, ал Мекке мен Мәдина қаласының қайсысы қайырлы екендігі жайында ғұламалар арасында келіспеушіліктер болған».
[Мулла Әли әл-Қари (Алла оны рақым етсін), «Манасиқ», 531-532 б.]

Қади Йиәд әл-Мәлики (Алла оны рақым етсін), былай деп айтады:

«Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жерленген жері – жер бетіндегі ең қайрлы орын болып табылатынына ешқандай қайшылықтар жоқ (ля хиляф)».
[Әл-Шифа’би та’риф хукук әл – Мустафа, 595-б.]

Тағы да Ханафи мазхабының көрнекті ғалымы имам әс-Хаскафи (Алла оны рақым етсін) айтады:

«Мекке, Мәдина қаласынан қайырлырақ және бұл лайықты әрі ұнамды пікір болып табылады, тек қана пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жерленген жерін қоспағанда. Өйткені ол жер пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жерленген жері, сөзсіз (Мутлақан) – Қағба, Арш және Курсиден де қайырлы болып табылады».
Әлляма ибн Әбидин (Алла оны рақым етсін), жоғарыда келтірген имам әс-Хаскафидің (Алла оны рақым етсін) сөзімен келісуде, өзінің «Хашия ибн Әбидин» атты кітабында жазғандай және бұл айтылған пікірлер имам Мулла Әли әл-Қаридің (Алла оны рақым етсін) «Манасиқ» атты кітабында жазылғандай жоғарыда атап өткенмен сәйкес келеді.

Осылайша пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жерленген жері ең қайырлы екендігінде Иджма (ортақ көз қараста!) қабылданды, тіпті Қағба мен Аршыдан да қайырлы екенінде ғұламалардың арасында келіспеушілік жоқ. Әһли Сүннет Уәл Жамағат сенімі (Ақидасы) бойынша, Алла Субхану Тағаланың дәрежесі пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) гөрі жоғары болып табылады. Алла Тағаланың жаратылыстарының ішіндегі ең абзалы және ең жақсы көретіні ол Алланың елшісі Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын). Ал жерленген жері сөзсіз (Мутлақан) – Қағба, Арш және Курсиден де қайырлы болып табылады».

Кейбіреулер былай деп ойлауы мүмкін: «Қалайша пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қабірі, Алла Тағаланың Аршысынан да қайырлы? – деп!»

Бұл сұраққа былай деп жауап береміз, Алла Тағала Аршының үстіне отырмайды және оған мұқтаж емес (барлық мағыналарда да!). Ол (Субхана Тағалә) мекен мен кеңестікте орын алудан аса пәк! Осылайша сүннет жұрты мен жамағатының сенімі (Ақидасы) бойынша, Алла Тағала уақытпен және кеңестікке тәуелді емес, әрі Оның (Субхана Тағалә) Ілімі барлығын қамтиды. Ал пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өзінің қабірінде жерленген, ал оның рухы басқа жерлерге ауыса алады.

Дұрысы Аллаға мәлім (Аллаху Аләм).
Авторы: Мүфти Мұхаммед ибн Адам әл-Каусари.
Дерекнама: daruliftaa.com