Пәтуәлар

Имам Әбу Ханифа жайлы Имам Бұхари сынының анализі. Бірінші бөлім


Сайид Муштак `Әли Шахтың «Имам Әбу Ханифаға қатысты жалаға жауап» кітабынан үзінді (49-54 беттер). 

Жалған сәләфиттер адамдарды имам Бұхаридің мына сөздерімен күмәнға түсіреді: «(Әбу Ханифа) мурджиит болған және адамдар «сақату `анху/ол жайында үндемеді» және оның мазхабы және оның хадистері жайлы». 

Әл-Бұхаридің «сақату `анху/ол жайында үндемеді» терминінің мағынасы, яғни ең жаман дәрежеде. 

 Бірінші бөлім. 

Жалған сәләфиттердің бұл тұжырымдары өте батыл және қайсар және көре алмаушылықтың, ыза мен жаулықтың нәтижесі болып табылады.

Хафиз Ибн Әбдул `Әзиз ибн Әби Рауаад шындықты айтқан болатын және оның сөздерін Ибн Хаджар әл-Хайтами өзінің «Хайратул-Хисан» кітабының 35-бетінде келтіреді:

«Хафиз Ибн Әбдул `Әзиз ибн Әби Рауаад, Имам Әбу Ханифаны кім жақсы көретін болса, ол суннит және кімнің жүрегінде оған ыза болатын болса, ол бидғат жасап жүрген адам деген. Хабарларда жеткендей Әбу Занифа біз бен алғашқы өткендердің ортасында орналасқан. Осыдан шығатындай, әрбір оны жақсы көретін адам Сүннет жамағатынан, ал кімның оған ашуы бар болса, онда ол бидғат иелерінен болады».

Бұған жауап ретінде мен Имам Бұхаридің Әбу Ханифа мазхабына жек көрініші, оның шығармаларында көрінгендей, болғанын айтамын. Сол себепті бұл джарх/жауап қабылдана алмайды. Сондықтан имам әз-Захаби, Ибн Хаджар, Уасиюддин Хизажи және басқалары бұл джархқа/жауапқа көңіл аудармаған және оны көңілге алуғада тұрарлықтай болмағандықтан, тіпті ол жайында айтпаған.

1. Муржилер терминін ең алдымен түсіндіріп өтейік 

Егер бұл сөздің астарында Алланың лағынеті болған адамдар болса, онда бұл Әбу Ханифаға қатысты абсолютті түрде дұрыс емес, себебі оның «Фиқһ әл-Әкбар» кітабында, былай келтірілген:
«Біз муржилер сияқты, біздің жақсы амалдарымыз Алламен қабыл болып, ал жаман амалдарымызды ол кешіреді деп айтпаймыз. Біз бұл сұрақты келесі түрде ашықтап түсіндіру қажет дейміз: егер біреу жақсы амалды ешбір жаман және арам ойсыз, және бұл амалды кейін оны өлімге дейін діннен шығумен бұзбай барлық шарттарға сай жасаса, - Алла бұл істі бекер жасалғандардың қатарында болуына жол бермейді; бірақ Ол оны қабыл етіп және сол үшін сауабын береді. Жаман амалдарға келетін болсақ (Аллаға серік қосу мен иман келтірмеуден басқа), иман келтірген жан оған тәубе етпей, иман қалпында қайтыс болса, Алла қаласа оны жазалайды немесе оны тозақ отына түсірмей кешіре алады. Амалды көзге көріну үшін жасау (рия - көзбояушылық) және әрбір амалда тәкәппарлану оны жоққа шығарады».

«Хайратул-Хисан» кітабының 73-бетінде былай делінген:
««Әл-Мувакифтің» түсініктемешісі былай дейді, муржилерден болған Гисан, Имам Әбу Ханифа муржит болған және ол имамды өз сектасына қосқанын айтқан. Гисан әдейі сектаны ақтау үшін Имам жайында осындай сөздерді айтқан. Имам әш-Шахристани секталар жайындағы «әл-Миләл уә ән-Нихәл» кітабында, Гисанның муржит сектасындағы өз сенімдерін Әбу Ханифаға тағайындап, оны муржит деп атауы өте таң қалдыратынын жазған. Бұл оның атынан болған жала».

Егер муржилер дегенде Муржия Мархуманы түсінетін болсақ, онда әһлу-сунна уәл жамағаның барлығы оларға кіреді. Әбу Шукура Сәлимидің «Тамхид» кітабында былай келтірілген:
«Муржилердің екі түрі бар:
Біріншісі: Муржия Мархума және олар пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары.
Екіншісі: Муржия Малуна және олар күнәнің еш мағынасы жоқ жіне ол үшін жаза болмайды деп айтатындар. Осман ибн Әби Лейла, Әбу Ханифаға муржитер жайлы сұрағы бар хат жазған болатын. Имам муржитердің екі түрі бар деп жауап берген. Бірінші: Муржия Малуна және мен оларға жатпаймын. Екінші: Муржия Мархума және мен олардан боламын. Және пайғамбарлар да солардан. Сен Исаның, оған Алланың сәлемі болсын, былай деп айтқанын естімедің бе: «Егер Сен (Алла) оларды жазаласаң, олар тек сенің құлдарың, ал егер сен оларды кешірсең, онда Сен Құдыреттісің, Данасың».

2. Және біз кейін Имам Бұхаридің Имам Әбу Ханифадан хадис және пікірін алмағаны абсолютті түрде қате және еш негізсіз екенін түсінеміз. 

Хафиз әл-Мусыли «Уқуд Джауәхир әл-Манифа» кітабында имам Бұхаридің «Әд-Дуафа» дәйеккөз ретінде алады: «Мен Уақиден асатын адамды таппадым және ол пәтуаларды Әбу Ханифаның сөзіне негізделіп шағарған және одан жеткен хадистердің бәрін есіне сақтаған. Ол Әбу Ханифадан көп хадис естіген».

«Манақиб Курди» кітабының 100-бетінде былай деп келітіріледі:
«Сайд бин Яһия бин Хумайри, Уасти Уаст қаласының имамы және хафизы болған. Ол Әбу Ханифадан білім ізденіп одан хадис жеткізген. Ол Әбу Ханифаны білім теңізі деп атаған».
Сол жерде 109-бетте, тағы былай деп келтіріледі: «Абдулла бин Язид әл-Мукри әл-Макки, Әбу Ханифадан 900 хадис естіген».

«Хайратул-Хисан» кітабының 23-бетінде былай деп келтіріледі:
«Ол (Әбу ханифа) Фиқһта ең көп білімі бар адам болған, және мен одан Фиқһта асатын ешкімді көрмедім. Және ол (Әбу Ханифа) солардың (Имам Мәлик және Суфян) ішінде ең білімдісі болған және мухаққиқ және мудаққиқ/зерттеуші ретінде де».

Әбу Юсуф ас-Саури айтқан: «Мен көптеген сұрақтарда Әбу Ханифаның соңынан еремін». 
Яхья бин Сайид Каттан айтқан: «Біз Әбу Ханифадан артығырақ пікірлерді беретін адамды естімедік, сол себепті пәтуаларды соған негізделе беретінбіз».
Ибн Мубәрәк айтқан: «Мен Мусирдің Әбу Ханифа білім үйірмесінде сұрақтар қойып және сол жерде білім алғанын көрген болатынмын».

«Хайратул-Хисан» 26-бетінде ибн Джариридің сөздері келтіріледі:
«Екінші бөлім Әбу Ханифадан фиқһ және хадис ілімінен білім алғандар жайында және олардың санын анықтау мүмкін емес».

Сол себепті кейбір ғалымдар үмметтің Имамында Әбу Ханифадай шәкірттері болмағандығы айтылған. Бұл әділетті болған пікірлерге қараңызшы. Уақи, ибн Яһия әл-Уасти, ибн Мубәрәк, Яһия бин С`айд Каттан және басқалары Әбу Ханифаның фиқһы жайлы сондай жоғары дәрежеде болғанын айтады. Мыңдаған шәкірттер Әбу Ханифаның фиқһы бойынша және хадистерді алған болатын, және оның баракат/берекетінің арқасында бүкіл үмметке танымал болған.

Соған қарамастан Имам Бұхари «...адамдар ол жайында, оның мазхабы жайында және оның хадистері жайында үндемеді/сақату анху» деп айтқан. Егер бұл Әбу Ханифаның мәзхабына деген қарсыластық болмаса, онда не бұл?

Жалғасы бар инша Аллах ...

Дереккөз: peopleofsunnah.com 
Аударған: darulahnaf.com