Пәтуәлар

Отаршылдық ойлау жүйесі



Егер қазіргі таңдағы мұсылман әлемінде болып жатқан оқиғаларды соңғы екі жүз жыл уақыт аралығында, отаршылдық [1] езгі мен пост-отаршылдық мемлекеттердің пайда болуларының төңірегінде қарастырсақ, бұл оқиғалар ретсіз және айнымалы болып көрінеді. Мұсылмандарға өткен өмірді ұмытып, соңғы болған отаршылды басқыншылыққа шағымдануды қойып, қазіргі жағдайға сол басқыншылықтан ақтау іздеуді тоқтату керектігі жайлы жиі айтады; отаршылдық бітті және бірнеше он жылдықтар бұрын мұсылман әлемі тәуелсіздігін алды. Мұндай ой жүйесіне сәйкес, мұсылман әлемі қазіргі уақыттағы кемшіліктеріне толығымен өздері жауап беріп, бұрынғы отаршыларды барлық нәрседе айыптауды қою керек.

Егер осындай тәсілді қабылдайтын болсақ, онда мұсылман әлемінің негізі толыққанды емес екендігі және оның өз мәселелерін шешуге дәрменсіздігі жайлы мұсылман емес шығыстанушылар арасында жиі айтылатын осы пікірді ортаға салуға мүмкіндіктері туады. Мұндай мәлімдеме көбінесе келесі тұжырымға негізделген: отарлаушылардың әскері кетуімен отарлау аяқталды және Палестина мен кейбір өңірлерден басқасын есептемегенде, мұсылман әлемі толығымен дерлік өз тәуелсіздігін алды. Алайда бұл болжам отаршылдық ұғымын біршама дөрекі әрі сыртқы түсінуге негізделген. Оның көп сатылы тәсілдерінің түпкі мақсаты басқару мен доминатты болуында жатқандығын тек сырттай қарастыруға есептелген. Әскери құрама – бұл материализмге негізделген және бақылауға қол жеткізуді тек әскери жолмен ғана емес, басқа тәсілдермен де тырысқан күрделі құрылымның аз ғана бөлігі ғана.

Берілген құрылымның ең дөрекі дәрежелері тікелей әрі өрескел араласуға негізделе отыра, кеңістікте және іс-әрекетте шектеуді міндеттейді. Алайда олардан бөлек сананы билеу мақсатында психологиялық тәсілдерді қолданатын әдістер бар: адамға осы құрылымның қалаған / міндеттеген әлемі жайлы түсінікті және бар мәселелердің «шешу» жолдарын насихаттап, міндеттейді. Бақылаулы аймақтардағы адамдардың қаншалықты міндеттелген түсініктерді ұстануы мен сол нормаларға сай жүрулеріне назар аударып, отаршылдықтың жетістігінің жемісін көруге болады, тіпті отаршылдар тарапынан физикалық күшпен басымдылық көрсету болмауына қарамастан.

Отаршылдар өздерінің басымдылығын келесі «себептермен» түсіндіруге әуес:

А) «Сендердің отаршылдықта болуларыңның себебі – сендер әлсізсіңдер және сырттан басқаруға бейім болып келесіңдер». Бұндай көзқарас жауапкершілікті құрбанға жүктейді. Отаршылдықты дарвинизм тұрғысынан түсіндіреді: жақсы бейімделген аман қалады. Сонымен бірге, отаршылдарға қалағанына қол жеткізуге және оны ұрпақтан ұрпаққа қалдыруға мүмкіндік берген барлық құрылым емес, тек сыртқы пішіні мен көзге көрінетін нәтижесі ғана қарастырылады. Тіпті егер қоластындағы мемлекеттер материалдық тұрғысынан дамуға қол жеткізсе де, олар бәрібір де отаршыл идеологиядан құрылымды түрде тәуелді болып қала береді, себебі жетістіктің өлшемін тек осы отаршыл идеологиядан басқасы тағайындамайды.

Б) Отаршылдық саясатты былай ақтауға тырысады: Ислам – сол отаршылдардың пікірі бойынша, артта қалған, ретроградты [2] дін (яғни, қоғамның, мәдениеттің, ғылымның өрлеуіне қарсы), ол өзі сырттан қадағалаудың себепкері және қазіргі мәселелердің қайнар көзі болып табылады. Бұдан отаршылдардың Исламды реформациялау талаптары да туындайды, осы арқылы Исламды отаршылардың өздерімен бекітілген «ағартушылық» заманның талаптарына сәйкестендіру мүмкіндігі туатын еді. Соңында, заманауи болу және «модернизацияланған исламға» еру үндеулері – бұл Исламды туа біткен кемшіліктерге ие дін ретінде мойындауға және әсте мұсылман еместердің тарапынан қойылатын сұрақтардың барлығына, тіпті олардың игіліктері үшін емес болса да, жауап беруге талпынған отаршыл идеологияның соңынан еруге үндеу болып табылады.

Отаршыл идеология – бүкіл әлемнің абсолюті ретінде жариялағылары келетін спецификалық еуропа тарихи тәжірибесінің өнімдері – нәсілшілдік [3] пен материализмге негізделген. Соңында, отаршылдық құрылым / жүйе әлемнің «екінші» және «үшінші» елдеріне енгізіліп жатқан білім беру, дамыту және жаһандандыру жобаларында көрініс табады. Олардың мақсаты – жергілікті тұрғындардың өздерін үнемі төмен, кем санаулары. Осы ретте қарулы күштер қолданыла ма – бұл басқа сұрақ. Отаршыл билік өздерінің артықшылықтарын цивилизацияның алғышарттары болған, туа біткен биологиялық және интеллектуалды  эволюция себебінен деп мәлімдейді және бұл, отаршылдардың пікірі бойынша, басқаларда мүлдем жоқ, соның ішінде мұсылмандарда да.

Сол себепті, отаршылдық жоба адамның шынайы дамуына емес, отаршылдардың нәсілді, интеллектуалды және діни басымдылығына негізделген. Олар дүниәуи дәріптеудің нысаны ретінде «үстем халықтарды» (әрине, олардың ішінде тек өздерін көреді) жариялайды. Және бұл дәріптеуді «екінші» және «үшінші» ел адамдарының санасына сіңіргендері соншалықты, пост-отаршылдық кезең физикалық отарлаудың ментальды [4] сана, ойлау тұрғысынан жалғасы болып табылады.

Ойлау дәрежесі қаншалықты отаршылды болса, ол соншалықты осы шақта қатты көрініс табады, бірақ одан да қиын және өзгертілген пішінде. Өткен шақ өткен болмайды, егер оған сәйкес амалдар осы шақта жасалатын болса. Мұсылман әлемінің көп бөлігі үшін отаршылдық бойұсыну артта қалғандай көрінгенімен, біз әлі күнге дейін отаршылдықтың осы шағындамыз.

Қазіргі таңда мұсылман дегеніміз адамды өзін тек отаршылдар тағайындаған үлгі бойынша көруге мәжбүрлеген отаршыл ойлаудың жанама өнімі болып табылады. Қандай адамдар бүгін мұсылман болып табылады деген сұраққа жауап беру қиын, себебі, өзінің кім екендігін анықтауды да, Исламның өзін де адамдар отаршылдар бекіткен ойлау өрісі арқылы қарастырады. Соңында бұл Ислам әлемін кем әрі толыққанды емес ретінде қарастыруға алып келеді.

Ислами салт-дәстүр, реформа, интерпретация, әйелдің орны, мемлекет, билік, экономика, зорлық пен құқықтар жайындағы – отаршылдық салдарынан пайда болған таластардың бәрі – отаршылдықтың ізі және бұны мұсылмандардың емес, отаршылдардың белгілеген логика тұрғысынан қарастырылады. Барлық «кем» адамдарға бекітілген дәл осы отаршыл ойлау жүйесі: «саясаттан тыс ислам» және саяси ислам не екенін, сопылық және сопылық емес, экстремизм және ұстамдылық, заманауи және дәстүрлі сияқты ұғымдарды мүлдем ажыратып, өз түсініктерін мәжбүрлеп енгізуге кірісті. Енді бұл «үлгі» барлық отарларға бекітіліп қойылды. Отаршылдық құрылымда Исламды өзінің дамыған идеологиясы, түсініктері бар тізбекті және толыққанды жүйе ретінде емес, кемістік пен жабайылықтың көрсеткіші ретінде қарастырады.

Ментальді отаршылды ойлау жүйесі өзінің құрбандарына дәрменсіздік сезімін ұялатады және отаршыл қожайынның немесе сол ойлау жүйесінде жаттықтырылғандардан болған агенттердің кірісуін жалғыз дауа ретінде ұсынады. Біздің өміріміздің әрбір саласында біз осы басып енулермен кезігіп жатамыз, соның ішінде өздерінің неолиберальді өркениетті жобаларын енгізуге тырысқан коммерциялы емес мекемелер немесе гуманитарлы империялы іспетті жобалар.

Біз – отаршыл мырзаның қоластындағылар – өзіміздің қауқарсыздығымыз бен ешнәрсеге дайын болмауымыздың салдарынан алға дами алмайтынымызды үнемі бізге сендірмек, ал біздің дамуымызға кірісіп жатқан және бізден болған капиталды өзіне бұрып, байып жатқан отаршыл мырзаның, әрине, ешқандай кінәсі жоқ.

Бүгін бізге бұл мырза егер өзіміздің «артта қалған дәстүрлерімізден» бас тартсақ, оның «жетістігіне» еліктесек, дәл ол секілді бола алатынымызды айтады және бұл артта қалудан / кемістіктен шығудың жалғыз жолы дейді. Отаршылдық  жоба әлі де сол баяғыша жұмыс істейді: саясатта, экономикада, әлеуметтік қарым-қатынастарда, БАҚ және діни диспуттарда. Нәтижесінде, біздің жерімізде талай ғасырлар бойы болған ойлау жүйесі жойылып, орнына туа біткен толыққанды емес / кем деген отаршылдармен енгізілген ойлау жүйесіне ауыстырылып жатыр.

«Мен одан нашармын, сол себепті қолымнан келмейді» – бұл отарлау салдарынан санаға таңбадай басылған ойлау жүйесінің қорытындысы. Соңында адам өзінің әрбір бастамасында отаршыл мырзасына мұқтаж болады, тіпті өз өмірінің мәнін түсіну үшін де. Сондай-ақ, отарланған адам тіпті өз пікірін басшылыққа алып жатырмын деп ойлағанның өзінде, ол шын мәнінде оған сырттан иландырылған білімге сүйенеді. Және бұл өзінің жеке түсінікке және тәуелсіздікке қол жеткіздім деген ойларына қарамастан, оны одан бетер бағынышты етеді. Нәтижесінде отарланғандар екі мәрте құрбан болады: ең бірінші – тура отарлау салдарынан, кейін – оларға жалған өз-өзін тану / анықтау арқылы енгізілген ойлау жүйесі салдарынан. Пост-отарлау заманында әлем соңында бәрібір отарланған болады. Ал тәуелсіздік, шын мәнінде, бір қадам шетке кете алмайтын, отаршыл ойлау жүйесімен бекітілген амалдар жиынтығы болып қалады.

Мұсылман адам бұл шынжырлардан босауы үшін, ең алдымен, өзінің санасын отарлаулы және пост-отарлаулы көзқарастардан тазартып, отаршылдарға «ғажайып / тылсым адамдар» ретінде қарауды доғарып, кейін отарлаудың шынжырларынан босаған мұсылман әлемі арқылы болашақты құруы қажет.

[1] Отарлау сөзінің түсінігі – 1) “ішкі”, өз елінің шет және елсіз аймақтарын игеріп, қоныстану; 2) "сыртқы" - өз елінен өзге жерлерде тұрақтар салуы, өзге аумақтарды басып алу. (Дереккөз: Уикипедия – ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет)
[2] Ретроград - қоғам ортаның, мәдениеттің, және ғылым өрлеуінің қарсыласы.
[3] Нәсілшілдік (расизм) – бір нәсіл артық, бір нәсіл кем деп есептейтін, адамгершілікке жат, ғылым жолына қарсы реакцияшыл теория
[4] Ментальды – яғни ойлау, сана, ой әрекетке қатысты.

Автор: Хатем Базиан

Дереккөз: askimam.ru
Аударған: darulahnaf.com