Пәтуәлар

Мұсылман әйелдеріне би-билеуге болады ма?


Сұрақ:

Сіз әйелдердің билеуінің харам екендігін айттыңыз. Бұл тек еуропалық биге қатысты айтылған ба , әлде бұған араб елдеріндегі әйелдер арасында кең тараған «іш биі» деп аталатын биді де жатқызуға болама?

 Жауап: 

Ассаляму алейкум уа рахматуллахи уа баракятух!

 Иә, бұл бидің барлық түріне қатысты. Алла Тағала Құранда былай деп айтқан:
«Жер бетінде даңдайсып жүрме. Өйткені сен жерді әсте жара алмайсың да, бой жағынан да тауларға жете алмайсың!» (Сүре 17/37 аят) 
Бұл аяттың тәпсірінде Имам әл-Қуртуби, Алла оны рақым етсін, былай деп жазған:
«Ғалымдар бұл аяттан биді – Ислам дінінде қатты жазаланатын істердің бірі деп шығарған. Имам Абуль-Уафа ибн Ақил айтты: Құрандағы даңдайсып жүрме деген аятта бидің харам екендігін айтады. Құран даңдайсыған адамды кінараттайды, ал би – бұл даңдайсу мен тәкаппарлықтың ең үлкен түрі».
[Дереккөз: Имам әл-Қуртуби, «Тафсир әл-Қуртуби».]

«Әл-Маусуа әл-Фикхийя» кітабында би туралы былай деп айтылған:
«Ханафилік, мәликилік және ханбалилік мазхабтардың ғалымдары, сондай-ақ шафи`и мазхабын ұстанушы ғалымдардың бірі Имам әл-Қаффал биді жазаланатын іс деген пікірді ұстанған. Өйткені би – бұл ессіздік пен ақымақтықтың бір түрі және адам әдебін жоғалтатын пайдасыз іс болып табылады». 
[Дереккөз: «Әл-Маусуа әл-Фикхийя», 10 том, 23 бет]. 

Сондықтан батыс биі болсын немесе арабтың «іш биі» болсын - барлық бидің түрі мұсылмандар үшін тыйым салынған. Қандайда бір істің кең таралуы оған рұқсат берілгендігін білдірмейді. Кез-келген істің рұқсат етілгендігі мен тыйым салынғандығына тек Құран мен Сүннет қана өлшем бола алады.

Өйткені қазіргі таңда мұсылман елдерінде ішімдіктер де еркін саудағы қойылған. Бірақ бұл шариғатта ішімдікке рұқсат етілген дегенді білдірмейді. Дәл солай ислам ғұламалары биге рұқсат бермеген, тіпті бұл көптеген мұсылман елдеріндегі қарапайым тәжірибе болып қалыптассада.

Алла Тағала жақсырақ білуші.Уассалям.

Муфтий Сухайл Тармохаммед
Дереккөз: annisa-today
Aударған: darulahnaf.com