Пәтуәлар

Кімнің ақидасын таңдайсың?


Қади Андалуси, Имам Әбу Бәкір ибн әл-Араби әл-Мәлики (сопы ибн Арабимен шатастырмаңыздар), (468- 543 һ.ж. / 1076-1148 м.ж.), Алла оны рақым етсін, «Аридат әл-Ахуази фи шарх әт-Тирмизи» кітабында былай деп айтты:

 قالوا: اجتمع الموحدون على أن يرفعوا أيديهم في الدعاء إلى السماء، ولو لا ما قال موسى إلهي في السماء لفرعون ما قال: يا هامان ابن لي صرحاً. قلنا: كذبتم على موسى، ما قالها قط، ومن يوصلكم إليه، إنما أنتم أتباع فرعون الذي اعتقد أن الباري في جهة فأراد أن يرقى إليه بسلم، فهنيئاً لكم أنكم من أتباع فرعون، وأنه إمامكم. 

«Олар айтты: «Барлығы Алланың бiр екенiне нық сенеді, Оған (Аллаға) сиынған кезде қолдарын көкке көтереді, және егер Мұса перғауынға “Менің Құдайым көкте” деп айтпағанында, перғаун “Иә, Хаман! Мен Мұсаның құдайына көтерілуім үшін маған мұнара тұрғыз” деп, айтпас едi (Қасас сүресі 38 аят)».

Біз айтамыз: «Сендер Мұсаға, оған Алланың сәлемі болсын, жала жауып тұрсыңдар, ол ешқашан ондайды айтпаған. Керiсiнше, сендердің шешiмдерің, Жаратушының бiр бағытта тұрғандығына сенген перғауының нақ ізбасарлары екенін растайды, сол үшін ол баспалдақ арқылы көкке көтерілуді қалады. Сендер оның ізбасарлары болғандықтан, ол сендердi құттықтайды, ал ол күмәнсіз сендердің имамдарың».
[Дереккөз: «Аридат әл-Ахуази фи шарх әт-Тирмизи», 2/235] 

Осыған қатысты имам Фахруддин ар-Рази әш-Шафии, (544-606 х/1150-1210 м), Алла оны рақым етсін, айтты:

 وأما الجواب عن التمسك بقول فرعون » يا هامان ابن لي صرحاً «فهو أن هذا الكلام من فرعون . وهو معارض بأن موسى – عليه السلام – لم : يقل الرب في السماء ، بل قال : » رب السماء « ثم إن فرعون كان قد ظن فيه أن الإله مستقر في السماء 

«Ал енді, Алла Тағалаға мекен беретіндердің дәлел ретінде перғауынның “Иә, Хаман! Мен Мұсаның құдайына көтерілуім үшін маған мұнара тұрғыз” (Құран 40/36 аят) сөзін келтіретіндерге жауап:

Ақиқатында бұл перғауынның сөздері, әрі қарама-қайшы болған сөздер, өйткені Мұса, оған Алланың сәлемі болсын, «Раббым аспанда» деп айтпаған. Керісінше ол «Көктердің Раббысы» деген еді, ал перғауын өзінің ақымақтығынан Алла Тағала аспанда деп ойлап қалды».
[Дереккөз: «Асасу Такдис», 211 бет] 

Сондай-ақ,  имам Фахруддин ар-Рази мушаббихтердің «шубухат/күмәндарын» атап өткеннен кейін бұл аят жайлы былай деп айтқан:

 فهذا جملة استدلالات المشبهة بهذه الآية، والجواب: أن هؤلاء الجهال يكفيهم في كمال الخزي والضلال أن جعلوا قول فرعون اللعين حجة لهم على صحة دينهم، وأما موسى عليه السلام فإنه لم يزد في تعريف إله العالم على ذكر صفة الخلاقية فقال في سورة طه { رَبُّنَا ٱلَّذِى أَعْطَىٰ كُلَّ شَىء خَلْقَهُ ثُمَّ هَدَىٰ } [طه: 50] وقال في سورة الشعراء { رَبُّكُمْ وَرَبُّ ءابَائِكُمُ ٱلأَوَّلِينَ * رَبُّ ٱلْمَشْرِقِ وَٱلْمَغْرِبِ وَمَا بَيْنَهُمَا } [الشعراء: 26، 28] فظهر أن تعريف ذات الله بكونه في السماء دين فرعون وتعريفه بالخلاقية والموجودية دين موسى، فمن قال بالأول كان على دين فرعون، ومن قال بالثاني كان على دين موسى 

«Бұл мушаббихалардың осы аятқа қатысты бірнеше дәлелі. 

Бұған жауап: Ақиқатында, бұл надандардың өздерін толық масқаралауы және адасушылықтарының көрінісі, олар өздерінің дініне, лағнеттелген перғауынның сөздерін дәлел қылып алғаны жеткілікті, ал Мұса, оған Алланың сәлемі болсын, жайлы айтатын болсақ ол «Әлемдердің Раббысына» анықтама ретінде «Жаратушы» деп ғана сипатаған еді, және: “Раббымыз, әр нәрсеге бір бейне беріп, сонан соң оны тура жолға салған” (Құран 20/50 аят) деген, жәнеде “Ол, сендердің де Раббыларың, бұрынғы ата-бабаларыңның да Раббы”, “Егер түсінетін болсаңдар, Ол шығыс пен батыстың және екі арасындағылардың Раббы” (Құран 26:26-28 аят) деген еді. 

Сондықтан Алла Тағаланы сипаттаған кезде Оны аспанда не көктерде деу бұл перғауынның діні, ал Оның (Алланы) бар екенін және Жаратушы екенін айту бұл Мұса пайғамбардың, оған Алланың сәлемі болсын, діні. Сондықтан бірінші дегідей айтатын ол перғауынның дінінде, ал екінші мысалдағыдай айтатын адам ол Мұсаның, оған Алланың сәлемі болсын, дінінде». 
[Дереккөз: «Тафсир әл-Кабир», 27/64.] 

Имам Әбу Ханифа, Алла оны рақым етсін, 1200-1300 жылдай бұрын мушаббихаларға олар ешқашан жауап бере алмайтын сұрақ қойған еді: Егерде «истауа» сөзі Аршының үстінде болуды білдірсе, онда Аршы және ешнәрсе болмағанда Алла қайда болды? Оларда жауап жоқ. Сондықтан Имам Әбу Ханифа осы бір сұрақпен ғана олардың мазхабтарын талқандады!

Дереккөз: al-fatava.com 
Аударған: darulahnaf.com