Пәтуәлар

Тізбектелген моншақтары бар құралмен тәспі тарту бидғат па?



Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын. Барша мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың ардақтысы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيم

الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاةُ وَالسَّلامُ عَلَي أَشْرَفِ الْمُرْسَلِين وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِين

Тәспі сөзінің аудармасы.

Тәспі сөзі арабтың «суббах» (Аллаға мадақ, Алланы мадақтау) сөзінен шыққан. Оны парсы және түріктер – «тасбих», татарлар – «диспе», ауғандар – «тисба» деп атайды. Яғни, діни терминде тәспі, тасбих (арабша: Алланы, пайғамбарды мадақтау, мойындау, кешірім сұрау) – Алланы дәріптеу, сыйыну, пайғамбарға мадақ айту дұғаларын оқығанда қолданатын моншақтар тізбесі. Тәспі тартқанда әрбір мұсылман баласы Алланы еске алып, Оған мадақ айтып, жүректерін тазартатындықтан, иманының нығая түсетіндіктен тасбихтың адамдар құлшылығында алатын орыны өте жоғары. Мұсылмандар тәспісі 33-тен үшке бөліп тізген 99 тастан немесе 17, 33 тастан құралады. Кейде 999 тасқа дейін тас тізілген тәспілер қолданылады. Мұның ішінде мұсылмандар арасында 33, 99 тастан құралған тәспілер кең таралған. Тәспіні тастан, шыныдан, өсімдік дәнегінен, ағаштан, металдан тағы да басқа халал заттардан жасап, әртүрлі әшекеймен әсемдейді. Тәспіні қолға ұстап жүретін, мойынға тағатын әсемдік бұйымы емес. Тіл-көзден сақтану, пәле, жаладан қорғану, жолы болу үшін тәспіні үй қабырғасына, автокөліктің ішіндегі айнаға міндетті түрде іліп қою қажет деген шариғат талабы жоқ. Олай жасау әркімнің таным түсінігіне сәйкес. Мұсылмандар бес уақыт намазының әрқайсын оқып болған соң, жайнамаз басында отырып: «Субханаллаһ» (Алла Тағала бәрінен де жоғары), «Әлхамдулиллаһ» (Барлық мадақ Алла Тағалаға), «Аллаху Әкбар» (Алла Ұлы) деген сөздердің әрқайсын 33-реттен айтып шығады. Яғни, 99 тас тізбесінен құралған тәспінің алғашқы 33 моншақ тізбесін тартқанда әрбір тасты «Субханаллаһ» деп, екінші 33 моншақ тізбені тартқанда әрбір тасты «Әлхамдулиллаһ» деп, үшінші 33 моншақ тізбені тартқанда әрбір тасты «Аллаху Әкбар» деп екі саусақпен ұстап жылжытып отырады.

Ғалымдардың сөздері тасбихке (яғни, тізбегі бар моншаққа) қатысты.

Имам ән-Нәуәуи, Алла оны рақым етсін, «Та`лим асма` уә әл-луғат» кітабында тәспіге мынандай анықтама береді (тізбегі бар моншақтарға):

«Бұл арнайы жіпке тізбектелген моншақтар, адам оны пайдаланады, асыра мадақтап (яғни Алланы зікір айтумен) сан жүргізуге және бұл тақуалы, қадірлі адамдардың арасында белгілі», — яғни бұл тәспіні Алла Тағаланы еске алатын адам пайдаланады.

Абдуллаһ ибн Амрдан, Алла оған разы болсын, жеткен хадисте, былай деп айтылған:

«Мен Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, саусақтары мен тәспі тартқанын көрдім», — яғни «СубханАллаһ», «Әлхамдулиллаһ», «Аллаху Әкбар».
Біздер мынаны біліуміз керек, егер Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Алла Тағаланы еске ала отырып сандар жүргізген болса өзінің саусағымен, онда тәспіні (тізбегі бар моншақтар) тартуға рұқсат етілген. Бұрыңғы кездері бухгалтерлер (есепші) қолмен есептейтін шот пайдаланса, онда неге қазіргі кезде есеп калькуляторлармен пайдаланбасқа? Және онымен жұмыс жасауға тиімді әрі ыңғайлы. Егер бұрын намаз уақытын білу керек болған жағдайда, жерге таяқшаны қойып оның көлеңкесімен күн сәулесі арқылы намаз уақытын анықтайтын болса, онда оны неге қол сағат компастары, тағы соған ұқсас нәрселер арқылы пайдаланбасқа? Қажылықта бола тұра, мұсылмандардың тәспіні сатып алып өздеріне пайдаланып жүргендерін көруге болады. Бұған қарамастан Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисі бар, «менің үмметімнің көпшілігі адасушылықта бірікпейді»,- деген. Сондықтан кейбір ақымақ, надандардың Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, үмметінің көпшілігі адасушылықта деген сөздерін тыңдауға болады ма? Әлде Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, адасушылықта ма? Алла Тағала бұндай сөз бен ойдан сақтасын!

Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жұбайы Сафия анамыз, Алла оған разы болсын, сөздерінен былай деп жеткізеді:

«Бір күні маған Аллах Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, келді. Менің алдымда төрт мыңның үстінде құрма сүйегі болды, мен онымен Алланы еске алу үшін шоттар жүргізіп пайдаланатын едім. Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, маған зер салып: «Алдыңда жатқан бұл не?» деп сұрады. Мен: «Бұл құрма сүйектері, мен онымен шот жүргізіп Алланы еске аламын» деп жауап бердім. Содан соң Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтты: «Дәл сол сәтте мен сенің алдыңда, Алла Тағаланы құрметтеп ардақтадым сенен гөрі». (Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Сафия анамызға бұл дұрыс емес немесе бұл бидғат, болмаса тыйым салынған деп айтқан жоқ.) Одан кейін Сафия анамыз, Алла оған разы болсын, айтады: «Ей Алланың Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мені де бірнеше рет Алланың атын ұлықтап айтуға бұл әдіске үйретіңізші!» Содан Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтты: «Айт: «Субханаллаһи’ адада һалқиһи» (Аллаһ Тағаланы қанша жаратылысы бар болса, соншалықты ұлықтап мадақтадым)». [Қр. Сахих имам Әт-Тирмизи.]

Кейінірек бір топ адамдар пайда болды, олар аздап араб тілін меңгеріп алып тәспіні мойындамай теріске шығара бастады. Дін маманы болған ғалым Мұхаммед Ахмад қажының баласы Хватрикуни ауылынан, Мұхаммед баласы Абдурашид, Аракуни ауылынан болған Мұхаммедке өзінің жазылған хатын былай баян етеді: «Бүгін біздер бақытты адамдармыз, өйткені біздің пікірлесіміз әрі жақтасымыз Сауд Арабиясының басшысы болды. Енді біздер сол тәспіні (тізбегі бар моншақты) тартып алып солардың беттеріне ұратын болдық».
Бұл бәрі-бір төрт мың құрма тасы бар моншақты алып Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жұбайы Сафия анамыздың, Алла оған разы болсын, бетіне ұрғанымен тең. Бұл жерде бұндай адамдарға Алла Тағаланың мейрімділігі болмайтындығы және бақыты берілмейтіндігі түсінікті болар.

Имам Ахмад, Алла оны рақым етсін, өзінің «Әз-Зухд» кітабында былай деп жазады:

«Сахаба Әбу Дарда да, Алла оған разы болсын, кішкентай келген қалтасы бар еді, оның ішінде құрма сүйектері болатын. Екінті намазынан кейін ол сол қалтаның ішінен бір-бірлеп құрма сүйектерін шығарып шот жүргізіп, олар біткенше Алланы еске алып отыратын еді».

Атақты дін ғалымы Ибн Әбу Шайба, Алла оны рақым етсін, былай деп жазады: сахаба Әбу Саид әл-Худри, Алла оған разы болсын, Алла Тағаланы ұсақ тастарды пайдаланып мадақтап отыратын еді.

Сондай-ақ Пайғамбардан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көптеген хадис жеткізген сахаба Әбу Хурайра да, Алла оған разы болсын, екі мың түйіншектелген жібі болатын – ол оны тәспі ретінде пайдаланған және ол сол түйіншектелген жіппен Алла Тағалаға мадақтар айтпайынша ұйықтауға жатпайтын еді.

Сағд ибн Әбу Уаққас, Алла оған разы болсын, тірі кезінде жәннатпен сүйіншіленген он сахабаның бірі, Алла Тағалаға ұсақ тастармен мақтаулар айтатын еді. Сәләф-солихиндерден болған ізгі тақуалы біреу былай деп хабар жеткізеді: «Алла Тағаланы еске түсіретін ең жақсы нәрсе ол тәспілер», — яғни тәспілер біздерге Жаратушымызды еске алуға қызмет етеді.
Мысалы: Бөтелке араққордың ойына алкоголь ішімдігін есіне салады, бос темекінің қорабы шылымқордың ойына темекіні есіне салады. Ал Құдайдан қорқатын мұсылманға тасбих (тізбегі бар моншақтар) Алла Тағаланы есіне салады.

Хасан әл-Басриде, Алла оған разы болсын, тәспі қолданған.

Бір күні Хасан әл-Басридің, Алла оған разы болсын, шәкірті өзінің түсінде ұстазынның қолында тізбегі бар моншақпен тұрғанын көреді де, одан сұрайды: «Ұстазым Құдайдың алдында дәрежеңіз жоғары болғанымен оған қарамастан, сіздің қолыңызда тізбегі бар моншақ ұстап тұрсыз ғой?» Хасан әл-Басридің, Алла оған разы болсын, жауабы: «Бастапқыда біздер бұл құралды Алла Тағаланы еске алу үшін пайдаландық және соңында да бұдан бас тартпаймыз. Мен Алла Тағаланы жүрегіммен еске алғым келеді, тіліммен және қолыммен – кейбір уақыттарда бұл үш дене мүшеммен де бірге».

Әбу әл-Аббас әр-Рауда, Алла оған разы болсын, былай дейді: «Хасан әл-Басридің, Алла оған разы болсын, сөзінен біз мынаны түсіндік, тәспі құралын қолдану Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының заманында пайдаланған, өйткені оның сөзі: «Бастапқыда біздер бұл құралды Алла Тағаланы еске алу үшін пайдаландық», — осы сөздерге мән бере отырсақ, тәспі сахабалардың заманында қолданылғанын көре аламыз, сондайақ Хасан әл-Басри, Алла оған разы болсын, сахабалардың дәуірінде өмір сүрген. Қалаған адам Ханафи мәзхабының көрнекті ғұламасы имам Лакнауидің, Алла оған разы болсын, кітабын қараса болады «Нузхат әл-фикр фи субхат әз-зикр», 16-17 беттер».
Басқа үлкен ғұлама шафиғи мазхабынан болған имам Ибн Хаджар әл-Хайтами, Алла оны рақым етсін, өзінің «Зауаджир» кітабында, жібек мата туралы бабында былай деп жазады: «Жібек жіпті тізбектелген моншаққа пайдалануға болады». Осы жерде біздерге жібек жіпке тағылған болса да тәспі (тізбегі бар моншақ) рұқсат етілгендігі белгілі болды.

Әйгілі ғалым Ибн `Алан, Алла оған разы болсын, «И`қад әл-масабих фи иттихаз әл-масабих» кітабында (Имам Нәуәуидің, Алла оған разы болсын, «Әл-Әзкар» кітабына пікір білдірген) жазылған, яғни тәспімен Исламның бірінші ғасырынан бастап пайдаланған.

Ханафи мәзхабының көрнекті ғалымы Мулла Әли әл-Қари, Алла оны рақым етсін, «Миркат» кітабында, сахаба Ибн Әби Уаққасты, Алла оған разы болсын, баяндайтын бабында айтады, қандай тәспі болса да ешқандай айырмашылық жоқ: тізбектелген моншақта, әлде қалтаның ішіндегі ұсақ тас немесе құрма тасты бидғат деп жүрген адамдарға мән берудің қажеті жоқ.

Үлкен құрметті ғұламалардың сөзі бар, тәспі – бұл шайтанды, оған Алланың лағнеті болсын, ұратын қамшы.Егер мұсылман адам қолындағы тәспімен Алла Тағаланы еске алса, онда ол сол қамшысымен шайтанды, оған Алланың лағнеті болсын, бір рет ұрған болып саналады, кейін діндар адам Пайғамбарымызға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, салауаттар айта бастаған кезде, шайтан өзіне екінші соққыны алады, ал содан кейін барып мұсылман адам өкініп Алладан кешірім сұрай бастаған кезде «АстағфирАллах (Аллахым мені кешіре гөр)» — деп айтқанда, ол шайтанды, оған Алланың лағнеті болсын, үшінші рет ұра бастайды.

Ислам ғалымдарынан болған қызықты тарихи оқиғалар.

Имам әс-Суютиден, Алла оны рақым етсін, өте қызықты болған тарихи оқиға жеткен.
Бірде ол әл-Құддыс бағытына қарай керуенмен бірге жол жүріп келе жатқандағысын айтқан еді. Олардың керуендері шапқыншылыққа ұшырап дүние-мүліктерін тонауға алып, тартып ала бастады. Дәл солай имам ас-Сүютидің, Алла оны рақым етсін, де дүние мүліктерін тартып ала бастады. Сол уақытта имамның сәлдесінен тәспі түсіп қалады, шапқыншылар бұны көріп қалып сол сәтте барлық тартып алған заттарын қайтарып беріп, өздері кетіп қалды.

Имам ас-Сүютидің, Алла оны рақым етсін, өзі бұл жөнінде былай дейді: «Көрдіңіздер ме? Бұл құралдың осы өмір мен келесі өмірдің игілігіне жетелейтін пайдасына алып келгенін (яғни тәспіні айтып тұр)».

[Дереккөз: «Нузһат әл-фикр фи сабхат әз-зикр», 25]



Имам ән-Нәуәуи, Алла оны рақым етсін, былай деп жазады:

والسُبْحة: بضمِّ السِّينِ وإسكانِ الباءِ، خَرَزٌ منظومةٌ يُسبَّح بها معروفة، تَعْتادُها أهلُ الخيرِ

«Әс-Субһа (яғни тәспі): Дамма әріпімен «әс-син» және сукун әріпімен «әл-ба». Бұл тізбектелген моншақтар, сол арқылы тәспі/зікр етіледі, бұл белгілі нәрсе. Оны пайдалану – әһлюл-хайр, яғни мейрімді адамдардың ісі».

[Дереккөз: «Тахзибул Әсма уәл-Люғ`ат» 3/143-144.]



Дереккөз: darulfikr.ru 
Аударған: darulahnaf.com