Пәтуәлар

Ибн Таймия Алланың “Йад” сипаты жайында

Жалған-сәләфилер "Шейхул Ислам" санайтын шейхы Ахмад Ибн Таймия Алланың “Йад” сипаты жайында өзінің "Мәджуа әл-фатауа" кітабында былай деген:




"Иса, оған Алланың сәлемі болсын, және оның анасы жайында Алла Тағала: “Мәриям ұлы Мәсиһ; бір пайғамбар ғана. Одан бұрын да пайғамбарлар өткен. Оның анасы шыншыл. Екеуі де тамақ жейтұғын” [Мәида сүресі,75 аят]. Алла Тағала бұл аятты Иса ғәлейһи сәләм мен Мәриям анамыздың Құдай сипатын жоққа шығару үшін және Өзін бұл нәрседен пәк екенің келтірді, яғни бауыр, көк бауыр сияқты ағзалардан және сол секілді ішіп жеу ағзаларынан. Бірақ "қол" сипаты олай емес, өйткені "қол" Аллаға жұмыс және қимылға қажет,себебі Алла іс-қимыл және жұмыспен сипатталған, осылайша ол кемел сипаттардан болып табылады..."
[Дереккөз: Ибн Таймия "Мәджуа әл фатауа" 86/3 ]
_____________________________________

 Бұл мәселедегі Әһли Сүнна Уәл Жамағат ұстанымы: 

 Сәләф ғұламалары Құрандығы Муташаббиһ аяттар мен хадистердегі мағынасы нақты айқын емес хабари сипаттарға қатысты мынандай негіздер ұстанған.
 1. Белгілі бір ағзаны немесе жаратылғандарға тән іс-әрекетті білдіретін сөздердің тура мағынасын Ұлы Жаратушыға телу мүмкін емес. Алла Тағала одан пәк.
2. Алла Тағалаға ешбір нәрсе ұқсамайтыны секілді Алла Тағала да ешбір нәрсеге ұқсамайды.
3. Сондай-ақ Алла Тағаланы кемшіліктерден пәктеймін деген ниетпен аяттағы Алла мұрат еткен мағынасын түгелдей жоққа шығармау (таътил).
4. Мұндай сөздердің нақты мұрат болған мағынасын Алланың шексіз іліміне қалдыра отырып, айтылғанға жалпылай иман келтіру (тафуид). 

Ханафи мәзхабының ғұламасы әл-Хаким Самарқанди әл-Ханафи (345 х/956 м) рахимахулла, былай деп айтқан:

 ومَن قال بتشبيهِ الله تعالى بشيءٍ أو أثْبَتَ له جارحةً سمي كرَّاميا ومشبِّها 

«Алла тағаланы кезкелген бір нәрсеге ұқсататындар немесе Оның мүшесі бар дейтіндерді каррами немесе мұшаббиһа деп атайды».
[Дереккөз: әл-Хаким әс-Самарканди: "әс-Сауадул Ағзам" 65 ]

Егер олар «Алланың қолы бар, бірақ біздің қол сияқты емес» деген кезде «біздің қолымыз сияқты ағза, ұстайтын құрал мағынасында емес» дегенді айтқысы келсе, онда оларды шатасып жүр демес едік. Алайда олар «йад» (қол), «ъайн» (көз) сөздерінің тілдік тура мағынасын жоққа шығармаймыз, қандай мағынаны білдіріп тұрғанын да білеміз, тек сипаттың нендей кейіпте болатындығын ғана Аллаға тапсырамыз» дейді. Оларға айтар уәжіміз егер сендер өздерің айтқандай «Алланың қолы, көзі» дегендегі «қол» мен «көз» сөздерінің тура мағынасын жоққа шығармасаңдар әрі олардың мағынасын біліп, түсінген болсаңдар, онда бізге бұл сөздерден түсінген мағыналарыңды айтып беріңдерші!
Ескерте кетейік, біз олардан Алланың қолы мен көзінің қандай кейіпте болатындығын айтып беріңдер деп отырған жоқпыз. Тек қол мен көздің өздері түсінген жалпы мағынасын айтып беруді талап етіп отырмыз! Олар бұл сұрағымызға «көру мен ұстауға арналған «ағза, құрал» мағынасында» деп жауап берсе, онда олардың адасқандықтарына басқа дәлелдің қажеті жоқ. Себебі, Алланың көзі мен қолы біздің, тіпті ешбір жаратылыстың көзі мен қолына ұқсамайақ қойсын, оның жалпы ұғымы мұқтаждықты, денені әрі бөлшектерден құралғандықты білдіреді. Міне сондықтан көзі жоқ адам соқыр, қолы жоқ адам мүгедек болады.
Ал Алла еш бір нәрсеге мұқтаж емес, дене ұғымынан да пәк. Ол еш нәрсеге ұқсамайды. Алла көреді, бірақ көру үшін белгілі бір ағза мен құралға әсте мұқтаж емес. Алла жаратады, істейді бірақ жарату, істеу үшін қолға да, ешбір құралға да мұқтаж емес!
Ал егер олар «қол мен көз ағза мағынасында емес» деп жауап берсе, онда бастағы айтқан «тура мағынасын жоққа шығармаймыз» деген сөздеріне өздері қайшы келіп отырғандықтарын естеріне саламыз. Себебі, қол мен көздің тура мағынасы белгілі бір ағзаны ғана білдіреді.»

Шейхул Ислам - Әбу Закария Яхья ибн Шараф Ән-Науауи Шафии (676 һ/1277 м) рахимахулла Имам Мүсімнің «Сахих» кітабына жазған шархында Алла Тағала ешнәрсеге ұқсамайтын дене деп айтатындар жайлы :
 «Әл-Мазари (536 һ/1141 м) айтады: "Ибн Кутайба әлгі мәселеде қателесті, өткені сол хабарды тура мағынасында түсінді, оның айтуынша Аллада бейнесі бар бірақ адамның бейнесіне ұқсас емес. Бұл сөз анық адасушылық, өйткені әрбір бейнесі бар бөлшектерден (элемент) тұрады, ал барлық бөлік не бөлшектен тұратын нәрсе жаратылған, ал Алла тағала жаратылмаған, сондықтан Аллада бейне мен құрамы жоқ".
 Енді Әһли Сүнна : "Алла басқаларға ұқсайтын - ешнәрсе емес" деді , ал мушаббиха : "Алла - дене, бірақ басқаларға ұқсамайтын дене" дейді. Осы екі тұжырым арасында үлкен айырмашылық бар, өйткені "ешнәрсе емес" деген сөзі пайда болу және бөліну мағынасын бермейді, ал "дене" сөзі бейнесі бар және бөліктерге бөліну мен пайда болуды меңзейді». 
[Дереккөз:Имам ән-Науауи «Шарх Сахих Муслим», 16/166]

 Имам Тахауи, рахимахуллах, былай деп айтты:
«Біз Алла Тағаладан біздерді теріс сенімдерден және адасқан топтардан қорғауымызды жалбарынып сұраймыз, мушаббиха, муғтазили, жәһми, жәбари, қадари және сол сияқтылар Сүннет пен Жамағаттан ауытқып бұрыс сенімдерін қорғайтындар. Біз олармен кез келген байланысты жоққа шығарамыз, және біздің пікірімізше олар адасушылықта және апат жолында». 
[Дереккөз:Имам Әбу Жағфар ат-Тахауи "әл-Ақида ат-Тахауия"]


Дайындаған: darulahnaf.com