Пәтуәлар

Хазірет Омар «тәбәрікке» тыйым салғанба?


Кейбір жалған дін жанашарлары «тәбәрікке» тыйым бар екендігі жайында, сахабалар Пайғамбарымызға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, талдың көлеңкесінің астында серт берген жайындағы (бай`ату ридуән) оқиғасы, және кейіннен хазірет Омар, оған Алла разы болсын, халифалық тұсында сол талға мұсылмандардың «тәбәрік» қылғандарына қарсы болып, оны шабуға бұйырған – деп, сол баяндаманы дәлел ретінде алға тартады! Біздің қарсыластарымыз осы сөзге негізделе отырып, хазірет Омар, оған Алла разы болсын, «тәбәрікке» қарсы болғандығын дәлелдегілері келеді. Надандар бұл баяндамаға соқыр қадала отырып және соған негізделе өздерінің адасушылығында олар оның түпкі мақсат ақиқатын біле алмады, алайда кейіннен сенімді риуаяттармен оны білетін боламыз.

Бұл мақалада хазірет Омардың, оған Алла разы болсын, негізгі оқиға себебін түсіндіреміз Алла қаласа, өйткені оның дұрыс ақиқат мағынасы, бидғатшылардың айтқандарына қарама-қайшы болып келеді.


Ибн Са`д, Алла оны рақым етсін, өзінің «әт-табақат» кітабында, Нафи`адан былай деп жеткізеді:

عَنْ نَافِعٍ، قَالَ: " كَانَ النَّاسُ يَأْتُونَ الشَّجَرَةَ الَّتِي يُقَالُ لَهَا شَجَرَةُ الرِّضْوَانِ فَيُصَلُّونَ عِنْدَهَا قَالَ: فَبَلَغَ ذَلِكَ عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ فَأَوْعَدَهُمْ فِيهَا وَأَمَرَ بِهَا فَقُطِعَتْ "

«Адамдар «шаджарату ридуән» дейтін талға келіп және оның қасына намаз оқитын. Әрі қарай ол былай дейді: «Бұл жағдай Омар ибн әл-Хаттабқа хабар жетіп, оларға қатаң сөгіс жасап және талды шабуға бұйырады, кейін оны олар (талды) шауып тастайды».
[Дереккөз: Ибн Са`д, «әт-табақатул-кубра», 4-том, 100-бет.]

Хадистің сыртқы мағынасына қарайтын болсақ хазірет Омар, оған Алла разы болсын, талды шабуға бұйырып және «тәбәрікке» қарсы болған сияқты болып көрінеді, алайда негізгі оның шабуға бұйырған мақсат нәтижесі, дәл сол серт берген тал – белгісіз болып табылады (яғни, оны ешкім білмейді қайда екендігін). Адамдардың қажылық етуге барған талы, сахабалардың серт берген талы емес еді.

Бұл жайында имам Бұхариден жеткен хадис куәлік бола алады:

عَنْ سَعِيدِ بْنِ الْمُسَيَّبِ ، عَنْ أَبِيهِ ، قَالَ لَقَدْ رَأَيْتُ الشَّجَرَةَ ثُمَّ أَتَيْتُهَا بَعْدُ فَلَمْ أَعْرِفْهَا قَالَ مَحْمُودٌ ثُمَّ أُنْسِيتُهَا بَعْدُ.

«Саид бин әл-Мусайбтің әкесінен: Мен ол талды көрдім, сосын кейін мен ол жақа барғансон оны танымай қалдым. Махмуд айтады (Махмуд бин Ғилян - риуаятшы, одан имам Бұхари хадистер жеткізді): Содан кейін мен, соны (талды) ұмыттыруға бір нәрсе (іштей) итермеледі».
[Дереккөз: Әл-Бұхари «Сахих», №4162, «ғазауат худайбия» бабы.]

Сондай-ақ Тариқ бин Абдуррахманнан былай деп жетті:

عَنْ طَارِقِ بْنِ عَبْدِ الرَّحْمَنِ، قَالَ: انْطَلَقْتُ حَاجًّا، فَمَرَرْتُ بِقَوْمٍ يُصَلُّونَ، قُلْتُ: مَا هَذَا المَسْجِدُ؟ قَالُوا: هَذِهِ الشَّجَرَةُ، حَيْثُ بَايَعَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بَيْعَةَ الرِّضْوَانِ، فَأَتَيْتُ سَعِيدَ بْنَ المُسَيِّبِ فَأَخْبَرْتُهُ، فَقَالَ سَعِيدٌ، حَدَّثَنِي أَبِي " أَنَّهُ كَانَ فِيمَنْ بَايَعَ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ تَحْتَ الشَّجَرَةِ، قَالَ: فَلَمَّا خَرَجْنَا مِنَ العَامِ المُقْبِلِ نَسِينَاهَا، فَلَمْ نَقْدِرْ عَلَيْهَا "، فَقَالَ سَعِيدٌ: «إِنَّ أَصْحَابَ مُحَمَّدٍ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ لَمْ يَعْلَمُوهَا    وَعَلِمْتُمُوهَا أَنْتُمْ فَأَنْتُمْ أَعْلَمُ»

«Мен қажылыққа барғансон, намаз оқып жатқан адамдар арасынан өттім. Мен олардан: «Бұл қандай құлшылық орны?». Олар: «Бұл талдың қасында пайғамбарымызға, оған Алланың игілгі мен сәлемі болсын, (сахабалар) серт берді «бай`ату ридуән». Сосын мен Саид бин Мусайбқа барып, болған жағдайды айттым. Ол: «Маған менің әкем былай деп айтқан: «пайғамбарымызға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, серт бергендер арасында менде бармын. Сосын біз келесі жылы сол жерге жолға шықтық және біз, ол (талды) таба алмадық». Саид айтады: «Расында Мұхаммедтің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары ол жерді білмейді, ал сендер білесіңдер. Сендер тіпті оларға қарағанда біліктісіңдер!».
[Дереккөз: Әл-Бұхари «Сахих», №4163, «ғазауат худайбия» бабы.]

Бұл хадис бізге анық көрсетіп тұр, яғни сахабалар серт берген тал қай жерде екендігін ұмытып қалғандарын. Демек егер оны сахабалар серт берген күннің келесі жылына, оның қай жерде екендігін ұмытса, онда тіпті оны хазірет Омардың, оған Алла разы болсын, уақытында да ешкім білмейді. Сондықтан хазірет Омар, оған Алла разы босын, талды шабу бұйрығының мақсаты «тәбәрікке» қарсы болғандығының белгісі емес, керсінше ол (тал) қай жерде екендігі белгісіз болғандықтан.

Ибн Хаджар әл-Асқалани (773-852 һ.ж./1372-1449 м.ж.), Алла оны рақым етсін, хадиске қатысты былай деп жазады: 
          
قَوْلُهُ نَسِينَاهَا فِي رِوَايَةِ الْكُشْمِيهَنِيِّ وَالْمُسْتَمْلِي أُنْسِينَاهَا بِضَمِّ الْهَمْزَةِ وَسُكُونِ النُّونِ أَيْ أُنْسِينَا مَوْضِعَهَا بِدَلِيلِ فَلَمْ نَقْدِرْ عَلَيْهَا قَوْلُهُ فَقَالَ سَعِيدٌ أَي بن الْمُسَيَّبِ إِنَّ أَصْحَابَ مُحَمَّدٍ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ لَمْ يَعْلَمُوهَا وَعَلِمْتُمُوهَا أَنْتُمْ فَأَنْتُمْ أَعْلَمُ قَالَ سَعِيدٌ هَذَا الْكَلَامَ مُنْكِرًا وَقَوْلُهُ فَأَنْتُمْ أَعْلَمُ هُوَ عَلَى سَبِيلِ التَّهَكُّمِ ٌ

«Оның сөздері “біз оны ұмытып қалдық” әл-Кушмихани және әл-Мустамлидің риуаятында былай айтылады «أنسيناها» дамма харекесі «хамзаның» үстінде және сукун харекесі «нун» әріпінің үстінде, яғни “бізді бір нәрсе сол жерді ұмыттырды” бұған дәлел болатын “біз ол жерді таба алмадық”. Оның сөздері “Саид бин Мусайб айтады: Расында Мұхаммедтің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары ол жерді білмейді, ал сендер білесіңдер. Сендер тіпті оларға қарағанда біліктісіңдер!”. Саид бұл сөздерді сөгіс ретінде, ал “Сендер тіпті оларға қарағанда біліктісіңдер!” деген сөздер, мазақ ету көрінісінде айтты».
[Дереккөз: Ибн Хаджар әл-Асқалани, «Фатхуль-Бари», 7 том, 447 бет.]

Бұл біздерге мынаны сілтейді, пайғамбарымызбен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, байланысты қызықты оқиға болған жерлер, сахабаларды қызықтырмады деген сөз емес, керсінше олар оны Алла Тағаланың қалауымен ұмытты. Өйткені сол уақытта көптеген бәдауилер әліде сенім мен имандарында әлсіз болулары, және олар сол жердің маңыздылығын дұрыс түсінбей Аллаға серік қосып қоюлары мүмкін еді. Ал егерде сахабаларға ол жер маңызды болмаса, онда келесі жылына оны іздемейтін еді.

Ибн Хаджар әл-Асқалани (773-852 һ.ж./1372-1449 м.ж.), Алла оны рақым етсін, былай деп айтады:

وَبَيَانِ الْحِكْمَةِ فِي ذَلِكَ وَهُوَ أَنْ لَا يَحْصُلَ بِهَا افْتِتَانٌ لِمَا وَقَعَ تَحْتَهَا مِنَ الْخَيْرِ فَلَوْ بَقِيَتْ لَمَا أُمِنَ تَعْظِيمُ بَعْضِ الْجُهَّالِ لَهَا حَتَّى رُبَّمَا أَفْضَى بِهِمْ إِلَى اعْتِقَادِ أَنَّ لَهَا قُوَّةَ نَفْعٍ أَوْ ضَرٍّ كَمَا نَرَاهُ الْآنَ مُشَاهَدًا فِيمَا هُوَ دُونَهَا وَإِلَى ذَلِك أَشَارَ بن عُمَرَ بِقَوْلِهِ كَانَتْ رَحْمَةً مِنَ اللَّهِ أَيْ كَانَ خَفَاؤُهَا عَلَيْهِمْ بَعْدَ ذَلِكَ رَحْمَةً مِنَ اللَّهِ تَعَالَى

«Оның даналығын (яғни хазірет Омардың талды шабуға бұйырған себебін) түсіндіретін болсақ, бұның арты фитна/бүлік тумас үшін, өйткені оның (талдың) астында ізгі амал жасалды (бай`ату ридуән). Егерде ол тал болған жағдайда, кейбір надандар оны ұлықтап және кейін бұл талдың қасиеті бар әрі ол пайда немесе зиян тигізеді деген сенімге әкелсе, онда одан ешкім сақтаналмай қалар еді және бұны бүгінгі күндерімізде соған ұқсас нәрселерді көріп жүргеніміздей. Осыған қатысты Ибн Омар сөздерімен былай деп сілтейді – “бұл Алланың рақымы еді”, яғни талдың жасырылуы Алла Тағаланың адамдарға деген рақымшылығы».
[Дереккөз: Ибн Хаджар әл-Асқалани, «Фатхуль-Бари», 6 том, 118 бет.]

Жоғарыда келтіргендерге қарасақ хазірет Омар, оған Алла разы болсын, «тәбәрік» қылуға тыйым салмағандығы анық көрініп тұр. Өйткені хазірет Омар қалай «тәбәрікке» тыйым салады егер өзі «тәбәрік» жасаған болса? Көпшілігіне мына оқиға белгілі болар, хазірет Омардың жан тапсырайындеп жатырған уақытында хазірет Айшадан, оған Алла разы болсын, оның бөлмесіне жерленуіне рұқсат сұраған еді. Өйткені ол, пайғамбарымызбен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, және Әбу Бәкір, оған Алла разы болсын, қастарына жерленуін және олардан берекесін (тәбәррік) алуға қалаған емеспе?

Ибн Әби Шейба, Алла оны рақым етсін, былай деп келтіреді:
«Бірде Омар ибн әл-Хаттаб қажылықтан оралғансон адамдардың белгілі бір орындарда (Мәдина қаласының аймағында) намаз оқып жатқандарын көріп былай сұрайды: «Бұл не өзі?». Оған: «Бұл Алла елшісінің сәжде еткен орындары». Хазірет Омар оларға: «Сендерге дейін дәл осындай күйде кітап иелері құрдымға ұшырады, олар өз пайғамбарларының іздерін құлшылық орындарына айналдырып алды (асаруль-әнбия). Егер сендер сол орындарда намаз уақытына тап болсаңдар, онда сол жерде оқыңдар, ал егер намаз уақытына тап болмасаңдар, ол жерлерден өтіп кетіңідер».
[Дереккөз: Ибн Әби Шейба, «Мусаннаф», 2/376; Ибн Хаджар бұл оқиғаны сенімді деді.]
Ибн Таймия, Алла оны рақым етсін, жоғарыда келтірілген хадиске қатысты, былай деп жазады:
فقد كره عمر رضي الله عنه اتخاذ مصلى النبي صلى الله عليه وسلم عيدا، وبين أن أهل الكتاب إنما هلكوا بمثل هذا

«Хазірет Омар, оған Алла разы болсын, пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, намаз оқыған жерлерін мерекелік (немесе мейрамдататын) орын қылуға, қарсы болды! Өйткені кітап иелері дәл сондай істері үшін құрдымға ұшырады деп түсіндірді».
[Дереккөз: Ибн Таймия, «Иқтидау-с-сиратиль мустақим», 273 бет.]


Әлемдердің Раббысы Алла Субханауә Тағалаға сансыз мадақтар болсын.

Мақала түпнұсқасы: al-fatava.com
Дереккөз: al-gidatli.livejournal.com
Аударған: darulahnaf.com