Пәтуәлар

Исламдағы «құл», «құл сату», сатып алу мәселесі жайында.





Сұрақ: «Исламда құл жəне құл сату немесе сатып алу деген бар. Осы əділетсіз сезіледі, күмəнді кетіру үшін бір нәрсе айтып беріңізші». 


«Өте оригиналды сұрақ екен. Күмəнді кетіру үшін бір нәрсе айтып беріңізші – дейді…».


Жауап: Саған екі мəселе айтып беремін:

Біріншіден: Сенің жүрегіңде — діндегі мəселенің барлығы тұп-тура, ешқандай қатесі жоқ деген сенім болу керек. Сен дəлелін білмеуің мүмкін, ол сенің проблемаң, бірақ ол Исламның проблемасы емес. Сенен бір мəселе сұраса білмей қалуың мүмкін, ал ол жоқ деген сөз емес, ол бар сен оны білмейсің, болды. Сол үшін сондай сенім болу керек Ислам үкімдерінің барлығы тұп-тура, одан басқа ақиқат болуы мүмкін емес деген жүрегіңде орнауы керек. Біздің мұсылмандығымыз осы.

Екіншіден: Не үшін бұндай? Ислам барынша құл менен күңді жоқ қылуға тырысады. Бұны айтудан бұрын бір мысалмен түсіндірейін, кейін түсінікті болады. Көшеде кетіп жатқаныңда бір мас келіп сені ұрады. Не істеуің керек? Бірінші қашу керек. Жетіп алды. Не істеу керек? Қорғану керек. Болмады, ұрып жатыр. Не істеу керек? Тең дауласып ұруың керек. Сенің үстіңнен түсейін деп жатыр. Не ?… Онда ұрып тастауың керек.

Төрт баспалдақпен: 

Бірінші — кашасың, екінші – қорғанасың, үшінші — теңдей ұрысасың, тағы болмаса – ұрып тастайсың. Исламда ұру бар ма? — Жоқ. Бірақ қашан ұрасың? — Ол ұрғанда.

Исламда құлдық жоқ. Исламда адамның құл болатын бір ғана жолы бар, азаттыққа шығатын мың жолы бар. Оразада əйеліңмен қосылып қойсаң — каффараты ретінде біреуді азаттыққа шығар, миллион тоқсан тоғыз жолы бар. Бірақ адамның құл болатын бір ғана жолы бар — бұл дегеніміз мұсылман мен мұсылман емес өлкенің ортасында соғыс болғанда, қолға түскен мұсылман еместер ғана құл болады. Өйткені, олар бізді қолға түсірсе, онсыз да құл қылып алады. Олар бізді құл қылып жатса, біз оларды құл қылмауымыз керек пе? Олар сені ұрып жатса да жата бересің бе? «Оң жақ бетіңнен ұрса, сол жағыңды қоя ғой» лох болып қал деген ол Інжілдегі сөз. Бізде ондай емес! Бізде қаш, болмаса теңдей күрес деген. Сондай!

Алланың құлшылығынан қашса, Құдай Тағалам соларды, Құдайдың құлына құл қылып қояды деген сөз. Бұл бір ғана жол, өйткені олар да бізді осылайша құл қылып жатады. Бірақ азаттыққа шығаратын жол өте көп біртуғандарым.

Қазір Құдайға шүкір құлдық заман жоқ. Бірақ Ауғаныстанға кіріп, сол жердегі Американың, басқалардың адамдары кіріп басымшылық қылғанда, қолға түскендердің барлығы, шариғат бойынша құл деп есептеледі. Ауғандықдар соларға құл үкімінде мəміле кылады. Естеріңнен шығармаңдар.

Күмəн кетті ме..?

Шейх Чубак Қажы Жалилов хафизахулла 

Дереккөз: Nasaat Media
Аударған: darulahnaf.com