Пәтуәлар

Ізгі тақуа адамдар арқылы тәбәрік қылу жайында.

Әһли Сунна Уәл Жамаға ғалымдарының пікірі 

Тәбәрік (теберік) – естелік үшін алынатын не пайдаланатын қастерлі зат. 

Имам Муслим, оған Алланың рақымы блсын, өзінің сахихында былай деп хадис жеткізеді:

 وفي «صحيح مسلم » عن أسماء بنت أبي بكر قالت : هذه جبة رسول الله صلى الله عليه وسلم ، فأخرجت جبة طيالسة كسروانية لها لبنة ديباج . وفرجاها مكفوفان بالديباج ، فقالت : هذه كانت عند عائشة حتى قبضت ، فلما قبضت قبضتها ، وكان النبي صلى الله عليه وسلم يلبسها ، فنحن نغسلها للمرضى يستشفى بها 

 Асма бинт Әби Бәкірдің, оған Алла разы болсын, азат еткен құлы Абдулла, былай деп хабарлайды: «Асма, мені Абдуллах ибн Омарға жұмсады. Кейін мен келіп Асмаға мән-жәйды айттым, сосын ол айтты: «Міне пайғамбардың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шапаны». Ол (Асма) маған парсылық матамен жиегі қамқаланған плащты әкеліп берді де, былай деп айтты: «Бұл шапан пайғамбырымыздікі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, алдымен ол Айшада сақталды, сосын ол қайтыс болғаннан кейін, мен оны өзіме алып кеттім. Біз оны суға шайятынбыз, сосын науқастанғандар онымен емделетін». 

Шейхуль Ислям, имам Мухиддин ан-Нәуәуи (631-676 һ.ж./1233-1277 м.ж.), Алла оны рақым етсін, «Сахих» Муслимге жасаған өзінің шархында/түсіндірмесінде, былай деп пікір айтады:

وَفِي هَذَا الْحَدِيث دَلِيل عَلَى اِسْتِحْبَاب التَّبَرُّك بِآثَارِ الصَّالِحِينَ وَثِيَابهم 

«Бұл хадис ізгі адамдардың киімдері және заттары арқылы тәбәрік қылуға дәлел ретінде ұсынады». [Дереккөз: шарх «Сахих» Муслим, 1571-бет. Дар Ибн Хазм баспасы] 

Имам әл-Бұхари, Алла оны рақым етсін, өзінің «Сахих» жинақтарында, келесі хадисті былай деп жеткізеді:

 وَأَخْرَجَ البُخَارِيُّ في صَحيحِهِ أَنَّ عِتْبَانَ بنَ مَالِكٍ لَمَّا زَارَهُ الرَّسُولُ صلى الله عليه وسلم في بَيْتِهِ قالَ لَهُ الرَّسُولُ «أَيْنَ تُحِبُّ أَنْ أُصَلِّيَ» فَحَيْثُ صَلَّى رَسُولُ اللهِ صلى الله عليهِ وسلَّمَ اتَّخَذَهُ عِتْبَانُ مُصَلَّى 

«Утбан ибн Мәлік – пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Бәдір соғысына қатысқан сахабаларының бірі, ол көзі көрмей қалған кезде пайғамбарымызға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты: «Уа, Алланың елшісі! Сізді менің үйіме келіп және сонда намаз оқуыңызды қалаймын. Мен ол жерді өзімнің намаз оқитын орын етіп аламын». 

Хафиз Ибн Хаджар әл-Асқалани (773-852 һ.ж./1372-1449 м.ж.), Алла оны рақым етсін, өзінің «Фатх әл-Бәри» түсіндірмесінде , бұл хадистен пайдасын тигізу жайында, былай деп пікір жазады:

 وفيه التبرك بالمواضع التي صلى فيها النبي –صلى الله عليه وسلم- أو وطئها. قال: ويستفاد منه أن من دُعي من الصالحين ليُتبرك به أنه يجيبُ إذا أمن الفتنة 

 «Бұнда тәбәрік жайында айтылған, ол жерде пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, намаз оқығандығы және оның аяғы сол жерді басқандығы туралы айтылып тұр. Сондай-ақ, егер ізгі біреуден берекетін (баракат) алуы үшін оны шақырса және бұл қауіпсіз болса, онда ол шақырғанға жауап беруі керек». 
[Дереккөз: Ибн Хаджар әл-Асқалани, «Фатх әл-Бәри», 46-тарау, 425-хадис, намаз жайындағы кітап.]


Әт-Табарани мен имам әл-Байхақи, оларға Алланың рақымы болсын, Абдуллах ибн Омардан жақсы тізбекпен, былай деп жеткізеді:

من حديث ابن عمر رضي الله عنه بإسناد حسن قال: وكان رسول الله يبعث إلى المطاهر فيؤتى بالماء فيشربه يرجو بركة أيدي المسلمين

«Алла елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тазаратын жерге (дәретханаға)  жұмсады және ол жерден оған (артылған таза судан) су алып келінді. Мұсылмандардың қолынан Ол оны ішетін, яғни одан берекесін алу үшін».
[Дереккөз: Имам әл-Байхақи «Шу`айбуль-Иман», №2669; әт-Табарани «әл-Кабир», №235 және «әл-Аусат», №806.]

Хавиз әл-Хайсами, Алла оны рақым етсін, былай деп айтқан:
قال الهيثمي: رجاله موثقون

«Хадисті жеткізушілер сенімді». [Дереккөз: Әл-Хайсами, «Маджму әз-Зауәид», 1/14.]

Имам, мухаддис Әбу Омар ибн Абдиль-Барр әл-Мәлики (368-463 һ.ж./978-1071 м.ж.), Алла оны рақым етсін, бір хадиске былай деп пікір айтады:

وفي هذا الحديث دليل على التبرك بمواضع الأنبياء والصالحين ومقاماتهم ومساكنهم وإلى هذا قصد عبد الله بن عمر بحديثه هذا، والله أعلم

«Бұл хадисте пайғамбарлар мен ізгі адамдардың орындары және олардың өмір сүрген жерлері арқылы, тәбәрік етуге нұсқайды, және Абдуллах ибн Омар осы хадисті айта отырып соны меңзеді. Алла Тағала дұрысын білуші».
[Дереккөз: Ибн Абдиль-Барр, «әт-Тамхид», 13/67.]

Имам Хатыб әл-Бағдади (392-463 һ.ж./1002-1072 м.ж.), Алла оны рақым етсін, «Тарих әл-Бағдад» кітабында, былай деп жазады:

كان سيدنا محمد بن إدريس الشافعي رضي الله عنه يقول: إني لأتبرك بأبي حنيفة وأجيء إلى قبره في كل يوم فإذا عرضت لي حاجة صليت ركعتين وجئت إلى قبره وسألت الله تعالى الحاجة عنده فما تبعد عني حتى تقضى

Біздің мырза Мұхаммед Идрис әш-Шафиғи, Алла оны рақым етсін, былай деп айтты: Мен имам Әбу Ханифа, оған Алланың рақым болсын, арқылы тәбәрік қыламын және оның қабіріне барып тұрамын. Менде қажеттілік болып қалған кездерде, алдымен намаз оқймын, кейін оның (Әбу Ханифаның) қабірінің басына барып, Алла Тағаладан қажетсінген нәрсемді сұраймын. Көп уақыт ұзамай сұраған дұғам қабыл болып орындалады».
[Дереккөз: Хатыб әл-Бағдади, «Тарих әл-Бағдад», 1/123.]


Имам Ибн әл-Джаузи әл-Ханбали (508-597 һ.ж./ 1116-1201 м.ж.), Алла оны рақым етсін, имам Ибрахим әл-Харбидің өмірбаяны жайында қысқаша былай деп келтіреді:

وَتُوُفِّيَ في بَغْدَادَ سَنَةَ خَمْسٍ وَثَمَانِينَ وَمِائَتَيْنِ وَقَبْرُهُ ظَاهِرٌ يتَبَرَّكُ النَّاسُ بِهِ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ

«Бағдад қаласында 285 һижра жылы дүниеден өтті. Оның қабірі белгілі және адамдар ол арқылы тәбәрік қылады, оған Алланың рақымы болсын».
[Дереккөз: Ибн әл-Джаузи әл-Ханбали, «
Сифату-с-Сафуәт», 2/410.]

Имам Зияуддин әл-Мақдиси әл-Ханбали (569-643 һ.ж./1174-1245 м.ж.), Алла оны рақым етсін, былай деп айтады:

سمعت الشيخ الإمام أبا محمد عبدالغني بن عبدالواحد المقدسي يقول: خرج في عضدي شيء يشبه الدمل وكان يبرأ ثم يعود ودام بذلك زمانا طويلا فسافرت إلى أصبهان وعدت إلى بغداد وهو بهذه الصفة فمضيت إلى قبر الإمام أحمد رضي الله عنه وأرضاه ومسحت به القبر فبرأ ولم يعد

«Мен (имам Зияуддин), имам шейх Әбу Мұхаммед Абдуль-Ғани ибн Абдуль-Уәхид әл-Мақдиси әл-Ханбалиден (541-600 һ.ж./1146-1203 м.ж.), былай деп айтқанын естідім: «Менің білегіме (шынтақтан білезік буынға дейінгі арасы) шиқанға ұқсас бір нәрсе шықты, кейін ол жазылды, сосын қайта шықты, осылайша ұзаққа жалғасыты. Мен Исфахан қаласына барып, сосын Бағдад қаласына қайттым, ал ол болса солай әлі шығып тұрды. Кейін мен имам Ахмад ибн Ханбалдың қабіріне бардым, оған Алланың рақымы болсын, және онымен (яғни білегіммен) қабірді үйкеледім, сосын ол жазылды және бұдан былай ауырмады».
[Дереккөз:
Имам Зияуддин әл-Мақдиси әл-Ханбали ,«әл-Хикаят әл-Мансура».]

Имам Әбу Абдуллах әл-Қуртуби (600-671 һ.ж./1204-1274 м.ж.), Алла оны рақым етсін, өзінің тәпсірінде, былай деп айтады:

أَمْره صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنْ يَسْتَقُوا مِنْ بِئْر النَّاقَة دَلِيل عَلَى التَّبَرُّك بِآثَارِ الْأَنْبِيَاء وَالصَّالِحِينَ , وَإِنْ تَقَادَمَتْ أَعْصَارهمْ وَخَفِيَتْ آثَارهمْ

«Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, «Би’ру Нақат» құдығынан су алдыртып бұйыруы, пайғамбарлар мен ізгі адамдардан қалған және тіпті егер олардың ғасыры алыс және іздері жоғалған болсада, (берекетін алуға) тәбәрік қылуға дәлел болып табылады».
[Дереккөз:
Имам Әбу Абдуллах әл-Қуртуби, «Әл-Джамиу ли Ахкамиль Қур`ан», 10/42; 15:80.]

Имам Таджуддин ас-Субки (717-771 һ.ж./1318-1370 м.ж.), әкесі шейхуль Ислам, имам
Тақ’юддин әс-Субкиден (683-756 һ.ж./1284-1355 м.ж.), имам шейхуль Ислам
Мухиддин ан-Нәуәуи (631-676 һ.ж./1233-1277 м.ж.), оларға Алланың рақымы болсын, өзінің кезінде сабақ беріп отырған орны арқылы тәбәрік қылғандығы жайында, былай деп айтады:

الوالد رحمه الله ، لما سكن في قاعة دار الحديث الأشرفية في سنة اثنتين وأربعين وسبع مائة ؛ كان يخرج في الليل إلى إيوانها ؛ ليتهجد تجاه الأثر الشريف ، ويمرغ وجهه على البساط ، وهذا البساط من زمان الأشرف الواقف ، وعليه اسمه ، وكان النووي يجلس عليه وقت الدرس ، فأنشدني الوالد لنفسه : وفي دار الحديث لطيف معنى على بسط لها أصبو وآوي عسى أني أمس بحر وجهي مكانا مسه قدم النواوي

«Әкем, Алла оны рақым етсін, 742 һижра жылы «даруль-хадис ашрафия» оқу орнына тоқталған кезде, залға кіріп тахаджуд намазын қадірлі іздің үстінде оқитын. Кейін өзінің екі бетімен кілемшеге сүртетін, бұл кілемше сонау қадірлі уақыттардан бері бар және онда оның (ан-Нәуәуидің) есімі бар. Ан-Нәуәуи сабақ уақытында осы кілемшенің үстінде отыратын. Содан кейін әкем көркем түрде өлең жолдарын оқыды: «даруль-хадисте мағына жіңішке. Мен онда құлшылық қылып өзіме пана іздеймін. Мүмкін мен бетімді ан-Нәуәуидің табаны тиген жерге тигізген болармын».
[Дереккөз:
Имам Таджуддин ас-Субки «Табақат әш-Шафи’ия әл-кубра», имам ан-Нәуәуидің өмірбаяны.]

Имам ан-Нәуәуи, Алла оны рақым етсін, өзінің «Риадус-Солихин» кітабында:

764- وعن أُمِّ ثابِتٍ كَبْشَةَ بِنْتِ ثَابتٍ أُخْتِ حَسَّانِ بْنِ ثابت رضي اللَّه عنه وعنها قالت: دخَل علَيَّ رسولُ اللَّه صَلّى اللهُ عَلَيْهِ وسَلَّم ، فَشَرِبَ مِن في قِرْبةٍ مُعَلَّقةٍ قَائماً . فَقُمْتُ إِلى فِيهَا فَقطَعْتُهُ ، رواه الترمذي . وقال : حديث حسن صحيح .
وَإِنَّمَا قَطَعَتْها : لِتَحْفَظَ موْضِعَ فَم رسول اللَّه صَلّى اللهُ عَلَيْهِ وسَلَّم . وَتَتَبَرَّكَ بِهِ ، وَتَصُونَهُ عَن الابتِذالِ

764 – Хабар бойынша, Умм Сабит Кябша бинт Сабит, Хассан бин Сәбиттің әпкесі айтады: Бір күні Алланың елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, маған қарай кірді де, және түрегіп тұрып ілініп тұрған бөрдектің (яғни шанаш) мойнынан ұстап тұрып шөлін қандырды. Кейін мен келіп (бөрдектің) мойнынан кесіп алдым.
[Қр. Хадисті имам әт-Термизи жеткізді, дәрежесі хасан-сахих.]

Ол оны пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ауызы тиген жерден, одан берекесін алуға және сол (бөрдектің) мойынын немқұрайлы қараудан, өзінде сақтап қалу үшін кесіп алды.

Тағы басқа кітаптарында имам ан-Нәуәуи (631-676 һ.ж./1233-1277 м.ж.), Алла оны рақым етсін,  имам Ахмад жайында былай деп жазған:

ودفن ببغداد، وقبره مشهور معروف يتبرك به، رحمه الله

«Ол Бағдат қаласында жерленген, оның қабірі көпшілікке белгілі және одан берекесін (баракат) алады».
[Дереккөз: имам ан-Нәуәуи, «Тахзиб әл-Асмау уәл-Люғат», 1/112.]

Хафиз Әбу Хафс әл-Баззар (688-749 һ.ж.), Алла оны рақым етсін, Ибн Таймия қайтыс болғаннан кейінгі, жерлеу рәсімін былай деп сипаттайды:

فَغسل رَضِي الله عَنهُ وكفن . قَالُوا وازدحم من حضر غسله من الْخَاصَّة والعامة على المَاء الْمُنْفَصِل عَن غسله حَتَّى حصل لكل وَاحِد مِنْهُم شَيْء قَلِيل . ثمَّ أخرجت جنَازَته فَمَا هُوَ إِلَّا ان رَآهَا النَّاس فأكبوا عَلَيْهَا من كل جَانب كلا مِنْهُم يقْصد التَّبَرُّك بهَا حَتَّى خشِي على النعش ان يحطم قبل وُصُوله إِلَى الى الْقَبْر

«Шейхті жуындырып болған соң кебіндеді. Кейін жуындырған (таза) судан қалғанын алып қалу үшін, көптеген адамдар жиналды, алайда олардан тек қана азғантай адамдарға қалған су нәсіп болды. Сонансон оның денесін табытпен шығарған кезде, жиналған халық жан-жағынан қоршап, сол табыттағы шейхтің денесінен ұстап қалуға тырысып одан тәбәрік қылып берекесін алып қалғылары келді. Табытты көтеріп бара жатқан адамдар абайсыздықтан аударып алама деп, қорқып кетті».
[Дереккөз: Хафиз Әбу Хафс әл-Баззар, «И’лям әл-илмйя фи манақиб Ибн Таймия», 83-бет.]

Имам әз-Захаби, Алла оны рақым етсін, былай дейді:

قال قحط المطر عندنا بسمرقند في بعض الأعوام فاستسقى الناس مرارا فلم يسقوا فأتى رجل صالح معروف بالصلاح إلى قاضي سمرقند فقال له إني رأيت رأيا أعرضه عليك قال وما هو قال أرى أن تخرج ويخرج الناس معك إلى قبر الإمام محمد بن إسماعيل البخاري وقبره بخرتنك ونستسقي عنده فعسى الله أن يسقينا قال فقال القاضي نعم ما رأيت فخرج القاضي والناس معه واستسقى القاضي بالناس وبكى الناس عند القبر وتشفعوا بصاحبه فأرسل الله تعالى السماء بماء عظيم غزير أقام الناس من أجله بخرتنك سبعة أيام أو نحوها لا يستطيع أحد الوصول إلى سمرقند من كثرة المطر وغزارته وبين خرتنك وسمرقند نحو ثلاثة أميال

«Самарқанд өңірінде құрғақшылық пайда болғаннан кейін, адамдар барлық ынта ықыластарымен дұға қылып жаңбыр сұрады, кейбіреулері тіпті «салят әл-истисқа» жаңбыр жаудыруды тілеп жамағатпен оқитын екі ракағат намаз оқу керек деп айтты, бірақ бәрі-бір жаңбыр болмады. Ізгілігімен танымал болған ас-Салих есімді адам, Самарқанд қаласының қадиі/сот төрешісіне келіп, былай деді: «Менің ойымша сіз және жиналған адамдармен имам әл-Бұхаридің қабірін зиярат етулеріңіз керек, оның қабірі Хартанга деген жерде және біз оның қасына барып жаңбыр сұрауымыз керек, мүмкін Алла Тағала бізге жаңбырды нәсіп етер. Қади/сот төрешісі оның сөздерін құптады, ол адамдармен бірге имамның қабіріне қарай бет алып, олармен бірге дұға етті. Адамдар қабірдің басында көздеріне жас алып жылады, сосын ол арқылы уәсилә етті (яғни имам Бұхари арқылы Алла Тағаладан сұрады). Алла Тағала сол сәтте жаңбыр жіберді. Сол жердегі адамдардың көпшілігі Хартангада жеті күнге дейін қалып қойып, ешқайсысы Самарқандқа қайтқылары келмеді, алайда Самарқанд пен Хартанганың арасы төрт шақырым еді».
[Дереккөз: Имам аз-Захаби, «Сияр `аләм ан-Нубалә» 12-том, 469-бет.]

Ескерте кетсек имам аз-Захаби, Алла оны рақым етсін, бұл ширк амалы немесе қабірді дәріптеу деп айтқан емес!

Имам Ибн әл-Джаузи (д.ө.ж. 595 һ.ж./1198 м.ж.), Алла оны рақым етсін, мухаддис Ибраһим ибн Исхақ әл-Харби (198-285 һ.ж.), жайында былай деп жазады: 

«Оның қабірі бәріне ашық. Және адамдар ол арқылы тәбәрік қылады, Алла оны рақым етсін».
[Дереккөз:
Ибн әл-Джаузи, «Сифату-с-Сафуәт», 1-том 441-442 бет.]

Ханбали мазхабының фақиһы, имам Ибн Қуддама әл-Мақдиси (541-620 һ.ж.), Алла оны рақым етсін, былай деп жазады:

ويستحبُّ الدفْنُ في المقبَرة التي يكثُر فيها الصالحون والشهداءُ ؛ لتنالَه بركتُهم ، وكذلك في البِقاعِ الشريفة

«Әулиелер мен шахидтер жерленген қорымға, олардың берекетін алу үшін, сонымен қатар  қадірлі жерлерге жерлеу, жақсырақ болып табылады».
[Дереккөз: Ибн Қуддама, «Әл-Муғни», 3/442; Рияд: Даруль Алямиль Кутуб баспасы: 1417/1997.]

Имам ан-Нәуәуи (631-676 һ.ж./1233-1277 м.ж.), Алла оны рақым етсін, былай дейді:

ويُستحب للزائر الإِكثار من قراءة القرآن والذكر، والدعاء لأهل تلك المقبرة وسائر الموتى والمسلمين أجمعين.
ويُستحبّ الإِكثار من الزيارة، وأن يكثرَ الوقوفَ عند قبور أهل الخير والفضل.

«Кім қорымның басына келсе, оған Құранды көп оқыған абзал болады және Алланы еске алып одан, қорымда жерленгендер, басқада марқұм болғандар, барлық мұсылмандар үшін, дұға қылуы дұрысырақ болады. Сондай-ақ қорымға барып тұру және ізгі қадірлі адамдардың қабірінің басында ұзақтау болу, абзалырақ болады».
[Дереккөз:
Имам ан-Нәуәуи, «Әл-Азкар» , 1/168.]

Сахабалар Пайғамбарымыздан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, тәбәрік қылғандығы жайында кейбір хадистер.

187- Хаким ибн Утайбаға Әбу Жухайфа (радыйяллаһу анһу): «Пайғамбарымыз (салаллаһу әлейһим уассәлям) біздің алдымызға күн қатты қызған шақта шықты, дәрет алуға су әкелінді. Пайғамбарымыз (салаллаһу әлейһим уассәлям) дәрет алды. Адамдар Пайғамбарымыздың (салаллаһу әлейһим уассәлям)дәрет алған суынан артылған суды тәбәрік қылып алып, денелеріне жаға бастады. Пайғамбарымыз (салаллаһу әлейһим уассәлям) найзаны (үшкір аса таяқ) қыбла жағына шаншытып қойып, екі рәкат (қаср, яғни қысқа қылып) бесін намазын және екі рәкат (бұны да қысқартып) Аср намазын оқыды»,- деп айтты.

Әбу Мұса Ашғарий (радыйяллаһу анһу) айтты: «Пайғамбарымыз (салаллаһу әлейһим уассәлям) ыдыспен су алып келуді бұйырды. Содан соң қолын осы сумен жуды және аузына бір ұрттам су алып, ыдыстағы суға бүркіді (тәбәрак етіп берді), кейін Біләл мен Әбу Мұсаға: «Сол судан ішіңдер және онымен бет-жүздеріңді, көкіректеріңді жуыңдар!»,- деді.

188 - Махмуд ибн әр-Рабиғ (Пайғамбарымыз (салаллаһу әлейһим уассәлям) жас кезінде бетіне су бүркіген бала) риуаят етті, оның сөзін Мисуар және Маруан ибн Хакам да растаған: «Пайғамбарымыз (салаллаһу әлейһим уассәлям) дәрет алса, адамдар ол кісінің денесінен шашыраған суды алу үшін бір-бірлерімен таласып кететін»,- деді.

189 - Сайб ибн Язид (радыйяллаһу анһу) риуаят етті: «Апайым мені Пайғамбарымыздың (салаллаһу әлейһим уассәлям) алдына алып барып: «Я Расулулла, сіңлімнің ұлының аяғы ауырып қалды»,- деді. Пайғамбарымыз (салаллаһу әлейһим уассәлям) басымды сипады да, маған «береке тапқыр»,- деп дұға етті. Кейін дәрет алды. Мен ол кісінің дәрет алғанынан артылып қалған суынан іштім. Одан кейін арт жағына барып тұрдым. Сол кезде оның екі жауырынының арасындағы (кекіліктің жұмыртқасына) ұқсас Пайғамбарлық мөрін көрдім»,- деді.

199 - Әнас (радыйяллаһу анһу) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (салаллаһу әлейһим уассәлям) су әкелуді бұйырды. Ыдыспенен азырақ қана су әкелінді. Пайғамбарымыз (салаллаһу әлейһим уассәлям) ыдыстың аузын саусақтарымен жапты. Сонда Пайғамбарымыздың (салаллаһу әлейһим уассәлям) саусақтарының арасынан ағып жатқан суға жетпістен сексенге жуық адам дәрет алды»,- деді.
Маруан (радыйяллаһу анһу) риуаят етті: «Пайғамбарымыз (салаллаһу әлейһим уассәлям) Хұдайбияға сапар қылып, жолда кетіп бара жатып мұрнын сіңбіргенінде Сахабалардың алақанына түсетін еді (өйткені олар оны жерге түсірмей) дереу тәбәрік қылып беттеріне, денелеріне жағып алатын»,- деді.

373 - Ғаун ибн Әбу Жухайфа (радыйяллаһу анһу) айтты: «Мен Пайғамбарымызды (салаллаһу әлейһим уассәлям) қызыл түсті теріден жасалған шатырдан көрдім. Хазреті Біләл (радыйяллаһу анһу) ол кісіге дәрет алуы үшін су құйып беріп жатқанын көрдім. Айналадағы адамдар болса, Пайғамбарымыздың (салаллаһу әлейһим уассәлям) дәрет алғанынан артылған суға таласатын еді. Кімге нәсіп болса, суды үстіне (денесіне) сүртетін еді, ал нәсіп болмағандар , нәсіп болған бауырларының қолындағы қалған судың жұғының өзіне сүрткендерін көрдім. Кейін Біләлдің үшкір ұшы бар темір қазықты алып, жерге шаңшығанын көрдім. Содан соң Пайғамбарымыз (салаллаһу әлейһим уассәлям) қызыл түсті киім киіп, шатырдан шығып, әлгі қадалған қазық жаққа қарап адамдармен бірге екі рәкат намаз оқыды. Адамдар және хайуандар қадалған қазықты айналып өтіп жатқандарын көрдім»,- деді.

[Дереккөз: «Сахих» Әл-Бұхари қазақша басылымнан алынды.]

Әлемдердің Раббысы Алла Субханауә Тағалаға сансыз мадақтар болсын.


Дереккөз: al-fatava.com
Аударған: darulahnaf.com