Пәтуәлар

Тәспінің шариғаттағы үкімі.



Аса мейірімді, ерекше рақымды Алланың атымен бастаймын. Барша мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән. Адамзаттың ардақтысы Мұхаммедке, оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлем болғай!

بِسْمِ اللهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيم

الْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ وَالصَّلاةُ وَالسَّلامُ عَلَي أَشْرَفِ الْمُرْسَلِين وَعَلَى آلِهِ وَأَصْحَابِهِ أَجْمَعِين

Ахмад Ибн Таймия (661-728 һ.ж. / 1263-1328 м.ж.),  тізбектелген моншақпен, ұсақ тастар, жеміс тастарымен, зікір ету жөнінде былай деп айтады:

 وعدُّ التسبيح بالأصابع سنّة كما قال النبي صلى الله عليه وسلم للنساء : { سَبِّحْنَ وَاعْقِدْنَ بِالْأَصَابِعِ فَإِنَّهُنَّ مَسْئُولَاتٌ مُسْتَنْطَقَاتٌ } . وأما عدُّه بالنَوَى والحَصَى ونحو ذلك فحسنٌ وكان من الصحابة رضي الله عنهم من يفعَل ذلك وقد رأى النبي صلى الله عليه وسلم أمَّ المؤمنين تسبِّح بالحصى وأقرَّها على ذلك وروي أن أبا هريرة كان يسبِّح به . وأما التسبيح بما يُجعَل في نِظامٍ من الخَرَز ونحوه فمن الناس من كرِهه ومنهم من لم يكرَهه وإذا أحسِنتْ فيه النيّة فهو حسنٌ غيرُ مكروه وأما اتخاذه من غير حاجة أو إظهاره للناس مثل تعليقه في العُنُق أو جعْله كالسُّوار في اليد أو نحو ذلك فهذا إما رياء للناس أو مَظِنّة المراءاة ومشابهة المرائين من غير حاجة : الأول محرَّم والثاني أقلُّ أحواله الكراهة فإن مراءاةَ الناس في العبادات المختصّة كالصلاة والصيام والذكر وقراءة القرآن من أعظم الذنوب 

«Саусақтармен санап отырып зікір ету бұл сүннет, Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, әйелдерге айтқанындай: «Зікір етіңдер және саусақтарың мен санаңдар, ақиқатында олардан сұралады және жауап алынады». Ал ұсақ тастар, жеміс тастарымен және тағы соған ұқсас құралдармен санау, бұл жақсы іс болып табылады, өйткені сахабалар, оларға Алла Тағала разы болсын, арасында бұндай құралдармен амал еткен.
Өйткені Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көрген болатын мүміндердің аналарының бірін, сол ұсақ тастар арқылы зікір етіп отырғанын және бұл істі мақұлдады [тақ`рир]. Және бұдан да басқа біздерге хабар жетті, Әбу Хурайра, оған Алла разы болсын, сол ұсақ тастар арқылы зікір етті (яғни Алланы еске алды). Ал ұсақталған моншақтар арқылы жіпке тізбектелген және соған ұқсас құралдар арқылы зікір ету, бұған ұнамсыз қараған адамдар болды және бұны (тізбектелген моншақты) ұнамсыз емес деген адамдар да болды! Егер ниет жақсы болса, онда бұл жақсы іс, бірақ мәкрүх емес (тәспімен зікір ету). Ал егер ол өзінің [тәспіге] қажеттігін немесе оны адамдарға көрсетуін қаласа, яғни мойнына іліп алуын, білезік қылып қолына тағып алуы және тағы сол секілді істер көрсетсе, онда бұл адамдар алдында жағымды әрекет тудыратын жасанды әрекет (рия) немесе ол туралы адамдар жақсы ойда болсын деген қылық, яғни ол рияшылдарға қатысы жоқтығын көрсетуде. Бірінші көрсетілім бұл харам (яғни, мойнына іліп алуы, білезік қылып қолына тағып алуы т.с.), ал екіншісі ең аз шамасында (минимум) рияшылдық мәкрүх. Ақиқатында көзбояушылық (рия), ерекше ғибадаттарда намаз, ораза, зікір ету, Құран оқу сияқты амалдар турасында, үлкен күнә болып есептеледі». 
[Дереккөз: Ахмад Ибн Таймия, «Маджму әл-Фатауа», 22/506. Мәдина: 1425/2004] 


Шейхул Ислам хадис ғалымы Ибн Хаджар Әл-Асқалани (773-852 һ.ж./1372-1449 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, тәспіні қолданғандығы жайында, оның шәкірті Мұхаммед әс-Сахауи өзінің «Әл-Джауахир Уад Дурар фи Тарджамати Шейхил Ислям Ибн Хаджар» атты кітабында былай деп жеткізген:

 وكان — رحمه الله تعالى — إذا جلس مع الجماعة بعد العِشاء وغيرها للمذاكرة, تكون السُبْحة تحت كُمِّه بحيْث لا يرها أحد, ويستمرّ يُدِيرها وهو يُسبّح أو يذكّر غالب جلوسه, وربما سقطتْ من كُمِّه فيتأثر لذلك, رغبة في إخفائه

«Ибн Хаджар, Алла оны рақым етсін, түнгі намаздан кейін жамағатпен бірге талқылауға қатысқан кезде (шариғат ілімдерінен т.с.с.), оның тәспісі кимінің жеңінің астында болатын, сөйтіп тәспісі көп көзге түспейтін болған. Ол көп уақытын жиналыста (мәжілісте) өткізетін, әрдайым зікір қылып тәспісімен елеп-екшеп отыратын. Кейде тәспісі кимінің жеңінен түсіп қалаған кезде, оны сол жағдайы іренжітетін, өзінің құпия түрдегі ісін көріп қалады деп».
[Дереккөз: Мұхаммед әс-Сахауи, «Әл-Джауахир Уад Дурар», 1/111.]


Жоғарыда көрнекті Ислам ғалымының сөздерін дәлел ретінде келтірдік тәпсінің шариғатымызда бидғат еместігі жайында, яғни сол дәлелдермен тоқтауғада болатын еді! Ақыл иесі бар адамға бұл дәлелдер жеткілікті болар, бірақ бір-екі араб тіліндегі сөзді үйреніп алған кейбір бауырларымыз бұнымен тоқталмас, сондықтан тағыда Әһлу Сүнна ғалымдарының тәспінің шариғатымызда бидғат еместігі жайында дәлелдер келтіргіміз келеді. 

Тәспі жайында әл-Хатиб әт-Табризи (д.ө.ж. 741 һ.ж./1340 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің «Мишкатул Масабих» атты кітабында атап өткен, бұл кітапқа көптеген ғалымдар пікір (шарх) жазған, соның ішінде ең ауқымдысы «Миркатул Мафатих Шарху Мишкатул Масабих» кітабы, авторы Мулла Әли әл-Қаридің (д.ө.ж. 1014 һ.ж./1606 м.ж.), Алла оны рақым етсін, жазған пікірі (шархы) болатын. Бұл шархта әйел адамның ұсақ тастармен санап, зікір етіп отырғанын былай деп түсіндіреді:

 عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ, أَنَّهُ دَخَلَ مَعَ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَلَى امْرَأَةٍ وَبَيْنَ يَدَيْهَا نَوًى أَوْ حَصًا, تُسَبِّحُ بِهِ فَقَالَ: ألا أُخْبِرُكِ بِمَا هُوَ أَيْسَرُ عَلَيْك مِنْ هَذَا أَوْ أَفْضَلُ؟ فَقَالَ سُبْحَانَ اللَّهِ عَدَدَ مَا خَلَقَ فِي السَّمَاءِ, وَسُبْحَانَ اللَّهِ عَدَدَ مَا خَلَقَ فِي الْأَرْضِ, وَسُبْحَانَ اللَّهِ عَدَدَ مَا بَيْنَ ذَلِكَ, وَسُبْحَانَ اللَّهِ عَدَدَ مَا هُوَ خَالِقٌ, وَاَللَّهُ أَكْبَرُ مِثْلُ ذَلِكَ, وَالْحَمْدُ لِلَّهِ مِثْلُ ذَلِكَ, وَلَا إلَهَ إلَّا اللَّهُ مِثْلُ ذَلِكَ, وَلَا حَوْلَ وَلَا قُوَّةَ إلَّا بِاَللَّهِ مِثْلُ ذَلِكَ . رواه الترمذي، وأبو داود، وقال الترمذي: هذا حديث غريب. وهذا أصل صحيح لتجويز السبحة بتقريره فإنه في معناها إذ لا فرق بين المنظومة والمنثورة فيما يعد به ولا يُعْتدّ بقولِ من عدّها بدعة وقد قال المشايخ أنها سَوْط الشيطان وروي أنه رؤى مع الجُنُيْد سُبْحة في يده حال انتهائه فسئل عنه فقال شيء وصَلنا به إلى الله كيف نترُكه

«Саид ибн Әбу Уаққастан, Алла оған разы болсын, былай деп жетті, ол Пайғамбарымызбен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бірге бір әйел адамның үйіне кірген болатын, онда ол әйел адам зікір етіп отырған жеміс тастарымен, яки кішкентай ұсақ тастармен. Оған (әйел адамға) Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтты – саған жеңілінен әрі жақсысынан хабар берейін бе мына нәрселерден гөрі? Сосын ол, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтты: «Алла соншалықты киелі, қаншама Оның жаратылысы көкте өмір сүруде, Алла соншалықты киелі, қаншама Оның жаратылыстары жерде бар болса, Алла соншалықты киелі, қаншама Оның жаратылыстары аспан мен жердің арасында өмір сүрсе, Алла соншалықты киелі, қаншама жаратылыстың Ол (Алла) жаратушысы болса, және Алла Ұлық (Аллаху Әкбар) деп айту мен Аллаға шүкір (Әлхамдулилляһ), және Алладан басқа құлшылыққа лайықты Тәңір жоқ (Лә Иләха Ил’Аллах) және ешкімде күште, қуатта жоқ Алладан басқасынан (Лә Хаулә Уәлә Қуәтә Иллә Биләх)». Шарх Әли әл-Қари: Имам Тирмизи мен Әбу Дауд жеткізді, имам Тирмизи айтты бұл ғариб хадис. Бұл хадистің тәспіге негіз болып табылады, әрі бұны рұқсат етті Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, дәлел ретінде. Тіпті бұл жеміс тастары болсын, немесе ұсақ тастар, болмаса жіппен тізбектелмеген болсын, қазіргі біздің пайдаланып жүрген тәспімен айырмашылығы жоқ. Егерде бұны кімде-кім бидғат деп жүрсе, оған назар аударудың қажеті жоқ. Кейбір шейхтар айтты тәспі бұл шайтанға, Алланың лағнеті болсын оған, қамшы секілді, кім онымен зікір етсе, шайтанды ұрғандай болып есептеледі. Джунейд әл-Бағдади, Алла оны рақым етсін, ажал аузында жатқан кезінде, оның қолында тәспі болған, оның себебін одан сұраған кезде, ол айтты: «Бұл құралмен біздер Аллаға жақындадық, бұны біздер қалайша тастамақпыз?!…»
[Дереккөз: Мулла Әли әл-Қари, «Миркатул Мафатих Шарху Мишкатул Масабих», 5/221 (хадис:2311). Бейрут: Дарул Кутубул Ильмийя: 1422/2001]


Ұлы мухаддис ғалым Ибнус Салях (577-643 һ.ж./1181-1245 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің «Әдабул Муфти уәл Мустафти» атты кітабында, тәспі жайында былай дейді:
 مسألة 

: هل يجوز للإنسان أن يسبح بسبحة خَيْطها حرير والخيط ثخين أجاب رضي الله عنه : لا يحرم ما ذكره في السبحة المذكورة والأولى إبداله بخيط آخر 

«Сұрақ: Адамға жібек жіпті немесе қалың жіпті тәспімен Алланы еске алуға болама? Жауабы: Харам болып табылмайды қойылған сұрағыңдағы нәрселер, алайда жібін басқасына ауыстырған дұрысырақ болады».
[Дереккөз: Ибнус Салях, «Әдабул Муфти уәл Мустафти», 1/400. Бейрут: 1407]


Тәспіні намазда қолдану жайында.

 سئل عما إذا قرأ القرآن يعد في الصلاة بسبحة هل تبطل صلاته أم لا ؟ فأجاب : «إن كانالمراد بهذا السؤال أن يعد الآيات أو يعد تكرار السورة الواحدة مثل قوله « قل هوالله أحد » بالسبحة فهذا لا بأس به وإن أريد بالسؤال شيء آخر فليبينه والله اعلم مجموع الفتاوى 22/625

Сұрақ: Егер намазда Құраннан бір сүре оқи тұра, тәспіні қолданса, бұл намазды бұза ма?
Жауап: Құранда оқылған аятты немесе оқылған сүреңізді қайталап отырып тәспімен сан жүргізіп санап отырғаныңызды айтып тұрсаңыз, мысалыға: Ыхылас сүресіндегі келген аяттағыдай (айт: Ол Алла, біреу ақ), ода тұрған ешнәрсе жоқ. Алайда егерде сіз басқа нәрсені айтып отырсаңыз, онда сұрағыңызды қайта дұрыстап қоюыңызды сұраймын. Ал дұрысы Аллаға мәлім (Аллаху А`ләм). 
[Дереккөз: Ибн Таймия «Маджму әл-Фатауа» 22/625.]


Ибн `Абидин әд-Димашки (1238-1307 һ.ж./1823-1889 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің жазбаларында Ибн Нуджайманың «Әл-Бахрур Раи`қ» кітабында, Ибн Хаджар әл-Хайтами және әр-Рамлидің, Алла Тағала оларды рақымына бөлесін, пікірлерін жеткізеді,:

 قال الرَّمْلي: والظاهرُ أنها ليستْ ببدعةٍ, فقد قال ابنُ حجرٍ الهَيْتَمي في شرحِ الأربعينَ النواويةِ: السُّبْحة ورَد لها أصلٌ أصيلٌ عن بعضِ أمُّهاتِ المؤمنينَ, وأقرَّها النبي صلى الله تعالى عليه وسلم على ذلك

«Имам Рамли айтады: Әлбетте, бұл тәспілер бидғат болып табылмайды! Ибн Хаджар әл-Хайтами өзінің «Шархул Арба`ин ән-Нәуәуи» кітабында былай деп айтады: «Тәспінің маңызды дәлелі бар мүминдердің анасынан хабар жеткендей. Және Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ауызша (яғни сөзбе-сөз) құптамады (тақрир) онымен».
[Дереккөз: Ибн `Абидин, «Минхатул Халиқ би Хамишил Бахрир Раи`қ», 2/51. Бейрут: Дарул Кутубил Ильмйя: 1418/1997]

Имам Мухиддин ән-Нәуәуи (631-676 һ.ж./1233-1277 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, «Тахзибул Асма уәл Люғат» кітабында, тәспі жайында былай дейді:

والسُبْحة: بضمِّ السِّينِ وإسكانِ الباءِ، خَرَزٌ منظومةٌ يُسبَّح بها معروفة، تَعْتادُها أهلُ الخيرِ

«Әс-Субһа (тәспі): Дамма әріпімен «әс-син» және сукун әріпімен «әл-ба». Бұл тізбектелген моншақтар, сол арқылы тәспі етіледі [яғни зікір], бұл белгілі нәрсе. Оны пайдалану – әһлюл-хайр, мейрімді адамдардың ісі». 
[Дереккөз: Мухиддин ән-Нәуәуи, «Тахзибул Асма уәл Люғат», 3/143-144. Бейрут: Дарул Кутубил Ильмйя.]


Тәспіні Имам Сахнун әт-Танухи (160-240 һ.ж./777-854 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, қолданған болатын, ол Мәлики мәзхабының негізгі қайнар көзі болып табылатын «Әл-Мудаууана» кітабының авторы. Бұны имам әз-Захаби (673-748 һ.ж./1274-1348 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің «Сияр Әлям ән-Нубаля» атты кітабында келтіреді:

وعن إسماعيلَ بنِ إبراهيمَ، قال: دخَلتُ على سَحْنُونَ، وهو يومئذٍ قاضٍ، وفي عُنُقِهِ تَسْبيحٌ يُسبِّح به

«Бұны Исмаил бин Ибрахим жеткізді: Мен имам Сахнунға барған болатынмын, ол кезде имам қазылық қызметін атқаратын. Бөлмесіне кіріп келсем, оның мойнында тәспі болды, ол онымен (Алланы) зікір етіп отырды». 
[Дереккөз: Шамсуддин әз-Захаби, «Сияр Әлям ән-Нубаля», 12/66. Бейрут: Маусуатур Рисаля: 1413/1993. Дәл сондай бұл оқйғаны Қади `Йад өзінің «Тартибул Мадарик уа Тақибул Масалик» атты кітабында жеткізді.]


Хадис ілімінде Имам Ахмадтың ұстазы Яһия бин Са`йд әл-Қ`аттан (120-198 һ.ж./737-813 м.ж.), оларға Алланың рақымы болсын, тәспіні қолданатын болған. Бұны имам әз-Захаби (673-748 һ.ж./1274-1348 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің «Сияр Әлям ән-Нубаля» атты кітабында келтіреді:

قال ابنُ مَعِينٍ: وكان يَحْيى يَجِيءُ معه بمِسْباحٍ، فيُدخِلُ يدَه في ثِيابِه، فيُسبِّحُ

«Ибну Ма`ин айтады («Тариху ибну Ма`ин» кітабында әд-Дури келтірді): Яһия бин Са`йд әл-Қ`аттан тәспіні қолына ұстап жүрді, және қолын қалтасына салып (тәспімен) зікір ететін еді». 
[Дереккөз: Шамсуддин әз-Захаби, «Сияр Әлям ән-Нубаля», 9/180. Бейрут: Маусуатур Рисаля: 1413/1993.]


Тәспіні қолданып, Алла Тағаланы еске алатындар қатарынан болатын, атақты Мутасаууиф Джунайд әл-Бағдади (297 һ.ж./910 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, ол күніне 30 000 — рет зікір ететін. Бұл оқиғаны имам Ибн Касир ( 701-774 һ.ж./1302-1373 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің «Әл Бидая уә-н-Ниһая» атты кітабында келтірді:

 ورأى بعضُهم معه سُبْحةً, فقيلَ له: أنتَ مع شَرَفِك تتَّخذُ سُبْحةً؟ فقال: طريقٌ وصَلتُ به إلى الله لا أُفارِقُه

«Кейбір адамдар оның қолындағы тәспіні көріп қалып, оған былай деп айтты: Сіз сондай беделді (яғни тақуалы) адам бола тұра, өзіңізбен бірге бұл тәспіні алып жүрсіз бе? Джунайдтың, оған Алланың рақымы болсын, оларға берген жауабы: «Бұл жол, онымен (тәспімен) мен Алла Тағалаға жеттім, және бұны мен қалдырмаймын». 
[Дереккөз: Ибн Касир «Әл Бидая уә-н-Ниһая», 14/768. Дару Хаджр: 1419/1998]


Бұл риуаятты сондай-ақ имам Әл-Байхақи, оған Алланың рақымы болсын, «әз-Зухд» (№293), кітабындағы иснадпен жеткізді, әл-Хатибул Бағдади өзінің «Тариху Бағдади» (7/245) де, Ибну Халиқин «Уафаятул `Айан уә Анбау Абнаиз Заман» (1/373) кітабында, ал имам Сафади өзінің «Әл Уафи бил Уафаят» (11/203), кітабында келтірген. Шафи`ғи мәзхабының ғалымы, хафиз Әбу Зура Уалийюддин әл-Ирақи (762-826 һ.ж./1361-1423 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, тақырыпқа қатысты сұрақ қойылған кезде былай деп жауап берді:

 المسألةُ العشْرونَ : اتخاذُ السُّبْحةِ والتعديدُ بها — هل ثبَت فيه أصلٌ يُعْتدُّ به ؟ واتخاذُها مع حصول تذكيرٍ منه لصاحبها ولغيره خيرٌ أم ترْكُها ؟ الجواب : أن اتخاذَ السُّبْحة المعروفةِ بخصوصِها لعَدَدِ التسبيحِ لا أَعلَم فيه شيئا ثابتا عن النبي — صلى الله عليه وآله وسلم — لكن ورَدتْ عِدّةُ أحاديثَ في عَقْدِ التسبيح بالأصابعِ ، وفي التسبيح بالحَصَى والنَّوَى , فهو أصلُ السُّبْحةِ إذْ هو في معناه

Жиырмасыншы сұрақ: Тәспіні қолдану және сол арқылы санап отырып зікір қылу — бұның негізі барма қолданысқа пайдалануға? Тәспімен зікір етіп және басқаларының да ойына түсіру үшін, бірге алып жүрген дұрыс па немесе қалдырып кетекен дұрыс па? Жауап: Тәспіні (субха) пайдалану, бұны арнайы санап отырып пайдаланады, яғни Алланы еске алады (зікір), мен білмеймін бұның (тәспінің) анығымен Пайғамбардан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, келгенін. Бірақ бірнеше хадистер жетті біздерге саусақтармен тасбих ету жайында, және тағы сондай хадистер, тасбих еткен кезде кішкентай ұсақ тастармен және құрманың сүйегімен санап отырып есеп жүргізгендігі жайында хабар жетті. Міне бұл тәспінің (субха) негізі болып табылады және дәлел оны пайдалануға, өйткені не ұсақ тас пен не құрма сүйегі болсын, бұны сол мағынада қолданған. 
[Дереккөз: Уалийюддин әл-Ирақи, «Әл Аджуибатул Марзия Әнил Асилятил Маккия», 84. Мактабату Тауиятил Ислямийя]


Имам Әбдул-Хай әл-Лякнауи (1264-1304 һ.ж./1848-1888 м.ж.), оған Алланың рақымы болсын, өзінің кітабында имам Сүютиден кездескен қызықты оқйғаны жеткізеді:

أنه كان مع قافلة في درب بيت المقدس فقامت عليهم سرية عرب وجردوا القافلة جميعها وردوني معهم فلما أخذوا عمامتي سقطت سبحة من رأس فلما رأوها قالوا: هذا صاحب سبحة فردوا علي ما كان أخذ مني وانصرفت سالما منهم. قال السيوطي: فانظر يا أخي إلى أهل الآلة المباركة الزاهرة وما جمع فيها من خيري الدنيا والآخرة

Бірде ол әл-Құддыс бағытына қарай керуенмен бірге сапар жүріп келе жатқандағысын айтқан еді. Олардың керуендері шапқыншылыққа ұшырап, дүние-мүліктерін тартып ала бастады. Дәл солай имам әс-Сүютидің де дүние мүліктерін тартып ала бастады. Сол уақытта имамның сәлдесінен тәспі түсіп қалды, шапқыншылар бұны көріп қалып сол сәтте барлық тартып алған заттарын қайтарып беріп, өздері кетіп қалады. Имам әс-Сүюти, оған Алланың рақымы болсын, өзі бұл жайында былай дейді: «Көрдіңіздер ме? Бұл құралдың (тәспінің) осы өмір мен келесі өмірдің игілігіне жетелейтін пайдасына алып келгенін».
[Дереккөз: «Нузһат әл-фикр фи сабхат әз-зикр», 25.]


Уахабилердің шейхы Ибн Усаймин айтады:

التسبيح بالمسبحة تركه أولى وليس ببدعة لأن له أصلا وهو تسبيح بعض الصحابة بالحصى ، ولكن الرسول صلى الله عليه وسلم أرشد إلى أن التسبيح بالأصابع أفضل وقال » اعقدن — يخاطب النساء — بالأنامل فإنهن مستنطقات » فالتسبيح بالمسبحة ليس حراما ولا بدعة لكن تركه أولى لأن الذي يسبح بالمسبحة ترك الأولى وربما يشوب تسبيحه شيء من الرياء لأننا نشاهد بعض الناس يتقلد مسبحة فيها ألف خرزة كأنما يقول للناس : انظروني إني أسبح ألف تسبيحة ، ثالثا : أن الذي يسبح بالمسبحة في الغالب يكون غافل القلب ولهذا تجده يسبح بالمسبحة وعيونه في السماء وعلى اليمين وعلى الشمال مما يدل على غفلة قلبه فالأولى أن يسبح الإنسان بأصابعه والأولى أن يسبح باليد اليمنى دون اليسرى لأن النبي صلى الله عليه وسلم كان يعقد التسبيح بيمينه ولو سبح بيديه جميعا فلا بأس لكن الأفضل أن يسبح بيده اليمنى فقط

«Тәспі яғни тізбектелген моншақ бидғат болып табылмайды, өйткені оның негізі бар – кейбір сахабалар ұсақ тастар арқылы зікір етті. Алайда Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, саусақтарымен тәспі еткен қайрлы деп үйретті. Ол, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтты: «Зікір етіңдер және саусақтарың мен санаңдар, ақиқатында олар сұралады…» Ал тізбектелген моншақ харам емес әрі бидғат болып табылмайды, өйткені бұлай істемеген абзал, әрі ол әлдебір жақсылықты жіберіп алады! …» 
[Дереккөз: Ибн Усаймин, «Лик`а әл-Мафтух» 3/30.]


Ізгі ғалымдарымыздың тәспіні қолданған жайындағы хадистер.

الذكر بالسبحة وغيرها مما يُضْبَطُ به العَدُّ أمر مشروع أقره النبي صلى الله عليه وآله وسلم وجرى عليه عمل السلف الصالح من غير نكير

Алланы еске алуда (зікір етуде) тәспіні немесе басқа кез келген құралмен санау рұқсат етілген. Алланы еске алуда тәспіні қолдану Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, рұқсат еткен және біздің ізгі ғалымдарымыз да оны еркін (еш қарсылықсыз) қолданған. Мүміндердің анасы Сафийя, Алла оған разы болсын, былай деп айтты: «Бір күні маған Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, келді. Менің алдымда Алланы еске алатын (зікір ететін), төрт мың құрма дәні жатқан еді. Оны көріп, ол айтты: «Саған бұдан да көбірек, қалай Алланы еске алу керек екенін үйретейін бе?». Мен: «Иә, мені үйретіңіз». Ол: «Аспан мен жерде, Алла Тағаланың қанша жаратылысы бар болса, соншалықты Алланы Ұлықтап Пәктедім» — деп айт, деді».

فعن صَفِيَّةَ بنت حيي رضي الله عنها قالت : دَخَلَ عَلَىَّ رَسُولُ اللَّهِ صلى الله عليه وآله وسلم وَبَيْنَ يَدَيَّ أَرْبَعَةُ آلاَفِ نَوَاةٍ أُسَبِّحُ بِهَا ، فَقُلْتُ : لَقَدْ سَبَّحْتُ بِهَذِهِ ، فَقَالَ : « أَلاَ أُعَلِّمُكِ بِأَكْثَرَ مِمَّا سَبَّحْتِ بِهِ » فَقُلْتُ : بَلَى عَلِّمْنِي ، فَقَالَ : « قُولِي : سُبْحَانَ اللَّهِ عَدَدَ خَلْقِهِ » . أخرجه الترمذي وصححه الحاكم ووافقه الذهبي

[Қр. Хадисті Тирмизи жеткізген, Хаким оны сахих деді, Захаби онымен келіскен.]

Са`ад ибн Әбу Уаққас, Алла оған разы болсын, былай деп айтады, ол бір күні Алла Елшісімен, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жеміс дәндерімен немесе ұсақ тастармен Алланы еске алып (зікір етіп) отырған, бір әйелдің үйіне бардым, оны көріп, Ол, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты:

«Саған бұдан да жеңіл, әрі жақсы нәрсе айтайын ба?» деді. «Аспан мен жерде қанша жаратылыс болса, Алла Тағаланы соншалықты Ұлықтап Пәктедім, Жердегі барлық жаратылыстан Ұлы әрі Пәк Алла, Екеуінің арасындағы барлық жаратылыстан Ұлы әрі Пәк Алла және енді жарататын барлық жаратылыстан Ұлы әрі Пәк Алла» деп айт деді. Тағы да дәл солай «Алла Ұлы», «Аллаға мадақ», «Алладан басқа Тәңір жоқ», «Алладан басқа күш құдіретке ие ештеңе жоқ» — деп, қайтала деді».

وعن سعد بن أبي وقاص رضي الله عنه أنه دخل مع النبي صلى الله عليه وآله وسلم عَلَى امْرَأَةٍ وَبَيْنَ يَدَيْهَا نَوًى أَوْ حَصًى تُسَبِّحُ بِهِ فَقَالَ : « أُخْبِرُكِ بِمَا هُوَ أَيْسَرُ عَلَيْكِ مِنْ هَذَا أَوْ أَفْضَلُ ؟ قولي : سُبْحَانَ اللَّهِ عَدَدَ مَا خَلَقَ فِي السَّمَاءِ ، وَسُبْحَانَ اللَّهِ عَدَدَ مَا خَلَقَ فِي الأَرْضِ ، وَسُبْحَانَ اللَّهِ عَدَدَ مَا بَيْنَ ذَلِكَ ، وَسُبْحَانَ اللَّهِ عَدَدَ مَا هُوَ خَالِقٌ ، وَاللَّهُ أَكْبَرُ مِثْلَ ذَلِكَ ، وَالْحَمْدُ لِلَّهِ مِثْلَ ذَلِكَ ، وَلاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّهُ مِثْلُ ذَلِكَ ، وَلاَ حَوْلَ وَلاَ قُوَّةَ إِلاَّ بِاللَّهِ مِثْلَ ذَلِكَ » أخرجه أبو داود والترمذي وحسنه والنسائي وابن ماجه وصححه ابن حبان والحاكم
[Қр. Хадисті Әбу Дәуід, Тирмизи, Насаи және Ибн Мәджә жеткізеді. Тирмизи иснады жақсы деген, ал Ибн Хиббан мен Хаким сахих деген.]

Әл-Қасим ибн `Абдуррахман айтады: «Әбу әд-Дәрдәның құрма дәндерін салып жүретін кішкентай қалтасы бар еді. Ол таң намазын оқып болған соң, сөмкесіндегі дәндерді бір бірлеп шығарып Алланы еске алатын еді».

وعن القاسم بن عبد الرحمن قال : كانَ لأبي الدَّرْدَاءِ نَوًى مِنْ نَوَى الْعَجْوَةِ في كِيسٍ ، فَكَانَ إِذَا صَلَّى الْغَدَاةَ أَخْرَجَهُنَّ وَاحِدةً يُسَبِّحُ بِهِنَّ حَتَّى يَنْفَدْنَ . أخرجه أحمد في الزهد بسند صحيح
[Қр. Хадисті имам Ахмад «әз-зухд» кітабында сахих иснадпен жеткізді.]

Әбу Надра әл-Ғифари айтады: «Маған Туфаф тайпасының бір ғалымы былай деді: Бір күні мен Әбу Һурайраның үйінде, Мәдинада қонақта болдым. Мен Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының ішінен Әбу Һурайрадай құлшылықтарын ең толық орындайтын, және қонағын ең жақсы күтетін сахабаны көрмедім. Бір күні оның уйінде болғанымда, оны кереуетте отырғанын көрдім. Оның Алланы еске алатын, дәндер мен ұсақ тастарды салып жүретін кішкентай қалтасы бар еді. Кереуеттің жанында ұсақ тастар бітіп қалғанда, тастарды жинап, кішкентай қалтаға қайта салатын қара нәсілді күңі оны жинап, кейін Әбу Хурайраның өзіне берді».

 وعَنْ أَبِى نَضْرَةَ الغفاري قال : حَدَّثَنِي شَيْخٌ مِنْ طُفَاوَةَ قَالَ : تَثَوَّيْتُ أَبَا هُرَيْرَةَ بِالْمَدِينَةِ ، فَلَمْ أَرَ رَجُلاً مِنْ أَصْحَابِ النَّبِيِّ صلى الله عليه وآله وسلم أَشَدَّ تَشْمِيرًا وَلاَ أَقْوَمَ عَلَى ضَيْفٍ مِنْهُ ، فَبَيْنَمَا أَنَا عِنْدَهُ يَوْمًا وَهُوَ عَلَى سَرِيرٍ لَهُ وَمَعَهُ كِيسٌ فِيهِ حَصًى أَوْ نَوًى وَأَسْفَلُ مِنْهُ جَارِيَةٌ لَهُ سَوْدَاءُ وَهُوَ يُسَبِّحُ بِهَا ، حَتَّى إِذَا أَنْفَدَ مَا فِي الْكِيسِ أَلْقَاهُ إِلَيْهَا فَجَمَعَتْهُ فَأَعَادَتْهُ فِي الْكِيسِ فَدَفَعَتْهُ إِلَيْهِ . أخرجه أبو داود والترمذي وحسنه والنسائي

[Қр. Хадисті Әбу Дауд, Насаи және Тирмизи жеткізген. Соңғы жеткізуші оны жақсы деген.]

Ну`айм ибн әл-Мухаррар ибн Әбу Хурайра жеткізеді, оның атасы Әбу Хурайраның, Алла оған разы болсын, екі мың түйін тізбектелген тәспісі бар еді және сол бітпейінше ұйықтамайтын.

وعن نعيم بن المحرر بن أبي هريرة عن جده أبي هريرة رضي الله عنه أنه كان له خَيْطٌ فِيه أَلْفَا عُقْدَةٍ ، فَلاَ يَنَامُ حَتَّى يُسَبِّحَ بِهِ . أخرجه عبد الله بن الإمام أحمد في زوائد الزهد وأبو نعيم في الحلية

[Қр. Бұны имам Ахмадтың ұлы Абдулла «Зауаид әз-зухд» кітабында жеткізеді, және тағы да Әбу Ну`айм «әл-хиля» да келтірді.]

 وروي مثل ذلك عن سيدنا سعد بن أبي وقاص رضي الله عنه ، وأبي سعيد الخدري رضي الله عنه ، وأبي صفية مولى النبي صلى الله عليه وآله وسلم ، والسيدة فاطمة بنت الحسين بن علي بن أبي طالب عليهم السلام وغيرهم من الصحابة والتابعين

Дәл сондай мағынада Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, құлдықтан азат еткен Са`ад ибн Әбу Уаққас, Әбу Са`ид әл-Худри, Әбу Суфайилдан, Алла олардан разы болсын, жетті. Және де әл-Хусейн ибн Әли ибн Әби Талибтың қызы Фатимадан, және басқа сахабалардан және солардың ізінен еруші табиғиндерден риуаят етілді.

وقد صنف في مشروعية الذكر بالسبحة جماعة من العلماء منهم الحافظ جلال الدين السيوطي في رسالته » المنحة في السبحة » ، والشيخ محمد بن علان الصديقي وسماها » إيقاد المصابيح لمشروعية اتخاذ المسابيح » ، والعلامة أبو الحسنات اللكنوي في رسالة بعنوان » نزهة الفكر في سبحة الذكر ».

Дереккөз: al-fatava.com 
Аударған: darulahnaf.com