Пәтуәлар

Әулие, Абдал, Аутад және Қутуб – олар кімдер?


Сұрақ: Әссәляму Әлейкум. Мынаны түсіндіріп бересіздерме, қутуб, "будалай", аутад – деген кімдер? (Рессей, Дағыстан.)

Жауап: Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен! Әссәляму Әлейкум уә Рахматуллахи уә Баракятух!

Алла Тағала адам баласын тек қана Өзіне құлшылық қылуы үшін ғана жаратты. Сонымен қатар Алла Тағала адамның бойында құмарлық жаратты, ал ол болса өз алдына бойсұнбаушылыққа алып барады.

Аллаға алып баратын бойсұнбаушылықты, қашан адам баласы өзінде осы құмарлықты тоқтатса, шайтанның азғыруымен күрессе, өзін құлшылықта Алла Тағалаға арнап және күнә жасаудан алыс жүрсе, онда Алла Тағала оны Өзіне жақын етеді және әлдебір уақыттан кейін «нисбат/жақын қарым-қатынас» және оны «Уәли» етеді, оған Өзінің ризашылығын білдіріп. 

Алла Тағала әулиелерінің арасында ерекше және Оның арнайы қырық құлы бар, оларды «Абдал» деп атайды. Әр заманда абдалилардың саны қырыққа тең болады. Бұл дүниеде олардың міндеті адамдарды Алла Тағаланың жалғыз екеніне шақыру (Таухид) және адамдардға келетін азаптарды алашақтату. Алайда тек қана таңдаулы құлдардан басқасынан, ешкім білмейді абдалилардың қатарынан кім екендігін, өйткені оларға Алла Тағала хабар беруді қалады.


Негізінде абдалилар Сирияда, бірақ олар жер бетінің әр бөлігінде болуы мүмкін.
Сондай-ақ, Алла Тағаланың тағы басқа бір ерекше тобы бар, олар «Аутад» деген терминмен танымал, яғни еркін аудармасы «қазықша немесе қазық» дегенді білдіреді. Әр заманда тек қана төрт аутад өмір сүреді. Оларды аутад (қазықша) деп аталуының себебі, шатырдың төрт бұрышындағы қазықшасына ұқсас келеді. Шатырды ұстату үшін төрт қазықша керек болса, жер бетінеде тоқтаусыз дәл сондай төрт қазықша керек үзіліссіз қызмет жасайтын.

Алла Тағала бұл әлемге тоқтаусыз қызмет жасайтын мүмкіндік береді осы төрт ерекше адам арқылы, яғни аутад болып табылатын. Және Алла Тағала оларды осы әлемнің төрт бұрышына орналастырды. Біреуі шығыста болса, екіншісі батыста, үшіншісі солтүстікте, ал төртіншісі оңтүстікте. 

Барлық аталғандардың (яғни, әулие, абдал және аутад) басшысы  бұл – «Қутуб» болып табылады. Бұл адам жер бетінде өмір сүретін Алла Тағаланың ең ізгі және жақын құлы болып табылады. Әр заманда тек қана бір қутуб өмір сүреді. Қашан сол немесе басқа  заманның қутубы өлетін болса, абдалилардың үлкені қутуб болады, ал ең ізгілерінің ішіндегі уәли, келесі абдал болады. Сондай-ақ, қутубтың қайда екендігіне анық нұсқау жоқ. 
[Дереккөз: «Маму`ах», расаиль ибн `Абидин әл-Ханафи, 2 том, 264 бет.]

(Толығырақ Абдал және Қутуб жайындағы хадистермен және ғалымдардың сөздерін, мына мақаладан оқи аласыздар: 
Абдал және Қутуб – олар осы өмірде барма? )

Алла Тағала дұрысын білуші.

Уассалам.


Муфти Сухайл Тармахомед
Мақала түпнұсқасы:
askimam.ru
Аударған: darulahnaf.com