Пәтуәлар

«Сен – Жасырынсың, Сенен төменде ештеңе жоқ» хадистің мағынасы жайында


Әбу Һурайрадан, оған Алла разы болсын, Пайғамбарымыздан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

 شَيْءٌ وَأَنْتَ الْبَاطِنُ فَلَيْسَ دُونَكَ شَيْءٌ صحيح مسلم اللَّهُمَّ أَنْتَ الْأَوَّلُ فَلَيْسَ قَبْلَكَ شَيْءٌ وَأَنْتَ الْآخِرُ فَلَيْسَ بَعْدَكَ شَيْءٌ وَأَنْتَ الظَّاهِرُ فَلَيْسَ فَوْقَكَ

 «... Уа, Алла! Сен – Әуелгісің, Сенен бұрын ештеңе болмаған, Сен – Соңғысың, Сенен кейін ештеңе жоқ, Сен – Анықсың, Сенен жоғарыда ештеңе жоқ, Сен – Жасырынсың, Сенен төменде ештеңе жоқ. ...»
[Қр. “Китаб аз-Зикр” «Сахих» Муслим, №2713.]


 Имам әл-Байхақи, Алла оны рақым етсін, хадиске қатысты былай деп айтты:

 وقال الحافظ البيهقي في كتابه "الأسماء والصفات" ما نصه (12) : استدل بعض أصحابنا في ‏نفي المكان عنه تعالى بقول النبي صلى الله عليه وسلم : {أنت الظاهر فليس فوقك ‏شيء وأنت الباطن فليس دونك شيء}, وإذا لم يكن فوقه شيء ولا دونه شيء لم يكن في ‏مكان

 «Біздің кейбір ғалымдарымыз Алла Тағала орынға мұқтаж емес екедігіне, дәлел ретінде осы хадисті келтіреді. Егер Оның жоғарысында және төменде ештеңе жоқ болса, ондаша Ол орынға мұқтаж емес». 
[Дереккөз: Имам әл-Байхақи, «Әл-Асмау уә әс-Сифат».]

 Имам әл-Бұхари, Алла оны рақым етсін, өзінің «сахих» жинағында, Имран ибн Хусейннің, Алла оны рақым етсін, былай деп айтқанын жеткізеді:

 قال رسول الله صلى الله عليه وسلم: كان الله ولم يكن شيء قبله

 «Алла елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтты:
«Алла мәңгі болды және Оған дейін еш нәрсе болмады».

 Бұл хадистің басқа нұсқасында былай деп айтылған:

 كَانَ اللهُ وَلَمْ يَكُنْ شَىْءٌ غَيْرُهُ

 «Алла мәңгі болды, және Одан басқа еш нәрсе болмады».

 Имам әл-Байхақи, Алла оны рақым етсін, өзінің «әл-Итиқад» кітабында, хадистің мағынасын былай деп түсіндіреді: «Бұл хадис – судыңда, `Аршыда, Алладан басқа еш нәрсе болмағанын сілтейді».

 Әбу Бәкір Мұхаммед әл-Бақиляни (д.ө.ж. 403 һ.ж.), Алла оны рақым етсін, айтты:

 ولا نقول إن العرش له- أي الله- قرار ولا مكان، لأن الله تعالى كان ولا مكان، فلما خلق المكان لم يتغير عما كان"اهـ

 «`Арш Алланың мекен-орны деп айтпаймыз, және Оның орны деп те айтпаймыз, өйткені Алла Тағала болды және Оның орны болмады, ал орынды жаратқаннан кейін, Ол бұрыңғы дәрежесінен еш өзгермеді».
 [Дереккөз: Әбу Бәкір Мұхаммед әл-Бақиляни, «әл-Инсаф фи мә Яджибу И`тикадуху», 65 бет.]

 Әл-Хафиз Мұхаммед ибн Хиббан (д.ө.ж. 354 һ.ж.), Алла оны рақым етсін, былай деп айтты:

 كان- الله- ولا زمان ولا مكان" اهـ

 «Алла болды және мекенде, уақытта болмады».
[Қр. «Сахих ибн Хиббан», хадис №6247.]

 Хафиз Ибн Хаджар әл-Асқалани, Алла оны рақым етсін, пікірлерінде былай деп келтірілген:

 وقال رسول الله صلى الله عليه وسلم : ( كان الله ولم يكن شىء غيره وكان عرشه على الماء ) . قال الحافظ ابن حجر عند شرحه لهذا الحديث : ( والمراد بكان في الأول الأزلية وفي الثاني الحدوث بعد العدم ) ا.هـ ، فالله لم يزل موجودا في الأزل ، ليس معه غيره ، لا ماء ولا هواء ولا أرض ولا سماء ولا كرسي ولا عرش ولا إنس ولا جن ولا ملائكة ولا مكان ولا زمان ، فهو تعالى موجود قبل المكان بلا مكان ، وهو الذي خلق المكان ، وخلق العرش ، فليس بحاجة إلى أحد من خلقه .

 «Алла елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтты:
«Алла мәңгі болды және Оған дейін еш нәрсе болмады ... ». Хафиз Ибн Хаджар айтты: (Алла Тағалаға қатысты “كان – болды” сөзінің түсінілуі, бұл Алла Тағаланың «әл-Аууал» (бастауы жоқ бірінші) және «Азаль» (мәңгі) есімдері және Ол (Алла) жоқтан барды барлығын жаратты) Алла Тағала мәңгілік болды және еш нәрсе – суда, ауада, жерде, аспанда, Курсиде, `Аршыда, адамдарда, жындарда, періштелерде, орындарда, уақытта болмады, Ол (Алла) орынды жаратқанға дейн де орынсыз болды, `Аршыны және орынды жаратқан Алла, және Ол жаратылстарға мұқтаж емес».

 Шафи`и мазхабының негізін қалаушы, имам Мұхаммед ибн Идрис әш-Шафи`и (д.ө.ж. 204 һ.ж.), Алла оны рақым етсін, айтты:

 "إنه تعالى كان ولا مكان فخلق المكان وهو على صفة الأزلية كما كان قبل خلقه المكان لايجوز عليه التغيير في ذاته ولا التبديل في صفاته "

«Ақиқатында, Ол болды және орын болмады, Ол орынды жаратты, ал Өзі мәңгілік болды орынды жаратқанға дейін. Болмысы немесе сипаттарының өзгеру түсінігін, Оған (Аллаға) қатысты пайымдауға (немесе соған ұқсас түсінікті қолдануға) болмайды».
 [Дереккөз: «Итхаф ас-Садат әл-Муттақин», 2 том, 24 бет.]

 Ибн Хаджар әл-Хайтами, Алла оны рақым етсін, былай деп айтты:
 «Біле жүр, әл-Карафи және басқалары имам әш-Шафи`иден, Мәліктен, Ахмад және Әбу Ханифадан былай деп жеткізеді, “Алла Тағала белгілі бір бағытта, немесе Ол (джисм) дене” – деп айтатындар, олар дінбұзарлар және олар сол үкімге лайық болды».
[Дереккөз: Ибн Хаджар әл-Хайтами, «Манхадж әл-Кауим».]

Имам Мулла `Әли әл-Қари әл-Ханафи, Алла оны рақым етсін, былай деп айтты:

 قال الإمام ملا علي القاري الحنفي (1014 هـ): "بل قال جمع منهم- أي من السلف- ومن الخلف إن معتقد الجهة كافر كما صرح به العراقي، وقال: إنه قول لأبي حنيفة ومالك والشافعي والأشعري والباقلاني " اهـ. مرقاة المفاتيح (٣/ 300).

 «Негізінде олардың барлығы (әуелгі мұсылман сәләфтар) және кейінгі ғалымдар айтты, кімде-кім “Алла Тағала белгілі бір бағыт мекенде” – деп сенсе, онда ол кәпір болып табылады. Әл-Ирақи, Алла оны рақым етсін, айтып жеткізгендей, бұл пікірді Әбу Ханифа, Мәлік, әш-Шафи`и, әл-Аш`ари және әл-Бақиляни ұстанады».
 [Дереккөз:`Әли әл-Қари, «Мирқат әл-Мафатих шарх Мискат әл-Масабих», 300 бет.]

 Көрнекті араб тілінің білгірі әрі грамматигі, имам Ибрахим ибн ас-Сарий әз-Заджадж (241-311 һ.ж.), Алла оны рақым етсін, Алла Тағаланың биіктігі жайында, былай деп айтты:

 قال الإمام الزجاج المتوفى سنة ( 311 هـ ) في كتابه تفسير أسماء الله الحسنى : ( والله تعالى عالٍ على كل شيء ، وليس المراد بالعلو ارتفاع المحل ، لأن الله تعالى يجلُّ عن المحل والمكان ، وإنما العلو علو الشأن وارتفاع السلطان ، ويؤكد الوجه الآخر قوله صلى الله عليه وسلم في دعائه : " أنت الظاهر فليس فوقك شيء ، وأنت الباطن فليس دونك شيء...".

 «Алла Тағала аса биік әр-бір нәрседен (яғни, дәрежесімен биік). Биіктік – белгілі бір кеңістік (мекен) болып табылмайды, өйткені Алла Тағала аса пәк кеңістік пен орын-мекеннен. Ақиқатында, биіктіктің мағынасы – билігімен және құдіреттілігімен аса биік, сондай-ақ бұл мағынаны Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, дұғасындағы сөздері мақұлдайды: «Сен – Анықсың, Сенен жоғарыда ештеңе жоқ, Сен – Жасырынсың, Сенен төменде ештеңе жоқ»».
[Дереккөз: Ибрахим ибн ас-Сарий, «Тафсир Асмауль-ляғу әл-Хусна».]

 Тақырыпқа қатысты хадистің толық нұсқасы:
 1908. Суһайлден, Алла оны рақым етсін. Ол: «Әбу Салих, Алла оны рақым етсін, бізге ұйықтарда оң жағымызбен жатып, сосын: «Уа, Алла! Аспандардың Раббысы, жердің Раббысы, ұлы Аршының Раббысы, біздің Раббымыз және барлық нәрсенің Раббысы, дән мен өзекті жарушы, Тәурат, Інжіл және Фұрқанды (Құранды) Түсіруші! Сенен, Өзің кекілінен ұстаған әрбір нәрсенің кесірінен (сақтауың үшін) пана сұраймын. Уа, Алла! Сен – Әуелгісің, Сенен бұрын ештеңе болмаған, Сен – Соңғысың, Сенен кейін ештеңе жоқ, Сен – Анықсың, Сенен жоғарыда ештеңе жоқ, Сен – Жасырынсың, Сенен төменде ештеңе жоқ. Біздің қарызымызды өте және бізді мұқтаждықтан құтқар (Аллаһумма, Раббәс-сәмәуәти уә Раббәл-арди, уә Раббәл-Аршил-азими, Раббәнә уә Раббә кулли шәй(ин). Фалиқал-хабби уән-нәуә, уә мунзиләт-Таурати уәл-Инжили уәл-Фурқан(и). Аъузу бикә мин шәрри кулли шәйин Әнтә ахизун бинасиятиһ(и). Аллаһумма, Әнтәл-Әууәлу, фәләйсә қабләкә шәй(ун). Уә Әнтәл-Ахиру, фәләйсә баъдәкә шәй(ун). Уә Әнтәз-Заһиру, фәләйсә фауқакә шәй(ун). Уә Әнтәл-Батину, фәләйсә дунәкә шәй(ун). Иқди ъаннәд-дәйнә уә ағнинә минәл-фақр(и))», – деп айтуды бұйыратын. Ол мұны Әбу Һурайра, Алла оған разы болсын, арқылы Пайғамбардан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, риуаят ететін», – деген (2713/61).
[Қр. “Китаб аз-Зикр” «Сахих» Муслим, №2713.]

 Дереккөз: al-fatava.com
Аударған: darulahnaf.com