Пәтуәлар

«Фиқһ-ул-Əкбар», «Фиқһ-ул-Абсат», «Уасыя» атты кітаптар Имам Əбу Ханифанікі ме?


Сұрақ: 

Әссаламу алейкум уа рахматуллах, құрметті муфти.

Кейбір бауырлар Имам Əбу Ханифадан жеткен кей кітаптарға күмəн келтіріп, иснəдінің əлсіз екендігін айтады. Осыған байланысты менде келесі сауалдар туылып отыр:

1) «Фиқһ-ул-Əкбар», «Фиқһ-ул-Абсат», «Уасыя» атты кітаптар Əбу Ханифанікі ме? Қайсы ғалымдар бұл кітаптарды имам Əбу Ханифанікі екендігін растаған? Қандай дəлелдер бар бұл кітаптардың имамымыздың қаламынан екендігіне? Жəне егер иснəд əлсіз болса, бұл кітаптардың Əбу Ханифанікі екендігін білдірмей ме?

Жауап:  

Аса Қамқор, Ерекше Рақымды Алланың атымен!

Әссаламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатух!

1) Имам Əбу Ханифаның «Фиқһ-ул-Əкбар» жəне «Уəсыя» кітаптарының авторлығы сол кісіге тиесілі екендігі сахих бекітілген. Бұл туралы Ибн-ун-Нəдим (438 ж.х.) «Əл-Фихрист» еңбегінде бұл кітаптың сахихтығы жайлы анық айтылған. Сонымен қатар, бұл кітаптың соңғы жеткізушісі Имам Əбу Ханифаға тиесілі махтуты (манускрипттері) бар. Мысалы, осындай бір манускрипттердің бірінде мынандай тізбек бекітілген: «Əли ибн Ахмед əл-Фариси Насра ибн Яхъядан ол Əбу Мукатилядан (Хафса ибн Муслима ас-Самарканди) ол Исама ибн Юсуфтен ол Хаммад ибн Əбу Ханифадан ол имам Əбу Ханифадан, Алла оларды рақым етсін».

Жетекші ханафи мəзхьабының ғұламалары — Шейх Мулла Əли Қари, Аллама Шилпи, Əл-Мəғнисауи жəне тағы сол сияқтылар — «Əл-Фиқһ-ул-Əкбар» кітабына қосымша пікір жазып, кітаптың Əбу Ханифадан екендігін растаған.

Шатастырушы жайт «Əл-Фиқһ-ул-Əкбəр» атты кітаптың екеу болуында. Біреуі — бұл Əбу Ханифаның ұлы Хаммадтан жеткен əйгілі кітап. Бұл жоғарыда айтып өткен кітабымыз. Жəне бұл имам Əбу Ханифаның қаламына тиесілі көптеген кітапханалардан орын алған əйгілі «Əл-Фиқһ-ул-Əкбар».

Ал екінші «Əл-Фиқһ-ул-Əкбəр» кітабыда имам Əбу Ханифанікі, тек басқа жеткізуші Əбул-Мути' əл-Бəлхиден. Бұл «Əл-Фиқһ-ул-Акбар» басқасына қарағанда қысқартылған. Ғалымдарда Əбул-Мути' əл-Бəлхиден жеткен бұл кітаптың имам Əбу Ханифаға тиесілі екендігіне күмəндері бар. Көп ғалымдар бұл жеткізушіні хадис жеткізуіне қарап «кəззəб» (өтірікші) санаған жəне оның əр жеткізген риуаяттары алынбайды.

Жумхур ғалымдар бұл «Əл-Фиқһ-ул-Абсат» еңбегін Имам Əбу Ханифаға тиесілі еместігін айтып, бұл еңбек Əбул-Мути' əл-Бəлхидің өзінің қаламынан екендігін алға тартады. Егер жеткізушілер тізбегі əлсіз болса («Əл-Фиқһ-ул-Абсат» жəне екінгі «Əл-Фиқһ-ул-Əкбар» сияқты), бұл кітаптарды имам Əбу Ханифанікі екендігін толығымен растау қате болып табылады. Ең жақсысы - бұл еңбектердің мүмкін имам Əбу Ханифанікі, мүмкін онікі еместігін айту жəне Аллаға тапсыру. 

Ал басында айтып өткен бірінші Хаммадтан жеткен «Əл-Фиқһ-ул-Əкбəр» келсек, бұл күмəнсіз Əбу Ханифанікі десек болады, себебі, жеткізушілер тізбегі сахих. 

Ал Алла жақсырақ білуші. Уəссəлəм.

Муфти Сухайл Тармахомед Ханафи 
Жамиат-ул Уляма, Дар ул-Ифта.

Дереккөз: askimam.ru
Аударған: darulahnaf.com