Пәтуәлар

Шейх Саид Фуда (хафизахулла)


Шейх Саид бин Әбдул Латиф Фуда – әл-кәлям (ақида), логика, усул-фиқһ ілімінің дарынды ғалымы, қазіргі заманымыздағы ибн Таймия жолының ең білгірі, фиқһте Шафиғи мәзхабында, ақидада имам Әшғари мәзхабында.

Шейх 1967-жылы Палестинада Хайфа қаласында дүниеге келген, бала кезінде ата-анасымен Иорданиядағы Амман қаласына көшкен, қазірде сол қалада тұрады.

Ілім жолы


Шейх жастайынан ілім ала бастады. Ең алғашқы ұстазы Хусейн әл-Зухайримен (оған Алланың рақымы болсын) Құранның жартысын жаттады, Шафиғи мәзхабының фиқһы, араб тілінің грамматикасын меңгерді, кейін ұстаздың ұлымен Құран жаттауды жалғастырды.

Ұстазы кейін шейх Саид Фуданы Құранды оқу ілімін терең білетін ғалым Сайд әл-Анбатауиға(оған Алланың рақымы болсын) жіберді. Осы шейхтан «Тухват әл-Әтфал» мен «Әл-Джазария» тажуид іліміндегі атақты еңбектерді меңгереді. Ғалымның қасында Құранның үштен бірін жаттап, «Харида әл-Бақия» мен «Джаухарат әт-Таухид» мәтіндерін өтті. Ол кезде Шейх Саид әл-Анбатауи таухид ілімін шейх Фудадан басқа ешкімге үйретпеді. Бір күні шейх әл-Анбатауи, Ахмад Дардирдің «Харида» кітабына жасалған шарх алып келіп шейх Фудаға осы мәтіннен студенттерге қысқаша баяндау жасауды тапсырып кейін сол шархты оқытуға рұқсат берді. Шейх әл-Анбатауи Саид Фудаға Құранның Варш оқу тәсілін үйретті.

Біраз уақыттан кейін Саид Фуда ақида, усул-фиқһ, грамматика ілімдерінен дәрістер бере бастады. Сол уақыттан бастап шейх Шәзали тариқатының ұстазы Иордания және одан тыс жерлерде ӘҺлу Сунна ақидасының қорғаушысы Ахмад Джамалдан ілім ала бастады. Бұл ұзтазбен ол ханафи мәзхабының әл-Маусылидің кітабы «Китаб әл-Ихтиярды» меңгерді. Шейх Ахмад Джамал қазірге дейін Саид Фуданың ұстазы. Басқа ілім алған ұстаздардың ішінде – Иорданияның бас мүфтиі шейх Нух әл-Қуда, ол ғалыммен Сайд Фуда имам Нәуәуидің (оған Алланың рақымы болсын) «Минхадж» кітабына жасалған шархын өтті, казірге дейін осы кісімен жақын қарым-қатынаста.

Одан басқа Саид Фуда ғалым-мухаққиқ сәләфтардың ұрпағынан болған,тафсир, усул, риторика ілімінің үлкен ғалымы шейх Ибрахим Халифдан ілім алған. Шейх Ибрахим Халифа қазірге дейін Сайд Фуданың бағдары. Бұл ғалым шейх Фудаға Әһлу Сүнна жолынан тайған Әһлу Бидғатқа қарсы шығуды бұйырған. Шейх Ибрахим Халифа, Саид Фудаға көптеген ілімдер бойынша иджаза берген, олардың ішінде тафсир, ильмул хадис, таухид, усуль, логика және риторика т.б. Кейін Шейх Ибрахим Халифаның айтуы бойынша бұған дейін осындай иджазалар беріп көрмеген. Саид Фуда көптеген ғұламалармен жақын қарым қатынаста, олардың біразы Сириядағы Әбдул Хади әл-Харса, Әдиб әл-Каллас, Ирактағы Әбдул Қадир әл-Ани (шейх Әбдул Карим әл-Мударристің шәкірті), Мысыр мүфтиі шейх Әли Джума, Әбдул Баит әл-Каттани мен доктор Умар Камил және т.б. Турциядағы Мұхаммед Салих әл-Гасримен кездескен және атақты шейх Вахб әл-Гауджимен хат ауысып ол адамнан Әһлу Сунна мәзхабын қорғайтын (имам әр-Разиға қарсы шыққандар жайлы) кітаптар жазуға насихат алды. Діни ілімдерден тыс шейх Сайд Фуда зайырлы ілім де алған ол Иорданияның ғылым және техника Универстиетінің электротехника факультетін бітірген. Қазіргі уақытта шейх Фуда Иордания Университеті магистратурада ақида бойынша дипломын қорғауда, инша’Алла бұл Әһлу Сунна ақидасын қорғауға үлкен бір ықпал болады. Шейх Саид Фуда ағылшын мен итальяндық тілдерін жақсы меңгереді.

Жазған еңбектері

Шейх Саид Фуда Әһлу Сунна ақидасын қорғайтын көптеген кітабтар (шарх, радд) жазған.

 Жарық көрген еңбектерінен:
 Әл-Кашиф ас-сағир ән ақаид ибн Таймия / Ибн Таймия жолы жайлы.
Рисәләт фи раддаля ибн Таймия / «Ихмими» кітабына түсініктеме.
Тахзиб шарх ас-Санусийя Уммәл-Барахин / ақида әс-Сануси мәтініне түсініктеме.
Таидәл-мантик / логика жайлы.
Нақдат-тадмюрийя / ақида мәселелері жайлы ибн Таймияға радд.
Әл-Муяссар шарх ли-матн әс-Суллам әл-мунаврак фи ильмуль-мантик әл-Ахдари / «әс-Суллам» логика бойынша түсініктеме.
Китаб мисбах әл-Аруах фи усуль әд-дин лиль-имам әл-Байдауи / имам әл-Байдауи таухидқа қатысты мәтін.

Жарық көретін кітаптар:
 Шарх әл-Акыда әт-Тахауийя / имам Тахауи ақидасына талдау.
Әл-Кашиф әс-сағир ән мауаки әл-галят фи китаб әл-фаляйсуф Ибн Рушд / Ибн Рушдтің «Манахидж әл-Әдилля» кітабына радд.

Таухид жайлы кітаптар: 
Әл-Бидайя фи усулюль-фиқһ.
Имам әл-Ғазали «Философтардың ретсіздігі» кітабына Мухтасар.
Имам әл-Ғазали «Әл-Иктисад филь итикад» кітабына талдау.
Әл-Мукаддиматәл-Арбааға түсініктеме.
«Әл-Мухакамат» Мулла Әбдуррахман әл-Джами әл-Лараидің талдауымен.
әт-Тауали әл-Асфахани «Минхаджға» жасаған шархына талдау
«Тахзиб әл-мантик уәл-калам» Саадат-Тафтазаниға түсініктеме.
«Әл-Мукаддимат» ас-Санусидің шархына талдау.
Шииғалардың философы әл-Та’батаби меншииға Сухраварди «Бидаят әл-хикма» мен «Нихаят әл-хикма»кітаптарына радд.
Имам Джувейнидің «Шарх әл-Уарақат» кітабына талқылау.
Имам Нәуәуидің қырық хадисына түсініктеме.
Әл-Ғумаридің қырық хадис жинағына талдау.

Шейх Сайд Әһлу Сүнна ғұламаларының еңбектеріне көптеген шағын түсініктеме кітаптар жазған, олардың ішінде имам ар-Разидің «Әл-Маалим фи усуль әд-дин» кітабы, және көптеген радд мақалалар жазған Сафара әл-Хауали «Манхадж әл-ашаира» кітабына радд.
Әли әл-Халябиға радд. «Ән-Накдәл-Кауим» / Ахмад Ибн Таймияның кейбір мәтіндеріне радд, оның ішінде Имран бин Хусейннен келген хадиске түсініктеме.
«Минах әл-вадуд фи баян мазхаб уахдатәл-вуджуд» / уахдатул-вуджуд мәселесін Әшғарилар тұрғысынан зеріктеу кітабы. Алла Тағаланың сипаттары «таъаллюқат» / байланыс мағынасын ашатын еңбек. Ибн Камал Пашаның Әшғари мен Матуриди арасындаға ихтиляфтар еңбегіне талдау мақала. Наср Хамид Әбу Зайд пікірлеріне радд (неомутазиля, Мысыр соты оны муртад деп таныды). Кейбір христиан авторларына радд. Кейбір философтарға радд (Кант, Гегель секілді)

Дереккөз: darulfikr.ru
Аударған: darulahnaf.com