Пәтуәлар

Мешітте дүниелік әңгімелер айту жайында



Алла Тағаланың үйі – мешіт – үлкен мәртебе мен құрмет көрсетуді талап етеді. Сондай-ақ мешіттің қасиеттілігі шариғатымызда анық белгіленген және ол баршамызға мәлім.
Алла елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты, жер бетіндеге ең жақсы орындар – мешіттер болып табылды. Сондықтан мешіт адам баласының жүрегіне жан тыныштығы мен татулықты бөлейтін орын. Алла Тағалаға жасалатын құлшылық  кемшіліксіз және зейінділікті талап етеді, алайда алаңдататын себептердің болмауы арқылы ғана, бұның барлығына жетуге болады.

Ақиқатында қазіргі таңда қың жылататын ахуалды байқауға болады: адамдар мешітке көрсететін құрметтілікті елемеушілік танытуда, және мешітті өздерінің от басылық шаруаларын және т.б. нәрселерді талқылайтын орынға айналдырып алған. Мешіттерде от басылық және дүниелік істерді айтатын адамдарды, хадистерде өте қатаң ескерткен.
Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Алла Тағала үйінің қасиеттілігін бұзғандарды, қатаң түрде ескертеді, яғни бұндай бұзақылықтар Алланың наразылығын шақыруға себепші болады.


Хазірет Хасан әл-Басри, Алла оны рақым етсін, былай деп жеткізеді, Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтты: «Адамдарға сондай бір уақыт келеді, олардың әңгімелері – мешітте – дүние істері жайындағы сөздер болады, сондықтан олармен бірге отырмаңдар! Өйткені Алла Тағала оларға мұқтаж емес».

[Қр. «Мишқат», 71 бет.]


Хазірет Әбу Хурайра, оған Алла разы болсын, былай деп жеткізеді, Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтты: «Мешіттер шулы (яғни, айқай-шу, гүбір-гүбір әңгімелер) болған кезде, қызыл желдерді, жер сілкінісін, аспаннан ұшып жерге түскен тастарды, түрлердің (адам жүздері) өзгеруі, жердің адамдарды жұтуы және тағы басқа көптеген жазаларды күтіңдер».

[Қр. «Мишқат», 470 бет.]



Хадистерде тағы былай деп жетті: «Адам баласы мешітте дүниелік әңгімелер айта бастаған кезде, періште оған: «Уа, Алланың досы, өшір үніңді!». Егер ол тоқтамай әрі қарай тағы дүниелік әңгімелерін жалғастырса, періште оған қайтадан қайталап: «Уа, Алланың дұшпаны, өшір үніңді!». Егер ол тағы қайтпай жалғастырса, ақыры періште оған: «Өшір үніңді, Алланың лағынеті болсын саған!» деп, айтады екен».

[Қр. «Адабул-Масаджид», 6 бет.]