Пәтуәлар

Намаз кезінде сәждеге барар бұрын қолдарымен ба әлде тізелерімен бару керек па?



Намазда сәждеге барар бұрын, алдымен тізелерін,сосын барып қолдарын жерге қояды ма? Немесе керсінше, бірінші қолдарын сосын барып тізелерін қояды ма?

Бұл мәселе мұсылмандарға аса маңызды емес екендігі белгілі болар. Алайда асылында маңызды емес екендігіне қарамастан, біздің күнімізде үлкен “маңызға” ие болды. Күнімізде белгілі болған фирқалар, өздерінің негіздеріне және жеке “ижтихадтарына” сүйене отырып, өздеріне мұсылмандарды аңду мен жазғыруды дәстүр қылып, сондай-ақ бұл сұрақта мешіттерде мұсылмандарды әбігерлікке  салып, сәждеге барар бұрын тізелерін қою – бидғат болып табылады деп, айтуда!

Және сондай сұрақтардан да басқа, бұл сұрақта ең сенімді хадис қандай екенін және міндетті түрде қандай хадиске амал етуге болатынын, өздерінің “түсініктері” менен айта бастайды. Бұл сұрақты мұқият тексеріп ғалымдардың бар пікірлерін көрейік және сол фирқалардың негізсіз пайымдаулары мен мұсылмандарға жала жабуынан қорғау мақсатымен, осы сұрақты зерттей келе ғалымдардан болған пікірлерді қарастыралық.

Ендеше бұл үмметің  көпшілік ғалымдары тақырыпқа қатысты қандай пікірді ұстанады? 

Алдымен қарсыластарымыздың  көз қарасы бойынша, оларға ең беделдісі болып табылатын ғалымның сөзін келтірейік.

Ханбали мазхабының ғалымы Ахмад ибн Таймия (661-768 һ.ж./1263-1328 м.ж.), былай деп айтты:

مسألة : في الصلاة ، واتقاءِ الأرضِ بوضْع ركْبتيه قبل يديه ، أو يديه قبل ركبتيه ؟
الجواب : أما الصلاة بكِليْهما فجائزةٌ باتفاق العلماء ، إن شاء المصلي يضَعُ ركبتيْه قبْل يديه ، وإن شاء وضَع يديْه ثم ركبتيْه ، وصلاته صحيحة في الحالتين باتفاق العلماء
ولكن تنازعوا في الأفضل , فقيل: الأول كما هو مذهب أبي حنيفة، والشافعي، وأحمد في إحدى الروايتين
وقيل : الثاني ، كما هو مذهب مالكٍ ، وأحمدَ في الرواية الأخرى , وقد روي بكلٍّ منهما حديثٌ في السنن عن النبي صلى الله عليه وسلم

«Былай деп сұрайды: Намазда (сәждеге барар кезде) жерге бірінші қолдарын тізелерінен бұрын қою керек па немесе тізелерін қолдарынан бұрын қою керек па?

Жауап: «Ғалымдардың ортақ көз қарасы бойынша намаздың бұл екі нұсқасына рұқсат бар. Егер намаз оқушы қаласа алдымен тізелерін сосын қолдарын қойса болады, ал егер қаласа алдымен қолдарын сосын тізелерін қойсада да болады. Және ғалымдардың ортақ көз қарасы бойынша, намаздың екі нұсқасында дұрыс болып саналады. Алайда олардың қайшылыққа түскендері, қай намаз (нұсқасы) жақсырақ болып табылатынында. 

Бірінші нұсқасы (алдымен тізелер) жақсырақ делінді, және бұл (жеткен) екі риуаяттың біреуінде имам Әбу Ханифа, Шафи`и және Ахмадтың пікірі деп айтылды.


Сондай-ақ, екінші нұсқасы (алдымен қолдар) жақсырақ делінді, және бұл басқа риуаятта Мәлік және Ахмадтың пікірі деп айтылды.
Бұл екі нұсқасыда хадистер жинағында пайғамбарымыздан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жетті.
[Дереккөз: Ахмад ибн Таймия, «әл-Фатауә әл-Кубра», 2/187. Бейрут баспасы: даруль кутубиль ильмийя, 1408/1987.]

Ескерту: кім ақиқатты шынайы түрде қабылдайтын болса, бұл сөздерге мұқият мән беруі керек. Шейх бұл мәселеде екі нұсқасында дұрыс екендігін қабылдай отырып, олардың айырмашылықтары тек қана қайсысы жақсырақ екендігіне сілтейді. Ал ұнамды болған артықшылық/фазаиль сұрақтарда оған сөгіс орны жоқ және тіпті бидғатта айыптауда да!

Әсіресе бұндай айыптауларды фиқһ мәселесінде және ғалымдардың пікірін білмейтін ақымақтардан есту жағымсыз, ал оларға бұл пікірлерді (ғалымдардың сөзін) жеткізсең, «барлық адамдар қателеседіғо» деп, ақталады ...

Хадис имамы Әбу `Иса әт-Тирмизи (209-279 һ.ж./824-892 м.ж.), Алла оны рақым етсін, тақырыпқа қатысты былай деп айтады: 

رأيتُ رسولَ الله صلى الله عليه وسلم إذا سجَد يضَع ركْبتيْه قبْل يديه وإذا نهَض رفَع يديْه قبل ركْبتيه
والعملُ عليه عندَ أكثر أهل العلم يرون أن يضَعَ الرجلُ رُكْبتيْه قبْل يديه وإذا نهَض رفَع يديه قبل ركبتيه

««Уәйіл ибн Хужр, Алла оған разы болсын: «Алла елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сәжде жасағанында қолдарынан бұрын тізелерін қойғанын және сәждеден көтерілгенде тізелерінен бұрын қолдарын көтергенін көрдім».
Көпшілік ғалымдар бұл хадиске сай амал етуді жөн көрді, алдымен қолдарын қойып, ал тұрған кезде бірінші қолдарын сосын тізелерін көтереді».
[Дереккөз: Әбу `Иса әт-Тирмизи, «әл-Джами`уль Кабир», 1/302-303.]

Имам Әбу Даудтың хадис еңбегіне түсіндірме (шарх) жазған ғалым Әбу Сүлеймен әл-Хаттаби (319-388 һ.ж./931-998 м.ж.), Алла оны рақым етсін, тақырыпқа қатысты былай деп айтқан:

وقد اختلف الناسُ في هذا ، فذهَب أكثرُ العلماء إلى وضعِ الركبتين قبْل اليدين ، وهذا أرْفقُ بالمصلي ، وأحْسنُ في الشكْل ، وفي رأي العين

«Бұған қатысты адамдар арасында қайшылықтар бар, және көпшілік ғалымдар – қолдардан бұрын тізелерді қою дұрысырақ деп есептеді, және олай намаз оқушыға ыңғайлы әрі қалыпты әдемі көрінеді».
[Дереккөз: Әбу Сүлеймен әл-Хаттаби, «М`алимус-Сунан», 1/368. Бейрут баспасы: Дару Ибн Хазм, 1418/1997.]

Шафи`и мазхабының ғалымы Әбу Мұхаммед әл-Бағауи (436-510 һ.ж./1044-1117 м.ж.), Алла оны рақым етсін, былай деп айтқан:

واختلف العلماء في هذا ، فذهَب أكثرُهم إلى أنه يضَع الركْبتيْه قبل اليدين ، وقال نافع : كان ابنُ عمرَ يضَع يديه قبل ركْبتيْه ، وبه قال الأوزاعي ومالك : إنه يضع يديه قبل ركبتيه

«Бұл сұрақта ғалымдар түрлі пікірде және олардың көпшілігі тізелер қолдардан бұрын қою керек деген ұстанымда болды.
Наф`иъ айтты: Ибн Омар қолдарын тізелерінен бұрын қойды. Сондай-ақ, бұл пікірде әл-Әуз`аи және Мәлікте болды: Қолдар тізелерден бұрын қою керек».
[Дереккөз: Әбу Мұхаммед әл-Бағауи, «Шархус-Сунна», 3/124.] 

Имам Мухиддин ан-Нәуәуи (631-676 һ.ж./1233-1277 м.ж.), Алла оны рақым етсін, тақырыпқа қатысты былай деп айтады:

مذهبنا أنه يستحبُّ أن يقدِّمَ في السجود الركبتيْنِ ثم اليديْن ثم الجبْهةَ والأنفَ , قال الترمذي والخطابي : وبهذا قال أكثرُ العلماء , وحكاه أيضاً القاضي أبو الطيِّب عن عامّةِ الفقهاء , وحكاه ابن المنذِر عن عمرَ بن الخطاب رضي الله عنه والنخَعي ومسلمِ بن بشَّار وسفيانَ الثوري وأحمدَ وإسحقَ وأصحابِ الرأي , قال وبه أقول
وقال الأوزاعي ومالك يقدِّم يديه على ركبتيه , وهي رواية عن أحمدَ , وروي عن مالك أنه يقدِّم أيهما شاء ولا ترجيحَ

«Сәжде жасардан алдын біздің мазхабта бірінші тізелерін сосын қолдарын, сонан кейін маңдайы мен мұрнын қою лазым (яғни дұрысырақ).

Тирмизи және Хаттаби былай деп айтты: Бұл көпшілік ғалымдардың пікірі. Сондай-ақ, бұны Қади Әбу Тайиб көпшілік фақиһтерден жеткізді. Сондай-ақ, бұл пікірді ибн әл-Мунзир, Омар ибн әл-Хаттабтан, оған Алла разы болсын, Ибрахим ан-Нахаиден, Муслим бин Башшардан, Суфьян ас-Сауриден, Ахмадтан, Исхақтан және асхабуль райдан жеткізді, және менде (яғни, ибн әл-Мунзир) сол пікірдемін. 

Ауз`аи және Мәлік былай деп айтты: Қолдар – тізелерден бұрын озады. Бұл имам Ахмадтан жеткен риуаяттардың бірі. Имам Мәліктен былай деп жетті, ол (сәждеге барарда) қай-қайсысын алсақта болсын бірінші қойды және біреуін екіншісінен артық көрмеді».
[Дереккөз: Мухиддин ан-Нәуәуи, «әл-Маджму`а», 3/461.]

«Мишкатуль-Масабих» хадис жинағы кітабына түсініктеме жазған Шарафуддин әт-Тиби (д.ө.ж. 743 һ.ж./1342 м.ж.), Алла оны рақым етсін, былай деп айтты:

ذهَب أكثرُ أهل العلم إلى أنَّ الأحبَّ للساجد أن يضَعَ رُكبتيْه ثم يديْه لما رواه وائلُ بن حُجْرٍ , وقال مالك والأوزاعي رضي الله عنهما بعكْسه

«Уәйіл ибн Хужрден, Алла оған разы болсын,  жеткендей, көпшілік ғалымдар сәжде жасаушыға ұнамдырақ болатыны, бұл алдымен тізелер сосын қолдарын қою керек деп есептейді. Бұған қарама-қайшы айтқандар имам Мәлік және Ауз`аи, Алла оларға разы болсын».
[Дереккөз: Шарафуддин әт-Тиби, «әл-Кашиф ан-Хақаиқис Сунан», 3/1028-1029. Рияд баспасы, 1417/1997.]

Ханбали мазхабының ғалымы Зайнуддин Ибн Раджаб (736-795һ.ж./1335-1393 м.ж.), Алла оны рақым етсін, «сахих» әл-Бұхаридің шархы «Фатхуль-Бәри» еңбегінде, тақырыпқа қатысты былай деп айтты:

واختلف العلماءُ في الساجد : هل يضَع ركبتيْه قبْل يديه ، أم يديْه قبْل ركبتيه ؟ فقال الأكثرون : يضَعُ ركبتيه قبل يديه

«Сәжде жасаушыға қатысты ғалымдар қайшылыққа түсіті: Тізелер қолдардан бұрын ба немесе қолдар тізелерден бұрын ба? Көпшілігі айтты: Тізелер қолдардан бұрын қояды».
[Дереккөз: Зайнуддин Ибн Раджаб, «Фатхуль-Бәри», 7/219.]

«Сунан» Әбу Даудке түсіндірме (шарх) жазған ханафи мазхабының ғалымы Бадруддин әл-`Айни (772-855 һ.ж./1361-1451 м.ж.), Алла оны рақым етсін, тақырыпқа қатысты былай деп айтты:

وقد اختلف الناسُ في هذا ، فذهَب أصحابُنا وأكثرُ العلماء إلى وضعِ الركبتين قبْل اليدين ، وهذا أرْفقُ بالمصلي ، وأحْسنُ في الشكْل ، وفي رأي العين . وقال مالك : يضَعُ يديه قبل ركبتيه ، وكذا قال الأوزاعي

«Бұл сұраққа қатысты адамдар қайшылыққа түсті. Біздің ғалымдар (ханафилер) және көпшілік ғалымдар – тізелер қолдардан бұрын қояды, және олай намаз оқушыға ыңғайлы әрі қалыппы әдемі көрінеді.
Мәлік айтты: қолдар тізелерден бұрын қояды, және соған ұқсас имам Ауз`аи да солай айтты».
[Дереккөз: Бадруддин әл-`Айни, «Шарху Сунани Әби Дауд», 4/23.]

Алла Тағаланың қалуымен ғалымдардан жеткен сөздер анық түсінікті болды, яғни көпшілік білім иелерінің пікірі бойынша, сәжде жасардан алдын бірінші тізелер сосын барып қолдарды қояды. Ал көпшілік (джумхур) ғалымдардың пікірін – бидғат деп есептеу, бұл ақымақтық!

Әлемдердің Раббыс Алла Тағалаға мадақтар болсын!


Дереккөз: al-fatava.com
Аударған: darulahnaf.com