Пәтуәлар

Олар қайда кетті?



Қадірменді мұсылман бауырлар, бұл жалған дүние уақытша және өткінші әрі осы дүниедегінің барлығы уақытша. Мәңгі тірі және мәңгі Жасаушы – ол Алла Тағала ғана. Бұл дегеніміз осы дүниеде ешкім де мәңгі қалмайды. Біз қаласақ та, қаламасақ та, бұл дүниеде тек қана жолаушы секілдіміз, себебі бұл дүниеде аз ғана уақыт болып, бәріміз арғы дүнеге (ақіретке) қайтамыз.

Хикмет иесі Алла Тағала бізге бұл жайлы Қасиетті Құранда былай деп айтқан:

كُلُّ نَفْسٍ ذَائِقَةُ الْمَوْتِ ثُمَّ إِلَيْنَا تُرْجَعُونَ

 «Әрбір жан иесі өлімді татады. Сосын Біз жаққа қайтарылады». [`Анкабут 29/57 аят]

قُلْ إِنَّ الْمَوْتَ الَّذِي تَفِرُّونَ مِنْهُ فَإِنَّهُ مُلَاقِيكُمْ ثُمَّ تُرَدُّونَ إِلَىٰ عَالِمِ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ فَيُنَبِّئُكُم بِمَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ

«Айт: Расында сендер қашқан өлім; әрине ол, сендерге кездеседі. Сосын көместі, көрнеуді білуші Аллаға қайтарыласыңдар. Сонда сендерге істеген істеріңді түсіндіреді” де». [Жұм`а 62/8 аят]
أَيْنَمَا تَكُونُوا يُدْرِككُّمُ الْمَوْتُ وَلَوْ كُنتُمْ فِي بُرُوجٍ مُّشَيَّدَةٍ

«Сендер қайда болсаңдар да, тіпті мықты қорғандарда (жұлдыздарда) болсаңдар да өлім жетеді». [Ниса 4/78 аят]
إِنَّا نَحْنُ نُحْيِي وَنُمِيتُ وَإِلَيْنَا الْمَصِيرُ

«Расында тірілтеміз де өлтіреміз. Сондай-ақ қайтар орын Біз жақ». [Қаф 50/43 аят]


Бұл аяттар біздің бәріміздің өлетіндігіміздің дәлелі және біз өлгенде Аллаға қайтатынымыз хақ. Өлімді ешкім тоқтата алмайды және одан ешкім қашып құтыла алмайды және оның емі жоқ. Бұл Тәңірлік заң.

Бұл жайлы Алла Тағала Қасиетті Құранда айтқанындай, пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің хадистерінде айтқан.

Бұл жер бетіне көптеген халықтар мен өркениеттер келді, алайда олардың бәрі де өздерінен бұрын келген халықтардың кейіпін киді және біраз уақыт соң, жоқ боп кете берді.Жамандар да, жақсылар да өтті бұл жалғаннан, алайда олар әр түрлі бағытқа, әр түрлі тарапқа кетті.

Өйткені, Қасиетті Құранда былай деген:
إِنَّ الْأَبْرَارَ لَفِي نَعِيمٍ وَإِنَّ الْفُجَّارَ لَفِي جَحِيمٍ

«Шын мәнінде ізгілер, әлбетте нығымет ішінде болады,[яғни Жәннатта]. Негізінен бұзықтар, Тозақта болады». [Әл-Инфитар 82/13-14 аят]

Біліңіздер және есте сақтаңыздар, тек Алла ұмытқан қарапайым адамдар ғана өлген жоқ, олармен қатар ұлы басқарушы патшалар мен хандар да өтті және олардың өздерімен бірге бүкіл патшалық,биліктері де кетті. Төрт күл дүниені билеген хандар да кетті. Небір Н
амрудтар кетті: «Алла» деп айтқан адамды отқа тірідей тастаған. Ақиқаттың даусын өшіргісі келген небір Перғауындар өтті бұл дүниеден. Өзінің байлығына алданған Харұндар кетті. Өлімнің өзі олардың жотасын сындарған Парсылар кетті. Алланың нұрын сөндіргісі келген және Алланың сүйікті пайғамбарын, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өлтіргісі келген Әбу Жәхилдер мен Әбу Ләхәбтар кетті. Ислам мен Қасиетті Құранды мұсылмандардың өмірінен алып тастағысы келген Тағұттар кетті. Тіпті ауруға ем-шипа ойлап тапқан данышпандар және адамды өмірге қайтарған емшілер мен дәрігерлер де кетті. Иә, дәулетіне, жағдайына, күші мен билігіне қарамастан бұл дүниеге келген әрбір адам, бұл дүниеден міндетті түрде кеткен. Ешкімде тұрақтап қалмаған.

Сол бір кездегі жарқын жүзділер қайда кетті? Көздері оттай жайнағандар қайда?
Жастық шақтары мен байлығы көр соқыр қылғандар, о дүниені ұмытқандар қайда? Өзінің сарайының санын білмеген патшалар қайда? Қолбасшылар қайда, атақ- даңқтары жер жарған, жеңістен жеңіске жетіп отырған? Қайда сол Намрудтар, Перғауындар, Харұндар, Парсылықтар, Әбу Жәхилдер мен Әбу Ләхабтар қайда кетті олар?

Олар келмеске кеткен жоқ па? Олар өздерінің жауhа
рдай сарайларынан, тас қараңғы суық қабірге ауысқан жоқ па? Мамық және жылы төсектерінен, қатты жерге ауысқан жоқ па? Өздері сол құрт-құмырсқаға жем болмады ма, сондай ең керемет тағамдармен тамақтансада? Неге олардың дүние-мүліктері, жора-жолдастары, бала-шағалары өлімнен құтқарып қала алмады?

Қадірменді мұсылман бауырлар ешкім бұл дүниеде тұрақтап қала алмайды.
Біз тек өзімізге берілген уақытты ғана өмір сүреміз. Біздің уақытымыз келеді, біздің де кезегіміз келеді және бұл уақыт алыс емес. Сондықтан да бізде өлімге дайындалудан басқа амал жоқ.

Алла елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің хадистерінің бірінде былай деп айтты: «Бұл пәниде өзіңді жарт-жұрттық секілді сезініп өт.
Және де өзіңді жолаушымын деп біл, әрі өзіңді қабірде жатқандардың қатарында сана!». [Қр. Бұхари «Рияд ас-Салихин», 2 том: 13 №576]

Осы хадисті жеткізген Ибн Омар
, Алла оған разы болсын, оның айтқандарын бұлжытпай орындап, және Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай дегенін айтты: «Түнге қалсаң таңды күтпе! Таңды атырсаң кешті күтпе!
Денсаулығың болса, ауырмауға әрекет жаса, өміріңді өлімге дайындық деп есепте. Және ешқашанда уақытыңды зая кетірме». [Қр. Бұхари «Рияд ас-Салихин», 2 том: 13 №576]

Сонымен, сен бауырым бұл өмірде тек жолаушысың. Және сен де басқалар сияқты кетесің бұл дүниеден. Мүмкін сенің өлгенде орайтын кебінің дайын тұрған да шығар. Сенде жерге көмілетіндігіңді білесің бе?! Сенің мекенің қабір болады. Ол сенің денең мен сүйектерің шіритін қабір. Кейін сен қайта тірілесің де, махшарда жиналып, есеп бересің. Сенің соңғы мекенің, не Жәннат, не Тозақ болады. Ал, сен Жәннатта қалуға тырыс.

Ажал мен есеп беруден ешкім құтылмайды.
Қанша уақыт өмір сүрсеңде бәрібір өлесің. Кімді сүйсең де бір күні одан міндетті түрде айырыласың. Сенің бай-дәулетің қанша көп болса, сен онымен де қош айтысасың. Шаңның түйіріндей не жақсылық не жамандық жасасаңда оны міндетті түрде сен көресің. Оған еш күмәнің болмасын бауырым!

Алла Тағала Құранда айтқан:
اقْتَرَبَ لِلنَّاسِ حِسَابُهُمْ وَهُمْ فِي غَفْلَةٍ مَّعْرِضُونَ

«Адам баласының есеп көретін мезгілі таяды [Қиямет күні]. Алайда олар қаперсіз бет бұруда». [Әл-Әнбия 21/1 аят]
وَجَاءتْ سَكْرَةُ الْمَوْتِ بِالْحَقِّ ذَلِكَ مَا كُنتَ مِنْهُ تَحِيدُ

«Өлім есірігі шындықты келтірді. «Одан қашушы едің» [деп адамға айтылады]. [Қаф 50/ аят]

Бауырлар, есеп күні жақын. Бізде кетеміз басқалар сияқты. Біздің қалатындай не күшіміз не жағдайымыз жоқ. Сондықтан да біздің соңғы деміміз таусылмай тұрғанда, біздің бетімізді өлімнің бозд
ағы баспай тұрғанда, бізді кебінге орап жаназамызды шығармай тұрғанда, әр-қайсымыз соңғы ақтық сапарға дайын болу керекпіз. Біздің ең керемет жетістігіміз бұл тақуалық екенін естен шығармау керекпіз:
إِنَّ لِلْمُتَّقِينَ مَفَازًا

«Негізінде тақуалар үшін құтылу бар». [Ән-Нәбә 78/31 аят]

Кейбір адамдарды кебінге орамай мұсылманша жаназасын шығармай қайтыс болатындығын және біз олар сияқты өлуден сақтануды естен шығармаған жөн. Алланың алдындағы міндетімізді лайықты түрде орындап және Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, салып кеткен жолдан таймау керекпіз. Мәңгі өмірдің нығыметіне тек осы өмірде ғана қол жеткізуге және оған тек Исламды толық ұстанған шынайы мұсылман болып қана қол жеткізетінімізді білу және бұл өмірде амал бар есеп жоқ, ал арғы өмірде есеп бар да амал жоқ екенін ұмытпа.

Құтпамды жерлеу болып жатқанда, қасынан өтіп бара жатқан Әбу Хурайраның, Алла оған разы болсын, былай деп айтқан сөзімен аяқтағым келеді:

«Кетебер, және бізде сенің артыңнан барып қаламыз».
[Қр. Иһья «Китаб әз-зикр ил маут уә мә б`адаху», 10 том]



Автор: Имам-хатыб Омар Озтоп
Кітап: «Жыл сайынғы әр аптаның 52 жұмалық уағызы»
Дереккөз: telegram.me/hanafi_madhab
Аударған: darulahnaf.com