Пәтуәлар

Сен дайынсың ба?





Құрметті мұсылман бауырлар! Пайғамбарлардың соңғысы болған сүйікті Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің бір хадисінде мына өмірді бір күнге теңейді. Ол, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің келген уақытын күннің кеш қарсаңындағы уақыты деп көрсетті. Бұл мына жалғандағы адамзат өмірінің төрттен үш бөлігі өтіп, қалған бір бөлігі қалды дегенді білдіреді. Олай дегеніміз, ақырзаман таяп келе жатыр деген сөз.

Қасиетті Құранда: «Қиямет уақыты жақындады» [Қамар 54/1 аят] делінеді. Бұл аят күннің енді ешқашан таң атырмау үшін батыс жақтан шығуға жылжып бара жатқанын түсіндіреді. Ай өзінің соңғы рет тұтылуын, жұлдыздар металдың балқығаны секілді өзінің құлауын, таулар күл-талқанға айналу сәтін, ағаштар жапырақтарының түсуін, сынақ уақыты өзінің сәтін күтіп тұр. Исрафил періште, Алланың оған сәлемі болсын, өзінің сүр үрлеу сәтін күтуде. Яғни, үлкен Сот болатын қайта тірілу күні махшар алаңында жиналуға аз уақыт қалды.

Сол себепті Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бір хадисінде былай деген: «Адам қалайша мына жалғанға қуансын! Исрафил періште, Алланың оған сәлемі болсын, сырнайды ерніне жақындатты. Оған сүр үрлеу әмір етілгенде бір сәтте кешіктірмейді». [Қр. Тирмизи «Рияд ас-Салихин» 1 том: 442 № 412.]


Құрметті мұсылман бауырлар! Сол үшін әрбір мұсылман ұлы Есеп күніне, төрешілердің Төрешісі – Ұлы Алланың құзырына жолығуға, мына өмірде істеген әр амалымыз үшін жауап беруге дайындалуымыз керек. Енді саған сұрақ қойғым келеді: сен, бауырым, жауап беруге дайынсың ба? Есеп Күні ақшаңның, таныстарыңның, мансабыңның ешқандай құны болмайтын кезде Ұлы Төрешінің құзырында жауап беруге дайындық көрдің бе?

Ұлы Алла Тағала Қасиетті Құранда: ( وَمَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَالْإِنسَ إِلَّا لِيَعْبُدُونِ ) «Мен жындар мен адамдарды Өзіме құлшылық ету үшін ғана жараттым» [Зарият 51/56 аят] деп құлшылық етуге бұйырды. Ал сен күніне неше рет сәждеге бас қойдың?

Бауырым, сені құлшылық ету үшін ғана жаратқан Алланың мына әмірін қаншалықты орындап жүрсің? Күніне бес рет намаз оқып жүрсің бе? Әлде жұмадан жұмаға, мерекеден мерекеге ғана орындап жүрсің бе? Саған парыз етілген оразаны тұтып жүрсің бе? Әлде Рамазан айы келгенде денсаулығың сыр бере ме? Саған міндеттелген зекетті төлеп жүрсің бе? Не жетімнің ақысын жеп, өзіңе Тозақ отынын дайындап жатсың ба? Қажылықты орындадың ба? Не мұсылманға жараспайтын әдетке еріп: «Олар онда арабтарды асырау үшін барады» дейсің бе? Осы әр сұраққа жауабың бар ма, бауырым?

Құрметті мұсылман бауырлар! Қасиетті Құранның бес жүзден аса аятында Алла Тағала адамдарды ойлануға шақырады. Олардың бірінде былай дейді: (أَوَلَمْ نُعَمِّرْكُم مَّا يَتَذَكَّرُ فِيهِ مَن تَذَكَّرَ وَجَاءكُمُ النَّذِيرُ) «Сендерге; үгіт алғысы келген кісі, үгіт алатын өмір бермедік пе? Әрі сендерге ескертуші де келген еді...» [Фатыр 35/37 аят].

Әй, менің мұсылман бауырым, сен қолыңмен басыңды ұстап осы туралы ойландың ба? Сенің өміріңді қалай өткізіп жүргенің туралы ойланған кезің болды ма? Сенен «Өміріңді қалай өткіздің?» деп сұрағанда не деп жауап бересің? Сен сонда: «Уа, менің Құдайым, мен жұмыс істедім, ұйықтадым, көңіл көтердім, теледидар көрдім, тамақ іштім, су іштім, қаңғырдым, ал жұма сайын мешітке бардым деп айтпақсың ба»? Сенің өзіңе мұндай жауап ұнай ма? Өміріңді неге жұмсағаның үшін жауап бере аласың ба?
Бауырлар, пайғамбарлардың пайғамбары, екі дүниенің нұры азиз Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, хадистерінің бірінде былай деп айтқан: «Ақылды адам бұл өзін есепке алып, арғы өміріне дайындалған адам. Ақымақ болса нәпсінің жетегінде кетіп, арғы дүниесін ойламаған адам». [Қр. Тирмизи «Рияд ас-Салихин», 1 том: 101 № 66.]

Сен осылардың қайсысына жататыныңды ойладың ба? Ақылдылардың ішіндесің бе? Әлде ақымақтардың ба? Құранда айтылғандай: «Шайтанның арсыз істері» [Мәида 5/60 аят] деп сипатталғандай нәпсіге еріп ішімдік тұтынасың ба? Немесе құмар ойындар ойнайсың ба?

Сондай-ақ Қасиетті Құранда Алла Тағала өсіммен өмір сүретіндерді: (فَأْذَنُوا بِحَرْبٍ مِّنَ اللّهِ وَرَسُولِهِ) «бұны Аллаға, Пайғамбарына қарсы соғыс деп біліңдер!» [Бақара 2/279 аят], Қиямет күні олар: (الَّذِي يَتَخَبَّطُهُ الشَّيْطَانُ مِنَ الْمَسِّ) «жын соғып тұрғандай есеңгіреп тұрады». 
[Бақара 2/275 аят] 

Қалайша сендер пайыз бен кредиттен алынған ақшаға өмір сүресіңдер? Осы үшін жауап беруге дайынсың ба? Алла Тағала Қасиетті Құранда былай деп бұйырады: (يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا قُوا أَنفُسَكُمْ وَأَهْلِيكُمْ نَارًا وَقُودُهَا النَّاسُ وَالْحِجَارَةُ) «Әй, мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар!». [Тахрим 66/6 аят]

Алла елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің хадистерінде былай деген: «Ер кісі жанұясының бақташысы. Сондықтан да ол қол астындағыларға жауапты». [Қр. Бұхари, Мүслим «Рияд ас-Салихин» 2 том: 73 № 656.]

Қане жауап берші, менің мұсылман бауырым! Сен өзіңді және отбасыңды отыны адамдар мен тастар болатын тозақтан құтқардың ба? Сенің туған балаларың уақытының көп бөлігін көшеде өткізетіндерден емес пе? Неге сенің ұлың бәрін біледі де, бірақ өзінің діні туралы ештеме білмейді? Алланың қатаң бұйрығына қарамай сенің әйелің мен қызың әуретін жаппай жүреді? Сен не олар үшін жауап бермейсің бе? Сондықтан да, бауырлар, бұл сұрақтың бәрін есепке алып жауап беруге дайын болу керекпіз. Өйткені өлім періштесі Әзірәйіл (Алланың оған сәлемі болсын) саған асығуда, оны қарсы алуға дайындал! Сенің қабірің құшақ жая сені күтуде, оның құшағына енуге дайындал! Аспандар – жарылуға, жер – қопарылуға, таулар – қозғалуға, теңіз – тасуға дайын тұр. Сенде оған дайын бол!

Бұл Қиямет күні қасиетті Құранда айтылғандай: (تَشْهَدُ عَلَيْهِمْ أَلْسِنَتُهُمْ وَأَيْدِيهِمْ وَأَرْجُلُهُمْ بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ) «Қиямет күні оларға тілдері ,қол-аяқтары не істегендіктеріне айғақ болады». [Нұр 24/24 аят] Бұл куәні ешкім жоққа шығармайтынын біл! Тозақ оты жанғанда одан алыстауға, Жәннат жақындатылғанда оған кіруге дайындал!

Мәңгі тірі ешқашан өлмейтін Алла қасиетті Құран аяттарында бізге былай деп ескертеді:

(أَفَلَا تَعْقِلُونَ) «Сонда да түсінбейсіңдер ме?» [Әл-Әнбия 21/10,67; Әл-Қасас 28/60 аят] (أَفَلَا تَسْمَعُونَ) «Қиямет күні жазаға әзірленетін кісілер тәрізді ме?» [Әл-Қасас 28/61] (أَفَلا تَذَكَّرُونَ) «Енді де түсінбейсіңдер ме?» [Ән-Нахыл 16/17 аят] Сондықтан да кеш болмай тұрғанда дайындылып, дәптерлер ашылған сәтте» [Әт-Тәкуир 81/10 аят], жауап беру керек! ...
(اَلاَ اِنَّ اَحْسَنَ الْكَلاَمِ وَأَنَّ إِلَى رَبِّكَ الْمُنتَهَى) [Ән-Нәжім 53/42 аят].  


Автор: Имам-хатыб Омар Озтоп
Кітап: «Жыл сайынғы әр аптаның 52 жұмалық уағызы» 


Дереккөз: telegram.me/hanafi_madhab

Аударған: darulahnaf.com