Пәтуәлар

Тарауих намазының рака`ат арасындағы құлшылық



Тасбих әт-Тарауих

Таруихатарауих намазының әрбір төрт рака`ат арасында абзал болған үзіліс, әртүрлі өңірлердегі мұсылмандар, әсіресе Мекке мен Мәдина тұрғындары құлшылықпен өткізген уақыт болып табылады. Әрбір осындай үзіліс уақытында Мекке мұсылмандары Қағбаны тауаф қылған, ал Мәдина мұсылмандары тауаф ету мүмкіндігі болмауы себебінен қосымша төрт рака`ат намаз оқыған.

Жалпы тарвиха уақытында Құран оқуға, тасбих (СубханАллаһ), тахмид (ӘлхамдулиЛләһ), тахлил (Лә иләһа илляЛлаһ), жеке нәпіл намаз оқуға, Пайғамбарымызға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, салауат айтуға немесе жай үндемей отыруға болады. Бұл жайында фақиһтер өздерінің кітаптарында келтіреді. 

Мысалы, бұл жайлы мынадай кітаптарда айтылған: «Әл-Мабсут» 1, «Әл-Мухит әл-Бурхани» 2, «Бада`и әс-Сана`и» 3, «Мухтарат ән-Науазил» 4, «Әл-Фатауә әт-Татархания» 5, «Әл-Ғун`я әл-Мутамалли» 6, «Нихая әл-Мурад» 7, «Фатх Баб әл-Иная» 8, «Маджма әл-Анхур» 9, «Имдад әл-Ахкям» 10 және «Фатауа Рахимийә» 11.
Бұл кітаптарың еш бірінде тарауих намазына арналған сүннет немесе мұстахаб болған қандай да бір дұға аталмағаны таңқаларлықтай жәйт емес, және де бұл кітаптарда кейбір мешіттерде, тіпті арасында осы дұға жазылған плакаттар ілініп тұратын мешіттерде мұсылмандар оқитын танымал дұға да аталмаған. Бұл «тарауих дұғасы» деп танылған дұға былай оқылады:

سُبْحانَ ذِي الْمُلْكِ وَالْمَلَكُوتِ سُبْحانَ ذِي الْعِزَّةِ وَالْعَظْمَةِ وَالْهَيْبَةِ وَالْقُدْرَةِ وَالْكِبْرِياءِ وَالْجَبَرُوْتِ سُبْحانَ الْمَلِكِ الْحَيِّ الَّذِيْ لا يَنامُ وَلا يَمُوتُ سُبُّوْحٌ قُدُّوْسٌ رَبُّنا وَرَبُّ المْلائِكَةِ وَالرُّوْحِ اللَّهُمَّ أَجِرْنا مِنَ النّارِ يا مُجيرُ يا مُجيرُ يا مُجيرُ

«Патшалық және мүліктер иесі Алла пәк. Үстемдік, ұлылық, құдірет, үлкендік және өктемдік иесі Алла пәк. Өлмейтін (мәңгі) тірі (патшалардың) патша Алла пәк. Өте пәк, тым кіршіксіз Раббымыз, әрі періштелердің Раббы, әрі Жәбірейілдің Раббы, Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ. Алладан жарылқау тілеймін. Я, бір Алла! Сенен жәннат тілеймін және тозақ отынан сақта деп саған сыйынамын».

Өкінішке орай,  хадис, тәпсір, фиқһ және т.б. кітаптарды мұқият тексеру барысында, бұл дұғаның аталуы бірде-бір кездестірілмеді. Алайда бұл дұғаның кейбір бөліктері тәпсір кітаптарында кездеседі, мысалыға, періштелердің тасбихы. Дегенменде, бірде-бір тәпсір немесе басқа да ислами ғылымдар кітаптарында бұл дұғаның нақты осы мәтіні қандай да бір басқа мағынамен де келтірілмейді, «тарауих дұғасы» деп айтпағанның өзінде.

Тарауих намазына ерекше дұғаны бөліп шығарғандар имам Ибн `Абидиннің, оған Алланың рақымы болсын, «Радд әл-Мухтар» кітабында төмендегі дұғаны үш рет оқу керек деген сөздерін негізге алғандары анық:

سُبْحانَ ذِي الْمُلْكِ وَالْمَلَكُوتِ سُبْحانَ ذِي الْعِزَّةِ وَالْعَظْمَةِ وَالْهَيْبَةِ وَالْقُدْرَةِ وَالْكِبْرِياءِ وَالْجَبَرُوْتِ سُبْحانَ الْمَلِكِ الْحَيِّ الَّذِيْ لا يَنامُ وَلا يَمُوتُ سُبُّوْحٌ قُدُّوْسٌ رَبُّنا وَرَبُّ المْلائِكَةِ وَالرُّوْحِ اللَّهُمَّ أَجِرْنا مِنَ النّارِ يا مُجيرُ يا مُجيرُ يا مُجيرُ

«Патшалық және мүліктер иесі Алла пәк. Үстемдік, ұлылық, құдірет, үлкендік және өктемдік иесі Алла пәк. Өлмейтін (мәңгі) тірі (патшалардың) патша Алла пәк. Өте пәк, тым кіршіксіз Раббымыз, әрі періштелердің Раббы, әрі Жәбірейілдің Раббы, Алладан басқа ешбір Тәңір жоқ. Алладан жарылқау тілеймін. Я, бір Алла! Сенен жәннат тілеймін және тозақ отынан сақта деп саған сыйынамын».

Таңқалдыратын жағдай – имам Ибн `Абидиннің өзі де, оған Алланың рақымы болсын, бұл сөздерді «тарауих дұғасы» ретінде келтірмеген. Имам `Абид әс-Синдхи де «Тауали әл-Ануар» 13 кітабында бұл сөздерді имам Ибн `Абидиннен келтіреді, оларға Алланың рақымы болсын. Олардың ешбіреуі бұл дұғаны сүннет не мұстахаб деп айтпаса да, «Хайр әл-Фатауа» 14 кітабында «Радд әл-Мухтар» кітабына сілтеме жасай отырып, бұл дұғаны оқу – мұстахаб амал деп айтқан. 

(Мұстахаб дегеніміз – ұнамды, сүйкімді іс. Шариғи мағынасы – Алла Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, кейде жасап, кейде жасамаған іс-әрекеттері. Мұстахаб амалды істеген адамға сауап жазылады, істемеген адамға кінәрат тағылмайды)

Сондай-ақ, имам Ибн `Абидин де, имам `Абид әс-Синдхи де бұл дұғаны имам Кухустаниден келтіреді. Имам Ибн `Абидин бұл дұғаны келтірген кезде «Манхадж әл-Ибад» кітабына сілтеме жасаған. Ал имам `Абид әс-Синдхи болса, имам Кухустанидің сөзін келтірген кезде, «Мафатих әл-Ибад» кітабына сілтеме жасаған. Имам Кухустани «Джами әр-Румуз» 15 кітабында дұғаның дереккөзі ретінде «Манахидж әл-Ибад» кітабын келтірген. Бұл кітап қалай аталса да («Манхадж әл-Ибад», «Манахидж әл-Ибад», Мафатих әл-Ибад»), ол дұғаның абзалдығына дәлел ретінде сенімді дереккөз болып табылмайды, оның тарауих уақытында оқылуын айтпағанда. Сонымен қатар, осы дұғаны келтірген имам Кухустани де, басқа ғалымдар да ол үшін айтарлықтай сауап туралы атамаған болатын.

Олай болса, «тарауих дұғасын» сүннет немесе мұстахаб деп есептеу дұрыс емес. Дұғаның мәтінінде ешқандай мәселе жоқ, алайда адам бұл дұғаны оқу – жай ғана рұқсат етілген (мубах) амал екендігін түсінген жөн. (Мубах – ықтиярлы амал. Оны істегенде де, істемегенде де сауап немесе күнә жазылмайды). Бұдан басқа, егер адам әуелгі ізгілерден болғандардың амалына сай іс жасағысы келсе, имам Кухустаниден келтірілетін басқа дұғаны оқыса да болады. Бұл дұғаны сондай-ақ имам Ибн `Абидин мен имам `Абид әс-Синдхи де келтіреді, алайда мәтіні «тарауих дұғасынан» өзгеше. 

Оның үстіне имам Гангохи 16, оған Алланың рақымы болсын, әдетте осы дұғаны оқитын: 

سُبْحانَ اللهِ وَالْحَمْدُ لِلَّهِ ولا إلَهَ إلاَّ اللهُ واللهُ أَكْبَرُ

«СубханАллаһ (Алла Тағала кемшіліктерден пәк), ӘлхамдулиЛляһ (Алла Тағалаға мақтаулар болсын), Лә иляһә илляЛлаһ (Алладан басқа тәнір жоқ), Аллаһу Акбар (Алла ұлы!)».

Дегенмен, сүннет не мұстахаб болған арнайы тарауих дұғасы жоқ екендігін түсіну керек. Жоғарыда бірнеше фиқһ кітаптарынан келтіргеніміздей, тасбих, тахмид, науафил (нәпіл намаз), салауат және т.б. амалдар жасау керек немесе жай ғана үндемей отырса болады. Бірақ егер адам имам Кухустаниден жеткен дұғаны немесе «тарауих дұғасын» оқығысы келсе – ол рұқсат, тек егер оны жай ғана мубах деп есептесе, ол қандай да бір құндылыққа ие емес екендігін білсе және ол дұғаларды оқымағандарға жағымсыз түрде қарамай, айналасындағыларға бұл құдды бір сүннет не мұстахаб амал деген әсер туындатпауы керек, мысалы осы дұғалар жазылған плакаттарды мешіттің ішіне ілуменен.

Алла Тағала дұрысын білуші.

Авторы: Абрар Мирза
Дереккөз: darulfikr.ru
Мақала түп нұсқасы: www.ilmgate.org
Аударған: darulahnaf.com



·         1 [الانتظار بين كل ترويحتين] وهو مستحب هكذا روي عن أبي حنيفة رحمه الله تعالى لأنها إنما سميت بهذا الاسم لمعنى الاستراحة وأنها مأخوذة عن السلف وأهل الحرمين فإن أهل مكة يطوفون سبعا بين كل ترويحتين 1 كما حكينا عن مالك رحمه الله تعالى (البسوط للسرخسي، كتاب الصلاة، باب التراويح، الفصل الرابع: 2/132؛ الفكر)
·         2.كلما يصلي ترويحة ينتظر بين الترويحتين قدر ترويحة... فالانتظار بين كل ترويحتين مستحب بمقدار ترويحة واحدة عند أبي حنيفة رحمه الله تعالى وعليه عمل أهل الحرمين غير أن أهل مكة يطوفون بين كل ترويحتين سبعا وأهل المدينة يصلون بدل ذلك أربع ركعات وأهل كل بلدة بالخيار يسبحون أو يهللون أو يكبرون أو ينتظرون سكوتا (المحيط البرهاني، كتاب الصلاة، الفصل الثالث عشر: 2/250؛ إدارة)
·         3.ومنها أن الإمام كلما صلى ترويحتة قعد بين الترويحتين قدر ترويحة يسبح ويهلل ويكبر ويصلي على النبي صلى الله عليه وسلم ويدعو (بدائع الصنائع، كتاب الصلاة، صلاة التراويح: 1/648؛ إحياء التراث)
·         4.ويقعد بين كل ترويحتين مقدار ترويحه الخامس في الوتر ثم هو مخير فيه إن شاء سبح وإن شاء هلل وإن شاء صلى (على النبي صلى الله عليه وسلم) وإن شاء سكت وأهل مكة يطوفون بين ترويحتين أسبوعا (مختارات النوازل، كتاب الصلاة، فصل في التراويح: ص 95؛ العلمية)
·         5.فالانتظار بين كل ترويحتين مستحب بمقدار ترويحة واحدة عند أبي حنيفة وعليه عمل أهل الحرمين غير أن أهل مكة يطوفون بين كل ترويحتين أسبوعا وأهل المدينة يصلون بدل ذلك أربع ركعات وأهل كل بلدة بالخيار يسبحون أو يهللون أو ينتظرون سكوتا (الفتاوى التاتارخانية، كتاب الصلاة، الفصل الثالث عشر: 1/654؛ إدارة القرآن)
·         6.(فيجلس بين كل ترويحتين مقدار ترويحة) أي بين كل أربع ركعات وأربع ركعات مقدار أربع ركعات وكذا بين الآخرة والوتر وليس المراد حقيقة الجلوس بل المراد الانتظار وهو مخير فيه إن شاء جلس ساكتا وإن شاء هلل أو سبح أو قرأ أو صلى نافلة منفردا وهذا الانتظار مستحب لعادة أهل الحرمين فإن عادة أهل مكة أن يطوفوا بعد كل أربع أسبوعا ويصلوا ركعتي الطواف وعادة أهل المدينة أن يصلوا أربع ركعات... فثبت من عادة أهل الحرمين الفصل بين كل ترويحتين ومقدار ذلك الفصل وهو مقدار ترويحة فكان مستحبا لأن ما رآه المؤمنون حسنا فهو عند الله حسن (غنية المتملي، فصل في النوافل، تراويح: ص 404؛ سهيل)
·         7.قال في فتح القدير قيل ينبغي أن يقول والمستحب الانتظار بين الترويحتين وأهل المدينة كانوا يصلون بذلك أربع ركعات فرادى وأهل مكة يطوفون بينهما أسبوعا ويصلون ركعتي الطواف إلا أنه روى البيهقي بإسناد صحيح أنهم كانوا يقومون على عهد عمر رضي الله عنه... وأهل كل بلدة يسبحون أو يهللون أو ينتظرون سكوتا أو يصلون أربعا فرادى وإنما المستحب الانتظار لأن التراويح مأخوذة من الراحة فيفعل ذلك تحقيقا لمعنى الاسم وكذا هو متوارث انتهى (نهاية المراد، التراويح: ص 649؛ البيروتي)
·         8.(على كل ترويحة) أي أربع ركعات وقيل خمس تسليمات (جلسة بقدرها) لتوارث ذلك من السلف وكذا قبل الوتر هكذا روي عن أبي حنيفة لأنها إنما سميت بالترويحة للاستراحة فيفعل ذلك تحقيقا لمعنى الاسم ثم إن أهل مكة تطوف سبعا بين كل ترويحتين كما حكي عن مالك وأهل المدينة يصلون فرادى أربعا بدل ذلك وأهل كل بلدة بالخيار يسبحون أو يهللون أو ينتظرون سكوتا أو يصلون فرادى (فتح باب العناية، كتاب الصلاة، فصل في صلاة التراويح: 1/342؛ الأرقم)
·         9.وجلسة بعد كل أربع بقدرها) أي بقدر أربعة من ركعاتها ولو قال وانتظار بقدرها لكان أولى فإن بعض أهل مكة يطوفون بين كل ترويحتين وأهل المدينة يصلون بدل ذلك أربع ركعات وأهل كل بلدة بالخيار يسبحون أو يهللون أو ينتظرون سكوتا (مجمع الأنهر، كتاب الصلاة، باب الوتر والنوافل، فصل: 1/136؛ إحياء التراث)
·         10.(إمداد الأحكام، كتاب الصلاة، فصل في التراويح: 1/624؛ كراتشي)
·         11.(فتاوى رحيمية، كتاب الصلاة، مسائل تراويح: 6/245؛ الإشاعت)
·         12. قوله ( بين تسبيح ) قال القهستاني فيقال ثلاث مرات سبحان ذي الملك والملكوت سبحان ذي العزة والعظمة والقدرة والكبرياء والجبروت سبحان الملك الحي الذي لا يموت سبوح قدوس رب الملائكة والروح لا إله إلا الله نستغفر الله نسألك الجنة ونعوذ بك من النار كما في منهج العباد ا هـ (رد المحتار، كتاب الصلاة،باب الوتر والنوافل: 2/46؛ الفكر)
·         13.(ويخيرونفي هذا الانتظار (بين تسبيحفي القهستاني يقول سبحان ذي الملك والمكوت سبحان ذي العزة والعظمة والقدرة والكبرياء والجبروت سبحان الملك الحي الذي لا يموت سبوح قدوس رب الملائكة والروح لا إله إلا الله نستغفر الله نسألك الجنة ونعوذ بك من النار كما في مفاتيح العباد انتهى وقال الحلبي وإن شاءهلل أو سبح انتهى فأفاد به أن كل ذكر من تسبيح أو تحميد أو تكبير أو حوقلة أو مذاكرة علم يقوم مقام ذلك والله أعلم (طوالع الأنوار، كتاب الصلاة، باب الوتر والنوافل: 2/299-300/ب-أ؛ مخطوط)
·         14.(خير الفتاوى، كتاب الصلاة، فصل في التراويح: 2/521؛ إمدادية)
·         15.فإن لكل بلدة أن يسبح أو يهلل كما له أن يسكت كما في المحيط (بقدرها) أي الترويحة فقال ثلاث مرات سبحان ذي الملك والملكوت سبحان ذي العزة والعظمة والقدرة والكبرياء والجبروت سبحان الملك الحي الذي لا يموت سبوح قدوس رب الملائكة والروح لا إله إلا الله نستغفر الله نسألك الجنة ونعوذ بك من النار كما في مناهج العباد (جامع الرموز، كتاب الصلاة، فصل في الوتر والنوافل: 1/215؛ سعيد)
·         16.(فتاوى دارة العلوم ديوبند، كتاب الصلاة، الباب الثامن، الفصل الرابع: 4/246، 248؛ الإشاعت)