Пәтуәлар

Қарауға тыйым салынған нәрселерге назар салудан болатын зиянның он төрт түрі. 2-бөлім



Шейх Хаким Мұхаммед Ахтар 


 3. Ол лағнеттелгендер қатарынан болады. 

Көзін тыймаған әрбір адамға Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мені сәлемі болсын, лағнеті тарайды. «Мишкатул масабих» атты жинақта мынадай хадис келтіріледі: «Қараған адамға және ол кімге қараса, сол адамға Алланың лағнеті болсын». Яғни, өзінің көзін харамнан тыймаған адамға, сонымен қатар, өзінің сұлулығын өзгелерге көрсетіп, көзге түсуші адамға да Алланың лағнеті болсын. Егер харамға назар салу маңызсыз іс болғанда, онда бүкіл жаратылысқа мейірім ретінде жіберілген Пайғамбарымыз, Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын, ондай адамдарды лағнеттемес еді. Жоғарыда айтылғандардан бұл амал Алла мен оның Пайғамбарына, Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын, өте жеккөрінішті екенін қорытындылауға болады.

Имам Рағиб Асфани «Муфрадатуль Қуран» атты кітабында «лағнеттелген» деген сөздің мағынасы Алланың мейірімінен ұзақта болу екенінін жазған. Ал кімде-кім Алланың мейірімінен алыста болса, онда ол өз нәпсісінің зияны мен құмарлықтарынан сақтана алмайды, себебі бұған тек Оның мейірімінің аясында болғандар ғана қол жеткізе алады.

Алла Тағала айтқандай: «Шын мәнінде адамның нәпсісі жамандықты бұйырады». Онда кім оның жамандығынан сақтана алады?

Аятта былай айтылған: «Менің Раббым кімге мейірімін төккен болса, тек сол ғана». Яғни, нәпсінің зияны мен оның құмарлықтарынан сақтанудың жалғыз жолы – Оның мейірімінің аясында болу. Және бұл жалғыз жолды сол жанды Жаратушының Өзі тағайындаған болатын. Сол себепті Алланың мейірімінің аясында болған адамның жаны жамандық бұйыруды қойып, жақсылық бұйыруды бастайды. Осы себепті де (Ей, Мұхаммед!) «Иман келтіргендерге айт, олар көздерін төмен түсірсін және ұятты жерлерін сақтасын» деген аятта, «олар көздерін төмен түсірсін» деген сөздерден кейін «ұятты жерлерін сақтасын» тұр. Бұның мағынасы – кім көздерін харамнан сақтаған болса, ол Алланың бұйрығын орындағаны үшін Оның мейірімінің аясында болады және ұятты жерлері күнәдан сақталады. Яғни, ұятты жерлерінің күнәдан сақталуы – көздерін харамға назар салудан сақтаудың сауабы. Ал егер керісінше қарастырылса, онда кім көздерін харамнан тыймаса, оның ұятты жерлері күнәдан сақталмайды. Және оған қанша лағнеттер түссе де – оған оның бәрі аз.

 4. Ол ақымақ болып табылады. 

Хакиммул Уммат Шейх Тануи айтқан: «Әрбір күнә – кем ақыл мен ақымақтықтың дәлелі. Әлдебір адамның күнә жасауы оның басы дұрыс істемеуінің дәлелі болып табылады. Олай неге болмасқа, егер ол өзінің Ұлы Раббысын – біздің өміріміз және өліміміз, денсаулығымыз, біздің бұл өмірде бақытты және тыныштықта болуымыз, сонымен қатар бұл өмірден жақсы не жаман күйде өтуіміз Оның құдіретінде болған Раббысын –.ашуландырса. Әрбір ақыл-есі дұрыс болған адам бұл жағдайда күнә жасамас еді». Сонымен қатар шейх былай деп айтқан: «Осыған орай, көзді харамнан тыймау ақымақ күнә болып табылады, себебі оны жасаушы нәтижесінде ештеңеге қол жеткізбейді, тек өз жүрегін бекер қинайды. Ол бұл әдеміліктің иесі болмайды, бірақ жүрегінің тыныштығы бұзылып, ол өзінің еске алулары мен армандарында сарылып қала береді».

Алла Тағала бұл сұраққа қатысты менің жүрегіме жаңа ілім ашты. Исламда мұсылманды ренжіту (қинау) тыйым салынғаны белгілі. Ал тыйым салынған нәрсеге қараушы да мұсылман болып табылады ғой және сол күнәні жасағанда ол өзінің көңілін түсіріп (қинап), өз жүрегін азаптайды. Сол себепті, өзге мұсылманға зиян келтіру тыйым салынған амалдардың қатарына жататындықтан, онда өз-өзін қинау және өз жүрегін азаптау қалайша рұқсат етілген амалға кіреді?!

 5. Ол Алланың ашуы мен лағнетіне лайық. 

Егер әлдебіреу: «Адам сұлу қызға қараса, әрине оның жүрегі қайғы мен мұңға толады, бірақ дәл сол жағдай сен көзіңді одан тыйсаң да болады – жүрегің оның бейнесін білмегеннен сарылып қала береді», – деп айтса, сол сұлулыққа назар салудан болатын қиналу, қарамағаннан болатын қиналудан қаттырақ екенін сол адамға жауап ретінде айтуға болады. Себебі, сұлуды көрген адам оның бет-әлпетінің, көздерінің, мұрнының қандай екенін, келбеті «суреттегідей» екенін білді. Оның сол сұлулықты көргеннен кейін болған уайымы әлдеқайда қаттырақ болады және сөзсіз олар түпкілікті оның мазасын алады. 

Ал кімде-кім көзін сақтаған болса, оның уайымы көрмеген сұлулыққа негізделетін болады. Оның қиналуы жеңіл болып, көп ұзамай оның ізі де қалмайтын. Онымен қоса, сол қиналудың орына ол иманның сондай ләззатын сезінеді және Аллаға жақын болудың сондай бір рахатын сезінеді, тіпті бұл өмірдегі барлық рахат онымен салыстырғанда түк болмай қалады.

Және керісінше, көзімен көрген сұлулық үшін қиналуы себепті оған Алланың лағнеті мен ашуы жаңбырдай төгіліп, оның жүрегі мұң мен қайғыға толып, бір мезетке де тыныштық таппай, адамның өмірі толығымен қара жолаққа айналады.

Сол себепті бұл екі қиналудың айырмашылығы жер мен көктей: бір жағында Алланың мейірімі болса, екінші жағында – Оның ашуы. Басқаша айтқанда, екі қиналудың айырмашылығы жәннат пен жәһаннамның арасындағы айырмашылықтай.

Осының бәрін ескере отырып, келесідей қорытынды жасауға болады: шындығында көзді харамнан тыю бұйрығы – мұсылмандарға Алла Тағала тарапынан болған үлкен мейірім, себебі сұлулықты көрмеуден болған қиналу орын алғанымен, Ол бізді назарсалғаннан болатын қиналудан сақтап қалды.

Егер бір адамды маса шақса, ал екіншісін жылан шақса, онда маса шаққан адам оны жыланның шағуынан сақтап қалғаны үшін Аллаға шүкіршілік етеді. Ал сұлулықты көрмеуден болған қиналу масаның шағуымен тең болса, көруден болған қиналу – жылан шаққандай.


darulahnaf.com