Пәтуәлар

Қарауға тыйым салынған нәрселерге назар салудан болатын зиянның он төрт түрі. 3-бөлім



                                                    Шейх Хаким Мұхаммед Ахтар 


7. Денсаулыққа зияны – аталық бездің ісінуі. 

Харамға қараудан тыйылмаған адамның денсаулығына зиян келеді: аталық бездің ісінуі себебінен адамда жиі зәр шығару дерті пайда болады. 

8. Адам тез ұрық шашу ауруына шалдығады. 

Харамға қараудан шәһуәттің оты өршіп, оның ыстығы еркектің ұрығына жетіп, соңында ол сұйық болады. Ал ол өз алдына тез ұрық шашу ауруына алып келеді. Ондай ер адам әйеліне қатысты күйеулік міндетін толық түрде орындай алмайтыны белгілі. Сол себепті, ерлі-зайыптылар арасында ұрыс-керіс басталып, отбасылық өмірлері құлдырай бастайды. 

9. Ол Алла тарапынан берілген нығметтерге шүкіршілік етпейтін болады. 

Харамға қарау адамды шүкіршілік етпейтіндер қатарынан қылдырады. Адам әйелдердің түрлі келбеттеріне қарай бастағанда, ол өзінің әйелін әдемі санамай, жүрегі шүкірсіздікке толады... (маған әдемі әйел жолықпады...) Ал егер шындығында оның әйелі сұлу болса, онда ол оған ең сұлу әйел жолықпағаны үшін разы болмайды. Өзге әйелді сұлу санаған адамға, тіпті өзінің сұлу әйелі де ұнамайды. Сөйтіп ол берілген нығметтерге шүкіршілік етпейді. Ал тақуа адам басқа әйелдерге мүлдем қарамайтындықтан, өзінің әйелін ең сұлу деп санайды және сол үшін Аллаға шүкіршілік етеді. 

10. Тыйым салынған нәрсеге қарау көзге зиянын тигізеді. 

Көру Алланың ең ұлы нығметтерінен. Ал көзді харамнан сақтау сол берілген нығметке шүкіршілік ету болып табылады. Сонымен қатар, адам Алланың берген нығметіне шүкіршілік қылса, онда Алла Тағала бұл нығметті еселейтіні белгілі. Себебі Ол Құранда былай деді: «Егер сендер шүкіршілік қылсаңдар, онда Мен одан есе арттырамын» . Және керісінше, адамның харамға қарауы – Аллаға шүкіршілік қылмаудың нағыз көрінісі. Бұлай жасағандардың жазасы туралы Құранда ескертулер бар: «Ал егер сендер шүкіршілік қылмасаңдар, онда менен болатын азап өте ауыр» . 

11. Оның жүрегі өледі. 

Алла Тағалаға жақын болу – көзді харамнан сақтаудың ең үлкен сыйы. Адам көзін харамнан сақтағанда, ол өз ішіндегі белгілі бір сезімдерге бой алдырмай, сол сұлулыққа қарауға деген қалауын басады. Адамның жүрегі жараланғанымен, оның орнына Алла Тағала оған ең үлкен нығмет – Оған жақындардың қатарынан болуды нәсіп етеді. Ал харамға қараумен адам шынымен де қаншалықты Алладан алыстайтынын түсінгенде, онда сол күнәні мүлдем жасамас еді. Көзін харамнан сақтайтын адамның жүрегі үнемі Аллаға бағытталған және сол себептен ол Оған жақын орналасқан. Бірақ егер ол харамға қарайтын болса, онда ол Алладан 180 градусқа бұрылғандай болады және толығымен сол сұлудың артынан ергендей болады. Оның барлық ойы сол шіріп топыраққа айналатын денеде болады, және оның жүрегінде ұлық болған Алла Тағалаға орын қалмайды. Ал Алланы еске алмайтын жүректің де шіріп, топыраққа айналатыны белгілі. Және игі мұсылмандар тек көздерін харамнан сақтамағаны үшін дүниеден жаман күйде өткен қанша жағдайлар бар. Алладан біздің иманымызды соңғы демімізге дейін сақтауын сұраймыз. 

12. Оның жүрегі «микроинфаркт» алады. 

Харамға қарау салдарынан жүрек «микроинфаркт» жағдайынан өтеді. Адам көзін харамнан тыймағанның кесірінен оның жүрегі екі жақты тартыстың ортасында қалады: сұлулық өз жағына тартса, Алладан қорқу – өз жағына. Содан жүректің созылуы орын алады – көлемі ұлғайып, созылады. Міне, аталған «микроинфаркт» осы болып табылады. Ал егер адам көзін харамнан тыйғанда, онда жүрегінің созылуы және «микроинфаркт» орын алмас еді. Осы жерде бұл аурудың басқа да себептері бар екенін атап өту керек. Сол себепті, әлдебіреудің жүрек ауруы болса, оны харамға қарайды деп күмәндануға болмайды. Біздің дініміз кез-келген мұсылманға қатысты негізсіз күмән мен сенімсіздікті тыйым салатыны белгілі. Бұл мәселеде Алланың тақуа құлдарына (яғни жақсы мұсылмандарға) қатысты аса бетер сақтық таныту керек. Басқаша айтқанда, өзгелерден күмәнданбай, салдары «микроинфарктқа» әкелетінін біліп, көзіңді харамнан сақтауға тырыс.


darulahnaf.com