Пәтуәлар

Қарауға тыйым салынған нәрселерге назар салудан болатын зиянның он төрт түрі. 4-бөлім (соңы)




13. Көзді харамнан сақтамау жыныс мүшелерін күнәдан сақтамауға алып келеді. 

Харамға қарау кезінде шәһуәт оты жанып, адам оны кез-келген жолмен басуға дайын тұрады. Егер ол сол сұлуды қолға түсіре алмаса, онда ол сұлу емес әйелмен де жақындасып, қарабет болмақ. Оның сезімдері қалай өршіп, қалай басылды?! Сезімдері сұлу қыздың себебінен туындаған болса, қарапайым көше әйелінің құшағында сөнді. Харамға қарау сұлулыққа сүйсінуге деген құштарлықтан пайда болса, соңында ол адам тіпті қарағысы келмеген әйелмен қарабет болды. Яғни, харамға қарау жиіркенішті іс-әрекет болғаны сондай, тіпті адамды күнәнің ең төмен дәрежесіне түсіріп, соңында ол сұлулық пен ұсқынсыздықтың арасын ажырата алмай қалады. Сонымен қатар, харамға қарағаннан кейін жыныс мүшелерін сақтап тұру мүмкін емес. Сол себепті де Құранда «көздерін төмен түсіреді» дегеннен кейін «ұятты жерлерін сақтайды» деп тұр. Яғни, кім көзін харамнан сақтаса, сол өзінің жыныс мүшелерін де сақтап қалады және керісінше, кім көзін сақтай алмаса, сол жыныс мүшелерін де сақтай алмайды. 


14. Адам өз-өзін қанағаттандырумен айналыса бастайды. 

Харамға қарғанда ер адамның ұрығы орнынан ауысып, өз қабынан сыртқа шығады. Ұрықтың ерекшелігі – ол өз орнына қайтып келе алмайды. Мысалы, автокөлік артқа жүре алады. Ал ұрықта, мысалы, сүтте сияқты, ондай қасиет жоқ. Сүт желінге қайтып кірмейді, себебі оның тек сыртқа шығу жолы бар, ал қайтып кіруге жол жоқ. Тура сол сияқты ұрық та, егер сақталып тұратын жерінен шықса, кейін орнына қайта алмайды. Сондықтан, енді ол міндетті түрде қандай да бір амалмен сыртқа шығады, тіпті ол харам жол арқылы болса да. Харамға қарау кезіндегі адам тап болатын зиянды нәтижелердің бірі – ол харам мен халалды ажыратудан калады. Сондықтан, ол не кез-келген бір қызбен зина жасап қарабет болады, не оны қандай да бір жігітпен жасап , абыройдан жұрдай болады. Ал егер оны жүзеге асыра алмаса, онда мүмкін ол ұрықты өз қолымен шығарады, себебі, жоғарыда айтылғандай ұрықтың артқа қайту жолы жоқ. Бұл жерде мынаны ескерген мағызды: Исламда қызбен немесе жігітпен зина жасауға тыйым салынғандай (харам), қазіргі жастар арасында белең алған өзін-өзі қолмен қанағаттандыру да – харам. Хадисте осыған қатысты қатаң ескерту (алдын алу) бар: егер кімде-кім өз-өзін қолымен қанағаттандыратын болса, онда оның қолы Қиямет күні жүкті болады. Сондай-ақ, басқа бір хадисте ондай адам лағнетке ұшырайтындығы жайлы айтылған. 

Маңызды насихат. 

Әрбір мұсылман өз денсаулығын сақтау керек. Осыған орай, жиі жыныстық қатынасқа түсу денсаулыққа кері әсер тигізетінін атап өту керек. Сонымен қатар, ол адамның құлшылық пен зікірден (Алланы еске алудан) ләззат алмауына себепкер болады. Ондай адамдардың балалары көбінесе әлсіз болып туады. Сол себепті де, шейхтар айтатын насихаттардың бірі – бұл жыныстық өатынаста ұстамды болу. Яғни, абзалы – әйеліңмен қатты шәһуәт қозған уақытта жақындасу. Арыстанға қараңыздаршы. Оларда күйлеу кезеңі жылына бір рет қана болады. Соның арқасында дүниеге бір арыстан келеді. Сол сияқты, жыныстық қатынасқа араға ұзақ уақыт салып баратын адамдарда дені сау және қайратты балалар дүниеге келеді. Сондықтан, бұл сұрақта алтын ортаны ұстану керек. Әйтпесе, тым жиі жақындасу адамның қаза болуына алып келеді. Осы себепті мен «халалда ортасын ұстанып, ал харамға мүлдем жақындамаңдар» деп айтамын. Алла Тағала бізге тек игі амалдар жасауға күш пен мүмкіндік нәсіп етсін. 



Автор: Шейх Хаким Мұхаммад Ахтар

Дереккөз: askimam.ru
Аударған: darulahnaf.com