Пәтуәлар

Қарауға тыйым салынған нәрселерге назар салудан болатын зиянның он төрт түрі. 1-бөлім




Шейх Хаким Мұхаммед Ахтар 

 1. Адам бұл істі жасаумен Алла Тағалаға бағынбай, қарсы шығушылардан болады. 

Әйел адамға қараудың қатаң тыйым салынуы Алланың анық бұйрығына негізделеді. Алла Тағала Өзінің кітабында айтады: «(Ей, Мұхаммед) «Иман келтіргендерге айт: олар көздерін төмен түсірсін...».[1] 

Яғни, әйелдер мен амаридтерге[2] қарамасын. Демек, кімде-кім көздерін харам нәрседен тыймаса, ол Алланың анық келген бұйрығына қарсы шығып, «харам» дәрежесіндегі амалды жасайды.

Сол себепті тыйым салынған нәрсеге қарамас үшін бұл істің анық бұйрыққа қарсы шығу екенін, яғни Алла Тағалаға бағынбау болып табылатынын білу жеткілікті.

 2. Ол оған аманат етілген затты тиесілі хақысыз қолданып, алаяқтық жасайды. 

Көзін харам болған нәрседен тыймаған адам оған Алла тарапынан аманат етілген затқа қатысты алаяқтық жасаушы болып табылады. Алла Тағала Құранда былай деп айтады:

«Ол сатқындық жасаған көздерді және көкіректе жасырылғанды біледі».[3] Бұл аяттағы «сатқындық» сөзі біз көзіміздің қожайыны емес екенімізді білдіреді. Біз тек қана сеніп тапсырылған адамдармыз. Исламда өз-өзіне қол жұмсаудың үзілді-кесілді түрде тыйым салынуының себебі де осы – біз денеміздің қожайыны емеспіз. Бұл денені Алла Тағала бізге аманат ретінде тапсырған болатын. Ал бұл аманат болғандықтан, оны қожайынының қалауынсыз қолдануға болмайды, сонымен қатар оған зиян келтіріп немесе жоюға болмайды. 

Егер адам өзінің жаны мен денесінің қожайыны болғанда, оған толық қолдану құқығы берілетін еді, себебі қожайын оның иелігіндегі затты қолдануға толық хақысы бар. Сол себепті, Алла Тағаланың өзінің құлдарына бұл хақты бермеуі – адам денесінің Алла тарапынан берілген аманат екендігін білдіреді. Ал аманат етілген затты оған тиесілі құқықсыз пайдалану және оған қатысты алаяқтық жасау – үлкен қылмыс екені белгілі. Сондықтан, кімде-кім өзінің көздерін сақтамаса, Алладан берілген осы теңдессіз көру нығметіне қатысты алаяқтық жасаған болады. Ал алаяқ болса, ешқашан Алланың сүйікті құлдарының қатарынан бола алмайды. Бір ақын айтқандай:


«Кім көздерін сақтамаса харамнан
«Уиләят» тәжін кие алмайды ешқашан.
Кімде-кім жұрдай болса тақуалықтан, 
Оны «уәли»[4] деп атамайды ешбір адам». 


[1] «Нұр» сүресі, 29-аят
[2] Амарид – «амрад» сөзінің көпше түрі (әйел бейнесіне ұқсас келген жас ұл бала)
[3] «Ғафир» сүресі, 18-аят
[4] Уәли – Аллаға жақын болған адам


darulahnaf.com