Пәтуәлар

Кім қандай да бір қауымға ұқсаса, ол солардан



Түсіндіруді қажет ететін хадистердің бірі бұл Пайғамбарымыздан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жеткен хадисті дұрыс емес түсінбеушілікте, хадисте былай деп айтылған:

 «مَنْ تَشَبَّهَ بِقَوْمٍ فَهُوَ مِنْهُمْ» 

 «Кім қандай да бір қауымға ұқсаса, ол солардан» 

Хадисті ибн Хиббан, Әбу Дауад, Насаи, Байхақи, Табарани, Абдур-Раззақ және басқалары жеткізді. Тізбегі сенімді.

Алла Тағаланың рұқсатымен бұл хадисті ғалымдар қалай түсіндірді, қандай пайдалы жағы болды және одан қандай үкім шығарғандығын қарастырамыз.

Ханафи мазхабының ғалымы, хафиз Мулла Әли әл-Қари (д.ө.ж. 1014 һ.ж./1606 м.ж.), Алла оны рақым етсін, хадиске қатысты былай деп түсіндіреді:

 قال رسول الله - صلى الله عليه وسلم - ( من تشبه بقوم ) : أي من شبه نفسه بالكفار مثلا في اللباس وغيره ، أو بالفساق أو الفجار أو بأهل التصوف والصلحاء الأبرار . ( فهو منهم ) : أي في الإثم والخير . قال الطيبي : هذا عام في الخلق والخلق والشعار ، ولما كان الشعار أظهر في التشبه ذكر في هذا الباب . قلت : بل الشعار هو المراد بالتشبه لا غير ، فإن الخلق الصوري لا يتصور فيه التشبه ، والخلق المعنوي لا يقال فيه التشبه ، بل هو التخلق ، هذا وقد حكى حكاية غريبة ولطيفة عجيبة ، وهي أنه لما أغرق الله - سبحانه - فرعون وآله لم يغرق مسخرته الذي كان يحاكي سيدنا موسى - عليه الصلاة والسلام - في لبسه وكلامه ومقالاته ، فيضحك فرعون وقومه من حركاته وسكناته ; فتضرع موسى إلى ربه : يا رب ! هذا كان يؤذي أكثر من بقية آل فرعون ، فقال الرب تعالى : ما أغرقناه ; فإنه كان لابسا مثل لباسك ، والحبيب لا يعذب من كان على صورة الحبيب ، فانظر من كان متشبها بأهل الحق على قصد الباطل حصل له نجاة صورية ، وربما أدت إلى النجاة المعنوية ، فكيف بمن يتشبه بأنبيائه وأوليائه على قصد التشرف والتعظيم ، وغرض المشابهة الصورية على وجه التكريم ؟ ، وقد بسط أنواع التشبه بالمعارف في ترجمة عوارف المعارف ، 

«Ибн Омардан, Алла оған разы болсын, Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтты: «Кім қандай да бір қауымға ұқсаса, ол солардан». 

“Кім қандай да бір қауымға ұқсаса” – яғни, өзін кәпірлерге, не олардың киімдеріне немесе тағы басқа нәрселерінде, немесе күнәхарларға және заңға бағынбайтындарға, немесе (шынайы) сопыларға және ізгі (әулие тақуа) адамдарға (осы аталғандардың барлығына) ұқсаса, “ол солардан ” – яғни, (ол) күнәхарлардан немесе жақсылар қатарынан.

Имам ат-Тыби былай деп айтты: «Бұл хадис жалпыланған әрі ол жаратылыс мақұлыққа мінезқұлық (не сенімдеріне) және сыртқы белгілеріне ұқсағандарға тарайды. Өйткені сыртқы белгілеріне ұқсау ең көп анық таралғандардан, сол үшін бұл (мәселе) осы бабта қаралды».

Мен (Мулла Әли әл-Қари) айтамын: «Дегенмен хадисте сыртқы белгілерінде (немесе сипаттарында) ұқсауды меңзеп тұр және одан басқа ешнәрсені емес, өйткені әлдебір жаратылысты оның басқа бір кейіп құрылымында елестету мүмкін емес. Ал мінез-құлықтағы қасиетінде ұқсауды олай атамайды, керсінше оны «шеттен алып пайдаланған мінез-құлық», – дейді». Таң қалдырарлық қызықты тарихи бір оқиғаны баяндайды: Алла Тағала перғауынды және оның соңынан ерушілерді су түбіне батырып жіберген кезде, қылжақбасты (яғни, біреуді келемеждеп адамдарды күлдіретін адам) суға батырмаған болатын. Қылжақбас өзінің теріс қылықтарыменен, Мұса пайғамбарға еліктеп – киім киуінде, сөйлеу мәнерінде, сөздерінде ұқсап, оны мазақ етіп перғауын мен оның халықын күлдіртетін. Мұса пағамбар, оған Алланың сәлемі болсын, Алла Тағалаға үн қатты: «Уа, Раббым! Перғауын және оның қауымына қарағанда, бұл қылжақбас маған зиянын тигізді!». Алла Тағаланың оған берген жауабында: «Біз оны суға батырмадық, өйткені ол, сен қалай киінген болсаң, ол да солай киінді. Және жақсы көруші, өзінің жақсы көрген (құлын) жәбірлемейді». Сен мынаған назар аудар, егер әлдебір адам ізгі (тақуа) адамға ұқсаса (жүріс тұрсында, киімінде), онда ол осы дүниеде формалды түрде (азаптан) құтылады, тіпті егер оның ұқсауда мақсаты жалған болсада (яғни, жоғарыда келтірген қылжықбастың жағдайы секілді). Бірақ кейде бұл (ақіретте) оның шынайы құтылуына да алып келуі мүмкін. Ал пайғамбарларға, әулиелерге (ізгі-тақуа) адамдарға ұқсап әрі оларды құрметтеп және дәріптеген адамдар жайында не айтуға болады?».
 [Дереккөз: Мулла Әли әл-Қари, «Мирқатуль-Мафатих шарху Мишқатуль-Масабих», 7/2782.]

Əбул-Аббас әл-Қуртуби (578-656 һ.ж./1182-1258 м.ж.), Алла оны рақым етсін, «әл-Муфхим» шархында, Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қызыл киім кию жайындағы хадиске қатысты, былай деп айтты:


 وفيه دليلٌ على جوازِ لِباسِ الأحمرِ ، وقد أخْطأ مَن كرِه لباسَه مطلقًا ، غيرَ أنه قد يختصُّ بلباسِه في بعضِ الأوْقاتِ أهلُ الفسقِ والدَّعارةِ والمُجُونِ ، فحينئذٍ يُكره لباسُه ؛ لأنَّه إذ ذاك تشبُّهٌ بهم ، وقد قال ـ صلى الله عليه وسلم ـ : « مَنْ تَشَبَّهَ بِقَوْمٍ فَهُوَ مِنْهُمْ » ، لكن ليس هذا مخصوصًا بالحُمْرة ، بل هو جارٍ في كلِّ الألْوانِ والأحْوالِ ، حتى لو اختصَّ أهلُ الظلْمِ والفسْقِ بشيءٍ مما أصلُه سُنَّة ٌكالخاتَمِ والخِضابِ والفرْقِ لكان ينبغي لأهلِ الدينِ ألا يتشبَّهوا بهم ؛ مخافةَ الوقوعِ فيما كرِهه الشرعُ مِن التشبُّهِ بأهلِ الفسْقِ ، ولأنه قد يَظنُّ به مَن لا يعرِفه أنه منْهم ، فيعتقِدُ ذلك فيه ، وينسِبه إليهم ، فيُظَنُّ به ظنَّ السوءِ ، فيأثَم الظانُّ بذلك والمظنونُ بسببِ المَعُونة عليه 


«Бұл хадисте қызыл киім киюге дәлел бар. Кімде-кім қызыл киімді кию абсолютті қалыпы жағымсыз әрекет деп есептесе, ол қателеседі. Алайда кейбір жағдайларда қызыл киім кию – бұзақы адамның, азғынның (не бұзылған әйелдің) және қалжыңқойдың белгісі болып табылады. Ондай жағдайда қызыл киімді кию жағымсыз әрекет болады. Өйткені бұл қызыл киімді кию – оларға ұқсау болып табылады.

Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, айтты: «Кім қандай да бір қауымға ұқсаса, ол солардан». 

Сондықтан бұл бұйрық тек қана қызылға қатысты емес. Керсінше ол барлық түстерге де және жағдайларға да байланысты әрекеттеледі. Тіпті егер бұзақы адам және мейірімсіз билеуші де, негізі сүннетен болған дәстүрмен ерекшеленсе, мысалыға: сақина тағу, сақалын бояу және шашының ортасын екі жақа қайырса, онда мүминдерге бұндай жағдайда да, оларға ұқсамау керек. Бұл шариғатпен құпталмаған және оны «бұзақы адамдарға ұқсас болу» қатарынан болмауы үшін, қауіптену шарасы ретінде жасалады. Өйткені, кейде білімсіз адам оны олардан деп (яғни, бұзақы адамдардан) және ол байсалды (салмақты) емес әрі оны бұзақы адамдардың қатарынан деп ойлап қалуы мүмкін. Салдарынан ол жайында жаман ой қалыптасуы мүмкін. Нәтижесінде жаман ойға түскен адам және сол ойға түскен әрі соған себеп тудырған адам да күнәхар болады».
[Дереккөз: Абуль-Аббас әл-Қуртуби, «әл-Муфхим», 6/127-129. Дару Ибн Касир: 1417/1996.] 

Ғұлама Әбу Омар ибн Абдиль-Барр (368-463 һ.ж./978-1071 м.ж.), Алла оны рақым етсін, хадиске қатысты былай деп айтты:


 قالَ أبو عمرَ: صارَ أهلُ عصرِنا لا يحبِسُ الشَّعْرَ منهم إلا الجُنْدُ عنْدنا لهم الجُمَمُ والوَفَراتُ. وأضْربَ عنها أهلُ الصلاحِ والسِّتْرِ والعلمِ, حتى صارَ ذلك علامةً مِن علاماتِهم. وصارتْ الجُمَمُ اليومَ عنْدنا, تكادُ تكون علامةَ السفهاءِ. وقد رُوي عن النبيِّ - صلى الله عليه وسلم - أنه قال: {مَن تشبَّه بقومٍ فهو مِنهم أو حُشِرَ معهم}. فقيل: مَن تشبَّه بهم في أفعالِهم, وقيل: مَن تشبَّه بهم في هَيْئاتِهم, وحسبُك بهذا! فهو مُجمَلٌ في الإقتداءِ بهدْيِ الصالحينَ على أيِّ حالٍ كانوا. والشَّعْرُ والحَلْقُ, لا يُغنِيانِ يومَ القيامةِ شيئا, وإنما المُجازاة على النيَّاتِ والأعمالِ, فرُبَّ محلوقٍ خيرٌ من ذي شعْرٍ, ورُبَّ ذي شعْرٍ رجلاً صالحًا. وقد كان التختُّمُ في اليَمِينِ مُباحًا حَسنًا, لأنه قد تختَّمَ به جماعةٌ مِن السلفِ في اليمينِ , كما تختَّمَ منهم جماعةٌ في الشِّمالِ. وقد رُوي عن النبيِّ - صلى الله عليه وسلم - الوَجْهانِ جميعا. فلما غلَبتْ الروافضُ على التختُّمِ في اليمينِ, ولم يُخلَطوا به غيرَه, كرِهه العلماءُ مُنابذةً لهم, وكراهيةً للتشبُّهِ بهم, لا أنه حرامٌ, ولا أنه مكروهٌ 


«Әбу Омар (ибн Абдиль-Барр) айтады: Біздің ғасырымызда тек қана біздің аймақтағы сарбаздарымыздан басқа шаштарын ұзартып өсіретіндер жоқ. Олардың шаштары құлақтарына дейін және құлақтарын жауып тұратын. Солай болғандықтан, ізгі (тақуа) және байсалды (салмақты) адамдар, және білім иелерінен болған адамдар – (оларға ұқсап) шаштарын ұзартып өсірмейді, және бұлай істеу олардың белгілерінің біріне айналды. Біздің күнімізде құлақтарын жауып тұруы үшін шаштарын ұзартып өсіру, ақымақтардың белгісіне айнала бастады. 

Пайғамбарымыздан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жеткізді: «Кім қандай да бір қауымға ұқсаса, ол солардан». 

Хадистің түсіндірмесінде былай деп айтылды: «Кім оларға іс-амалдарында ұқсаған болса...». Сондай-ақ, тағы былай айтылды: «Кім оларға сыртқы қалыпта ұқсаған болса...». Осы саған жеткілікті! 

Бұл хадис ізгі (тақуа) адамдардың жолымен жүру жайында және олар қандай жағдайда болмасын ортақ тақырып.

Қиямет күні шашты ұзарту немесе оны қыру, ешбір пайда әкелмейді. Ал сауап тек қана ниеті және амалы үшін ғана. Қаншама адамдардың шаштары қырылған, олар шаштары барлардан жақсырақ. Ал қаншама ізгілер (тақуалар) бар шаштарымен. Оң қолға сақина тағу әдемі ықтиярлы амал еді. Алайда сәләфтардан болған бір топ сақинаны оң қолға тақты, сондай-ақ басқа бір топ (сәләфтардан) оны сол қолға тақты. Пайғамбардан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, екі нұсқасы да (риуаят) жетті.

Бірақ (шиитерден болған адасқан ағым) рафидилер көпшілігі сақинаны оң қолына тағатын және олар (сол әрекеттерімен) басқалардан өзгешеленді, (әһли-сунна) ғалымдары бұны макрух (жағымсыз әрекет) деді, яғни оларға қарама-қайшылық танытты және ықтиярлықтан оларға ұқсамаулары үшін. Алайда ол (сақина) өздігінен рұқсат етілмегеннен немесе жағымсыз болып табылғаннан емес!». 
[Дереккөз: Әбу Омар ибн Абдиль-Барр, «ат-Тамхид», 6/80-81. Визаратул Əуқаф: 1387/1967.]

Дереккөз: al-fatava.com 
Аударған: darulahnaf.com