Пәтуәлар

Шайтанның мүйізі




Уаххабизм – құрдымға апаратын идеология екендігінің орынды дәлелі болып, олардың ортаға шығатыны жайлы Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, ескертуі табылады. Бәлкім, Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, бізге алдын ала «шайтанның мүйізі» (ислам ғалымдары бұл сөздің астарында Исламның атын жамылған Исламдағы экстремистік топ айтылып тұр деген) шығатынын айтқаны жайында хадисті көптеген адамдар естіген шығар. 

Мұндай хадисті бірнеше кітаптардан кездестіруге болады. Ең сенімі деген соның ішінде Бұхаридың «Сахихында» Шығыстан келетін бүлікке қатысты хадистерде келген. Мынау солардың біразы. Алла Елшісіне, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Шамнан (Сирия, Иордания т. б.), Йеменнен және Нәдждан адамдар келіп оларға дұға қылуын сұрайды. 

Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай дейді: «О, Алла, біздің Шамды жарылқа! О, Алла, Йеменді жарылқа!» Сонда адамдар: «Ей, Алланың Елшісі, Недж ше?», – деп сұрайды. Үшінші мәрте сұраған кезде барып Алла Елшісі, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жауап берді: «Жоқ, ол жерде жер сілкінісі болады, сынақтар мен бүліктер болады әрі ол жерден шайтанның мүйізі шығады». [Қр. «Сахих» Бұхари, № 7094 хадис.] 

Ибн Омардан жеткен хадисте: «Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, адамдар арасында тұрып (шығысты нұсқап) былай деген: «Апат ана жақта! Апат ана жақта! Ол жерден шайтанның мүйізі шығады». [Қр. «Сахих» Бұхари, № 7092.] 

Нәдж – Сауд Арабияның бір аймағы екені белгілі. Бұл сөздің лингвистикалық мағынасы мынандай: «Нәдж – жерден көтеріңкі нәрсе». [Қр. «Фатх әл-Бәри» 13т., 51 б.] 

Бір қызығы, осыған сүйенген адамдардың бір тобы бұл хадисте Сауд Арабиядағы Нәдж емес, Ирактың шөлейт аймағындағы жер айтылып тұр дейді, себебі Ирак Мәдина қаласына қарағанда биік орналасқан әрі ол жерде жер сілкінісі мен апат болуда дейді. Бұл шынымен де осылай ма қарастырайық: Иә, расында да Нәдж сөзінің лингвистикалық мағынасы – «көтеріңкі жер» және де Мәдинамен салыстырғанда Ирактың жері көтеріңкі орналасқан. Алайда бұл хадисте Ирактың айтылып тұрғанын дәлелдей алмайды. Себебі, Мәдинадан Ирак қана көтеріңкі жерде емес және де Иракта ғана жер сілкінісі мен апат болып жатқан жоқ. 

Ибн Хажар Әсқаләни «Фатх әл-Бәриде», (13 т, 51 б.) былай дейді: «Біз Нәдж – Ирактағы шөлейт жер деген әд- Дәудидің сөзінің әлсіз екендігін түсіндік. Ол Нәдж – белгілі бір мекен деп түсінген, бірақ бұл олай емес. Белгілі бір жерден басқа бір жердің көтеріңкі болуы – «Муртафаъау нәдж» деп аталады. 

Ары қарай Алланың қалауымен осы тақырыпқа қатысты пікірлерді келтіреміз. 

1. Қасиетті хадисте былай делінген, Шамнан, Йеменнен және Нәджден адамдар келді де, олар үшін дұға етуді сұрады және Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Шам мен Йеменге дұға қылды. Ал Нәдждіктер болса өздеріне де дұға етуін сұрап былай дейді: «Ей, Алланың Елшісі! Біздің Нәдж ше?» Егер «Нәдж» сөзі ол жерде көтеріңкі жер деген мағынада қолданылған деп шамалар болсақ, онда адамдар Шам мен Йемен айтылған соң барып: «Ал біздің көтеріңкі жер ше?»,- деп айтар ма еді? Жоқ, адамдар олай айтпайды, себебі көтеріңкі жерлер көп.Сондықтан да егер Шам мен Йемен – жердің атауы болса, онда Нәдж де жердің атауы болып тұр. 

2. Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, заманында адамның тұрған жеріне байланысты «Нәдж» деген 13 елді мекен болған, ал жердің географиялық аймағы тек біреу – бұл Сауд Арабиясындағы Нәдж. Мұның себебі «нәдж» сөзі «көтеріңкі жер» дегенді білдіретіндігінде. Араб елінде өмір сүретін адамды мысалға алатын болсақ, ол «нәдж» деп аталатын 13 жерді біледі және де ол қай «нәджді» айтып тұрғанын нақтыламастан «біздің нәджге» дұға етуді сұрайды. Егер тіпті бұл адам 13 Нәдждің бар екенін білмейтіндігі Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) немесе өзге бір сахабаның білмей қалуы мүмкін емес. Олай болса, Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «Ол жерден шайтанның мүйізі шығады»,- деу арқылы барлық 13 Нәджді айтып тұрған бола ма?! Бұлай айтуы мүмкін емес. Сондықтан бұл да хадисте келген «Нәдждің» Сауд Арабиядағы елді мекеннің атауы екендігін көрсетеді. 

3. Егер біз Нәдж жайлы айтар болсақ, онда хижаздың шығысында орналасқан нақты бір жерді айтып отырмыз деген сөз. Егер бір адам ұлына: «Анаңды шақыршы»,- дер болса онда ұлы анасын көрші үйден шақырмайтыны белгілі. Сол секілді Нәдж де басқа аймақта орналасуы мүмкін емес. 

4. Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, хадисінде анық Нәдж айтылады, оның Араб түбегінде орналасқаны да анық. Жоғарыдағы хадисте ап-анық: «Біздің Нәдж!» деп айтылып тұр, яғни мұсылманша айтылып тұр. Ол кезде Ирак әлі парсылардың қол астында болатын. Ол мұсылман мемлекеттері қатарына Омардың халифалығы кезінде ғана енген, сондықтан да Нәдж деп сол Араб түбегіндегі Нәдж айтылып тұр. 

5. Сондай-ақ, Нәджбен салыстырғанда Ирак теңізден 200 метр биіктікте орналасқан, ал Нәжд болса теңізден 1000 метр биіктіке тұрғанын көрсетеді. Көріп отырғандай, атының өзі дәлел болып тұр. 

6. Ғалымдардың ережелеріне сай тікелей мағынадан ауыспалы мағынаға ауытқуға болмайды, яғни ауыспалы мағынасына ешқандай дәлел болмаса. (Тәфсир «әр-Рази» 17 т, 166 б). Сондықтан да хадисте тікелей мағынасында Нәдж туралы айтылған болса, ол жерде Ирак айтылып тұр деуге болмайды. 

7. Ең басты дәлел, бұл хадистің Иракқа еш қатысы жоқтығы. Барлық хадистер Шығыс жайлы айтуда, ал Ирак болса Сауд Арабиясының солтүстігінде орналасқан. Бұған әлем картасын білетін кез келген адам көз жеткізе алады. 

8. Уаххабилердің тағы да бір сылтаулары, олар Араб түбегінің жері жер сілкінісіне қауіпті аймаққа жатпайды, сондықтан да ол жерде ешқашанда да жер сілкінісі болмайды дейді. 

Олардың бұл тұжырымдары екі себеппен қате болып есептеледі: 

Біріншіден, «Тухфатул ахуази» (9 т, 403 б) атты еңбекте осы хадиске пікір жаза келе жер сілкінісі тек материалды түрде ғана емес, рухани да болады деген, соның ішінде адамдардың жүректерінің теңселуі мен толқуын айтқан. 

Екіншіден, «Шарх Ибн Баттал» (5 т, 23 б) атты еңбекте Мәдинада болған жер сілкінісінен соң айтқан Омардың сөзі келеді: «Ей, Мәдина халқы, қалайша бұл қас қағым сәтте болып өтті, Алламен ант етемін, егер бұл тағы да қайталанар болса мен сендерді тастап кетемін». Бұл араб түбегінде жер сілкінісінің болғандығын көрсетеді. Хадис Сауд Арабиядағы Нәджге қатысты айтылғандығының дәлелі. Осы хадистердің барлығы сенімді, олардың бірнешеуі Бұхаридың жинағында келеді, кейбірі – имам Муслимнің және өзге де жинақтарда келген. 

 يخرج ناس من قبل المشرق ويقرؤن القرآن لا يجاوز تراقيهم يمرقون من الدين كما يمرق السهم من الرمية لا يعودون فيه حتى يعود السهم إلى فوقه سيماهم التحليق 

«Шығыстан Құран оқитын алайда оқығандары кеңірдектерінен ары қарай өтпейтін адамдар шығады (олар Құранның шынайы мағынасын түсінбейді, дегенді білдіретін метафора), олар Исламнан садақтан ұшқан оқтай ұшып шығады және қайтып келмейді, олардың белгілері – шаштарын қырып жүреді». [Қр. «Фатх әл-Бәри», № 7562; «Муснад» имам Ахмад, № 11188; «Далаилу нубууәт» әл-Байхақи, № 2740; т.б.] 

Бәріне белгілі Абдул-Уаххабтың ізбасарлары Құран аяттарын және хадистерді тәуил жасауға тиым салады, ал бұл Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сөзі: «Құран оқитын алайда оқығандары кеңірдектерінен ары қарай өтпейтін адамдар» бұл да хадисте солардың айтылып тұрғанын дәлелдейді. Себебі Құранның мағынасын аяттарды тікелей аударып түсіну мүмкін емес, олай болғанда араб тілін білетін кез келген адам Құранды оқып, ғалым болатын еді. Әрі араб — атеист пен кәпірлер болмайтын еді. Басқа хадисте былай делінген: 

 سيكون فى أمتى إختلاف وفرقة قوم يحسنون القيل ويسيئون الفعل يقرئون القرآن لا يجاوز إيمانهم تراقيهم يمرقون من الدين مروق السهم من الرمية لا يرجعون حتى يعود السهم إلى فوقه هم شر الخلق والخليقة طوبى لمن قتلهم أو قتلوه يدعون إلى كتاب الله وليسوا منه فى شيء من قتلهم كان أولى بالله منهم سيماهم التحليق 

«Менің үмметімнің ішінде түсініспеушілік пен бөлінушілік болады, олардың бір ағымы – жақсы сөз сөйлейтін, жаман амал жасайтын, Құран оқитын, имандары кеңірдектеріне де жетпейтін (яғни, жүректеріне жетпейтін), олар атылған оқтай Исламнан шығып кетеді және садақтың оғы қайтып оралмайынша олар дінге қатып оралмайды, олар жаратылыстың ең жаманы. Мәңгілік өмірдің бақыты оларды өлтіргенге я болмаса олар өлтірген адамға беріледі. Олар Алланың кітабына шақырады бірақ өздері оған ермейтіндер болады. Оларды өлтірген адам оларға қарағанда Аллаға жақын болады, олардың белгілері – шаштарын қырып жүреді». [Қр. «Сунан» Әбу Дәуд, № 4765.] 

Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мына сөзі: «Менің үмметімде келіспеушілік пен бөлінушілік болады, олардың бір тобы жақсы сөз сөйлейтін, жаман амал жасайтындар» Нәдждан шығатындар туралы екендігінің дәлелі. Олар адамдарды «дінді жаңалықтардан тазартуға» шақырды, әдемі сөздер сөйледі, Ибн Абдулуаххабтың өзі шешен болған. Олар Құран мен Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетіне негізделген барлық амалдар мен салт- дәстүрлерді, атап айтқанда қабірді зиярат ету, оларға Құран бағыштау, олардың күнәсінің кешірілуін Алладан сұрау, зікір етуге жиналу, мәулітті атап өткізу және тағы басқа көркем мінез — құлық қалыптастырушы амалдарды дінге енген жаңалық деді. 

«Дінді тазалауға» шақыра отырып бұл идеологияның ізбасарлары ең бірінші кезекте мұсылмандарды серік қосуда айыптады, ал өздерін болса шынай таухидта жүрміз деп жариялады. Осыдан соң олар олардың ілімін мойындамаған мұсылмандарды өлтіруге болады, олардың мүлкі мен әйелдері оларға халал, оларды меншіктеп алуға болады, ал олардың балаларын болса тұтқындап, құлға айналдыруға рұқсат берді. Нәтижесінде мұсылмандар бір- біріне қарсы шайқасты, олардың бірліктері ойран болды, ақыр соңында мұсылман елдері батыстағы Ұлыбритания, Франция секілді елдердің қол астында қалды. Абдулуаххабтың көзқарасын ұстанушылары көтерген осы бүліктің нәтижесінде 200 жылдың ішінде бүлік тоқтамады, жүз мыңдаған мұсылмандардың қаны төгілді, шариғат сұрақтарында мұсылмандар арасында талас туды. Шынайы имамдарды қарғыстап, ғалым-молдаларды Құран мен хадиске сәйкес келмейтін пәтуа шығаруда деп айтыптады. 

Сонымен қатар, осы идеологияның білімсіз, надандары өз бетінше Құран мен хадистен шынайы Исламға қарама-қайшы келетін шешімдер шығарып, тарата бастады. Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, отбасының, сахабаларының, Исламның озық имамдарының және Алланың сүйіктілері – әулиелердің қабірлерін қиратты. Тіпті Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, туылған жері мал базарына айналдырылды. Иә, бұрын ол жерде мал базары болған, кейіннен өзінің Пайғамбарын, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жақсы көретін, Алладан қорқатын жандар ол жерді мәртебелі Меккедегі кітапханаға айналдырды. Олар Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сүйікті жары Хадишаның үйін қиратты және де олар Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалардың тарихи мұраларын жойып, ғазауаттарының ізін өшіріп, қасиетті жерлерді ойран етті. 


Кейіннен солардың бірі – Насируддин Албани – ашық түрде: «Мәдинадағы мешіттен Пайғамбар Мұхаммедтің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, қабірін шығарып тастау керек»,- деп жариялады [оның «Тахзир әл-масажид» еңбегін қараңыз, 68 – 69 б; «Хажату ән-Нәбий», 137 б.] Дәл осыны осы идеологияны ұстанушы Муқбил әл-Хади әл-Уадиъиә өзінің «Хаула әл-қуббат» атты еңбегінде де жазады. Ондай адамдарды Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жаратылыстың ең жаманы деп атап, олардан сақтандырғаны таң қаларлық жағдай емес. Әрине, шайтанның мүйізі – осы құрдымға апарушы идеологияның негізін салушы. Басқа хадисте былай делінген: 

 سيخرج فى آخر الزمان قوم أحداث الأسنان سفهاء الأحلام يقولون قول خير البرية يقرؤن القرآن لا يجاوز حناجرهم يمرقون من الدين كما يمرق السهم من الرمية فإذا لقيتموهم فاقتلوهم فإنّ فى قتلهم أجرا لمن قتلهم عند الله يوم القيامة 

«Қиямет жақындаған кезде мансапқұмар әрі ойсыз арманшылар шығады, олар адамдар ішінде ең жақсы сөз сөйлейтін болады (яғни Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, хадистерін), Құран оқитын болады, оқыған Құрандары кеңірдектерінен ары өтпейді, олар Алланың дінінен садақтың оғы ұшып шыққандай ұшып шығады. Оларды кездестіретін болсаңдар, өлтіріңдер. Оларды өлтірген адамға Алла Тағала Қиямет күні сауаптан береді». [Қр. «Сахих»Бұхари, № 6930; «Сахих» Муслим, № 2462.] 

Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, мына сөзінде: «Қиямет жақындаған кезде мансапқұмар әрі ойсыз арманшылар шығады, олар адамдар ішінде ең жақсы сөз сөйлейтін болады (яғни Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, хадистерін)» — осы адамдардың сипаттары бар. Олар Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, хадистерін бұрмалап, өздеріне керек жерлерінде мәтіннен сөздерді алып тастап айтатын болады, адамдар арасында бүлік тудырады, бейбіт аймақтарда «қасиетті соғыс» жариялаған. Өз сөздерінде олар мұсылман халифатын орнатпақшы, ал іске келгенде олардың өз бастарының қамы үшін құрылған мақсаттарын тек соқыр адам ғана көрмейді. Біреулері байлыққа жеткісі келеді, өзгесі билікті алғысы келсе, басқа біреуі осы жолмен атақты боламын деп ойлайды. Тек мыңдаған бөлігі ғана Ислам үшін шынайы жан беруге дайын болады, алайда олардың шынайы Ислам мен өздерінің түсінігіндегі «жиһадты» ажырата алатындай білімдері жоқ. Өз қиялдарында олар халифат құруды жариялап тастады, алайда халифатқа не істегендерін ұмытып қалды (Осман империясына). 

«Санасыз қиялшылар» — оларға дәл айтылған теңеу. Егер біздің заманымызда халифат құру мүмкін болғанда, бірінші кезекте барлық мұсылман елдері бірігіп, халифат болулары керек. Сол кезде ғана кезек мұсылман емес елдерге жететін еді. Жоқ, біз халифатқа қарсы емеспіз, керісінше әрбір мұсылманның арманы – халифатта өмір сүру. Алайда біздің заманымызда бұл мүмкін емес, себебі адамдар бұрынғыдай емес. Хадисте айтылғандай: «Сендер қандай болсаңдар – басшыларың да сондай болады» — яғни, өкінішке орай, біз халифтақа лайық емеспіз. Тағы бір хадисте былай делінген: 

 أناس من أمتي سيماهم التحليق يقرؤن القرآن لا يجاوز تراقيهم يمرقون من الدين كما يمرق السهم من الرمية هم شر الخلق والخليقة 

«Менің үмметімнің ішіндегі адамдар, олардың белгілері – шаштарын қырып жүреді, Құран оқиды, алайда ол кеңірдектерінен ары аспайды, олар Исламнан садақтың оғы секілді ұшып шығады, олар (яғни осы адамдар) жаратылыстың ең жаманы». [Қр. «Муснад» Имам Ахмад, № 20551.] 

Одан ары қарай Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сөзінде: «Олар Исламнан садақтың оғы секілді ұшып шығады, олар (яғни, осы адамдар) жаратылыстың ең жаманы», бұл адамдардың өз амалдарымен діннен шығатыны бізге белігілі. Тіпті олардың небір зұлымдықтарына көзімізді жұмар болсақ та, олардың «Лә иләһә илләллаһ» деп айтатын адамды серік қосушылықта айыптағандықтарының өзі олардың діннен шығатынына дәлел бола алады. [Қр.«Мажмуъ әт-таухид» , 27 б.] 

Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Менің үмметіме қауіп келтіретін үш түрлі адам бар. Солардың ішіндегі Құран оқып, оның әдемілігін көріп, Алла берген Исламның шапанын жамылған бір адам, сөйте тұра өзінің көршісіне қылышын кезеніп, оны ұрып, оны пұтқа табынушылықта айтыптайды». Оның қасындағы біреу былай деп сұрайды: «Ей, Алланың Елшісі! Осылардың қайсысы серік қосушы: айыптаушы ма әлде айыпталушы ма?» Сонда Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жауап береді: «Серік қосушылықта айыптаушы бұған лайығырақ». [Қр. Табарани «Канз әл-`уммәл» жеткізге, 11 т, 105 б, № 31359 хадис.] 

Біздің Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сол үшін барлық тіршілік атаулы жаралған Алланың ең көркем жаратылысының өзі, мұсылман адамды серік қосуда айыптаған адам үмметке ең қауіпті адам деп айтып кеткен. Онда осы идеологияның негізін салушыны шайтанның мүйізі деп атамағанда кімді атаймыз, себебі ол миллиондаған мұсылмандарды серік қосушылар деп атаған жоқ па?! Ибн Абдулуаххабтың ізбасарларының мұсылмандарды серік қосушы деп атағандарының бірнеше дәлелі: «Әш-Шайх Мұхаммад ибн Абдулуаххаб» еңбегінің авторы, еңбекте Ибн Абдулуаххабты мақтайтын оның жақтасы болып табылатын автор былай деп жазады: «Ислам дамығаннан соң үш жүз жыл өткен соң мұсылмандар жыл бойы пұтқа табыну мен серік қосу теңізіне батып кетті» (қараңыз, 7 б). 2005 жылы Хасан ибн Фархан әл-Мәлики Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта «Даъиәтан уә ләйсә Нәббииән» деген атпен кітап шығарады. Ол жерде былай делінеді: Ибн Абдулуаххабтың ізбасары король Саъуд бин Абдулъазиз (бұл жерде бұрынғы басшы айтылып тұр) Мекке мен Мәдинадағы билікті қолына алғаннан соң, хижра бойынша 1225 жылы мынандай шешім шығарды: «Мекке мен Мәдинада, Сирияда, Мысыр және де өзге елдердегі пұтқа табынушылық ашық әрі ауыр күпірлік болып табылады. Сондықтан да осы пұтқа табынушы адамдардың қаны мен мүлкіне рұқсат беріледі». Осындай шешім шығарып ол Мекке мен Мәдинадағы ғалым-имамдарды сол үкімге қол қоюға мәжбүрлейді (қараңыз, 88-89 б). 

Мұны олар Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сөзіне қарсы келе айтты: «Менің өлімімнен кейін сендер серік қосушы боласыңдар деп қорықпаймын, алайда дүние алдап қоюынан қорқамын». [Қр. Бұхари, № 3776; Муслим, № 4248.] 

Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, барлық нәрседен де үмметі қатты толғандыратын. Ол, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өмірге келген сәтте-ақ және де өмірден озған кезде де үмметі үшін дұға еткен. Бірақ, Ол, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, үмметім серік қосады деп қорыққан жоқ, себебі ол мұның болмайтынын білген. Керісінше мұсылмандарды серік қосушылықта айтыптайтын адамдардың келетінін ескерткен. 

Оның, оған Алланың игілігі мен сәлмі болсын, өсиеті мынандай еді:

 من ههنا جاءت الفتن 

 «Сол жерден бүлік пен сынақтар келеді», – деп шығыс жақты нұсқады. [Қр. «Сахих» Бұхари № 7094.] 

Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, хадисінде былай деген:

 غلظ القلوب والجفاء بالمشرق والإيمان فى أهل الحجاز 

«Жүректің қаттылығы мен шындықтан тайқу (құқығын таптау) шығыстан (Мәдинадан), ал иман – Хижаз тұрғындарында» [Қр. «Сахих» Муслим, № 193; «Муснад» имам Ахмад, № 14068] 

Басқа бір хадисінде Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген:

 يخرج ناس من المشرق يقرؤن القرآن لا يجاوز تراقيهم كلما قطع قرن نشأ قرن حتى يكون آخرهم مع المسيح الدجال

«Шығыстан көп Құран оқитын, алайда оның мағынасы кеңірдектеріне де жетпейтін адамдар шығады. Оның бұтағын кескен сайын жаңасы шығып отырады. Олардың соңғылары Дәжжәлмен бірге болады» [Қр. «Муснад» имам Ахмад, № 6658; «Әл- Мустадрак» Хаким, № 8702; Бұхари мен Муслимге негіздеп Хаким мұны сенімді деген.] 

Мәдинаның Шығысына қарай Ирак емес, Нәдж орналасқан. Басқа хадисте олар жайлы Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген: «Олардың белгілері шаштарын қырып жүреді». Бұл сөздер дәл сол хадистегі сипатталған шығыстан шығатын адамдардың Ибн Абдулуаххаб пен оның ізбасарлары екендігін тура әрі айқын көрсетеді, себебі олар соңдарынан ерген адамдардың шаштарын қыруға мәжбүрлеген. Олардың діндерін қабылдаған адамды шашын алдырмай сол қабылдаған жерінен қозғалтпайтын [қараңыз, «Дурару сәниәт».] Мұндай ерекшелік мұнан өзге ешбір адасқан ағымда болған емес. Осылайша хадис бұларды айқын сипаттап тұр. Забид қаласының мүфтиі Әс-Сайид Абдуррахман әл-Ахдал былай деген: «Ибн Абдулуаххабқа тойтарыс беру үшін бір кітап та жазып шығудың қажеті жоқ… Оның адасқан екендігіне Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «Олардың белгісі – шаштарын қырып жүру» деген сөзі дәлел болады, расында бұлардан өзге ешбір адасушы ағым мұнымен айналысқан жоқ». 

Ибн Абдулуаххаб тіпті соңына ерген әйелдердің де шаштарын қыруға мәжбүрлеген. Бірде олар діндерін зорлықпен қабылдаттырған әйел оның ойындағы «Исламды» қабылдаған соң, ол әлгі әйелдің шашын қыруды бұйырады. Әлгі әйел: «Сен еркектерге шаштарын қыруды бұйырасың, егер сен оларға сақалдарын қыруды бұйырар болсаң, әйелдерге шаштарын қыруды да бұйыра алатын едің. Расында әйелдердің шаштары еркектердің сақалы секілді»,- дейді. Ибн Абдулуаххаб оған жауап таппай қалып, сонда да шашын алдырады. Оның бұлай етуін Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын: «Олардың белгісі – шаштарын қырып жүрулері»,- деген сөзінің растығын көрсету үшін Алланың Өзі жасатқан шығар. 

Расында, Алланың Елшісінің, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, шығысты нұсқап: «Ол жерден шайтанның мүйізі шығады», – дегені рас болды. Көптеген хадистерде былай делінеді:

 وبها (يعنى نجدا) الداء العضال 

«Нәжде айықпас дерт пайда болады» [Қр. «Әл-Аусат» Табарани № 1960.] 

Кейбір хадис тәпсіршілері «айықпас дертті» опат болу деп тәпсірлеген. Көптеген тарихи кітаптарда бану- Ханифа тайпасының шайқасын баяндаған соң, Қиямет қайым жақындаған кезде өтірікші Мусайлимә тұрған қаладан Исламды бұрмалайтын адамның шығатыны айтылады. Мұсылман үмметіне келетін сынақтар жайлы айтылатын кейбір хадистерде былай делінеді: 

 فتنة عظيمة تكون فى أمتى لا يبقى بيت من العرب إلا دخلته تصل إلى جميع العرب قتلاها فى النار واللسان فيها أشد من من وقع السيف 

«Менің үмметіме үлкен сынақ келеді, ол кірмеген бір де бір арабтың үйі қалмайды, ол барлық арабтарға жетеді. Олардың өлтірілгендері Тозаққа түседі, бұл сынақта семсердің соқысынан да сөздің соққысы қатты болады». [Қр. «Сунан» Әбу Дәуд, № 4265; әт-Тирмизи, № 2178; Ибн Мәжа, № 3957.] 

Басқа нұсқасында: 

 ستكون فتنة صماء بكماء عمياء (يعنى تعمى البصائر الناس فيها فلا يرون مخرجا ويصمون عن استماع الحق) من استشرف لها استشرفت له 

«Соқыр, мылқау әрі керең бүлік туады», бұл жерде адамдардың жүректерін соқыр ететін бүліктің келетіні айтылуда. Ол бүліктен шығатын жол болмайды және де адамдар ақиқатты тыңдамайды. Ол бүлік оған талпынғандарға талпынады. [Қр. «Сунан» Әбу Дәуд № 4264.]

Басқа нұсқасында болса былай делінеді:

 سيظهر من نجد شيطان تتزلزل جزيرة العرب من فتنته 

«Нәждан шайтан шығады, оның бүлігінен бүкіл араб түбегі сілкінеді».

Теңдессіз ғалым әс-Саийди әл-Хабиб Абдуллах әл-Хаддад Баълауи өзінің Ибн Абдуль-Уаххабқа тойтарыс ретінде жазған еңбегі «Мисбахул әнәм уә жәләу ззалам фи-ррадди ъәләл нәджийи лләзи адалләл ъауамда» Ибн Абдулуаххабқа қарсы көптеген хадистерді келтірген. Соның бірінде былай делінеді: 

 سيظهر فى ثانى عشر قرنا فى وادى بنى حنيفة رجل كهيئة الثور لا يزال يلعق برامطه يكثر فى زمانه الهرج والمرج يستحلون أموال المسلمين ويتخذونها بينهم متجرا ويستحلون دماء المسلمين ويتخذونها بينهم مفخرا وهي فتنة يعتز فيها الأرذلون والسفل تتجارى بينهم الأهواء كما يتجارى الكلب بصاحبه 

«Жиырмасыншы ғасырда бану-Ханифа шатқалынан өгіз секілді адам шығады. Ол шектен шыға наразы әрі үнемі ашуланшақ болады. Оның заманында кісі өлімі мен қуғын-сүргін көбейеді. Ол және оның ізбасарлары мұсылмандардың мүлкін тартып алуға рұқсат береді әрі одан түскен пайда олардың жалақылары болып саналады. Мұсылманның қанын төгуге рұқсат деп санайды әрі мұны мақтанышпен жасайтын болады. Осы бүлікте ең төмен дәрежелі адамдар жоғарылайды. Олардың нәпсілері өзінің қожайының қасында жүрген иттей жүреді (яғни олар неше түрлі нәпсінің жетегінде жүреді). Дегенмен, бұл хадисті жеткізуші белгісіз, мұның мағынасы өзге хадистермен қуатталады. Әли ибн Әбу Талиб ашуланып, харижилерді өлтірген кезде олармен бірге болған біреу былай деген: «Оларды өлтіріп, бізге тыныштық берген Аллаға сансыз мадақ». Оған Әли былай деп жауап береді: «Жоқ, жаным қолында болғанмен ант етемін, харижилердің ішінде еркектердің бел омыртқасында, әйелдер әлі көтермегендер бар, олардың соңғысы Дәжжалмен бірге болады». «Мишқатул мәсәбих» еңбегінде мына хадис келеді: 

 سيكون فى آخر الزمان قوم يحدثونكم بما لم تسمعوا أنتم ولا آباؤكم فإياكم وإياهم لا يضلونكم ولا يفتنونكم 

«Қиямет күнінің алдында сендердің әкелерің де естімегенді айтатын адамдар келеді, солардан сақтаныңдар. Олар сендерді тура жолдан тайдырып, я болмаса бүлікке апармасын». [Қр. «Сахих» Муслим, № 6; «Муснад» Ахмад, № 8241.] 


Дереккөз: darulfikr.ru
Аударған: darulahnaf.com