Пәтуәлар

Жамағаттың намаз кезінде тобыққа тобық тигізіп тұру мәселесі жайында


Жамағатпен намаз оқыған кезде сапты түзеудің шариғатта маңызы зор. Сондықтан да бұл тәжірибе намаздың толық әрі кемелдігін білдіретін шарт ретінде түсіндіріледі. 

 Сүннет бойынша сапты толтыру және түзеудің дұрыс жолы намазға ниет етушілердің сапқа тұрғанда араларында бос орын болдырмауы. Сонымен қатар, намаз оқушыға саптың алдына немесе артына тұруға болмайды, ол саптағылармен бір қатарда тұруы керек. Ислам ғалымдарының көпшілігі сап түзеу мәселесінде осы көзқараспен келіседі.

 Бұл көзқарасқа қарамастан, кейбіреулер намаз кезінде саптағы адамдар тобықтарын тигізу сүннет болып табылады деп санайды. Ол адамдар бұл қағидаға қатып қалғаны соншалық, бұл қағидаға қатты мән береді. Оның үстіне олар намазда бұл қағиданы ұстанбайтын өзге жандарды сүннетті ұстанбайды деп сынайды. Сондықтан да осы мәселені түсіндіріп, жөнге қойғанымыз абзал. Осы істе ақиқат қолында болған және де бәріміз қайтып баратын Алла Тағаладан жәрдем сұраймын.

 Бұл мәселеге қатысты Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, көптеген сөздері бар, алайда олардың ешбірінде намаз оқып жатқандардың тобықтарын тигізулері жайында ешнәрсе айтылмайды. Сондай-ақ, төрт әділ халифаларда сапты дұрыстау және толтыру мәселесіне қатты көңіл бөлген, бірақ бұл іс олардың тәжірибесінде көрініс таппаған. Осылайша, Сахих Муслимде Нуғман бин Баширдан жеткен мына хадис келеді: «Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, біздің саптарымызды жебелерді түзегендей түзететін». (Арабтар соғыс кезінде және аңға шыққанда садақтарының оғын түзеуге қатты мән беретін болған. Сол себепті «жебені түзегендей» деген сөз бір нәрсенің түп-түзулігін, туралығын көрсету үшін қолданып тұр) Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, біз оның ниетін толық түсінгенімізге көзі анық жетпейінше осылай ететін. Осыдан соң, бірде Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, намазды бастауға даяр болып, тәкбір алмақшы болып жатыр еді, саптан кеудесі шығып тұрған адамға көзі түсіп кетеді. Мұны көріп Пайғамбарымыз былай деп ескертті: «Ей, Алланың қызметшілері, сендер саптарыңды түзетулерің керек, әйтпесе Алла Тағала араларыңа алауыздық салып қояды».
[Қр. «Сахих Муслим», 182-бет, 1-том.] 

 Суннан Әбу Дәуд, Абдуллах ибн Омардың Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, сөзін былай деп жеткізгенін келтіреді: «Саптарыңды түзеңдер, иықтарыңды теңестіріңдер және де бір біріңе көмектесіңдер, яғни бір біріңе сап түзеуде және ұйымдасуда көмектесіңдер және шайтанға бос орын қалдырмаңдар. Кімде кім бос орынды толтырар болса, оған Алланың рақымы түседі, ал кімде кім саптағы орнын қалдырып кетсе, Алла ол адамды рақымынан мақұрым етеді».
 [Қр. «Сунан Әбу Дәуд», 97-бет, 1-том.] 

 Бара бин Азиб былай деп жеткізеді: «Пайғамбар сапты түзеп ана басынан, мына басына дейін жүретін. Ол қолымен кеудемізді және иығымызды сипалап былай деді: «Бөлінбеңдер, әйтпесе, жүректерің бытыраңқы болып кетеді». Және де ол былай деді: «Алла Тағала алдыңғы қатарда тұрғандарға жақсылық жібереді және періштелер де олар үшін кешірім сұрайды».
 [Қр. «Сунан Әбу Дәуд», 97-бет, 1-том.] 

 Әнәс бин Маликтен, Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жеткіген: «Саптарыңды тығыздаңдар және араларыңды ашпаңдар әрі бастарыңды түзу ұстаңдар, себебі Оның қолында (Құзырында) Мұхаммедтің жаны болғандықтан, шын мәнінде мен саптағы бос орынды шайтанның кішкентай қой секілді толтырып жатқанын көріп тұрмын».
[Қр. «Сунан Әбу Дәуд», 97-бет, 1-том.] 

 Омар ибн әл-Хаттаб, оған Алла разы болсын, сапты түзеп тұратын бір адамды арнайы тағайындап қойғаны жайлы және де сап түзу деген ескертусіз намазды бастамайтын еді деп жеткізілген. Сондай-ақ, Әли ибн Әби Талиб және Осман ибн Аффан, оларға Алла разы болсын, бұл (намаз алдында сапты түзейтін адамды тағайындау) тәжірибені үнемі дәл солай істейтіндері жайлы айтылған. Әли ибн Әби Талиб, оған Алла разы болсын, былай деген: «Бір қадам алға! Енді бір қадам артқа! Осылай»
[Қр. «Әт-Тирмизи», 53-бет, 1-том.] 

 Мәлик бин Әби Әмир Әл-Ансариден, Осман ибн Аффанның жұма намазының хұтбасында былай дегенін жеткізген: «Намаз уақыты болғанда, саптарыңды түзеңдер және иықтарыңды теңестіріңдер»
 [Қр. «Мууатта Имам Мухаммад», 86-бет.] 

 Сүннет бойынша сапты толтыру және түзеудің дұрыс жолы намазға ниет етушілердің сапқа тұрғанда араларында бос орын болдырмауы. Сонымен қатар, намаз оқушыға саптың алдына немесе артына тұруға болмайды, ол саптағылармен бір қатарда тұруы керек. Ислам ғалымдарының көпшілігі сап түзеу мәселесінде осы көзқараспен келіседі.

 Бұл көзқарасқа қарамастан, кейбіреулер намаз кезінде саптағы адамдар тобықтарын тигізу сүннет болып табылады деп санайды. Ол адамдар бұл қағидаға қатып қалғаны соншалық, бұл қағидаға қатты мән береді. Оның үстіне олар намазда бұл қағиданы ұстанбайтын өзге жандарды сүннетті ұстанбайды деп сынайды. Сондықтан да осы мәселені түсіндіріп, жөнге қойғанымыз абзал. Осы істе ақиқат қолында болған және де бәріміз қайтып баратын Алла Тағаладан жәрдем сұраймын.

 Бұл адамдар өздерінің сөздеріне дәлел ретінде Нуғман бин Баширдың және Әнас ибн Мәликтің Имам Бухаридің «Сахих» жинағында келген сөздерін келіреді. Имам Бухари былай дейді: «Сапта тобық пен тобықты және иық пен иықты тақау бөлімі». Нуғман бин Башир былай деп жеткізеді: «Мен әр адамның қасындағы адаммен тобықтарын тақағандарын көрдім». Әнас ибн Мәлик былай деп жеткізеді: «Пайғамбарымыз қамат айтқан кезде былай деді: «Саптарыңды түзеңдер, мен сендерді арт жағымнан көріп тұрмын». Әнас ибн Мәлик былай дейді: «Біз қасымызда тұрған адаммен иықтарымызды және тобықтарымызды тақадық». 
 [Қр. «Сахих әл-Бұхари», 100-бет, 1-том.] 

 Жоғарыда аталған адамдар қасында тұрған адаммен тобығын тақау деген сөзді сөзбе сөз түсіну керек деп осы хадистерді дәлел ретінде ұстанды. Дегенмен, олардың бұл сөздерді дәлел ретінде ұстанулары дұрыс емес. Себебі, бұл сөздердің мағынасын сөзбе сөз түсінуге болмайды. Бұл жерде сапты түзеу және жақсылап толтыру, намаз оқушылар арасында бос орын болмауы айтылып тұр. Бұл сөздердің неге сөзбе сөз емес, керісінше жоғарыда айтылғандай мағынада қабылдануы керектігінің бірнеше себебі бар. 

1.  Хадис ғалымдары (мухаддисун) және хадисты тәпсірлеушілер бұл сөздерге қатысты оларды түсінуге мүмкіндік берді және де оны жоғарыда айтылғандай түсіндіріп берді. Осылайша Хафиз Ибн Хажар Әл-Асқаләни, оған Алланың рақымы болсын, Имам Бұхаридың «Сахихына» жазған тәпсірі «Фатхул Бәриде» мыналарды айтады: «Бұл хадистің мағынасы – сапты түзеп және бос орынды толтыру».
 [Дереккөз: «Фатхул Бәри», 247-бет, 2-том. Ғалым Қасталәни өзінің «Иршад-Сари» еңбегінде де осындай түсінік берген, 368-бет, 2-том.] 

 Бұдан басқа, ғалым Бадруддин әл-`Айни өзінің «Умдатул-Қари» атты еңбегінде осы түсіндірмені басқа сөздермен келтіреді. Ол былай деп жазды: «Пайғамбар осы сөздерімен сапты түзеу мен бос орынды толтыруға назар аударғысы келді». Ғалым Ануар Шах Кашмири былай дейді: «Төрт мәзхаб имамдарының көзқарасына сәйкес, екі адамның арасында үшінші адам сыятындай бос орын болмауы керек. Сонымен қатар, қасындағы адаммен тобықтарын тақау мәселесіне келер болсақ, ол белгілі бір адамдар тарапынан шығарылған бидғат».
  [Дереккөз: «Файдул-Бәри», 236-бет, 2-том.] 

 2.  Намаз кезінде қасындағы адамның тобығымен тобықты тақау деген амалды сөзбе сөз түсіну және оны жүзеге асыру қиындық тудырып қана қоймай, сонымен қатар, қате пікір болып табылады. Әбу Дәудтің Суннанында келген сөзде намаз кезінде қасындағы адаммен тобықты тигізу деген сөзбен қатар, ол адамның тізесіне де тізені тигізу керектігі айтылған.
[Қр. «Сунан Әбу Дәуд», 104-бет, 1-том.] 

 Мұндай жағдайда тәжірибе орынсыз әрі көптеген қиындықтар тудырады. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Ол сендерге дінде ешбір қиындық жасамады» [«Әл-Хаж» сүресі 22/78 аят.] Және өзге бір аятта: «Алла ешбір жанға оның күші жетпейтінді міндеттемейді» - деген. [«Әл-Бақара» сүресі 2/286 аят.] Сол себепті шариғат адамға аса қиын әрі ауыр болатын жағдайларды алып тастаған. Әбу Дәудтің Суннанына пікір жазушы `Алләма Халил Ахмад Сахаранпури былай деп жазады: «Намазда жаныңда тұрған адамның тізесімен тізеңді және тобығымен тобығыңды тигізіп тұру қиынға соғады (егер тіпті мүмкін болса да)».
 [Дереккөз: «Бадхул-Мажхуд», 230-бет, 4-том.] 

 `Алләма Зафар Ахмад Усмани былай дейді: «Әлбетте, іс жүзінде жаныңда тұрған адаммен аяқты тигізіп тұру, сондай-ақ, иықты және тобықты тигізіп тұру шамадан тыс қиын, әсіресе бұл намаз оқу барысында талап етілсе. Осыған қоса, шариғатта тәжірибеде ауыр әрі қиын болатын нәрселер нақты мәтіндермен алынып тасталған».
 [Дереккөз: «Флааус-Сунан», 360-бет, 4-том.] 

 3.  Хадисті тура мағынасында түсіну және намаз оқып тұрған адамдардың тобықтарын тигізіп тұруы тізенің ара қашықтығын алыстатады. Бұл жағдай адамды табиғи ниетінен тыс қимыл жасауға итермелеп қана қоймай, намазын ықыласпен, тыныштықта оқуына кедергі келтіреді. Атақты хадис тәпсіршісі Мұхаммед Юсуф Әл-Биннори былай деп жазады: «Кейбір адамдар бұны шынайы мағынасына жақын етіп түсіндіру деп санайды, негізінде олай емес. Бұл сөздің шынайы мағынасы саптың туралығы мен бос орынды толтыру болып табылады. Сонымен қатар, бұл сөздердің иесі хадис жеткізушілер болып табылады (бұл жерде «Фатхул Бәри» мен «Умдатул Қариден» үзінді келтірілген). Бұл дәлел Сүннет пен хадиске еруге шақыратын адамдардың көзқарасын жоққа шығарады. Олар намаз оқып тұрған адамдардың тобықтарының тиіп тұруына аса мән береді, алайда аяқтарының арасында үлкен орын бос қалады. Олардың бұл амалдары жалғандық және екіжүзділікке алып барады, себебі олар адамдардың табиғи қимылдарын бұзады және де намаздағы ықыласқа нұқсан келтіреді. Адамдардың арасындағы бос орынды толтырмақ болғансып, негізінде бос орын қалдырады, алайда бұл амалдың жағымсыз нәтиже беретінін ойламайды.
 [Дереккөз: «Маарифус-Сунан», 297-бет, 2-том.] 

 4.  Оның үстіне, ешқандай хадис аяқ соншалықты деңгейде алшақ болуын нақтыламайды. Негізінде, хадистерде аяқтардың арасында аз ғана орын қалуы керек деп айтылады. Абдулла ибн Омар аяқтарының арасында көп қашықтық қалдырмағаны жайлы хабар жеткен, сондай-ақ ол аяқтарын қоспаған, керісінше, өзіне ыңғайлы әрі көрер көзге орташа қашықтықта ұстаған. [Дереккөз: «Әл-Муғни», 11-бет, 2-том.] 

 Жеке оқылған намаздағы тәсіл жамағатпен оқылатын намазда да қолданылған. Сахабалар немесе табиғиндердің жеке оқыған намаз бен жамағатпен оқылған намаздарында айырмашылық болған деген ешқандай ескертпелер жоқ. Осыдан, иықтарды тақау сөзінің шынайы мағынасы –арасында бос орын қалмау деп айтуға болады.
 [Дереккөз: «Файдул-Бәри», 237-бет, 2-том.] 

 Имам Насаидің Суннан жинағында, Әбу Убайда Абдулла бин Масғудтың аяғын тақаған адамды көріп: «Ол Сүннетті ұстануда қателік жасады, егер ол Мурауаханы ұстанғанда еді, мен ондай істі дұрысырақ деп санар едім» деп айтқанын жеткізгені айтылады.
 [Қр. «Сунан Насаи», 103-бет, 1-том.] 

 Мурауаха сөзінің негізгі мағынасы – екі аяғына кезек-кезек сүйену (яғни бірінші бір аяғына және біраз уақыттан соң келесі аяғына). Кейде бұл сөз аз ғана бос орынды білдіру үшін қолданылады. Бұл мағына жайлы жоғарыдағы хадисте айтылады. Осылайша, аяқ арасында аз ғана бос орын қалдыру мәселесін осы хадис тұрғысынан түсіндіруге болады.
 [Дереккөз: «Файдул-Бәри», 237-бет, 2-том; «Әл-Файд Әс-Самаи әлә Сунан Ән-Насаи», 288-бет, 1-том.] 

 Абдулла бин Масғуд тобықты тигізуді құптамайтынын білдіріп қана қоймай, Мурауаханы ұстануға да кеңес берген. Осы жерден аяқ арасында аз ғана қашықтық болған кезде, жаныңда тұрған адамның тобығына тобық немесе аяғына аяқ тигізу мүмкін еместігі анықталады. Сондықтан да тобық тигізу жайлы айтылған хадистердің түсіндірмесі Хафиз Ибн Хажар мен Алләма `Айнидің, оларға Алланың рақымы болсын, еңбектерінен табылады. Бәлкім, бұл хадистің мақсаты – шамадан тыс тобықты жақындатудың жарамсыздығын көрсету және оны терістеу болуы мүмкін. Сөйтіп, Сүннетке сай, намаз оқушы адам аяқтарының арасын қатты ашпайды және де оларды бір-біріне қатты тақамайды да. Яғни, өзіне ыңғайлы, орташа қашықтықты сақтайды. Сондықтан да, аяқ арасындағы қашықтық азайған кезде жаныңда тұрған адамның тобығына тобығыңды тигізу мүмкін болмайды. Осылайша, тобықты тигізіп тұру жайлы айтылған хадис Бадр-Уддин әл-`Айни мен Шихаб-Уддин әл-Қасталани атты ғалымдардың хадис тәпсірлерінде келеді.
[Дереккөз: «Маарифус-Сунан», 298-299 б., 2-том.] 

 5.  Намаз оқып жатқан адамның аяқтары арасында бос орын қалуы керектігін әртүрлі хадистерден түсінуге болады. Әбу Дәудтің Сунанында Пайғамбарымыздың, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, былай деген сөзі келеді: «Кімде-кім намаз оқуға ниет етсе,ол адам аяқ киімін оң жағына немесе сол жағына қоюына болмайды, себебі оның сол жағы жанында тұрған адамның оң жағы болып табылады. Ол оны аяқтарының арасына қойсын».
 [Қр. «Сунан Әбу Дәуд», 103-бет, 1-бет.] 

 Бұл хадистен намаз оқып жатқан адамдардың оң және сол жағынан аяқ киім қоятындай бос орын қалуы керек дегенді түсінеміз. Егер аяқты тақау тәжірибесіне сүйенер болсақ, онда бұл орын толып, намаз оқушының екі жағында да орын қалмай қалады. Бұл жағдайда адамдардың намаз кезінде аяқ киімін сол немесе оң жағына қоюына кедергі жасамақ болу ақылға қонымсыз болып табылады.

 6.  Егер намаз кезінде тобықты тигізіп тұруды сөзбе сөз түсінер болсақ, көптеген жағдайда аяқ саусақтары Құбылаға қармайды деген тұжырымға келуге болады. Ал аяқ саусақтарының Құбылаға қарап тұруы – намаздағы бірауыздан мақұлданған қалып. Бұл заң жайлы белгілі бір топтардың басым көпшілігі хадис мәселесінде басты әрі беделді еңбек санайтын Имам Бұхари «Сахих Бұхариде» «Аяқ саусақтары Құбылаға қарауы керек» деп аталған бөлім жазылған. Бұл бөлім аяқ саусақтары намаз кезінде Құбылаға қарап тұруының маңызды екенін жазады. Егер «намаз кезінде жаныңда тұрған адаммен тобықты тигізу» деген сөзді тура түсінер болсақ, «Сахих Бұхариде» келген намаз оқу ережесі көп жағдайда сақталмайды. Ал егер сол сөзді және де өзге де сол секілді сөздерді сапты түзету және бос орынды толтыру деп түсінер болса, саусақтардың Құбылаға қарауы еш қиындықсыз орындалады.

 7.  Егер кімде-кім «Сахих Бұхаридегі» хадисті көргеннен кейін де жамағат намазында аяқты тигізудің қажет екенін айтар болса, осы жинақтағы жанындағы адаммен иық тіресіп тұру керек деген сөзді де назардан тыс қалдырмау керек. Ол амал жаныңдағы адаммен бойың бірдей болған кезде ғана мүмкін болады. Осыған сәйкес, жаныңда тұрған адамның аяғына аяғыңды тақап тұру, егер ол адамның аяғының көлемі сенікімен бірдей болғанда ғана мүмкін. Осы екі шарт орындалуы мүмкін емес.

 Хадис іліміндегі беделді маман Мұхаммед Закария, оған Алланың рақымы болсын, былай деп жазады: «Имам Бухари иық пен аяқты тақап тұру жайлы өзінің бір бөлімінде атап өтіп, ол амалдың олардың жақындықтарын және түзуліктерін шамалайды деп көрсеткен, олай болса бұл сөзге сөзбе сөз амал ету мүмкін емес.

 Ғалым Зафар Ахмад Усмам, оған Алланың рақымы болсын, былай деп жазады: «Егер намаз оқып жатқан адамдардың бойы әр-түрлі болса, дененің бұл екі мүшесін біріктіру мүмкін емес. Сондықтан да, бұл хадистің мағынасы денелерін сапқа түзулеу болып шығады». 
[Дереккөз: «Иләус-Сунан», 360-бет, 4-бет.] 

 Ғалым Әнуар Шах Кашмири, оған Алланың рақымы болсын, былай дейді: «Жаныңда тұрған адаммен аяқ тигізу, онымен қоса иықты тигізу – қанша әрекет етсең де мүмкін емес нәрсе. Сондықтан да оған амал ету өткендердің амалдарында байқалмаған жаңалық (бида’ғат) болып табылады».
[Дереккөз: «Файдул-Бәри», 337-бет, 2-том.] 

 Сонымен қатар, хадистің мазмұны тобықты да тақауды талап етіп тұр. Бірақ негізінде бұл амалды жасау қиын әрі ыңғайсыз, тіпті мүмкін емес.

Шейх Гангохи, оған Алланың рақымы болсын, былай деп жазады: «Екі адамның тобығы бірігуі мүмкін, егер олардың денесі кең, ал төменгі жағы жіңішке болса»
 [Дереккөз: «Фатауа Рашидийә», 363-бет.] 

 Мәуләна Әбу Убайдуллах Қади Шамс-Уддин, оған Алланың рақымы болсын, былай деп жазады: «Имам Ахмад Муснадының 4-томы, 276-бетте тобық тобықпен, иық иықпен тақалып тұруы керек деп келеді. Сондықтан да, кейбір заманауилардың тобық пен иықтың тақалмай тұруына қатысты айтқаны негізсіз болып табылады.
 [Дереккөз: «Илхамул-Бухари Фи Халли Мушкиләтил-Бухари», 50-бет .] 

 «Иықтарыңды түзеңдер» - деген сөздің тұжырымдамасы бірнеше хадисте келеді. Бұл сөзді түсіндіре келе автор Аунул Мабуд былай деп жазады: «Иықтарыңды намаз оқушының иығы өзге намаз оқушының иығына қатарлас, соның жанында тұратындай етіп түзеңдер. Осылайша, намаз оқушының иықтары, бастары және аяқтары бір сызықтың бойына келеді.
 [Дереккөз: «Аунул-Мабуд», 275-бет, 2-том ; Имам Шәукани «Найлул-Аутарда» 65-бет, 4-томда дәл осындай түсіндірме берген.] 

 Иықты туралауға қатысты бұл түсіндірме Әнас ибн Мәлик пен Нуғман бин Баширдан да жетеді: «Біз жанымызда тұрған адаммен иығымызды және аяғымызды тақап тұрдық», демек, тобықтар, аяқтар және иықтар бір сызық болып, яғни тобық тобықтай, иық иықтай болып тұрғанын білдіреді.

 8.  Егер біз аяқты тақап тұру шариғатта міндетті деп санар болсақ, онда мынандай сұрақ туады: бұл шарт намаздағы әр қимылда сақталуы тиіс пе немесе белгілі бір қимылмен ғана шектеледі ме?

 Егер бұл шарт намаздағы барлық қимылда орындалуы тиіс болса, онда оны отырған халде түсіндіру қалай болмақ?

 Егер ол амал тек бір қимылмен шектелген болса, сол шектелгеніне дәлел қайсы?

 Егер жауап ретінде бұл шарт намаздағы отырыста орындалуы қиын болғандықтан алынып таслалды дер болса, бұған осы амал намаз оқып тұрған адам үшін тұрып тұрған кезде де қиынға соғады деп қарсы шығуға болады.

 Сондықтан да, аяқ пен иықты тақау тек намаз басталғанға дейін талап етілген, себебі Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің сахабаларына намаз алдында сапты түзелеуді үйреткен. Дәл осы кезде сахабалар иықтарын және аяқтарын сап түзу болуы үшін тақаған. Бұл деген сөз осы амалдың намаз кезінде де жасалуы тиіс дегенге дәлел бола алмайды. Себебі, бұл хадистерде «Намаз кезінде» деген сөз жоқ. Осыған сәйкес, хадистерде жоғарыда айтылған сөз жоқ болғандықтан, ол амалды намазда да жасалуы керек деген тұжырым шығара алмаймыз.
[Дереккөз: «Имдадул-Ахкам», 290-б, 1-том; «Иғләс-су-Сунан», 360-бет, 4-том және «Дауат Абдиә Әз Ифадат Сануи», 152-153 б.,19-том.] 

Егер кейбір адамдар дәлел ретінде келтіретін Сахих Бұхаридің хадистерін сөзбе сөз түсінер болсақ, онда мойындау керек, ондай тәжірибе «сунна- мақсуда» болып табылмайды. (Бұл термин Сүннетке қатысты және де алғашқы мақсатқа қол жеткізілгенімен, тәжірибеде қолдануды жалғастырумен байланысты). Мамара бұған қатысты Әнас бин Мәликтің сөзін былай деп жеткізеді: «Егер мен мұны іске асырсам, яғни тобығымды жанымдағы адамның тобығына тақасам, онда адамдар қырсық қашыр секілді қашатын еді».
 [Қр. «Фатхуль-Бәри», 247-бет, 2-том.] 

 9.  Әнас ибн Мәликтің сөзінен бағалғандай, ол Пайғамбарымыз, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, дүниеден озған соң тобықты тақауға амал етпеген. Сонымен қатар, осы сөзден бұл амалдың «сунна-мақсуда» емес екенін анық болады, өйткені, керісінше болған жағдайда, сахабалар ол амалдан өзгелер тарапынан болған жеккөру мен жиіркеніш үшін ғана бас тартпас еді.

 Егер аяқты тақап тұру «сунна-мақсуда» болғанда, сахабалар бұл амалды үнемі жасайтын еді және де сол себепті оларың замандастары – табиғиндер ол амалға намаздағы Сүннет деп қарайтын еді. Осыдан соң адамдар арасында бұл амалға қарсы келетін көзқарастар пайда болмайтын еді. Әнас ибн Мәликтің сөзінен ол намаз кезінде адамдар бұл амалды ұнатпайтындығы себепті аяғын тигізбеген, сонымен қатар, бұл тәжірибе сахабалар кезінде және табиғиндер кезінде де еленбеген. Осының барлығы бұл амалдың «сунна-мақсуда» санатынан алынып тасталынғанына негіз болып табылады. Сахабалардың амалдары мен әрекеттері төрт мәзхаб имамдарының және де көптеген ғалымдардың көзқарасына сай дәлел болып келтірілді.
[Дереккөз: «Имдадул-Ахкам», 290-бет, 1-том; «Иләус-Сунан», 360-бет, 4-том.] 

 Алла Тағала барлығын толық Білуші. 

Автор: Шейхул Хадис Муфти Омар Фарук Десаи Лухаури
Дереккөз: www.muftisays.org
Аударған: darulahnaf.com