Пәтуәлар

Мұхаммед ибн Әбдул-Уаххаб ән-Недждиге сенуге болама?



Әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға сансыз мадақ, Пайғамбарымыз Мұхаммедке, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, оның отбасына және сахабаларына салауаттар болсын. 

Бұл мақалада «жалған сәләфилер» мен «тәкфиршілердің» үлкен шейхы – Мұхаммед ибн Әбдул-Уаххаб ән-Неджидің өз еңбегінде фақиһ ғалымдардың сөздерін қате жеткізгені жайлы айтпақпыз.  

Мұхаммед ибн Әбдул-Уаххаб өзінің «Муфидуль мустафиид фи куфри тариқи-т-таухид» атты еңбегінде, имам ән-Нәуәуи, Алла оны рақым етсін, Пайғамбарға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, құрбан шалған адам – кәпір деген, деп жазады. 

Ибн Әбдул-Уаххабтың сөзі: 

وأما كلام الشافعية ، فقال صاحب الروضة رحمه الله: أن المسلم إذا ذبح للنبي صلى الله عليه وسلم كفر 

«Шафиғилік ғалымдардың сөзіне келер болсақ, «Әр-Рауд» еңбегінің авторы (имам ән-Нәуәуи, Алла оны рақым етсін) былай деген: «Егер бір мұсылман адам, Пайғамбарға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, құрбандық шалатын болса, онда ол адам кәпір болады». 
[Дереккөз: Ибн Әбдул Уаххаб «Муфид әл-мустафид», 167-бет.] 

Онда қалайша «жалған сәләфилік» мухаққиқ Ахмад әл-Аслани «әр-Раудтың» түп нұсқасындағы сөздер мен ибн Әбдул-Уаххабтың «әр-Раудтан» келтірген сөздерінің арасында үлкен айырмашылық бар деп мойындайды. Себебі имам ән-Нәуәуи ол жерде Пайғамбарымызға, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, арнап шалынған құрбандықтың күпірлік болатынын айтып тұрған жоқ, бірақ ол былай деп жазады, кімде-кім пұттың атымен, оны ұлықтап әрі оған жақындау мақсатында құрбандық шалатын болса, ол адам кәпір болады.   
Мухаққиқ Ахмад әл-Асланидің (яғни, қазіргі жалған сәләфилердің шейхы) сөзі: 

 روضة الطالبينللنووي ولفظه: «أو ادعى النبوة بعد نبينا صلى الله عليه وسلم أو صدق مدعيا لها ، أو عظم صنما بالسجود له ، أو التقرب إليه بالذبح باسمه ، فكل هذا كفر» ،وبين هذا النص وكلام المصنف فرق كبير 

«Имам ән-Нәуәуидің «Раудату Толибин» еңбегіндегі мәтін: «Я болмаса (кімде- кім) біздің Пайғамбарымыздан, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, кейін өзін пайғамбармын дер болса, немесе мұны айтқан адамды қолдар болса, немесе пұтты ұлықтап оған сәжде етер болса, я болмаса оған жақындамақ болып, оған арнап құрбандық шалар болса мұның барлығы да күпірлік болып табылады». Осы мәтін мен автордың сөздерінің арасында үлкен айырмашылық бар (яғни Әбдул-Уаххабты айтып тұр)». 

[Дереккөз: Мұхаммед ибн Әбдул-Уаххаб, «Муфид әл-мустафид фи куфри тариқи таухид», 167-бет. Тахқиқ Ахмад әл-Асләни.] 

Сондай-ақ, Ибн Әбдул-Уаххаб ханбалилік фиқһ еңбегі «әл- Иқнаға» сүйене отырып, ол жерде кімде-кім Әли ибн Әбу Талибтен, оған Алла разы болсын, дұға етіп сұрар болса ол кәпір болады деп жариялайды. Ибн Әбдул-Уаххабтың «Муфид әл-мустафид», 149-150 беттер еңбегіндегі сөзі: 

 وقد ذكر في الإقناع عن الشيخ تقي الدين ، أن من دعا علي ابن أبي طالب فهو كافر 

««Әл- Иқна» кітабында ол шейх Тақюддинен (яғни ибн Таймиядан), кімде кім Әли ибн Әбу Талибтен сұрар болса, ол кәпір болатыны жайлы айтады». 

Алайда «жалған сәләфилік» мухаққиқ Ахмад әл-Асләни былай деп жазады: 

«Әл- Иқна» ибн Таймияның жазған кітабы мен Мұхаммед ибн Әбдул-Уаххабтың сөздерінде үлкен айырмашылық жатыр. Себебі «әл- Иқна» да, Әлиді құдайылық дәрежеге көтеріп және оны пайғамбар деп санағандықтары үшін күпірлік жасайтындығы жайлы айтылады. Ал ибн Әбдул-Уаххаб болса, оған дұға ету, яғни одан сұрау адамды кәпір етеді деп жариялайды. 

Мухаққиқ Ахмада әл-Асләнидің сөзі:

 الإقناع ، وفيه:» من سب الصحابة أو أحداً منهم أو اقترن بسبه دعوى أن علياً إله أو نبي أو أن جبريل غلط فلا شك في كفر هذا بل لا شك في كفر من توقف في تكفيره».وأظن ، والله اعلم.أن بين هذا النص وكلام المصنف فرق كبير 

«Әл- Иқна» еңбегінде былай деп жазылған: «Кімде кім сахабалардың біреуіне болса да тіл тигізер болса, немесе оларға Әли ибн Әбу Толиб Құдай немесе пайғамбар, Жебірейіл періште қателескен деп айтты деген жаман сөзді тілеитін болса, ол адамның кәпір болғанына еш күмән жоқ». Менің ойымша, осы мәтін («әл- Иқнадағы») мен автордың сөздерінің (яғни, Ибн Әбдул-Уаххаб) арасында үлкен айырмашылық бар, Алла Тағала жақсырақ әрі дұрысын Білуші». [Дереккөз: Мұхаммед ибн Әбдул-Уаххаб, «Муфид әл-мустафид фи куфри тариқи таухид», 149-150 беттер. Тахқиқ Ахмад әл-Асләни] 

Және де өзінің «Муфидул мустафиид» еңбегінде ибн Әбдул-Уаххаб жаратушыға дұғамен жалбарынған адамды кәпір деуші ибн Хажар әл- Хайтамиге, Алла оны рақым етсін, сүйенеді. Ибн Әбдул-Уаххабтың «Муфид әл-мустафид», 169-беттегі сөзі:

وقال ابن حجر في شرح الأربعين على حديث ابن عباس : ( إذا سألت فاسأل الله ) وما معناه: إن من دعا غير الله فهو كافر . 

«Ибн Хажар қырық хадистегі: «Егер сен бір нәрсе сұрар болсаң, Алладан сұра» деген Ибн Аббастың хадисіне шарх жасай отырып былай деп жазады: «Мұның мағынасы, кімде кім Алладан өзгеден сұрар болса, ол кәпір болады». 

Алайда «жалған сәләфилік» мухаққиқ Ахмад әл-Асләни ибн Әбдул Уаххаб сүйеніп отырған ибн Хажардың «әл Арбаъун ән-Нәуәуия» еңбегіндегі кітапта, ондай сөздердің жоқтығын мойындайды.

Мухаққиқ Ахмада әл-Асләнидің сөзі: 

 وقد بحثت عن هذا النقل عن الهيتمي فلم أجده أبداً في المطبوع لا نصاً ولا معنى بل لم يتعرض لهذه المسألة أصلاً فلا أعرف من أين فهم المصنف 

«Мен бұл сөздерді әл-Хайтамиден іздедім, бірақ ешбір кітабынан бір де бір мәтін, осы сөздерді меңзеп тұрған бір сөз де таппадым. Керісінше, ол – Ибн Хажар, әуелден осы мәселеге қарсы шығады және де автор (ибн Абдул-Уаххаб) бұл сөздерді қайдан алғанын мен білмеймін». [Дереккөз: Мұхаммед ибн Әбдул-Уаххаб, «Муфид әл-мустафид фи куфри тариқи таухид» 169 бет. Тахқиқ Ахмад әл-Асләни.] 

Осының барлығынан қандай тұжырым шығаруға болады? Тұжырым мынандай, Мұхаммед ибн Әбдул-Уаххабтың фиқһ саласындағы еңбектерге жазған пікіріне сенуге болмайды, себебі ол 4 мәзһабтың фақиһтарының сөздерін ойдан құрап айтады. 

Мұхаммед ибн Әбдул Уаххабтың ілім дәрежесі мен жағдайына келер болсақ, оның туған бауыры – Сүлеймен ибн Әбдул-Уаххабтың куәлігі бар. Шейх Сүлеймен ибн Әбдул-Уаххаб әл-Ханбали (д.ө.ж. 1208 һ.ж./1793 м.ж.), Алла оны рақым етсін, өзінің еңбегінің бас жағында имам мен нағыз мұсылман ғалымына тән сипатарды атап шығады, ал өзінің бауырының білім дәрежесіне қатысты ол былай дейді: 

 ابتلي الناس بمن ينتسب إلى الكتاب والسنة ويستنبط من علومهما ولا يبالي من خالفه. وإذا طلبت منه أن تعرض كلامه على أهل العلم لم يفعل بل يوجب على الناس الأخذ بقوله وبمفهومه ومن خالفه فهو عنده كافر. هذا وهو لم يكن فيه خصلة واحدة من خصال الاجتهاد، ولا والله ولا عُشر واحدة، ومع ذلك راج كلامه على كثير من الجهال 

«Адамдардың басына Құран мен Сүннетке қатысты мәселеде шешім шығаруда ауыр жағдай келіп жетті. Бірақ егер сіздер ол адамды ғалымдардың алдында сөз сөйлеуге шақыратын болсаңыздар, оны күтпей-ақ қойыңыздар. Ол адамдарды өзінің идеясымен жүруге міндеттейді, ал келіспеген адамдарды кәпір деп айыптайды. Бұл адам ижтихад жасамақ түгелі, бұған қажетті ілімнің он бөлігін де меңгермеген, сөйте тұра адамдардың алдында сөз сөйлейді». [Дереккөз: Сүлеймен ибн Әбдул Уаххаб, «әс-Сәуәик әл-иләхиәт фи ар-радд ъалә әл-уаххабиә», 38 бет. Бейрут: Зул Факар: 1998.] 

Сондай-ақ басқа ғалым, Меккедегі ханбалилердің мүфтиі шейх Мұхаммед ибн Абдуллах ән-Нежди (д.ө.ж. 1295 һ.ж./1878 м.ж.), Алла оны рақым етсін, өзінің «әс-Сухуб әл-уәбилә `алә дараих әл-ханабилә» еңбгінде Мұхаммед ибн Әбдул-Уаххабтың әкесі жайлы былай деп жазады: 

 وأخبرني بعض من لقيته عن بعض أهل العلم عمّن عاصر الشيخ عبد الوهاب هذا أنه كان غضبان على ولده محمد لكونه لم يرض أن يشتغل بالفقه كأسلافه وأهل جهته ويتفرس فيه أن يحدث منه أمر، فكان يقول للناس: يا ما ترون من محمد من الشر، فقدّر الله أن صار ما صار، وكذلك ابنه سليمان أخو الشيخ محمد كان منافيًا له في دعوته ورد عليه ردًا جيدا بالآيات والآثار لكون المردود عليه لا يقبل سواهما ولا يلتفت إلى كلام عالم متقدمًا أو متأخرا كائنا من كان غير الشيخ تقي الدين بن تيمية وتلميذه ابن القيم فإنه يرى كلامهما نصّا لا يقبل التأويل ويصول به على الناس وإن كان كلامهما على غير ما يفهم، وسمى الشيخ سليمان رده على أخيه «فصل الخطاب في الرد على محمّد بن عبد الوهاب» وسلّمه الله من شرّه ومكره مع تلك الصولة الهائلة التي أرعبت الأباعد 


«Кейбір ғалымдар маған шейх Әбдул-Уаххаб өзінің ұлы (Мұхаммедке) фиқһты үйренуден бас тартқаны үшн ренжігенін айтты. Өзінің руластары мен өзге де адамдарға ол былай деді: «Ей, адамдар, Мұхаммедтен көргендеріңнің барлығы зұлымдық болып табылады, алайда Алла Тағала болатын нәрсені белгілеп қойған». Сондай- ақ оның ұлы Сүлеймен, шейх Мұхаммедтің бауыры оның шақыруынан бас тартқан және оның жалғандығын аяттармен ашып мәлімдеді, сол себепті жалғаншы олардан өзге ешкімді қабылдамаған және шейх Тақиюддин ибн Таймия мен оның шәкірті Ибн Қайимнан өзге ешбір ғалымдардың сөздерін қабылдамаған. Шындығында ол олардың сөздерін тәпсірлеуге жарамсыз деп танып, оны адамдарға жеткізген, тіпті өзінің түсінігі ғалымдардың сөздеріне қайшы келіп тұрса да. Және Сүлеймен өзінің бауырын әшкерелеген еңбегін «Фаслул хитаб фи ррадди `алә Мұхаммадин бин Әбдул-Уаххаб / Мұхаммед ибн Әбдул-Уаххабты әшкерелеудегі соңғы сөз» — деп атады, және де Алла Тағала Сүлейменді туыстары да қорыққан зұлымдықтан сақтады. 

[Дереккөз: «әс-Сухуб әл-уабилә `алә дараих әл-ханабилә», 275-бет. Мактабату имам Ахмад.] 

Ханафи мазхабының ғалымы, белгілі мухаддис Әнуар Шах әл-Кашмири (1292 -1352 һ.ж.), Алла оны рақым етсін, өзінің «Файзуль Бари Сахих әл-Бұхариге» жазған еңбегінде былай деп жазады: 

 أما محمدُ بنُ عبد الوهّابِ النجْدي فإنه كان رجلاً بَليداً قليلَ العلمِ ، فكان يتسارَع إلى الحكمِ بالكفرِ ، ولا ينبغي أنْ يقتحِمَ في هذا الوادي إلا مَن يكون متيَقِّظاً مُتقِناً عارفاً بوجوهِ الكفر وأسبابه 

«Мұхаммад ибн Әбдул-Уаххаб ән-Неждиге келер болсам, расында ол надан адам болған, білімі де аз болатын. Ол такфир шығаруға асығатын. Сақтық танытпаған адамға бұл жолға түсудің қажеті жоқ, тек қана күпірлік пен оның себептерінің салсында білетін адамнан басқасынан». [Дереккөз: Әнуар Шах әл-Кашмири, «Файзуль Бари, 1/252», Бейрут: Дарул Кутубил Илмийә: 1426/2005.] 

Осы жазылған еңбек оның ізбасарларының бірнешеуіне өзіне мына сұрақты қойдырады деген үміттеміз: «Оның еңбегідегі жазғандарына сенуге бола ма? Тіпті дінді ол адамнан үйренуге бола ма?» 

Дереккөз: taalib.ru
Аударған: darulahnaf.com