Пәтуәлар

Исламды ұлықтау міндеті


Мұсылманның негізгі бір міндеті бұл Исламды ұлықтау. Бұл жөнінде Осман халифатының соңғы Шейхул Исламы Имам Мустафа Сабри әл-Ханафи, Алла оны рақымына бөлесін, өзінің «Маукифул-ақл уа ильм уәл-алим» (бұл ақида бойынша жаңа заманда жазылған ең жақсы кітап делінген) кітабында былай деп айтқан:

«Алла Тағаламен Қиямет күні мұсылман болып қауышқанды уайымдайтын, біздің қиын заманымызда, шариғи мәселелерді зерттейтін надандар дауыс көтерген уақытта, осы дүниеден Исламда өтуін қалайтын жан білсін!, Ислам бұл: "Кім бұдан басқа дінді қаласы одан қабыл болмайды" деп айтылған дін, Ислам — ұлылықтың, құндылық пен алғырлықтың (яғни мұсылманның сенімі тұрғысынан оның заңдары мен үкімдеріне еш бір менсінбеушілікті қаламайды) ең жоғарғы сатысын қамтиды, бұны әрбір момын мұсылман білуі тиіс.

Сондықтан кім өз дінін құрметтесе, қадірлемесе ол біріншіден өзін құрметтейді, кім өзін қадірлемесе, құрметтемесе ол — құрметте бола алмайды. Бұл дін, оны ұлықтаудағы лайықсыз ынтасында адамды кешірмейді, сол себептен адам Исламға азғана менсінбеушілік немесе құндылықтарын кеміту танытқаны үшін одан шығып, Исламнан айырылып қалады.

Сондай бір, біздің заманымызда кең таралған, адамды күпірге түсіретін, Исламға менсінбеушіліктің бір мысалы бұл кейбіреулердің мынадай сөздері: "Мен біріншіден жәнеде ең әуелі түрікпін немесе араппын, ал кейін ғана мұсылманмын". Егер мұсылман адам діннің кейбір парыздарын орындамаса, бірақ өз өзін (сол күнә үшін) мінесе және жүрегінде өкінсе, онда ол, тіпті жиі күнә жасаса да иманың толықтығын сақтап қала алады (жоғарыда айтылған шарттардың сақталуымен), өйткені ол адамда иман бар. Бірақ, Алла Тағаланың тиым салғанын адалға шығарса немесе Исламның құндылықтары мен ұлылығын қалай болсада кемсітсе, онда ол адамның иманының толықтылығы жайында айтуға болмайды. Мысалы, арақ ішіп күнә жасаған адам, шынайы күнәсін мойындаса мұсылман болып қалады, ал мысқылдап: "Ал енді солай болса не болыпты?" деуші — кәпір, тіпті арақ ерніне ешқашан тимеген болсада. Ал су ішкенді арақ ішкенге ұқсатқан адам ол — үлкен күнәхар».

[ Шейх Мустафа Сабри «Маукифул-ақл уа ильм уәл-алим мин раббил ғаләмин уа ибадихи мурсалин» 4/259-260 ] 

Имамның жақын досы Мужаддид Шейх Мұхаммед Захид әл-Каусари әл-Ханафи ол жайлы былай деп айтты: «Ол мужахидтердің көз қарашығы». Ал Шейх Абдул-Фаттах Әбу Ғудда әл-Ханафи оны мақтап былай деген: «Оның «Маукифул-ақл уа ильм уәл-алим» кітабы, күмәнсіз, ғасыр кітабы».  Және Шейх Рамазан әл-Бути де бұл кітап жайлы былай деген: «Бұл теңдесі жоқ кітап».

Дереккөз: Darulfikr.ru
Аударған: Darulahnaf.com